kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Поурочный план к уроку казахского языка "Қазақстанның әйгілі спортшылары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның әйгілі спортшылары

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушылардың жіктік жалғау бойынша игерілген білімдерін еске түсіру, жинақтау, пысықтау, жаңа білімді меңгерту.

2. Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту,ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

3.Тәрбиелік: денсаулыққа байланысты қазақтың мақал-мәтелдерін пайдалана отырып, оқушыларды салауатты өмір сүруге, спортты сүюге, еліміздің әйгілі спортшыларын құрмет тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойландыру, іздендіру, әңгімелеу, проблемалық сұрақ қою, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Қазақтың әйгілі спортшыларының суреттері

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, дене шынықтыру.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.Сөйлесім: а/ сәлемдесу;

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!«Сәлеметсің бе,көк аспан.»

- Балалар, өткен сабақта біз сендермен Спорт тақырыбын өттік. Сендер қандай қысқы спорт түрлерін білесіңдер? (конькимен сырғанау, шаңғы тебу, шанамен тебу т.б.). Ал спортпен айналысып, жеңіске жететін адамды қалай атайды? (Жеңімпаз). Олай болса, «жеңімпаз» сөзін жіктеп жіберейік.

 II.Бүгін ерекше күн,сондықтан сабағымызды мына бір патриоттық әнмен ашсақ дұрыс болар еді.Кәне, әнге құлақ түрейікші. Осы әнде қай спорт түрі көрсетілетінін назар қойып көрейік.

Ән « Көк тудың желбірегені». (Ән кезінде слайд көрсетіледі.)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Поурочный план к уроку казахского языка "Қазақстанның әйгілі спортшылары"»

Сабақ: Қазақ тілі Сынып: 4 «б»

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның әйгілі спортшылары

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушылардың жіктік жалғау бойынша игерілген білімдерін еске түсіру, жинақтау, пысықтау, жаңа білімді меңгерту.

2. Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту,ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

3.Тәрбиелік: денсаулыққа байланысты қазақтың мақал-мәтелдерін пайдалана отырып, оқушыларды салауатты өмір сүруге, спортты сүюге, еліміздің әйгілі спортшыларын құрмет тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойландыру, іздендіру, әңгімелеу, проблемалық сұрақ қою, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Қазақтың әйгілі спортшыларының суреттері

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, дене шынықтыру.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.Сөйлесім: а/ сәлемдесу;

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!«Сәлеметсің бе,көк аспан...»

- Балалар, өткен сабақта біз сендермен Спорт тақырыбын өттік. Сендер қандай қысқы спорт түрлерін білесіңдер? (конькимен сырғанау, шаңғы тебу, шанамен тебу т.б.). Ал спортпен айналысып, жеңіске жететін адамды қалай атайды? (Жеңімпаз). Олай болса, «жеңімпаз» сөзін жіктеп жіберейік.

 II.Бүгін ерекше күн,сондықтан сабағымызды мына бір патриоттық әнмен ашсақ дұрыс болар еді.Кәне, әнге құлақ түрейікші. Осы әнде қай спорт түрі көрсетілетінін назар қойып көрейік.

Ән « Көк тудың желбірегені». (Ән кезінде слайд көрсетіледі.)

 III. Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру.1. Сен білетін спортшы болды ма?

(Серік Сәпиев, Илья Ильин, Алескандр Винокуров, Майя Манеза).

IV. Жаңа білімді меңгерту кезеңі. - Балалар, жаңа біз сендермен бейнебаян көріп тамашаладық. Сендер менің сұрағыма жауап бердіңдер, олай болса дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазайық. Сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ спортшылары».

  1. Жаңа тақырыппен, мақсатымен танысу. Тыңдалым.

  2. Балалар бүгінгі сабақта біз еліміздің спортшылары туралы, оның ішінде Қарағандыдан шыққан боксшы Серік Сәпиев туралы білімімізді ортаға саламыз және жіктік жалғаулары туралы білімімізді толықтырамыз. Біздің бүгінгі сабағымыз да, тақырыбымыз да өткен сабақтармен тығыз байланысты.

  3. Сөздік жұмысы. Тыңдалым. Айтылым. Жазылым. а/ сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын тыңдау; айтып үйрену; сөздік дәптерге жазу. ә/жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыру.

-Ал енді жаңа сөздермен танысайық:

-Қатысамын – участвую (үйірмеге қатысамын) - Шұғылданамын – занимаюсь (спортпен шұғылданамын)

- Үйірме – кружок; (спорт үйірмесі) - Боксшы – боскер; (атақты боскшы)

  1. Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Айтылым. Менің арманым.

Менің атым – Айдар. Мен төртінші сыныпта оқимын. Бос уақытымда спортпен шұғылданамын. Біз досым екеуміз бокс үйірмесіне қатысамыз. Менің сүйікті споршым – Серік Сәпиев. Ол Қарағандылық боксшы. Мен де өскенде атақты боксшы боламын деп армандаймын.

а/ мәтін оқылып,аударылады. б/мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріледі.

  1. Айдар нешінші сыныпта оқиды? – Айдар төртінші сыныпта оқиды.

  2. Ол бос уақытында не істейді? – Ол бос уақытында спортпен шұғылданады.

  3. Айдар кіммен бірге бокс үйірмесіне қатысады? – Айдар досы екеуі спорт үйірмесіне қатысады.

  4. Айдардың сүйікіт спортшысы кім? – Оның сүйікті спортшысы – Серік Сәпиев.

  5. Айдардың арманы қандай? – Айдардың арманы атақты боксшы болу.

  6. Сергіту сәті.

Қолды белге қояйық, Басты оңға бұрайық,

Басты солға бұрайық, Бір отырып, бір тұрып,

Бір отырып, бір тұрып,Біз демалып алайық.

  1. «Қателескен жалғаулар» Мысалдардағы ауысып кеткен жіктік жалғауларын дұрыстап жаз.

Мен шаңғышысыз Біз қатысасыздар

Сен велосипедшімін Сендер шұғылданады

Сіз боксшы Сіздер жеңімпазбын

Ол спортшысың Олар оқушысыңдар

  1. Сурет бойынша спортшыларды табу. - Балалар, тақтаға назар аударайық. Мына суреттерге қарап, атақты спортшылардың атын, олардың қай спортпен айналысатынын айтыңдар.

  2. 1-жаттығу орындау. Жазылым. Жақшаны ашып, сөйлемдерді аударып жаз, жіктік жалғауларын белгіле.

1. Я спортпен айналысқанды  люблю. 2. Сен два раза в неделю жаттығу залына барасың.

3. Мы досым екеуміз футболисты. 4. Вы спорттың қай түрімен занимаетесь?

V. Жаңа білімді бекіту кезеңі.

« Артығын тап» ойыны. Слайдтар бойынша

VI. Сабақты қорытындылау.Айтылым.Рефлексия

VII. Оқушылар білімін бағалау. VIII. Үйге тапсырма беру. Қазақстанның бір спортшысын таңдап, ол туралы қосымша ақпарат әкелу, сөз тіркестерімен сөйлем құру. Бүгінгі тақырыпта өтілген жаңа сөздерді жіктеу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Поурочный план к уроку казахского языка "Қазақстанның әйгілі спортшылары"

Автор: Молдыбаева Эльза Ринатовна

Дата: 09.02.2017

Номер свидетельства: 389731


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства