kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Пошта аштым. Салыстырмалы шырай

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Пошта аштым. Салыстырмалы шырай

Саба?ты? ма?саты:

           1) «Биоинформатика ж?не синергетика» (БИС) технологиясы бойынша «Алгоритм» технологиялы? картасы ар?ылы жа?а саба?ты т?сіндіру, практикалы? жолдармен ме?герту;

 2) О?ушыларды? с?здік ?орларын молайту, есте са?тау ?абілеттерін  ж?не ойлау жылдамды?ын дамыту, зейіндерін бір жерге жина?тау;

3) ?йымшылды??а, тияна?ты болу?а, досты??а жетелеу, тілге деген ??рметін арттыру.

Саба?ты? т?рі: т?сіндіру, с?ра?-жауап, баяндау

Саба?ты? к?рнекілігі: грамматикалы? кесте, презентация

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Пошта аштым. Салыстырмалы шырай»

Астана қаласы № 53 мектеп-лицей

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Таскентбаева Захира Махатаевна

7 сынып


Сабақтың тақырыбы: Пошта аштым. Салыстырмалы шырай

Сабақтың мақсаты:

1) «Биоинформатика және синергетика» (БИС) технологиясы бойынша «Алгоритм» технологиялық картасы арқылы жаңа сабақты түсіндіру, практикалық жолдармен меңгерту;

2) Оқушылардың сөздік қорларын молайту, есте сақтау қабілеттерін және ойлау жылдамдығын дамыту, зейіндерін бір жерге жинақтау;

3) Ұйымшылдыққа, тиянақты болуға, достыққа жетелеу, тілге деген құрметін арттыру.

Сабақтың түрі: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың көрнекілігі: грамматикалық кесте, презентация

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй жұмысын тексеру. Сын есімді қайталаймыз.Сын есім деген не? Қалай жіктеледі? Негізгі, туынды. Мысал келтіріңдер. Құрамына қарай: дара, күрделі. Мысал келтіріңдер. Мағынасына қарай қатыстық, сапалық. Мысал келтіріңдер

III. Жаңа сабақ. Сабақты түсіндіру Пошта аштым. Салыстырмалы шырай

Мұғалімнің сөзі: Электронды пошта ғаламтордың аса маңызды ақпарат қоры болып табылады. Электронды пошта кәдімгі пошта қызметіне ұқсас. Электронды поштаның ең елеулі ерекшелігі-оның жылдамдығы. Электронды поштаның жылдамдығы телефонмен бірдей. Хабарламаның көшірмесі жазбаша түрде жеткізіледі, сондықтан оны сақтап қоюға және қайта жолдауға болады. Электронды пошта арқылы сурет, бейнемәлімет, тағы басқа ақпарат түрлерін жіберуге болады. Ақпараттар жер шарының кез келген жеріне бірнеше минуттың ішінде жеткізіледі. Сендердің электронды пошталарың бар ма? Қалай аштыңдар? Кім айта алады? (1-2 оқушыға сөз беру)

Шырай туралы түсінік. Презентация арқылы түсіндіру.

Шырай.Салыстырмалы шырай туралы. Салыстырмалы шырайдың жұрнақтары.

Суреттермен жұмыс. «Адасқан жұрнақтар» ойының өткізу

«БИС» технологиясы элеметтерін қолдану

Көшбасшы сөзі

I кезең. Байқау. 1 шапалақ


ТКШ (Төменгі Көрсеткіш Шегі)

1-Тапсырма Сын есімдерді көшіріп жазыңдар

Ғаламтор тілі-ең күрделі тіл. Біз ғаламторды жиі пайдаланамыз. Ол үшін көп тілді білу керек.

Мен ғаламтордан қызықты деректер тауып алдым. Мен ғаламтордан әдемі суреттер іздедім. Анар қазақ тілі сабағынан деңгейлік тапсырмаларды орындады.

Ол файылдағы мәтінді сары түспен белгіледі. Слайдтағы әріптерді қызылмен бояды. Анар сөйлемдердегі сандарды қарамен белгіледі. Ғаламторда ашылған сілтеме көк түске боялды.

АКШ (Аралық Көрсеткіш Шегі)

1-Тапсырма Мәтінді оқы, сын есімді теріп жазып, салыстырмалы және күшейтпелі шырайға қойып жазыңдар.

Ғаламтор ең алғаш Америка Құрама Штаттарында пайда болған. Ғаламтор-тиімді байланыс құралы. Көптеген маңызды мәлімет жинақталған. Ғаламтордың пайдасы көп. Ол арқылы біз алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Өзімізге керек қызық ақпараттарды ғаламтордан табуға болады. Қазақша, ағылшынша онлайн сөздігін пайдаланып, керек сөздің аудармасын тез тауып аламыз. Қажетті суреттерді де ғаламтордан іздейміз, таңдаймыз.

ЖКШ (Жоғарғы Көрсеткіш Шегі)

1-Тапсырма Берілген сын есімдерді екі бағанаға теріп жазыңдар

Пайдалы, ыңғайлы, жуас, қымбат, белгілі, әдепті, құрғақ, көрікті, әділетті, әлеуметтік, әсерлі, бағалы, бай, жұмсақ.

Сапалық (негізгі түбірден болған)

Қатыстық (жұрнақтар арқылы болған)



5 бала +30секунд

Қаламды қойып, дәптер алмастырылады. Дұрыс жауаптары қосымша бетте беріледі. Матрица бойынша


II кезең. Бекіту 2 шапалақ


ТКШ (Төменгі Көрсеткіш Шегі)

1-Тапсырма Сөздердің түбірлерін анықтап, топтастырыңдар..

Жаңарақ, сәндірек, әдемірек, білімдірек, қоңырырақ, көгірек, жеңілірек, тазарақ, қызығырақ, көбірек.

-ырақ, -ірек

-рақ, -рек



АКШ (Аралық Көрсеткіш Шегі)

1-Тапсырма. Ғаламтор сөзін септеңдер, тәуелдеңдер.

Қызықты деректер:

- алғашқы 5 жыл ішінде ғаламторды пайдаланушылар саны 50 миллионға жеткен, ал радио үшін 38 жыл, телевидениеге 13 жыл уақыт кеткен;

- ғаламтор желісін әлем халқының 80% пайдаланады;

- әлем бойынша ғаламтор желісін жалпы пайдаланушылар саны шамамен 2 миллиард.

2-Тапсырма. Пошта аштым деген сөз тіркесті жіктеңдер

ЖКШ (Жоғарғы Көрсеткіш Шегі)

1-Тапсырма. Тірек сызбаны пайдаланып, «Ғаламторда не істей аламын?» туралы диалог құраңдар (Оқулық 65 бет 1-тапсырма)

Түрлі ақпарат жинаймын

Жаңалықтар оқимын

Ауа райың қараймын

Тілді үйренемін

Фото, аудио, бейне метериалдарды жөнелтемін, қабылдаймын

Пошта аштым.

5 бала +30 секунд

Қаламды қойып, дәптер алмастырылады. Дұрыс жауаптары қосымша бетте беріледі


III кезең. Есте сақтау 3 шапалақ

ТКШ (Төменгі Көрсеткіш Шегі)

1-Тапсырма Сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнақтарын қолданып (рақ, -рек, ырақ, -ірек, -шыл, - шіл, -ғыш, -гіш, -ғыл, -ғылт) 3 сөз тіркес құрастырыңдар.

АКШ (Аралық Көрсеткіш Шегі)

1-Тапсырма Кестені толтырыңдар

Ғаламтордың пайдасы

Ғаламтордың зияны



ЖКШ (Жоғарғы Көрсеткіш Шегі)

1-Тапсырма Қажетті сөздерді қойыңдар, сөйлем құрастырыңдар

онлайн сөздік


қазақша/ағылшынша

тез аудару

сөздік қор

суреттер іздеу

таңдау

қиып алу

нұсқа


Қазақ тілі сабағында оқушылар қазақша-ағылшынша ______ __ қолданады.

Онлайн сөздік _____________ _______________ көмектеседі.

Қазақша/ағылшынша онлайн сөздіктерінің _____________ _____ өте бай.

Ғаламтордан түрлі _________________ _______________ болады.

Ғаламтордан тапқан суреттерді ______ _____________ болады.

Ғаламторға суреттің түрлі ____________________ қоюға болады.


5 бала +30секунд

Қаламды қойып, дәптер алмастырылады. Дұрыс жауаптары қосымша бетте беріледі

IV. Бағалау

V. Жұмысты аяқтау. Қорытынды.


I кезең. Байқау. Жауаптары ТКШ

Сын есімдерді көшіріп жазыңдар. Ең күрделі, жиі, көп, қызық, әдемі, сары, қызыл, қара, көк.

АКШ

Мәтінді оқы, сын есімді теріп жазып, салыстырмалы және күшейтпелі шырайға қойып жазыңдар.

тиімді-рек, леу, өте, керемет, аса

маңызды- рақ, лау, өте, тіпті, тым, аса,ең

көп-ірек, теу, шіл, өте, керемет, тым,ең

қызық-ырық, тау, өте, ең, тым, керемет

тез-ірек, деу, өте, ең, тым

қажетті-рек, теу, өте, ең, керемет

ЖКШ

Берілген сын есімдерді екі бағанаға теріп жазыңдар

Сапалық (негізгі түбірден болған)

Қатыстық (жұрнақтар арқылы болған)


Жуас, қымбат, құрғақ, бағалы, бай, жұмсақ

Пайдалы, ыңғайлы, белгілі, әдепті, көрікті, әділетті,

әлеуметтік, әсерлі

II кезең. Бекіту 2 шапалақ

ТКШ

Сөздердің түбірлерін анықтап, топтастыр

-ырақ, -ірек

-рақ, -рек

қоңырырақ, көгірек, жеңілірек, қызығырақ, көбірек

Жаңарақ, сәндірек, әдемірек, білімдірек, тазарақ

АКШ

Септеңдер Тәуелдеңдер

А.с. не? ғаламтор I жақ Менің ғаламторым

І.с. ненің? ғаламтордың II жақ Сенің ғаламторын

Б.с. неге? ғаламторға Сіздің ғаламторыңыз

Т.с. нені? ғаламторды III жақ Оның ғаламторы

Ж.с. неде? ғаламторда I жақ Біздің ғаламторымыз

Ш.с.неден? ғаламтордан II жақ Сендердің ғаламторларын

К.с. немен? ғаламтормен Сіздердің ғаламторларыңыз

III жақ Олардың ғаламторлары

Жіктеңдер

I жақ Мен пошта аштым II жақ Сен пошта аштың Сіз пошта аштыңыз III жақ Ол пошта ашты

I жақ Біз пошта аштық II жақ Сендер пошта аштыңдар Сіздердің пошта аштыңыздар

III жақ Олар пошта ашты

ЖКШ

«Ғаламторда не істей аласың?» туралы диалог құраңдар

Пошта аштым Түрлі ақпарат жинаймын Жаңалықтар оқимын Ауа райың қараймын Тілді үйренемін

Фото, аудио, бейне материалдарды жөнелтемін, қабылдаймын

III кезең. Есте сақтау 3 шапалақ

ТКШ

Сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнақтарын қолданып (рақ,-рек, ырақ,-ірек,-шыл, -шіл, ғыш, гіш, -ғыл, -ғылт) 3 сөз тіркес құрастырыңдар

Қызыл алма-қызылырақ, қызылдау, қызғылт, ең, керемет, өте, тым, нағыз

Сары көйлек-сарырақ, сарылау, сарғыш, сарғылт, сап-сары, керемет

Үлкен ғимарат-үлкенірек, үлкендеу, өте, үп-үлкен, керемет, тым, ең

АКШ

Кестені толтырыңдар

Ғаламтордың пайдасы

Ғаламтордың зияны

Алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз

Ақпараттар іздейміз

Сөздіктердің бірнеше түрлерін қолдануға болады

Оқушыларға арналған сайттарды қараймыз

Компьютерде көп отырмаймын. Ата-анам көп отыруға рұқсат етпейді

Денсаулыққа зиян.

Көз ауруға алып келеді.


ЖКШ

Қажетті сөздерді қойыңдар, сөйлем құрастырыңдар Қазақ тілі сабағында оқушылар қазақша-ағылшынша онлайн сөздікті қолданады.Онлайн сөздік тез аударуға көмектеседі.Қазақша/ағылшынша онлайн сөздіктерінің сөздік қоры өте бай.Ғаламтордан түрлі суреттер таңдауға болады.Ғаламтордан тапқан суреттерді қиып алуға болады. Ғаламторға суреттің түрлі нұсқасын қоюға болады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Пошта аштым. Салыстырмалы шырай

Автор: Таскентбаева Захира Махатаевна

Дата: 05.04.2016

Номер свидетельства: 315217


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства