Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы № 3 орта мектеп
өзін-өзі тану пәні мұғалімі Сейлханова Гулшат Серікбайқызы
Сынып: 8
Тақырыбы: Сен де бір кірпіш дүниеге.
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Сенімділік,ұстамдылық,өзін-өзі құрметтеу
Мұғалімі: Сейлханова Гулшат Серікбайқызы
Мақсаты: оқушылардың бойында адам туралы,оның дүниетанымдық көзқарасы туралы,ішкі тыныштық сақтауды қалыптастыра отырып,оларға өзін-өзі жетілдіріп,өзін-өзі дамыту және бағалай білу туралы түсінік беру.
Міндеттері:
-оқушыларға адамның танымдық қабілетінің өмірлік ұстанымы,өзіне-өзі сенімділік,өзіне-өзі құрметтеу қасиеттерін ұғындыру.
-оқушыларға адам өмірінде өз орнын табуға өзін-өзі тануды,адам бойындағы құндылықтар мен қасиеттерін дамыту.
-оқушыларды сыйластыққа, құрметтеуге тәрбиелеу.
Ресурстар: Оқулық,мәліметтер,баяу әуен
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру. 5 Т ережесін еске түсіру
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді дұрыс ұстаңыздар.Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыз.Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмып,елестетіп көріңіз:
Күн нұры алаулап шығып,барлық денемізге таралды.Жүрегіміздегі қауыз гүлді ашып, күн нұры барлық денемізге таралды.Күн нұры қолымызға түсті,қолымыз тек жақсы істер жасасын. Күн нұры аяғымызға түсті,аяқтарымыз тек жақсы жерлерге апарсын.Күн нұры тілімізге түсті,тіліміз тек жақсы сөздер айтайық.Денеңіздің барлығына нұрды бағыттыңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.Нұр менің ішімде.Мен нұрмын» Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.
Жаймен көзді ашуға болады.
Енді сыныбымызға оралып,сабағымызды бастайық.
2. Үй тапсырмасын тексеру
«Жаз» тақырыбына әңгімелесу
3. «Өмірді аяла» Ә. Тәжібаев
4. Әңгімелесу
-Адам өмірінің мәні неде?
- Өмірден өз орнын табу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек?
-Адамның өмірде орнын табуға өзін-өзі танудың ықпалы қандай?
5.Оқып үйренейік
О.Асқартың «Өмір өнегелері» өлеңі
-Өлеңдегі «нағыз өмір», «тіршілік ету», «күнкөріс» деген ұғымды бір-бірімен салыстырып,талдау жасаңыздар.
- «Адам болып өмір сүру үшін» адам бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер болу керек деп ойлайсыздар?
6.Мәтінмен жұмыс.
Оқулықтағы аңыз-әңгімеден үзіндіні талдап, жағдаятты шешіңдер.
-Линкольн қалай жауап берді деп ойлайсыздар?
7. Дәйексөз
Өзін-өзі таныған,өмірдің мәнін түсінген адам ешқашанда сол қалпында қала алмайды.
Томас Манн
Дәйексөздің мағынасын түсіну, оқушыларға қайталап оқыту.
9. Соңғы тыныштық сәті
денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдарда болады.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
Ал енді көздеріңді ашыңдар.