kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өзін-өзі тану пәнінен 6 сыныпқа арналған сабақ жоспары тақырыбы:"Шындық шыңы – ақиқат".

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ мақсаты: Оқушылардың шындық туралы білген ұғымдарын кеңейтіп, ақиқат құндылығының  мәнін ашу;

Міндеттері:

-адами қарым – қатынастағы шыншылдық қасиеті туралы түсінік беру;

- жақсыдан жаманды ара-жігін дұрыс ажырата білу біліктіліктерін дамыту

- оқушыларды өз-өзіне адал болуына және шынайылыққа тәрбиелеу;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өзін-өзі тану пәнінен 6 сыныпқа арналған сабақ жоспары тақырыбы:"Шындық шыңы – ақиқат".»

« » 201 ж.

Сынып: 6

Тақырып: «Шындық шыңы – ақиқат»

Құндылық: ақиқат

Қасиеттер: шыншылдық, өз-өзіне адал болу,жақсыдан жаманды ажырата білу

Сабақ мақсаты: Оқушылардың шындық туралы білген ұғымдарын кеңейтіп, ақиқат құндылығының мәнін ашу;

Міндеттері:

-адами қарым – қатынастағы шыншылдық қасиеті туралы түсінік беру;

- жақсыдан жаманды ара-жігін дұрыс ажырата білу біліктіліктерін дамыту

- оқушыларды өз-өзіне адал болуына және шынайылыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін

.Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Тыныштық сәті

Нұрға бөлену

Үй тапсырмасын тексеру

Сабақ барысын талдау

Дәйексөз

Шындық-ащы болсада денсаулығымызға оң әсерін тигізетін дәрі іспеттес

Оноре де Бальзак

1 Шындықтың шыңын қалай сезінеміз?

2.Қандай қасиеттер адамды ақиқатқа жетелейді?

3.Өз өміріңізден қандай мысал келтірер едіңіз?


Әңгiмелеу (мұғалімнің сыйы)

Шындыққа жетер жол қайда

Олкезде6 сыныпоқитынедім. 22-наурыз мейрамыболатынсолкүні. Анам маған 10 000 теңге берді, қыдырып қайт қыздарың мен саябаққа шығып деді. Негізі 5 000 теңге бермекші болған, бірақ ұсақ ақшасы болмай , 10 000 бере салды, жартысын қайтып әкеліп бер деген еді. Түсіріп алдым ба, ұрлатып алдым ба сол ақшаны жоғалтып алдым әйтеуір. Үйге келіп анама

-Құрбым ақша сұрады , соған бердім деп өтірік айттым. Бірақ сұмдық қызарып кеттім, сол күннен бастап ішкенім ірің, жегенім желім болды. Арада бір апта өтеді анам:

-Әлгі құрбыңнан ақшаңды алып келсеңші,- деп жіберді мені. Мен үйден шығып кеттім де, сәлден соң

-құрбым үйінде жоқ екен ,-деп келдім. Сен өтірік айтып жүрсің қызым, мұның не дейді. Сол жерде жылап жібердім. Ол басынан ақша жоғалтып үйге келгенімді білгенін, құрбыма да қарыз бермегенімді білетінін айтып берді. Өтірік -өрмекшінің торына ұқсайды деді әжем. Бір өтірікті жабу үшін екіншісін айтасың, сөйтіп өріп кете бересің де өзің адасып қаласың ішінде. Сол оқиға еш есімнен кетпейді, өтірік шынымен де өрмекшінің торы секілді. Шындықты сол сәтте айтпағаным үшін іштей өкіндім.

  1. Оқушы шындыққы жетер жолды неліктен таба алмады?

  2. Әжесінің айтқан сөзінен нені ұғуға болады?

  3. Өз-өзіңе адал болам десеңіз шындықты дер кезде айту қажет пе?


Шығармашылық жұмыс

Оқушыларды 4 тапсырма беру,

1- Шындық туралы өлеңді өз ойларымен жалғастыру

2- Сыныптағы шыншыл баланының суретін салу

3- «Шындық-шыңы ақиқат» тақырыбын сахналау

4-Адалдылық сөзіне сөз жұмбақ құрастыру


Топпен ән айту.«Құндылықтар әлемінде»

Сөзі:Мұғалімдер шығармашылығы

Әні: «Ертегілер әні» сазымен

  1. 1.Ақиқаттың әнін,

Айтамынмын күнде мен.

Бөбек әлемінің сырларын түсініп,

Нұрына шомылдым күннің.

Тыныштық жан - көркем,

Керемет ол неткен,

Ар- ұждан сөйлейді,

Жүректі тербейді

Бақытқа бізді жетелеп.

Қайырмасы:

Құндылықтар – мәңгі әнім,

Құндылықтар – өмір мәні

Ізгіліктің ғажап күйіне

Ертесіңдер сендер.

2. Дұрыс әрекеттер

Сүйіспеншілік береді,

Тыныштық орнайды,

Қиянат болмайды,

Адамзатқа әлемдегі.

Керемет ол неткен,

Ар- ұждан сөйлейді,

Жүректі тербейді

Бақытқа бізді жетелеп

Қайырмасы:



Үй тапсырмасы №27 сабақ 98-бет

Қ.Толыбаевтың «Ақиқат»мәтінін оқу


Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Өзін-өзі тану пәнінен 6 сыныпқа арналған сабақ жоспары тақырыбы:"Шындық шыңы – ақиқат".

Автор: Темирбекова Камшат Капдрашитовна

Дата: 26.03.2017

Номер свидетельства: 403434


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства