kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Өзін-өзі тану пәнінен 5 "а" сыныбында өткен "Сөйлесе білу де өнер" тақырыбындағы ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың "сөз", "сөз құдіреті", "тіл табысу" ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту. Ақиқат құндылығының мәнін ұғындыру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Өзін-өзі тану пәнінен 5 "а" сыныбында өткен "Сөйлесе білу де өнер" тақырыбындағы ашық сабақ»

Пән мұғалімі: Отаралина Г.Х

Сынып: 5 «а»

Сабақтың тақырыбы: Сөйлесе білу де өнер

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың «сөз», «сөз құдіреті», «тіл табысу» ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту арқылы ақиқат құндылығының мәнін ұғындыру.

Міндеттері:

– сөзді түсіне білу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

– адамдармен жағымды қарым- қатынас жасау дағдыларын дамыту;

– өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, музыкалық орталық


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқушылар назарын сабаққа аудару

б) Тыныштық сәті

-Тыныштық сәті

Ойлану жұмысының алдында балалардың бір сәт денесі, ойы сергітіледі.

Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша екі минуттай отырады.




Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында

2. Үй тапсырмасын тексеру


Әңгімелесу

Мұғалім сый ретінде алып келген мәтінді әңгімелеп беру

Мәтінмен жұмыс

М.Жұмабаевтің «Сөз және мағына»

Күндердің бірінде бір адам алыс сапарға шықпақшы болады. Үйінде тұрған екі қап бидайды өзі келгенше сақтап қоюға көршілеріне қалдырады.

Сұрақ:

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бидайды көршілері қалай сақтауы мүмкін?

Көршілердің бірі бидайды үйдің астыңғы қабатындағы қойманың бір бұрышына сақтайды. Екіншісі қаптың аузын ашып, тұқым ретінде егістікке себеді.

Адам сапардан қайтып оралған соң бидайын алу көршілеріне барады.Бірінші көршісі сақтаған бидайын қоймадан алып шығады.Сыртынан бүтін көрінген қапты ашқанда жартысының бұзылғанын, қалған жартысына құрт түскенін көреді.

Ешқандай пайдаға жарамайтын бидайды не істесін?

Қатты ашуланып, екінші көршісіне барып бидайын сұрайды. Көршісі қолынан ұстап: -Менімен бірге жүр. Саған бидайыңды көрсетейін,-деп, адамды егістікке ертіп апарады. Жайқалып тұрған егінді көріп:

-Міне, бидайың, үйде тұрса шіритін еді. Оны тұқым қылып сеуіп, егін ектім. Егін піскен кезінде қолымызда қаптар толы бидай болады,-дейді.

Адам риза болып күлімсіреп:

-Иә, Аллаға шүкір, көп нәрседен хабары бар, түсінігі мол досымның болғанына.Арғы көршім сөзімнің мағынасын түсінбеді. Оның астарына көңіл бөлмеді.Келесі досым сөзімнің шын мағынасын түсінді.

- Әзіз досым! Жазда егін жиналғаннан кейін, маған бидайдың екі қабын ғана жібер.Қалғаны өзіңде қалсын.Саған қалдырған бидайды ең бегіне қайтарған ризашылығым деп қабыл ал. Саған көп рахмет айтамын,-деді ол.

-Қай көршісі адамның айтқанын дұрыс түсінді?

- Сөзді әр кез тура мағынасында қабылдау қажет пе?Неге?

-«Сөз астары» дегенді қалай түсінесіңдер?

Жаңа ақпарат: «Сөз қадірі адамның өз қадірі» деп даналарымыз айтқандай сөзді бағалай білуге үйренейік. Сөздің бағасы– бес белгімен айқындалады.

Ол:

  1. Дұрыстық

  2. Айқындық

  3. Қысқалық

  4. Орындылық

  5. Әрлеу

Дұрыстық дегеніміз – айтылған сөздің қатесіздігі.                                                                                   

Айқындық дегеніміз – сөздің мазмұнын дұрыс беру.                                                                  

Қысқалық  — ойды жеткізуге керек сөзді ғана пайдалану. 

Орындылық –сөздің айтар жері мен мерзімін абайлау

Әрлеу дегеніміз – жасандылықтан аулақ бола тұрып әсем сөйлеу.

Сөйлеуге қатысты әдептіліктің тағы бір түрі – орынды, әділ сөзге тоқтау

Қазақтағы әйгілі айтыстарды таратушылар, әдетте жеңілген жағы болып келеді

Демек, сөз қадірін танып, мойындау, сөзге тоқтау да ірілікті ,   кісілікті білдіреді.

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.















Оқушылар мәтінді іштей оқиды

Дәптермен жұмыс.

Тапсырма: берілген сөз тіркестерін оқы. Ауыспалы мағынасын түсіндір.

Сөзі мірдің оғындай. Тілі балдай. Сөз сүйектен өтеді. Сөзден жығылды.

Сөзбен шағып алды. Сөзі майдай ерітті. Сөзі түйеден түскендей.

Ауыспалы мағынасын жазады

Дәйексөз:

Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен түйіндеу


Халық мақалы

Шығармашылық жұмыс.

Сын тұрғысынан ойлау элементін пайдалану арқылы синквейн( бес тармақ ) жазайық.

  1. Зат есім ( 1сөз)

  2. Сын есім ( 2сөз)

  3. Етістік (3сөз)

  4. Сөз тіркесі ( 4 сөзден тұратын сөйлем )

  5. Негізгі түйін сөз ( 1сөз )

  1. Сөз

  2. Әділ, өтірік

  3. Өлтіреді, жігерлендіреді, қанаттандырады

  4. Сөз өмірдің ұлы қаруы. (В.Г. Короленко)

  5. Өмір

  1. Сөз

  2. Қасиетті,мағыналы

  3. Қуаттандырады, ойландырады, тәрбиелейді

  4. Өтірік сөз өрге баспайды. (мақал)

  5. Өтірік

  1. Сөз

  2. Есті, киелі

  3. Шабыттандырады, қуантады, ренжітеді

  4. Жақсы сөз жан сүйсіндіреді.

  5. Сүйсіндіреді


Оқушылар өз шығармашылық

тарын көрсетеді

Топпен ән айту: Бір ауыз сөз

Сөзі: О.Сүттібаев

Әні: Ә.Сүлейменов

Бір ауыз сөз қасіретті тыяды,

Бір ауыз сөз айықпас дерт жияд.

Бір ауыз сөз әлемге әйгі еткізсе,

Бір ауыз сөз жаманатқа қияды.

Бір ауыз сөз мұхиттарды жалғайды,

Бір ауыз сөз ұран болып самғайды.

Бір ауыз сөз ұшса бақыт құсы боп,

Бір ауыз сөз арсыз жандай алдайды.

Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді

Дәптермен жұмыс: дәптерде тапсырмаларды өз беттерінше орындайды. 1,2,3 тапсырмалар.


Дәптердегі тапсырмаларды орындайды

Үй тапсырмасы: Сөз туралы нақыл сөздер тауып, 1 мақалдың мағынасын ашу

Соңғы тыныштық сәті:

  • Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық,аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.

Оқушылар көздерін жұмып демалады.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Отаралина Гульзада Хайроллаевна

Дата: 20.05.2017

Номер свидетельства: 417126


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства