kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған дүниетану сабағы: "Адам тіршілігіндегі судың маңызы, қорғау"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларға судың адам тіршілігіндегі маңызын, оны қорғау қажеттілігін түсіндіре отырып, өмірде табиғатпен қарым-қатынаста дұрыс әрекет жасай білу құндылығының адамгершілік ретіндегі маңызын ашу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған дүниетану сабағы: "Адам тіршілігіндегі судың маңызы, қорғау"»


«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған дүниетану сабағының жоспары


Мектеп №10 Мерзімі: 14.10.2016 ж.

Мұғалім: Абдикаимова Гулзат Сериковна

Сынып: 4 Оқушы саны: 22

Тақырыбы: Өзендер мен көлдер. Адам тіршілігіндегі судың маңызы, қорғау. 
Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Қамқорлық, үнемшілдік, қорғау


Сабақтың мақсаты: Балаларға судың адам тіршілігіндегі маңызын, оны қорғау қажеттілігін түсіндіре отырып, өмірде табиғатпен қарым-қатынаста дұрыс әрекет жасай білу құндылығының адамгершілік ретіндегі маңызын ашу.

Сабақтың міндеттері:

1. Судың қасиетін, тіршілік көзі ретіндегі маңызын ұғындыру;

2. Су көздерін пайдалануда зиянды бұрыс әрекеттерден аулақ болып, дұрыс әрекеттер жасауға баулу; 

3. Суды ысырап қылмай пайдалана білуге, суды қорғауға, үнемшілдікке, қамқорлыққа тәрбиелеу. 


Ресурстар: (материалдар, көздері)




Сабақтың барысы:

Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуларын тексеру.

Күндей жадырап 
Айдай арайлап 
Жұлдыздай жарқырап, 
Судай таза көңілімізбен 
Бүгінгі сабағымызды бастайық! 
5-Т ережесімен таныстыру 
Т-тәртіп 
Т-талап 
Т-тыныштық 
Т-тазалық 
Т-татулық 
Тыныштық сәті: Су асты патшалығына ойша саяхат. Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Үй тапсырмасын тексеру  
1.Қорапшадан бір сөзді бір рет алу. (минералды сулар, шипалы сулар, арасан, еріткіш, тұщы су)
2.Сөздің өзін атамай түсіндіру. 
3.Сөзді тапқан бірінші бала қорапшадан келесіні таңдайды да, қалғандарын түсіндіреді. 
3. Дәйексөз. 
1.Су бар жерде ырыс бар: 
ұстап балық жейсің, 
ақ бидай егіп, нанын жейсің. 

2.Өзен суын жаңбыр тасытады, 
Адам қадірін еңбек асыртады. 
Халық мақалы.

  • Дәйексөзді әр балалар өз түсінгендері бойынша айтып шығуларына болады.


Ескерту





























Ішкі нтеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)

Әңгімелесу (мұғалім сыйы) 
Қазақстанның өзендері, көлдері. Су тіршілік көзі. (бейнеролик) 

  • Қазақстанда қандай өзендер мен көлдер бар екен?

  • Қазақстандағы ең үлкен көл қандай көл деп ойлайсыңдар?

  • Қазақстандағы ең терең көл ше?

  • Табиғат ананың адамзатқа тарту еткен тамаша құнды сыйы не?

  • «Су тіршілік көзі» - дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалып болған соң, мұғалім өз сөзімен қортындылайды. Адам өмірінде судың маңыздылығы өте зор. Сусыз тіршілік жоқ, егер де адам бір аптаға жуық су ішпесе, адам өмір сүруін тоқтатады, адам күн сайын шамамен 3 литрдей суды ішеді. Су адам бойында қан айналымды жақсартып, тұрақтылықты қамтамасыз етеді . Егер де адамның денесінен 1,5л су ағзадан буланса немесе тер күйінде шықса, адам қаталап шөлдейді.Адам баласы шөлге қарсы 3т күннен артық күресе алмайды. Егер адам денесіндегі судың 6-8 % азайса,адам жартылай есінен танып қалады. 10% азайса сілекейін жұтады, ал 12% кемісе адам өліп кетеді. Адам су ішпей 5-7 күн жүре алады. Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет. Суды тамақ пісіруге, ішуге, жуынуға, кір жууға , бояуларға қосуға (бейнелеу өнері), тіпті судан электр қуатын өндіреді. Су жол (өзен, теңіз, көліктері, ағаштарды су арқылы ағызып тасымалдаушы). Су – адам еңбегінің көмекшісі (егістік, зауыт, фабрика). Су – қозғалтқыш (паровоз, пароход). Сондықтан біз бір-бірімізге қандай жақсылық жасасақ, суға да сондай жақсылық жасап, қамқор болуымыз керек. Суды аялау, үнемдеу, қорғау ол біздің қолымызда.

Жаңа   сабақ.

Кең дала , көремісің сонау жатқан ,

Жібектей жасыл шөптен  бетін жапқан

Асқар тау , айдын шалқар көл мен өзен ,

Әне , сол анам еді мені тапқан , -

деп  Сәкен Сейфуллин атамыз айтқандай , Қазақстан – кең байтақ өлке , ол Еуразияның ең ірі мемлекеттерінің бірі . Жер көлемі жағынан төртінші орында . Солтүстіктен оңтүстікке , батыстан шығысқа қарай созылып жатуына байланысты табиғатыда алуан түрлі . Қазақстан орман – тоғайлы , шалғынды ,таулы , жазықты , өзен – көлді жерлерге бай .

 Трек сызбаларымен жұмыс

Су туралы не білеміз?

Өзен, көлдер Жер асты сулары

Су



Адам, жануар, тазалыққа

өсімдік

сусын жаңбыр, қар, шық

Жайық Ертіс Есіл

Өзендер



Тобыл Торғай



Ертіс Сарысу

Нұра Сырдария



Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстар. Үлкен көлдер – теңіз деп аталады.

Каспи теңізі Арал теңізі

Көл



Зайсан көлі Балқаш көлі



Ащы Тұщы

Оқулықпен жұмыс :

1 . Мәтінді тізбектей оқыту

2 . Картамен жұмыс

Ертіс , Жайық , Сырдария , Іле өзендері мен Каспий , Арал , Балқаш көлдерін картадан көрсету .

Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс. 
1-топ. «Су-табиғат сыйы» тақырыбында шағын әңгіме жазу. 
2-топ. Қазақстанның кескін картасына өзен-көлдерді орналастыру. 
3-топ. Су туралы мақал–мәтелдер, нақыл сөздер жазу. 

Ой толғаныс

1) Венн диаграммасы

Өзендер

Ұқсастығы

Көлдер


Өзі салған арнамен ағатын су ағыны.



Екеуі де су, адам тіршілігі үшін қажет. Көл өзен сиақты бірнеше км жерлерге ағып бармайды.


Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстар.


Үй тапсырмасы
«Су-өмір нәрі» тақырыбында эссе жазу 


Сабақтың қорытынды сәті

Мұғалім сабақты былайша қорытындылайды:

Бастау-өзеннің басталар жері. Өзендер басын таулардан алып, көл, теңіз, мұхиттарға құяды. Өзеннің басталар жерінен құяр жеріне дейінгі аралықты өзен алабы деп атайды. 
Көлдер жербетіндегі ойыс жерлердің суға толуынан пайда болады. 
Ең үлкен көл-Каспий теңізі. Қазақстанда Аралдан кейінгі ірі көл-Балхаш көлі. Сусыз тіршілік болмайды. Су барлық табиғатқа өмір беруші, тіршілік көзі болып табылады. Су адам бойына да көп әсері бар. Адам денсаулығына пайдалы шипалы сулар да өте көп Суды үнемдеп, қорын сақтай білгеніміз жөн. Және де адамның жан дүниесі қандай таза болса біз де табиғаттағы суды содай таза ұстауымыз керек. 








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Автор: Абдикаимова Гулзат Сериковна

Дата: 20.12.2016

Номер свидетельства: 371583


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства