kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?зін-?зі тану п?ніні? саба? жоспары. Та?ырыбы: Адал досты?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? ма?саты:

 -  Оушыларды? «досты?», «ба?ыт» ??ндылы?ы туралы т?сініктерін ке?ейту

Міндеттері:

- Адал досты?ты? м?нін т?сіндіру;

- ?зара сыйласты? ?арым – ?атынастарын дамыту;

- досты?ты ?адірлей білуге т?рбиелеу.

Ресурстар

О?улы?,

ж?мысд?птер,

пар?тар,

маркер

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?зін-?зі тану п?ніні? саба? жоспары. Та?ырыбы: Адал досты?»

Өзін – өзі тану пәнінің жоспары

Мектеп №69

Тақырып: Адал достық

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Мейірімділік, сүйіспеншілік, мейірімділік.

Мұғалiм: Мыңбаева Г.

Сыныбы: 4

Оқушы саны:12

Сабақ мақсаты:

- Оушылардың «достық», «бақыт» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

- Адал достықтың мәнін түсіндіру;

- Өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту;

- достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.

Ресурстар

Оқулық,

жұмысдәптер,

парқтар,

маркер

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру.Зейіндерін сабаққа аудару.

ә) 5 « Т» ережесін еске түсіру. Талап, тәртіп, тазалық, тыныштық, татулық.

Сыныпқа жағымды ахуал туғызу

Су асты патшалығына ойша саяхат. «Теңізге саяхат»

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.Қандай сезімде болдыңыздар?

2.Үй тапсырмасын тексеру.

№ 10 сабақ, 49 бет. Ел аузынан «Екі дос» туралы әңгімені оқып келу, түсінік айту, мазмұнын ашу,

Дәптермен жұмыс 15 - бет «Адал достар» тақырыбындағы әңгімені жалғастырып жазыңдар.

Қойылатын сұрақтар

- Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?

- Жауынгердің достыққа адалдығын неден байқауға болады?

- Сендердің де адал достарың бар ма?

- Өздерің достыққа адалсыңдар ма ?

- Достыққа адал екендеріңді қалай дәлелдей аласыздар ?

Адал дос дегеніміз өтірік айтпайтын, шындықты жақтайтын, досын ешқашан ұятқа қалдырмайтын, қандай жағдай болмасын қол ұшын беріп, көмектесетін қашанда қасынан табылатын, барын бөлісетін нағыз жолдас.

Сабақ барысын талдау:

3.Дәйексөз.

Айнымас досы бар адам - ең бақытты адам.

Халақ даналығы Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?(дәйексөзді бірнеше рет хормен қайталау) Дәптерге жаздырамын.

- Айнымас дос деген адал достық деген түсінік береді. Досы уәдесіне берік болса, қандай жағдайда да досымен бірге болса, Қолынан келген көмегін аямаса, жабырқаған да қасынан табылса,ол әрине айнымас дос. Ал ондай досы бар адамның бақытты болмауы мүмкін емес.


4. Әңгiмелеу (сұхбат)

Данышпан

(Өсиет әңгіме)

Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:

- Ақсақал, мен қандай жігітпін ? Сынаңызшы, - Депті.

Қарт жігітке:

- Жолдасыңды көрсет, сонаң соң айтамын, - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шақыртыпты. Жігіт келген соң, қарт:

- Шырағым жаман жігіт емессің, - депті.

- Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт. Қарт күліп:

- «Жігітті жолдасына қарап бағала» дейді халық, - депті.

Талқылануға берілетін сұрақтар

- «Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенде нені түсінесіңдер?

- «Досы көпті жау алмайда»дегенді қалай түсінесіңдер?

- Өздеріңнің достарың көп пе?

- Достыққа адалсыңдар ма?

- Достықтың неше түрі болады?

- «Адал достық пен амал достықтың» айырмашылығы қандай болады?

Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді., олар бір – біріне өте жақын, бірін – бірі тез түсінісетін болады. Осындай жолдастық, достық қарым – қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. Адал дос қандай жағдай болса да жаныңнан табылады. Қиын қыстауда өзіңе демеу бола алатын достық.


5.Шығармашылық жұмыс, жұптық жұмыс.

Оқушылар достықты қалай түсінеді дос деген қастетті сөздің қадірін түсіндіру мақсатында «Менің досым» тақырыбында эссе жаздырамын. Оқушылар өздерінің жазған жазба жұмыстарын сыныпта оқиды.


6.Тапсырма

Оқушылардың білім – біліктерін тиянақтау үшін тапсырма беремін. Бағандағы сөздерден адал достыққа тән қасиеттерді тауып айтыңдар.

Қуаныш ------------- Күлкі

Өзара сыйластық ------------- Оқу

Еңбек -- ----------- Өзара көмек

Шыншылдық --- ---------- Сұлулық

Сүйіспеншілік ------- ------ Түсіністік

Мейірімділік -------------- Қамқорлық

Кешірімділік -------------- Адалдық

Жауапкершілік --------------- Әдептілік


7.Топпен ән айту.

Б. Батырбекованың «Жан досым» өлеңін топпен орындайды.


8.Үй тапсырмасы.

54 - бет № 11 - сабақ, Ж.Дәуренбековтің «Сурет» әңгімені оқып келу, түсінік айту, мазмұнын ашу,

Жұмыс дәптеріндегі 16 – беттегі. Даналық сөздерді оқып, өз түсінгеніңді бос жолдарға жазыңдар.


9.Соңғы қорытынды сәтi. (3 мин)

Бүгінгі сабақта не үйренгендеріңізді іштеріңізден қайталаңыздар.«Мен сабырлымын , ұстамдымын. Мен үйде де, қоғамдық орында да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін.Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар. Әуен дауысы бәсеңдегеннен кейін көздеріңізді ашуларыңызға болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!




Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сапақ елді мекені.

№69 орта мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Мыңбаева Гүлназ Жақсылыққызы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?зін-?зі тану п?ніні? саба? жоспары. Та?ырыбы: Адал досты?

Автор: Мы?баева Г?лназ Жа?сылы??ызы

Дата: 05.02.2016

Номер свидетельства: 288523


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства