kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Открытый урок по казахскому языку ?аза?ты? дастар?аны

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: ?аза?ты?  дастар?аны
Саба?ты? ма?саты:


1. Ты?даушыларды ?аза?ты? ?лтты? та?амдарымен таныстыру, жа?а с?здерді, с?з тіркестерін ме?герту,с?хбат, ??гіме ??растыру, орыс тілмен салыстыру.
2. Та?ырып бойынша ма?ал-м?телдерді есте са?тау, етістікті? ша?тарын д?рыс ?олдану.

3.?аза?ты? д?ст?рлерін ??рметтеу, ?аза?ты? дастар?анына с?йіспеншілік сезімін арттыру.
Саба?ты? к?рнекілігі: кітаптар, о?улы?, суреттер, кесте ?а?азы.
?олданылатын ?діс-т?сілдер: коммуникативтік, с?ра?-жауап, ??гіме.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«открытый урок по казахскому языку ?аза?ты? дастар?аны»


Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дастарқаны
Сабақтың мақсаты:


1. Тыңдаушыларды қазақтың ұлттық тағамдарымен таныстыру, жаңа сөздерді, сөз тіркестерін меңгерту,сұхбат, әңгіме құрастыру, орыс тілмен салыстыру.
2. Тақырып бойынша мақал-мәтелдерді есте сақтау, етістіктің шақтарын дұрыс қолдану.

3.Қазақтың дәстүрлерін құрметтеу, қазақтың дастарқанына сүйіспеншілік сезімін арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, оқулық, суреттер, кесте қағазы.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: коммуникативтік, сұрақ-жауап, әңгіме.




Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сәлемдесу.
2.Сұхбат.
Психологиялық ахуал:
1. Бүгін нешесі?
2. Таңертең нешеде тұрдың?
3. Таңғы асқа не жедің?
Сабақтың мақсатымен таныстыру:
-Біз бүгін «Ас – адамның арқауы» деген қазақтың мақалына сүйене отырып, қазақтың ұлттық дастарқанына қонаққа келіп отырмыз. Қазақтың киелі ақ дастарқаны біздің алдымызға жайылып, тағамдарын сыйлап тұр. Бірақ бұл дастарқанға отыру үшін біз жұмбақ шешуіміз керек.
1. Дәмді - дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарға көңілдене сыйлайды. /Дастарқан/
2. Дос үйіне түстің бе,
Түгел соның үстінде. /Дастарқан/

Оқушыларды 3 топқа бөлу:

1-топ «Ет тағамдары»,

2-топ «Сүт тағамдары»,

3-топ «Нан тағамдары».

Әр топтан бір топ бақылаушысын сайланады. Топ бақылаушысына бағалау парағы беріледі. Ол сабақ барысында өз топ оқушыларын бағалап отырады. Сабақ соңында қорытындыны мұғалім шығарады.

Ассоциация әдісін қолдану.

  • Балалар, ұлттық тағамдар дегенде ойларына не келеді? Сендердің алдарында жатқан қағазға өз ассоциацияларынды жазыңдар.


Слайд 1.


Оқушылар бір-бірін «Үш шапалақпен» бағалайды.

/ ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Қазақ дастарқанның тағамдары баяғыдан дәмінің жұмсақтығымен ерекшеленеді. Дәмдеуіш заттар мөлшері қатал сақталады, тағам баяу отта ұзақ қайнатылады, бұл оның дәмін келтіріп, жағымды хош иіске бөлейді. Қазақ  халқында ас ішуге үлкен көңіл бөлінеді. Ас адамдарға күш - қуат береді. «Таңғы  асты тастама, түскі асты досыңмен бөліс, кешкі асты дұшпаныңа бер» деген ұғым денсаулыққа байланысты айтылса керек. Қазақтың  ет,  сүт, тағамдарында дәрумен  көп  болады.



Тақырыпты айтып бастамас бұрын «Қазақтың дастарханы» әні қойылады.

Ұлттық тағамдардың түрлері
Ет тағамдары Сүт тағамдары Ұн тағамдары

Ет ірімшік шелпек

Құырдақ құрт бауырсақ

Қарта шұбат таба нан т.б.

Қазақша ет т.б. айран т.б.


  • Балалар, сендер тамаққа қатысты қандай тыйым сөздер мен ырымдар білесіңдер?
    • Асты жамандамайды;
    • Қол жумай, асты ішпейді;
    • Дастарқан үстінде әдепсіз сөз сөйлемейді, жаман сөз айтпайды;
    • Аузында тамақ тұрғанда сөйлемейді;
    • Көшеде, түрегеп тұрып, жүріп келе жатып немесе жатып тамақ ішпейді;
    • Тамақ үстінен аттамайды;
    • Түнде тамақтың бетін жауып қояды;
    • Үйге келген адамдарға дәм таттырмай шығармайды;
    • Әкесі бар адам бас ұстамайды;
    • Суды қарызға сұрамайды;
    • Дастарқанда бата қайырылмай, ешкім орнынан тұрмайды;

Слайд 2.
Жаңа сөздер Сөздік жұмысы


Дәм-пища, еда

Дастарқан дәстүрлері-традиции дастархана

Тойлау-праздновать

Күтіп алу-встречать

Ауыз тимей-не попробовав

Пайдалы-полезный

Көңіл көтеру-поднять настроение



Слайд 3.


Мәтінмен жұмыс

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар.

Қазақтың дастарқаны

Қазақта дастарқаннан үлкен нәрсе жоқ. Дастарқаннан аттамайды. Дастарқандағы тағамнан ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақтың ұлттық дастарқанында тамақтардың үш түрі болады.

Олар: ет, сүт, нан тағамдары. Ет тағамдарына қазақша ет, қуырдақ, қазы, қарта, жал, жая жатады. Сүт тағамдары - ірімшік, құрт, май. Дәннен жасалған тағамдар - тары, қуырған бидай, жент, талқан. Нан тағамдары- бауырсақ, шелпек.

Тамақ ішуге шақырғанда, тамақты көп күттіруге болмайды.






ІІІ. Бекіту.


Слайд 4.

Тапсырма

Ой қозғау

Тақтамен жұмыс Мақал-мәтелдерді оқып түсіндіру, орысша баламасын табу


  1. Ас – адамның арқауы.


  2. Тату үйдің тамағы да тәтті.


  1. Той тамағы тәтті.


  1. Сыйлап берсе, суын іш.

5.Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.




  1. Пища-основа человечества.

  2. Празничные блюда самые вкусные.

  3. Когда в семье лад, все вкусно подряд.

  4. Там где пища, там нет болезней
    5.И вода-еда, если от души подана.









Балалар, тағамға қатысты қандай мақал-мәтел білесіңдер?

1.  Ағайын тату болса ат көп,

Абысын тату болса ас көп.

2.  Аздың атасы бір,

Көптің батасы бір.

3.  Жалғыз үйдің тамағы жетсе де,

Табағы жетпес.

4.  Ас иесімен тәтті.

5.  Асың болса досың көп.

6.  Ас барында дос жоқ,

Ат барында той жоқ.

7.  Су анасы – бұлақ, сөз иесі – құлақ,

Жан тәнге қонақ, іздегені тамақ.

8.  Асты қорлама құстырар,

Ерді қорлама састырар.

9.  Ас – адамның  арқауы.

10. Ет етке, сорпа бетке.

Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен.

ІV.Сергіту сәті

«Дастарқан» әнін айту.


Слайд 5.

Қазақтың ұлттық тағамы ет асу жолын рет-ретімен жазыңыз.


1

1

Нан жазылады


2

2

Тұздық құйылады


3

3

Ет туралады


4

4

Ет табаққа салынады


5

5

Суға ет қайнатылады


6

6

Көбігі алынады


7

7

Нан салынады


8

8

Ет пен нан қайнатылады


9

9

Нан табаққа салынады


10

10

«Бесбармақ» дайын

Слайд 6. Дұрыс жауабы.

Слайд 7.

Тақтамен жұмыс

ДАСТАРҚАН сөзіне фонетикалық талдау жасаңдар.

Тағам сөзін септеңдер

Слайд 8.

Көбейту кестесі арқылы жасырынған сөйлемді тап.

  1. 32. 20. 24.

Слайд 9. Дастарқан басында көп сөйлемейді. Слайд 10

.

Слайд 11.

Тест

1. «Қаймақ» сөзінің аудармасын тап:

А) молоко

В) сметана

С) творог

Д) тесто

2.Қазақтың қанында бар жақсы қасиет:

А) қонақжайлылық

В) тәтті нан

С) бабалары

Д) қонақтар

3.Сүт тағамын тап:

А) қуырдақ

В) бауырсақ

С) тары

Д) айран

4. «Қазақша ет» қай халықтың тағамы?

А)татар

В)өзбек

С)қазақ

Д)орыс

5. Биенің сүтінен жасалатын сусын:

А) айран

В) қаймақ

С) қымыз

Д) шұбат

Слайд 12. Дұрыс жауабы.


V. Қорытынды:


Сабақтың тақырыбы қандай болды?

Тақырып бойынша не білдік?

Мақал-мәтелдер не туралы?


VI. Үйге  тапсырма: 1.«Қазақтың дастарқаны» мәтінін мазмұндау.

2. Жаңа сөздерді жаттау.

3. Ұлттық тағамдарымыздың адам өміріне маңызы

қандай деп ойлайсыз? Эссе









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
открытый урок по казахскому языку ?аза?ты? дастар?аны

Автор: Есенаманова Алия Сагинтаева

Дата: 26.11.2015

Номер свидетельства: 258475


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства