kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Открытый урок по казахскому языку 6 класс "Таза ауамен демалайық"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Данная разработка для учителей казахского языка с русским языком обучения. 6 класс.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Открытый урок по казахскому языку 6 класс "Таза ауамен демалайық"»

Ашық сабақ

Мектеп: Көкшетау қаласының №14 орта мектебі

Сынып: 6 «В»

Тақырыбы: «Таза ауамен демалайық».


Мерзімі: 2016 жылғы 17 наурыз

Смарт мақсат: Сабақ аяғына қарай оқушылар лексикалық тақырып бойынша сұрақ және диалог құрастыра алады, демеулік шылау түрлерін анықтай алады, мысал келтіре алады, эссе және синквейн жаза алады, өз ойларын дәлелдей алады.


Күтілетін нәтиже:

Сабақ аяғына қарай оқушылар лексикалық тақырып бойынша сұрақ және диалог құрастырады, демеулік шылау түрлерін анықтайды, мысал келтіреді, эссе және синквейн жазады, оз ойларын дәлелдейді.

Міндеттер:

1.Білімділік: оқушылардың «Таза ауа» тақырыбы бойынша жаңа сөздерді меңгереді; жаңа сөздермен жұмыс істей білу машығы қалыптасады; модуль бойынша грамматикалық тақырып - демеулік шылауды игереді;

2.Дамытушылық: оқушылар аталмыш тақырып бойынша ойын еркін жеткізе білуге машықтанады; демеулік шылауларды сөйлемде қолдана білу машығы қалыптасады.

2. Тәрбиелік: экологиялық тәрбие беріледі - оқушылар өзінің әлемнің бір бөлшегі ретінде және бұл әлемде, табиғатта болып жатқан өзгерістерге жауапты тұлғаның бірі екендігін сезінеді.

Сабақ көрнекілігі:

  1. Интерактивті тақта.

  2. Ватман қағаз.

  3. А4 қағазы.

  4. Фломастерлер.

  5. Стикерлер.


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Оқушыларды психологиялық дайындау жұмысы жүргізіледі. Оқушылар бір-біріне жақсы тілек, мадақ айтады.

  3. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Бұл үшін оқушыларға «Ағаш жапырақтарын» таңдау ұсынылады. «Емен жапырағын» таңдағандар бірінші топ, «қайың жапырағын» таңдағандар екінші топ, «үйеңкі жапырағын» таңдағандар үшінші топ болып белгіленеді.

  4. Әр топтың басшылары - спикерлер сайланады. Спикерлер жүмыс барысында топ жүмысын үйымдастырады; оқушылардың белсенділігі бойынша олардың жүмысына баға береді.

  5. Үй жұмысы тексеріледі. Үй жұмысы: «Демеулік шылау түрлері бойынша сөйлем құру».

  6. Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға мәтін таратылады. Мәтін сонымен қатар интерактивті тақтада көрсетіледі.

Мәтін мазмұны:

Таза ауа

Таза ауа - адам қажеттілігі. Дені сау адам - бай адам. «Ысырапшыл адам -ұрпағының несібесін ұрлайды» деген сөз бар. Қазіргі кезде бұл сөздің шындық екендігіне көз жеткізіп отырмыз. Зауыт-фабрикалар, автокөліктер ауаны ластап жатыр. Орман-тоғайлар аяусыз шабылып жатыр. Жануарлар құрып жатыр. Су көздері ретсіз пайдаланылуда. Мұның салдарынан экологиялық апаттар болып жатыр, Адамдар неше -түрлі ауруга шалдығып жатыр. Бірақ, әлі де кеш емес. Бұл үшін біз өзіміздің тек тұтынушылық және ысырапшылдық психологиямызды өзгертуіміз керек. Табиғатты тиімді пайдалануымыз керек. Ағаш егу, көгалдандыру жұмыстарын адамның өмір дағдысына айналдыру қажет.


Мәтінмен жұмыс істеу шарты:

I топ

Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну(а) жеке-жеке оқиды, ә) жұп бойынша бір-біріне мазмұнын айтады.

Мәтін бойынша негізгі ойды табу (бұл жердегі негізгі ой, мысалы - «табиғаты қорғау», «ауаның тазалыгын сақтау», «ауаны таза қалпында сақтау» және т.б.),

Мәтін бойынша экологияга теріс әсер ететін факторларды келтіру. Мысалы, - «Автокөліктер», «Зауыттар мен фабрикалар», «Жылу электр станциялары», «Орман-тоғайларды шабу», «Ысырапшылдық және тек тұтынушылық» психологиясы.

3. Постер қорғау - «Экология қорғау бойынша жаңа шешімдер ұсыну». Мысалы,

  • «автокөліктер» - автоколіктерді газды қондырғыларға көшіру;

  • «Зауыттар мен фабрикалар» - жоғары сапалы сүзгілер орнату;

  • «Жылу электр станциялары» - жел, күн, атом, гидро электр станцияларының санын көбейту,салу;

  • «Орман-тоғайларды шабу» - қағаз өңдіруге баламалы түрлерді пайдалану, мысалы, қағазды сабаннан, бамбуктен және т.б. жылдам жетілетін өсімдіктерден дайындау;

  • «Ысырапшылдық және тұтынушылық» - ысырапшылдық психологиясын жою.

II топ

1. Лексикалық тапсырма.

Мәтінді мәнерлеп оку.

Мәтінге жоспар құру (топтық жұмыс).


Жоспар мысалы:

  1. Таза ауаның адам өміріндегі маңызы.

  2. Ауа ластануына әсер етуші факторлар.

  3. Ауа ластануының адам оміріне әсері.

  4. Аталмыш мәселенің шешімін табу жолдары.

2) Мәтін бойынша сұрақ құрастыру (топтық жұмыс). Бағалауды спикер жүргізеді: топ оқушысы неше сұрақ ойлап тапса, сонша балл береді. Бір сұрақ - бір балл. Сұрақтар мысалы:

  1. Дені сау адам қандай адам?

  2. Таза ауаны нелер ластап жатыр?

  3. Су көздері қалай пайдаланылуда?

  4. Табиғатты сақтау үшін ада.м кандай психологиясын өзгертуі қажет?

  5. Адам қандай жұмыстарды өмір дағдысына айналдыруы қажет?


III топ

  1. Грамматикалық тапсырма (топтық жұмыс).

  2. Сөйлемдерді демеулік шылаулар қосу арқылы өзгерту. Бағалауды спикер жүргізеді: топ оқушысы неше сөйлем ойлап тапса, сонша балл береді. Бір сұрақ - бір балл.

  3. Демеулік шылаудың ережесін айту. Бағалауды спикер жүргізеді.

  4. Диалог қүрастыру. 4-5 сөйлем. Спикер бағалайды.


7. Тапсырма

I топ - «Таза ауамен демалайық» тақырыбы бойынша шағын эссе құрады. Эссе мысалы:

Таза экология - біздің жарқын болашағымыз. Таза ауа, таза су, таза тамақ -адамдар денсаулығының кепілі. Барлығымыз да экологияны қорғауға үлесімізді қосайық.

II және III топтар - бестағап - сипквейн (өтілген тақырыпқа байланысты -1.Бір зат есім. 2. Екі сын есім. 3. Үш етістік. 4. Тақырыпқа байланысты негізгі ой берілетін сөйлем. 5. Бірінші зат есімге байланысты мағыналас сөз) құрастырады.


Синквейн мысалы:

  1. Ауа.

  2. Таза, мөлдір.

  3. Дем алады, жаксарады.

  4. Таза ауа - адам қажеттілігі.

  5. Өмір.


  1. Таза.

  2. Кірсіз, ғажап.

  3. Тыныстау, дем алу, пайдалану.

  4. Таза ауа - денсаулықка пайдалы.

  5. Мөлдір.


  1. Экология.

  2. Жаксы, таза.

  3. Қорғау, жақсарту, көгалдандыру.

  4. Адамның өмір дағдысына айналдыру.

  5. Таза ауа.


Мүғалім сабақты қорытады. Оқушыларға жетекші сұрақтар қойылады. Сұрактардың мысалы:

  • Адамға қандай ауа қажет?

  • Дені сау адам қандай адам?

  • «Ысырапшыл адам» сөзі орыс тіліне қалай аударылады?

  • Ауа таза болуы үшін біз не істеуіміз керек?

  • Қандай жұмыстарды адам қмір дағдысына айналдыруы қажет?


Иә, балалар. Дені сау адам - бай адам. «Ысырапшыл адам - ұрпағының несібесін ұрлайды» деген сөзді есте ұстай отыра, бәріміз де болашағымыз жарқын болуы үшін кішкене де болсын, өз үлесімізді қосайық.

Дана ұстаз туралы әпсәнә

Ертеде бір дана өмір сүріпті. Оның шәкірттері мен жолын қуушылар көп болыпты. Көптеген адамдар оны ұстаз тұтыпты. Бір күні оның екі шәкірті өзара бәстесіп қалыпты. Біреуі мен ұстазыма оны тығырыққа тірейтін сұрақ қоя аламын десе, екіншісі мүндай сұрақ қою мүмкін емес депті.

Бірінші шәкірті ұстазын кулықпен жеңбекші болыпты. Ол таңертемен далаға барып, кішкентай әдемі көбелек ұстап алады. Оны абайлап алақанына салып. көрінбейтіндей етіп жұмады. Ол «Мен одан алақанымның ішіндегі көбелек тірі ме деп сұраймын, егер ол «жок» десе, онда мен алақанымды ашқанда, кобелек ұшып шығады, ал «тірі» десе мен көбелекті қысып өлтіремін де, алақанымды ашқанда, ол өлген көбелекті көреді. Осылайша ол қиын жағдайға тап болады, ал мен бәсті ұтамын» деп ойлапты.

Шәкірті дана ұстазына келіп, көпшілік көзінше одан былай деп сұрапты:

  • Ұстазым, менің алақанымның ішіндегі көбелек тірі ме, әлде өлі ме?

Ұстазы: - Шәкіртім менің, өмірде барлығы да өз қолыңда болады..., - деп жауап беріпті.

Кейде өмірімізде бізді қоршаған адамдар, болып жатқан оқиғалар және тағы басқа істер бізге не оң, не теріс сипатта ғана сияқты болып көрінеді. Бірақ шынайы өмір алуан түрлі көріністерге ие болып табылады. Сондықтан да адамдар мен өзіңнің бойыңнан өзің үшін барлығын оңай өзгерте білуге болатын қырларды кере білуге үйрен.


8. Спикерлер қорытындысы бойынша оқушылар жұмысы бағаланады.


Рефлексиялык жұмыс жүргізіледі. Бұл үшін оқушыларға жасыл, сары, қызыл түсті жапырақ таңдау ұсынылады. Жасыл түс - «жақсы меңгердім», сары түс - «орташа меңгердім», қызыл түс - «нашар меңгердім» дегенді білдіреді. Оқушылар таңдаған түсті апарып алдын ала дайындалған суретке жапсырады (стикер түсі санына қарай мүғалім оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін анықтайды).





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Открытый урок по казахскому языку 6 класс "Таза ауамен демалайық"

Автор: Хасенова Ботагоз Маженовна

Дата: 19.01.2017

Номер свидетельства: 381269


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства