Білімділік-оқушыларға қосарлама қос сөздер туралы түсінік беру,оқушыларды қосарлама қос сөздердің жасалу жолдарын ажырата білуге оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау тәсілдерін тиімді қолдану.
Дамытушылық-жаттығуларды өз беттерінше орындауға ой- өрістерін,таным қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік-шығармашылық жұмысқа баулу, тілді құрметтеуге,табиғатты аялауға,қорғауға тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Открытый урок на тему: Қосарлама қос сөздер»
Сабақтың тақырыбы : Қосарлама қос сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік-оқушыларға қосарлама қос сөздер туралы түсінік беру,оқушыларды қосарлама қос сөздердің жасалу жолдарын ажырата білуге оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау тәсілдерін тиімді қолдану .
Дамытушылық-жаттығуларды өз беттерінше орындауға ой- өрістерін,таным қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік-шығармашылық жұмысқа баулу, тілді құрметтеуге,табиғатты аялауға,қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың әдісі : Түсіндіру,сұрақ-жауап,СТО элементтері,өзін-өзі бағалау.
Сабақтың көрнекілігі :плакат,кеспе қағаздар.
Пәнаралық байланыс :Әдебиет.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгендеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
.Күтілетін нәтиже :
Оқушы қосарлама қос сөздерді меңгереді;
Мысал келтіріп, оның жасалуын ажырата алады;
Қосарлама қос сөздерді пайдалана отырып , фонетикалық талдау жүргізеді .
Оқушыларға өздерінің аты-жөні жазылған бағалау парағын таратып , толтырылу ережесімен түсіндіру / Әр жауаптары сайын тапсырманың түріне қарай бөлінген графаға бір балдан қосып отырады .
II Үй тапсырмасын сұрау.
IYҮйге берілген тапсырмасын тексеріп бағалаймын
Y Қызығушылықты ояту : Топ басшылары келіп қалташалардан сұрақтар алып тобымен ақылдасып жауап береді1- тапсырмасы : Сөз құрамына қарай нешеге бөлінеді? 2- тапсырмасы : Күрделі сөздердің түрлерін ата 3-тапсырмасы : Қос сөз дегеніміз не? 4-сұрағы: Қос сөздер нешеге бөлінеді , оларды ата ? 5- сұрағы : Қайталама қос сөз дегеніміз не ? 6- сұрағы : Қайталама қос сөздер қалай жасалады ?
YIЖаңа сабақты түсіндіру.Арасында құлын-тайАйнала шауып бұлтылдапЖоғары-төмен үйрек-қазҰшып тұрса сымпылдап,Қыз-келіншек үй тігер Бұрала басып былқылдап Абай .
Кімнің өлеңі ?
Осы өлеңде кездесіп тұрған қос сөздерді атайық Құлын-тай , жоғары-төмен , үйрек-қаз , қыз-келіншек Осы жерде қайталама қос сөздер мен қосарлама қос сөздісалыстырмалы түрде жазып ережесін шығару/Құлын-тай
Жоғары-төмен жарқ- жұрқ
Үйрек-қаз Үйді-үйге
Қыз-келіншек өз-өзіне
Бұл сөздер қалай жасалып тұр ?
Неше түбірден қосарланған ?
** Екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған қос сөздерді –қосарлама қос сөздер дейміз. / Қосарлама қос сөздің құрамы әр алуан болады:
1) Мағынасы бір-біріне жақын синонимдес қос сөздер:аяқ-табақ, жан-жануар, дос-жаран, ағайын-туыс, бақ-береке, ырыс-құт, т.б. Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы антоним қос сөздер: үлкен-кіші, кәрі-жас, алыс-жақын, ащы-тұщы, алыс-беріс, жоғары-төмен, т.б.
2) Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз қос сөздер: бала-шаға, киім-кешек, көйлек-көншек, жүн-жұрқа, қыз-қырқын, шал-шауқан, келін-кепшік, жігіт-желең, т.б.
3) Екі сыңары да мағынасыз қос сөздер: апыр-топыр, ығы-жығы, апыл-ғұпыл, оқта-текте, абыр-сабыр, әлек-шәлек, т.б.
4) Кейінгі жылдары қалыптасқан қосарланған қос сөздер: үгіт-насихат, оқу-ағарту, саяси-экономикалық, қазақша-орысша сөздік, т.б.
Қайталама қос сөздер де, қосарлама қос сөздер деәрқашан дефис арқылы жазылады. Мысалы, ар-намыс, ыза-кек, әдет-ғұрып, мая-мая, салдыр-гүлдір, тәп-тәтті, елу-алпыс, ербең-ербең, ас-мас, орын-орнына, тек күшейткіш буын арқылы жасалған аппақ және көкпеңбек қос сөздері ғана бірге жазылады
1-топ : Дос-жаран сөзіне фонетикалық талдау жүргізу
2- топ: Кескін-келбет сөзіне
3- топ :Ығы-жығысөзіне талдау
XIЖаңа сабақты бекіту.
Мен нені үйрендім?
Мен нені білдім?
Мен нені білгім келеді?
топ : Қосарлама қос сөздерінің анықтамасын айту, мысал келтіру.
Топ : Қосарлама қос сөздердің жасалу түрін айт
Топ : Қосарлама қос сөздердің жасалуына сай мысал келтіру
Үйгетапсырма :62-жаттығу, ережелерді ереже дәптерге түсіру
XII Бағалау парағы бойынша топ жетекшілері өзтоптарының жинаған балының қорытындысы бойынша журналға түсіру. Оқушылар оз көңіл-күйлерін смайликтер арқылы жане жапсырма қағаз бен тақтаға ілгізу.