открытый урок по казахскому языку на тему: "?аза?стан Республикасы"
Открытый урок по казахскому языку на тему: "?аза?стан Республикасы"
Саба?ты? ма?саты: ?аза?стан Республикасы туралы т?сінік беру. О?ушылар?а елімізді? ?ткені мен болаша?ы туралы ма?л?маттар бере отырып, келешекке сеніммен ?арау?а, елжандылы??а, ?лтын с?юге, ?астерлеуге ?йрету.
Білімділігі
Дамытушылы?ы
Т?рбиелігі:
О?ушылармен т?уелдік жал?ауды ?айталау барысында сыни т?р?ысынан ойлау ?дісін ?олдану барысында ?аза? тіліне деген ?ызы?ушылы?тарын ояту, білімдерін жетілдіру;
С?здік ?орларын, ауызша с?йлеу тілін дамыту. С?йлемді грамматикалы? жа?ынан д?рыс ??растырып с?йлеуге ?йрету. С?з ішінде ?аза? тіліне т?н дыбыстарды д?рыс айту?а жатты?тыру, т?уелдік жал?ауды д?рыс ме?гере білуге ?йрету;
Просмотр содержимого документа
«открытый урок по казахскому языку на тему: "?аза?стан Республикасы"»
Богданоавка негізгі орта мектебі
Ашық сабақ:
(Тәуелдік жалғауларды қайталау)
Сыныбы: 5-сынып
Пән: Қазақ тілі
Мұғалімі: Мұқашева Мирамгүл Есенгелдіқызы
2012-2013 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы түсінік беру. Оқушыларға еліміздің өткені мен болашағы туралы мағлұматтар бере отырып, келешекке сеніммен қарауға, елжандылыққа, ұлтын сүюге, қастерлеуге үйрету.
Білімділігі
Дамытушылығы
Тәрбиелігі:
Оқушылармен тәуелдік жалғауды қайталау барысында сыни тұрғысынан ойлау әдісін қолдану барысында қазақ тіліне деген қызығушылықтарын ояту, білімдерін жетілдіру;
Сөздік қорларын, ауызша сөйлеу тілін дамыту. Сөйлемді грамматикалық жағынан дұрыс құрастырып сөйлеуге үйрету. Сөз ішінде қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, тәуелдік жалғауды дұрыс меңгере білуге үйрету;
Меңгерілетін сөздер: Қазақстан қалаларының атаулары, Қазақстанда шығарылатын өнімдер атауы;
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының суреттері, қалалардың суреттері, кластер, үлестірмелі карточкалар, бес жолды өлең, сандар, хронологиялық кестелер, Н.Ә.Назарбаевтың сөзі, т.б.
Әдісі: Әңгімелесу, түсіндіру, көрсету,сыни тұрғысынан ойлау әдістері;
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин
- Амандасу.
Оқушыларды сабаққа бейімдеу.
Психологиялық дайындық.
Бәріміз ортаға шығып, дөңгеленіп тұрамыз.
« Амансың ба, көк Аспан,
Амансың ба, алтын Күн,
Амансың ба, Достарым,
Сендерді көрсем қуанам!» Содан соң оқушыларды туған күндеріне қатысты үш топқа бөлеміз.
1-топ: /1-7/
2-топ: /8-18/
3-топ: /19-30/
Үй тапсырмасын тексеру. 3 мин.
Оқулық бойынша:1-тапсырма, 60 бет
Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымызды Елбасымыздың сөзімен бастаймыз:
«Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің белгілерін де ерекше қадірлеуіміз керек. Әрбір азамат оны тұмарындай сақтауы қажет.»
Алдыңғы сабақты еске түсіру барысында оқушылармен Қазақстан Республикасы туралы айтып өтеміз. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылады.
-Қазақстан қандай мемлекет?
- Қазақстанның табиғаты қандай?
-Қазақстанның президенті кім?
-Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?
Әр топтан бір оқушы шығып, билет суырады.Билетте мәтін берілген. Оқушылар өздері мәтінді оқып, топпен жұмыстанады.Топ арасынан бір оқушы шығып жауап береді.
1-билет: Қазақстан жері.
Біздің ата-баба қонысымыз, атамекеніміз-Қазақстан. Қазақстанның жер көлемі 2717,9 шаршы шақырым. Халқының саны 16 млн. Қазақстан жері Қытаймен,Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түркімен елдерімен шектеседі. 130-дан астам ұлт өкілдері мекен етеді.
2-билет: Қазақстан қалалары.
Қазақстан Республикасында14 облыс, 90-ға жуық қала, 150-ден астам аудан бар. Қазақстанда әдемі, көне, тарихи қалалар өте көп. Олар: Түркістан, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Шымкент, Ақмола, Тараз, Семей.
Түркістан-көне қала. /Шабғар/
Ақтауда мұнай, газ өндіріледі. /Шевченко/
Алматы-тарихи қала. /Верный/
Қарағанды көмірге бай жер.
Қызылордада күріш өндіріледі./Ақмешіт/
Шымкентте мақта өндіріледі.
Ақмолада астық, алтын өндіріледі. / Целиноград/
3-билет: Тәуелсіздік шежіресі.
1991 жылдың 29-тамызында Семей полигоны жабылды.
1991 жылдың 2-қазанында қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1991 жылдың 1-желтоқсанында Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті болып Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы сайланды.
1991 жылдың 16-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланды.
1992 жылы мемлекеттік рәміздеріміз жарыққа шықты. Олар: Ту, Елтаңба, Әнұран.
1993 жылы 13-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
Оқушылар өз түсінгендерін ортаға шығып айтады.
Оқылған билеттерді талқылау барысында Қазақстан Республикасы тақырыбына кластер құрамыз.
жері
ғарышкері
табиғаты
Қазақстан Республикасы
ақыны
қаласы
батыры
Оқушылар өз топтарымен Қазақстан сөзін септеп, бес жолды өлең құрады.
Үлгі:
А. Қазақстан
І. Қазақстанның
Б. Қазақстанға
Т. Қазақстанды
Ж. Қазақстанда
Ш. Қазақстаннан
К. Қазақстанмен
Қазақстан сөзіне бес жолды өлең құру. Үлгі:
Қазақстан
Әдемі, кең-байтақ
Гүлденеді, жайнайды, құлпырады
Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет.
Туған жер.
«Қазақстанның болашағын қалай елестетесің?» деген тақырыпта өз ойларын жеткізу.
4.Сабақты бекіту: Оқушылардың назарларына слайд көрсетіледі.
Онда: Астана қаласы, түнгі Астана, ҚР Елбасының жұмыс орны, Бәйтерек, Есіл өзені, қазақ елі, Пирамида, Хан шатыры көрсетіледі
Бүгінгі сабақты бекіту барысында оқушыларға сандар көрсетіледі, олар бұл сандардың нені білдіретінің айтып береді.
2717,9 /шаршы шақырым/
16 /млн халқы/
14 /облыс/
90 /қала/
150 /аудан/
1991 ж 29-тамыз. /Семей полигоны/
1991 ж 2-қазан. /Т.Әубәкіров/
1991 ж 1-желтоқсан. /Елбасы сайланды/
1991 ж 16-желтоқсан. /Тәуелсіз ел болды/
1992 ж. /мемлекеттік рәміздер/
1993 ж 13-қараша. /теңгеміз шықты/
130 /ұлт өкілдері/
Сабақ соңында оқушыларға сұрақтар қойылады.
-Балалар, бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
-Несімен ұнады?
-Бүгінгі сабақтан алған білімдерің қандай?
Үйге тапсырма: «Қазақстанның гүлденуіне қосар үлесім...» атты тақырыпта шағын шығарма жазу.