Ә).Психологиялық дайындық жасау. «Жетістік ағаш» әдісі.
Мұғалімнің сөзі:
- Балалар, мынау жалғыз тұрған ағашқа қараңдаршы. Сендерде әр түсті қағаздар бар. Біздің ағаш әдемі болу үшін, қағаздарынды ағашқа жабыстырындар. Жасыл түсті қағазды алған оқушыларды бүгінгі сабақта табыс күтеді, қызыл түсті қағазды алған оқушылар қарым – қатынас тілейсіңдер, ал сары түсті қағаз - белсенділіктерінді көрсетесіңдер, табаңды боласыңдар.
Мынау ағаштың әдемілігі сендердің тырысумен байланысты.
Б).Оқушыларды үш топқа бөлу.(Жасыл- 1 топ, Қызыл- 2 топ, Сары- 3 топ)
II.Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасы өткен материалды пысықтау мақсатында тексеріледі. Дайындықтары сабақ барысында байқалады.
-Балалар өткен сабақта біз Қаныш Сәтпаевтың өмірімен таныстық. Үй тапсырмасы сұрақ құрастыру. Әр бір оқушы өз тақырыбына сұрақтар дайындауға тиісті. Сол сұрақтарды сендер бір бірден алып, жауап бересіндер.
-Балалар, біз техника ғылымы саласындағы белгілі тұлғалармен танысуға жалғастырамыз.
Бүгінгі сабақта біз академик – ғалым Орынбек Жәутіковпен танысамыз. Біздің мақсатымыз : ғалым, профессор, академик Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы туралы алған білімдерін жинақтау, топтау, қорыту. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Мұғалімнің сөзі:- Орынбек Жәутіков Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылында 1911 жылы дүниеге келген. Негізгі ғылыми еңбектері математика, физика, математика тарихи мен оның әдістемесіне арналған. О. Жәутіков – республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушылардың бірі. Бұл мектеп қазір Орынбек Жәутіковтің есімімен аталады.Алматы қаласында О.Жәутіков атындағы республикалық физика –математика мектебі бар. 1958 жылы академик О.Жәутіков алғаш рет қазақ тілінде математикалық талдау туралы кітап шығарды. Академик 200 – ден астам ғылыми еңбектердің авторы. Алматы қаласында ғалым О.Жәутіков тұрған үйдің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылған.
Кітаппен жұмыс
Мәтінді оқу
Аудару
Мазмұның айтып беру
Жаңа сөздерді мәтіннен теріп, жазу.
Кітаппен жұмыс: Мәтінді үш бөлікке бөлу. Әр бір топ өз бөлігін оқып аударады. Содан кейін әр бір топтан бір оқушы басқа топқа барып мәтін бойынша әңгімелеседі, талдау жасайды, жаңа сөздерді жазып алады . ( «Джигсо» тәсілі).Содан кейін өз тобына қайта келіп, мәтін бойынша пікір алысады. Екінші оқушы мәтіннің бір бөлігін ауызша айтып береді, үшінші оқушы жаңа сөздерді оқып алады.
Шығармашылық жұмыс (дифференциалдық тапсырма – кестені толтыру.)
Шығармашылық жұмыс.
Дифференциалдық тапсырма
Кестені толтыру
1911 жылы
О.Жәутіков алғаш рет қазақ тілінде математикалық талдау туралы оқулық шығарған
1976 жылы
О.Жәутіков физика – математика ғылымдарының докторы
1962 жылы
Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері
1989 жылы
Мәтіннең бірыңғай мүшелерді табу. Интерактивтік тақтада жазылған сөйлемдерден бірыңғай мүшелерді табу. Қандай сөз табынан жасалғанын анықтау.
Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика, физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы мен оның әдістемесіне арналған. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауда және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық математиктер мектебін қалыптастырды. Ол 200- ден астам ғылыми еңбектердің, ғылыми-танымдық кітаптардың, әдістемелік жұмыстардың, көптеген оқулықтардың авторы.
Бағалау.
Бағалау парағы
Аты-жөңі
Үй тапсырмасы
Пікірлерін айту, сұрақтарға дұрыс жауап беру
Мәтінмен жұмыс
Дифференциалдық тапсырма
Грамматикалық тапсырма
Топта жұмыс
Қорытындысы
Сабақта баға
Ең жоғары балл
3 б.
3 б.
4 б.
3 б.
4 б.
3 б.
20 б.
18 б -20 б баға «5», 17 б – 14 б баға «4», 9 б – 11 б баға «3»
Рефлексия жасау.
-Балалар, біздің «Жетістік ағаш» сабақ бойы сендердің істеген жұмыстарына, жауаптарына байқап тұрды. Қалай ойлайсыңдар , өз міндетімізге жеттік пе?
Ал егер бүгінгі сабақты түсіндім десен қызыл алманы ағашқа ілесің, түсіңген жоқпын десен жасыл алманы ілесің.
Үйге тапсырма. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беру (62-63 бет)
Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы
№2 Новоишим орта мектебі
Сабақтың тақырыбы:
« Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері»
10 «Б» сынып
Мукатова Жибек Жамшитқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
2014 оқу жылы
Сабақ талдау.
Сабақтың тақырыбы:
Лексикалық тақырыбы: Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы
Грамматикалық тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: ғалым, профессор, академик Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы туралы алған білімдерін жинақтау, топтау, қорыту.
Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: ғалым еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге, мақтан етуге, отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, білімге, өнерге, ізденімпаздыққа, өздік шығармашылыққа баулу, оқушылардың қызығушылықтарын, туған өлкесіне сүйіспеншілігін арттыру.