Просмотр содержимого документа
«открытый урок на тему " Т?уелді зат есімні? септік жал?аулары" »
Бүгінгі сабақтың тақырыбы :
Тәуелді зат есімнің септік жалғаулары
Қазақстан.
Сабақтың мақсаты:
*Тәуелді зат есімге септік жалғауларының жалғану ерекшеліктерін түсіндіру.
* Мәтін бойынша түрлі тапсырмалардың жоғарғы орындау деңгейін дамыту.
*Оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімін тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезең.
2. Үй тапсырмасын тексеру, тиянақтау:
А) Затттың атын білдіретін сөздерді не дейміз?
*зат есім * сын есім *сан есім
Ә) Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
*қандай? * кім? не? *қанша?
Б) Кім? деген сүрақ қандай сөздерге қойылады?
*адамдарға , мамандық атауларға
*жануарларға
*сын есімге
5 сөзді жатқа айту
Ойын «Кім тез аударады?»
Сильный, мощный-қуатты, имеет право-ерікті, любимое дело-қалаған еңбек,свободно, вольно-еркін
3. Жаңа сабақ
Тәуелді зат есімнің септелуінде ерекшеліктер болады.
1,2 жақ тәуелді зат есімдерге барыс септікте –а, -е жалғаулары жалғанады.
3-жақ тәуелденуші зат есімдер септелгенде төмендегі септіктер мынадай септік жалғауларын жалғайды:
Барыс септік -на, -не.
Табыс септік -н.
Жатыс септік -нда, -нде.
Септіктердің атауы
түбір
1 -жақ
2-жақ
3-жақ
Атау септік
Елтаңба
ұлт
Елтаңбам
ұлтым
Елтаңбаң
ұлтың
Елтаңбасы
ұлты
Ілік септік
Елтаңба
ұлт
Елтаңбамның
ұлтымның
Елтаңбаңның
ұлтыңның
Елтаңбасының
ұлтының
Барыс септік
Елтаңба
ұлт
Елтаңбама
ұлтыма
Елтаңбаңа
ұлтыңа
Елтаңбасына
ұлтына
Табыс септік
Елтаңба
ұлт
Елтаңбамды
ұлтымды
Елтаңбаңды
ұлтыңды
Елтаңбасын
ұлтын
Жатыс септік
Елтаңба
ұлт
Елтаңбамда
ұлтымда
Елтаңбаңда
ұлтыңда
Елтаңбасында
ұлтында
Шығыс септік
Елтаңба
ұлт
Елтаңбамнан
ұлтымнан
Елтаңбаңнан
ұлтыңнан
Елтаңбасынан
ұлтынан
Көмектес септік
Елтаңба
ұлт
Елтаңбаммен
ұлтыммен
Елтаңбаңмен
ұлтыңмен
Елтаңбасымен
ұлтымен
Өлеңді мәнерлеп оқып, тәуелді зат есімдерді теріп жаз.
Бәрі бар.
Даламызда бәрі бар,
Іздегенің табылар.
Малы, дәні, кені бар
Бәрінен де жақсысы-
Кең пейілді елім бар.
Сөздік:
Бәрі – все
Іздегенің- все, что ты идешь
Мал- скот
Дән- зерно
Кен - полезное ископаемое .
Жақсысы - хорошие
Кең пейілді - добродушный
Ел -народ
Өзіңді тексер (проверь себя)
Даламызда, малы, дәні, кені, елім – осы сөздердің сөз құрамын анықта.
2.
Мәтінді оқып, тәуелді зат есімдердің астын сыз.
Қазақстан.
Біздің Отанымыз- Қазақстан. Қазақстанның өз туы, елтаңбасы, әнұраны бар. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті-Нүрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Қазақстанымыздың жаңа елордасы-Астана қаласы. Астанамызда көп ұлт өкілдері тұрады. Астанамыз күннен- күнге кеңею үстінде. Қазақстан –үлкен мемлекет.
Сөздік:
өз-свой
тұңғыш-самый первый
елордасы- столица
күннен-күнге –изо дня в день
кеңею үстінде –расширяется
ұлт өкілдері –представители нации
1. Мәтін бойынша сұраққа жауап бер:
1) Біздің Отанымыз қалай аталады?
2) Қазақстанның қандай рәміздері бар?
3) Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім?
4) Қазақстанымыздың жаңа елордасы қандай қала?
5) Қазақстан қандай мемлекет?
2. Мәтіндегі тәуелді зат есімдердің астын сыз (подчеркни).