kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?мірі?е нем??райлы ?арама" ?зін-?зі тану п?нінен кіріктірілген саба?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы. ?мірі?е нем??райлы ?арама

Ахметова Рахила Кабыловна

Ш?О,?ржар ауданы

«?азымбет орта мектеп-ба?ша»КММ

?зін –?зі тану пініні? м??алімі

Саба?ты? ма?саты:

  1. О?ушылар?а адам ?міріні? ма?ызы туралы т?сінік беру.  О?ушыларды? салауаттылы? туралы ??ымдарын дамыту
  2. О?ушыларды? адамгершілік ?асиеттерін дамыту?а ?сер ету,

         жа?сылы?ты бойна сі?іруге, ?зіне, ?згелерге жа?ымды    ?арым-?атынас жасай білуге баулу.

    3. Еліне, хал?ына абыройлы ?ызмет етуге т?рбиелеу.

        С?йіспеншілікке, парасаттылы??а, сезімталды??а т?рбиелеу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?мірі?е нем??райлы ?арама" ?зін-?зі тану п?нінен кіріктірілген саба?»

Өзін-өзі тану 6/8 сынып

Кіріктірілген сабақ

Сабақтың тақырыбы. Өміріңе немқұрайлы қарама

Ахметова Рахила Кабыловна

ШҚО,Үржар ауданы

«Қазымбет орта мектеп-бақша»КММ

өзін –өзі тану пінінің мұғалімі


Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға адам өмірінің маңызы туралы түсінік беру. Оқушылардың салауаттылық туралы ұғымдарын дамыту

  2. Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға әсер ету,

жақсылықты бойна сіңіруге, өзіне, өзгелерге жағымды қарым-қатынас жасай білуге баулу.

3. Еліне, халқына абыройлы қызмет етуге тәрбиелеу.

Сүйіспеншілікке, парасаттылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу

Тыныштық сәті

Шаттық шеңбері

Оқушылар шеңберге жиналып бір-біріне жақсы тілек жылы сөз айтады.

«Өміріңе немқұрайлы қарама»

Сөзі: Серік Сейітман

Әні: Сәкен Дәрібаев


Тыңда досым мен айтайын от тілек,

Дүниеден кетті бай да, өтті бек.

Өміріңе немқұрайлы қарама,

Дәулетіңмен тұрсаң дағы көк тіреп.


Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,

Зерлі шапан киінсең де жақұттан.

Өміріңе немқұрайлы қарама,

Шақша басың айналса да бақытттан.


Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Кенелсең де досым қанша шаттыққа,

(Қанша азап көрсең дағы, бауырым)

Өміріңе немқұрайлы қарама


Тұсау салып бастатқызбай көш дара,

Етсе дағы дұшпан күлкі дос таба.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.


Сын сағатта сақтау үшін өз басын,

Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.

Өміріңе немқұрайлы қарама

Айдын көлге айналса да көз жасың.


Қайырмасы:

Әңгімелесу

  1. Адам өмірі мәнді болуы үшін н істеу керек?

  2. Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?

  3. Зиянды әдеттерге адам неліктен үйір болады?

  4. Зиянды әрекеттерден аулақ болуы үшін адамға қандай қасиеттер керек?

  5. Зиянды әдеттерге нелер жатады?

Мәтінмен жұмыс

Қ.Қайсенов «Елдің иесі сендерсіңдер, қарақтарым!»

1. Қасым атаның өсиетінн қандай ой түйдіңдер?

2. Өз бойыңдағы қандай қасиеттерді шыңдауға болады?

3. Еліңнің абзал азаматы болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

Дәйексөз

Жақсылық көрсем өзімнен,

Жамандық көрсем өзімнен.

Тағдыр қылды дегенді,

Шығарамын сөзімнен

С.Торайғыров

Дәйексөз

Өмірді әрқашанда қуанышты сезіммен қабылда, ол сенің даналығыңды көрсетеді.

М.Монтень

Тапсырма

  1. Даналық сөздерді оқыңдар.Түйінді ойлар негізінде өздеріңе қажетті кеңестерді тұжырымдаңдар.

Өкінішке душар етпейтін іспен ғана айналыс. Өзің білмейтін істен аулақ жүр.Бірақ білуге тиісті нәрсенің бәрін білуге үйрен. Сонда тыныш өмір сүресің.

Пифагор

Ұйықтар алдында өткен күнде өзіңнің не істеп, не тындырғаныңды ой елегінен өткізбей тұрып, көзіңді жұмба.

Пифагор

Ұзақ та жемісті өмір сүру құпияларының бірі- әр кеште, ұйықтар алдында барлық адамдардан ешщірім сұрау.

Эсташ Ленобль

  1. Өлеңді оқып, өмірдің мәні туралы өз ойларыңды түйіндеп айтыңдар.Өлеңнен өздеріңе ұнаған шумақтарды жаттап алыңдар.


«Жаңа-жаңа мен ұғына бастадым» Қ.Әлімбек


Жаңа –жаңа мен ұғына бастадым,

Өмір деген қымбат екен достарым.

Өмір- менің жарқылдайтын аспаным,

Өмір –менің сарқылмайтын дастаным.


Мен - өмірді жас зерттеуші, жас ғалым,

Енді оянып, енді зерттей бастадым.

Өмір – кітап, түсінуі тым қиын,

Әрбір күнім әрбір бетін ашқаным.


Жағылды ма жүрегімде жаңа шам,

Ойлаумен өтеді ылғи оңашам.

Армандаймын: ұлы еліме сүйікті,

Жақсылықтар жасасам деп орасан.


Маржан іздеп терең теңіз түбінен,

Күн батарда атар таңға үңілем.

Өмірімнен, өз ортамнан үйреніп,

Жақсы адамға айналармын түбі мен!

Мәтінмен жұмыс

Оқулықтағы аңыз әңгімені оқып, талдау.

  1. Өзгелерге зиянды заттарды ұсынатын адамдар үнемі шындықты айта ма?

  2. Кейбір адамдар неліктен темекіге, ішімдікке әуес болады?

  3. Зиянды нәрселердің адам денсаулығына қаншалықты қауіпті екенін білесіңдер ме?

  4. Зиянды нәрселерден қалай бас тартуға болады?

Шығармашылық жұмыс

Салауатты өмір салтының ұстанымдары- зиянды әдеттерден аулақ болу; тиімді тамақтану; оңтайлы қимыл-қозғалыс; денені шынықтыру; жеке гигиена; көтеріңкі көңіл-күй бойынша өз тұжырымдарыңды шығармашылықпен бейнелеп көрсетіңдер.

Өзіммен- өзім

Мәтінмен жұмыс

«Өзіңе өзің сену» мәтінін оқу

  1. Өз-өзіңе сенудің мәні неде?

  2. «Жеңіл жол іздеме, қиындықпен күрес» дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Сенімсіздіктің салдары қалай болады?

  4. Өзіңе-өзің сенімді болған кезде өзіңді қалай сезіндің?

Жүректен жүрекке

«Ойлан, балам» өлеңін орындау.


Ойлан, балам, өмір деген өтпелі,

Бұл өмірге кімдер келіп,кетпеді.

Қайта оралмас бұл өмірдің жаздары,

Қайта оралмас бұл өмірдің көктемі.


Қайырмасы:


Ойлан, балам,

Тәтті өмірге талайлар тоя алмаған

Ойлан, балам!


Ойлан, балам, алда үміт арманың,

Алда сенің нұрлы күнің таңдарың.

Қайта оралмас жас шағымның көзіндей,

Қайта оралмас ғұмырымды жалғадың.


Қайырмасы:


Ойлан, балам, елің, жерің, салтың бар,

Мұратына жетер адам талпынған.

Таудай биік азаматы болсаң да,

Биікпін деп айтпа, балам, халқыңнан.


Соңғы тыныштық сәті



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"?мірі?е нем??райлы ?арама" ?зін-?зі тану п?нінен кіріктірілген саба?

Автор: Ахметова Рахила Кабыловна

Дата: 05.02.2016

Номер свидетельства: 288839


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства