kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ытуды ба?алау ж?не о?ыту ?шін ба?алау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кадирова Салтанат Сатышовнаны?  коучинг саба?ыны? жоспары

Саба?ты? та?ырыбы:

О?ыту ?шін ж?не о?ытуды ба?алауды? білім сапасын к?теруге тиімділігі

Сілтеме

55-59 беттер (м??алімге арнал?ан н?с?аулы?)

Негізгі ма?сат

?ріптестерге  о?ыту ?шін ж?не о?ытуды ба?алауды? білім сапасын к?теруге ма?ызы зор екендігіне  сендіре отырып, оны іс - т?жірибесінде ?олдануына ы?пал ету.

К?тілетін н?тиже

 О?ыту ?шін ж?не о?ытуды ба?алауды? о?тайлы  т?сіл екенін т?сінеді, о?ушыларды? ба?алауы мен ?ызы?ушылы?ына ед?уір ы?пал ететіндігін мойындайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ытуды ба?алау ж?не о?ыту ?шін ба?алау »

Кадирова Салтанат Сатышовнаның коучинг сабағының жоспары



Сабақтың тақырыбы:

Оқыту үшін және оқытуды бағалаудың білім сапасын көтеруге тиімділігі

Сілтеме

55-59 беттер (мұғалімге арналған нұсқаулық)

Негізгі мақсат

Әріптестерге оқыту үшін және оқытуды бағалаудың білім сапасын көтеруге маңызы зор екендігіне сендіре отырып, оны іс - тәжірибесінде қолдануына ықпал ету.

Күтілетін нәтиже

Оқыту үшін және оқытуды бағалаудың оңтайлы тәсіл екенін түсінеді, оқушылардың бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындайды.


Сабақта қолданылатын жұмыс құралдары

стикерлер, маркерлер, түрлі -түсті қағаздар, АКТ

Оқытудағы әдіс - тәсілдер:

Топтық жұмыс

 Кері байланыс

Сабақтағы іс - әрекеттер

Уақыты

Коучтың іс- әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

2 мин

 Топқа бөлу кезеңі. «Атомдар мен малекулалар» әдісі арқылы топқа бөледі

Қатысушылар ойын ойнау арқылы топқа бөлінеді

5 мин







10

Тапсырманы орындату.

  • «Жүгіртпе» әдісі бойынша қатысушыларға тапсырма береді.









  • Екі топ қатысушыларын «ата-аналар» және «мұғалім» деп алып, «2» алған балаға жасаған әрекетін көрсету, талдау, постермен жұмыс жасау



  • Қатысушылар «Бағалау дегеніміз не?» деген сұраққа жауап береді.



  • Қатысушылар ата-аналар мен мұғалімдер болып екі топқа бөлінеді. Постермен жұмыс жасап, қорғайды.

10мин

Топтық жұмыс жасау

Видиоролик көрсету,көрсетілген биді бағалату



Қатысушылар интербелсенді тақтадағы биді көріп шығып, бағалайды.

15 мин.

Слайдтармен жұмыс.

Оқыту үшін және оқытуды бағалау туралы мағлұмат беру

Қатысушылар оқыту үшін және оқытуды бағалау туралы сұрақтарын талдайды.

10 мин

Топтық жұмыс жасау

Екі топ алдыңғы айтқан ой-пікірлеріне өзгерістер енгізуге бағыттайды..(ата-ана және мұғалім ретінде)

Оқыту үшін және оқу үшін бағалаудың критерийлерін құрастырады..

10 мин.

Ой бөліседі



 

Қатысушылар өз жұмыстарын қорғайды

10 мин







5 мин

Қорытынды

Өз тәжірибеңізде енгізуге бола ма?

 Өз сабағыңызға бағалау критерийлерін қолданасыз ба ?

Кері байланыс ұсынады

 Алғысын білдіру.



Алған ақпараттарын қорытындылайды





Стикер арқылы сабақтағы әсерін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы білдіру.

Топтар ой-пікірімен бөліседі



Kоучинг сабағы туралы рефлексивтік есеп

Тақырыбы: Оқыту үшін және оқытуды бағалаудың білім сапасын көтеруге тиімділігі

Мақсаты: Әріптестерге оқыту үшін және оқытуды бағалаудың білім сапасын көтеруге маңызы зор екендігіне сендіре отырып, оны іс - тәжірибесінде қолдануына ықпал ету.

Міндеттері: Әріптестерімді топтық жұмысқа қатыстыру арқылы, берілген тапсырма орындауда сыни ойландыру,тсырмаларды күнделікті өмірмен байланыстыруына, тәжірибені ой елегінен өткізуіне әсер ету.

Күтілетін нәтиже: Оқыту үшін және оқытуды бағалаудың оңтайлы тәсіл екенін түсінеді, оқушылардың бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал ететіндігін мойындайды.

Мұғалімге және оқушыға, олар тұрмақ ата-ана үшін ең маңызды мәселе-оқушы білімінің әділ бағалануы. Ал қазіргі таңда оқушы бағасының қаншалықты әділ, оның оқушы үшін маңызы қандай? деген сұраққа жауап алу үшін «Оқыту үшін және оқытуды бағалаудың білім сапасын көтерудің тиімділігі» атты тақырыпта коучинг сабақ өткіздім. Сабағымды бастамас бұрын қатысушыларды «Атомдар мен молекулалар» ойыны бойынша екі топқа бөліп алдым. Бұл ойын түрі қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Екі топтағы қатысушыларға стикер таратып, «бағалау дегеніміз не?» деген сұрақ бердім. «Жүгіртпе» әдісімен топтың әрбір қатысушысы өз пікірін жазып, ортақ бір ереже шығарды. Екі топтың да пікірлері бір-біріне өте ұқсас. Келесі ретте мен қатысушыларға «Отбасыларыңызда балаңыз сабақтан келгенде, бірінші қоятын сұрақтарыңыз қандай?» деп ой тастадым. Әрине, олар әдеттегі қандай баға алдың, қай пәннен, не үшін? – деген сияқты жауап берді. Осы сәтте ал неге сіздер балаңыздан «бүгін не білдің?, не үйрендің?»-деп сұрамайсыздар дегенімде, қатысушылар өз қателіктерін сезінді. Мен қатысушыларға оқыту үшін және оқытуды бағалау жөнінде түсінік бермес бұрын, постермен жұмыс жасаттым. Бір топтағы қатысушыларды ата-ана, екінші топтағы қатысушыларды мұғалімдер деп бөлдім. Ата аналарға баласының сабақтан екілік алғаннан кейінгі әрекетін, ал мұғалімдерден балаға не үшін екілік қойған әрекетін талдап, дәлелдеуге тапсырма бердім. Сонда екі топ қатысушылары да тапсырманы белсенді орындап, қорғап шықты. Өз топтарының ортақ пікірлерін аудиторияда талқыладық. Интербелсенді тақтадан оқыту үшін және оқытуды бағалау туралы тұсаукесер көрсеттім. Тұсаукесерімде оқушыны оқытуды және оқығанын бағалаудың тиімділігін нақты дәлелдермен түсіндірдім, көрсеттім. Сонымен қатар, бағалау критерийлерінің өте оңтайлы әдіс екендігіне көз жеткізуге тырыстым. Дескриптор жасап, оқушылардың алдын-ала сабақта не үшін баға алатындығын білетіндігін айттым. Сол үшін оқушы өз мойнына жауапкершілікті алатынын қоса айтып өттім. Сабағымның келесі бөлімінде қатысушылардың алдыңғы постермен жасаған жұмыстарын критерийлер қойып өзгертті.

Сабақтың қорытынды бөлімінде қатысушылар кері байланыс жасап, оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау туралы мол мағлұмат алғанын және тиімділігін түсінді.Коучинг сабақтан қатысушылар жақсы әсер алғанын, сабақтарында қолдануға ниеттенгендерін айтты.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
О?ытуды ба?алау ж?не о?ыту ?шін ба?алау

Автор: Кадирова Салтанат Сатышовна

Дата: 29.05.2015

Номер свидетельства: 216061


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства