kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

О?ушылар конференциясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:

  1. О?ушылар?а ?лы Отан со?ысыны? 70 жылды?ына байланысты Халы? ?а?арманы, партизан, жазушы ?асым ?айсеновты? ?мірбаянымен, шы?армашылы?ымен таныстыру.
  2. О?ырмандар  бойында  патриотты?  сезім  ?ялатып,  отанс?йгіштікке, 

            е?бек?орлы??а  т?рбиелеу.

Жоспары:

  1. ?асым ?айсеновті? ?мірбаянымен, шы?армашылы?ымен таныстыру.
  2. Ерж?рек батыр, ісімен де, с?зімен де кейінгі ?рпа??а ?шпес із ?алдыр?ан партизан а?ын –?мірі несімен ?ла?атты деп ойлайсы?дар?
  3. Неліктен ?лы адамдарды? ?мір жолы м??гілік есте ?алады?
  4. «Жау тылында?ы бала» повесі бойынша о?ушылар пікірі.
  5. Серік пен Борис  ?андай  балдар?

Кітапханашы:

          Белгілі партизан жазушы ?асым ?айсенов  1918  жылы  23  с?уірде  Шы?ыс ?аза?стан  облысы, ?лан  ауданында?ы  Асу –Б?ла?  ауылында  кедей  шаруа  жан?ясында  д?ниеге  келеді.

       Ту?ан  ауылында  орталау  мектепті  бітірген  со?  1934  жылы  ?скемен  ?аласында?ы  Саяси –а?арту  техникумына  т?сіп, оны  1938  жылы  бітіреді. С?йтіп,  аранайы  орта  білім  алып, облысты?  о?у  б?лімінде  инспектор  болып  ?ызмет  істейді.  1939  жылды?  ?ысында  ?скери  мектепке  т?седі  де, оны  1941  жылды?  к?зінде  бітіріп  шы?ады. 1941  жылды?  ?араша  айында  ?асым  ?айсенов  О?т?стік  Батыс  майдан  штабыны?  ?арама?ына  жіберіледі. Сол  жерден  ол  арнайы  тапсырмамен  гитлершілер  басып  ал?ан  Украйна  жеріне  жау  тылына  аттанады.

        ?асым ?айсенов  ша?ын  отряд?а  да, ж?здеген  адамы  бар  партизан  б?ліміне  де  басшылы?  етті. Ол  ?зіні?  партизан  достарымен  бірге  жау?а  бірнеше  рет  шабуыл  жасап, д?шпан?а  ойсырата  со??ы  берген.

        Бірде  ?асым  сол  ма?да  д?шпанны?  ірі  зауыты  бар  екенін  естиді. Жа?ын  жерде  оны  ?ор?ап  т?р?ан  жауды?  к?п  ?скері  де  бар. Зауытты?  ?зін  де  к?шті  ?арулы  ?ол  к?зетеді. ?асым  т?жірибелі  партизандардан  кішігірім  жаса?  алып, тапа –тал  т?сте  аттанып  кетеді. Жау  тап  к?ндіз  шабуыл  болады  деп  м?лде  ойламаса  керек. ?арулы  к?зетшілерді?  б?рі  де  табанда  жойылады. Зауытты?  ?оймалары  ашылып, ішіндегі  заттары  жергілікті  елге  ?лестіріледі. Партизандар  ісін  с?тті  ая?тап, ?алы?  орман?а  кіріп  жо?  болады.

       1942  жылды?  жазында  ?асым  ?айсенов  Чапаев  атында?ы  партизан  ??рамасыны?  ?шінші  отрядын  бас?арады. Ол  жау  тылында  ж?ріп, Молдавия, Украйнаны?  Закарпатье, Чехославакия  мен  Румыния  жерлерінде  жау?а  ?арсы  к?рес  ж?ргізеді. 1944  жылды?  ая?  кезінде  б?л  елдерді?  жері  фашистерден  толы?  азат  етілген  со?, ?асым  ?зіні?  ту?ан  жеріне  ?айта  оралады.  ?аза?  ССР  Жо?ар?ы  Советі  Президиумыны?  аппаратында  жауапты  ?ызметте  болады. Одан  кейінгі  жылдары  Жамбыл  облысыны?  Жуалы  ж?не  Свердлов  ауданды?  ат?ару  комитеті  председателіні?  орынбасары  болып  ?ызмет  ат?арады.

?асым  ?айсенов  ?за?  жылдар  бойы  «Жазушы»  ж?не  «?айнар  баспаларында  редактор, осы  баспаларды?  директорыны?  ?ызметін  ат?арады.

    Е?  т???ыш  шы?армасы  1954  жылы  «Жас  партизандар»  деген  атпен  жары?  к?рді. Сол  кезден  бастап  оны?  «Илько  Витряк», «Переяслав  партизандары», «Жас  партизандар» (1954 ж)   «Ажал  аузынан» (1959 ж), «Жау  тылында?ы  бала» (1961ж) «Жау  тылында» (1973 ж), «Днепрде», «Сол  жылдары», «Партизан  со?па?тары» (1978 ж)  та?ы  бас?а  прозалы?  шы?армалары  жары?  к?рді. Оны?  шы?армалары  орыс, украйн  тілдеріне  аударылды.

     ?лы  Отан  со?ысы  кезінде  фашистер  басып  ал?ан  жерде  жау?а  ?арсы  батырлы?пен  к?рескен, партизан  отрядын  ?йымдастыру?а  белсене  ?атынас?ан  ?асым  ?айсенов  со?ыс  же?іспен  біткеннен  кейін  ?оына  ?аламын  алып, ?з  басынан  ?ткізген  ?а?арлы  да  ?ауіпті  жоры?тарын, к?п  ?лтты  совет  азаматтарыны?  ерлік  істерін  ?а?аз  бетіне  т?сіріп, о?ан  к?ркемдік  сипат  беріп, к?птеген  кітап  жазды.

Ш?йішова Г?лн?р -9 сынып:

          Та?дыры  ?ызы?, о?и?алы  роман  кейіпкерлерінен  кем  т?спейтін  азаматтарымыз  бар  ?ой. ?асым  ?айсеновты?  жеке  басы  сондай  адам. О?ан  ойдан  шы?ару, ?иялдан  ?осу  ?ажет  емес. К?ргенін  бастан  кешкенін  айтып, жазып  беруі –сюжетті  ?ою, тілі  тартымды, к?ркем  сырлы  д?ниені?  тууына  кепіл  болды.

«. ?зім  Алматыда  ж?ргенмен, ойым –майданда, сонау  жау  тылында  ж?реді. Тіпті  т?сімде  де  партизандар  ?атарында  со?ысып  ж?ремін. Жылдар  бойы  не  ?ыста, не  жазда  ?йді  паналап  к?рмеген  биік  т?секте  жатып  ?йы?тама?ан  басым  к?п  азап  шекті. ?йге  кірсем  болды  сол  ?йді  сыртынан  фашистер  ?оршап  ал?ан  сия?ты, дереу  ?айта  сырт?а  шы?у?а  асы?амын. Т?секке  жатып  ?йы?тап  кетсем  бол?аны  самолет  есігінде  парашют  киіп  т?р?андай  сезінемін  де  ?ар?ып  кетемін, жерге  т?сектен  топ  етіп  ??лап  т?семін», деген  ?асым  сырында  ?зілмен  айтса  да, шынды?  жатыр. Б?л  жолдардан  со?ыс  стихиясыны?  адам  санасына  бас?ан  ?шпес  та?басын  к?румен  ?атар, ерлікке  ??лшын?ан  батыр  к??ілді?  к?гілдір  м?нар  са?ымын  а??ару  ?иын  емес.

          Шы?армалары- ?зара  жал?ас, бір  желідегі  жоры?  шежірелері. Онда?ы  кейіпкерлері  де  орта?, тек  ерлік  к?ріністері  б?лек, о?и?а  сипаттары  ?ралуан  болып  келеді. Б?л  туындыларда  д?шпан  зорлы?ына  ашын?ан  совет  хал?ыны?  ?а?арманды?  ерлік  істері, ел  ба?ыты  ?шін  жанын  ?и?ан  халы?  батырларыны?  шынайы, таби?и  т?л?асы  суреттеледі. Фашистерге  ?арсы  астыртын  ?йым  м?шесі, д?рігер  Устимовичті?  жау  ?ысымына  мойымастан, ерлік  ?лімге  басын  тігуінен, радистка  Зина  Крестьянинованы?  фашистерді?  ?олына  ма?ызды  м?ліметтерді  т?сірмеу  ниетімен  жас  жанын  ??рбанды??а  шалуынан  коммунистік  саналылы?  пен  патриотизм  рухы  елес  береді. Авторды?  «Жау  тылында»  деп  аталатын  мемуарлы?  е?бегінде  жергілікті  халы?ты?  Отан?а  деген  с?йіспеншілігі, жау?а  ?аталды?ы, партизан  отрядтары  мен  жасырын  ?йымдар?а  риясыз  к?рсеткен  к?мектері  ?те  на?тылы  берілген. Е?бекті?  ?р  жолында  жау  тылында?ы  коммунистерді?  жергілікті  адамдаврды  фашизмге  ?арсы  к?реске  ?йымдастыр?ан  ролі  бірден –бір  д?рыс  шешімін  тап?ан. «Ана  кегі», «Партизанны?  анасы»  атты  ??гімелерде  ?айсар  да  ?жет  партизандарды?  бейнесі  нанымды  сомдал?ан.

    Бейбіт  жат?ан  елге  б?йідей  тиген  коменданттар  мен  Отанын  сат?ан  старосталар  мен  полицейлерді?  ?лімі, жау  эшелондарын  к?йрету, т?т?ында  азап  шекен  жауынгерлерді, Германия?а  жер  аударылатын  жас?спірімдерді  ??т?ару, жа?а  партизан  отрядтарын  ??рып, д?шпан?а  аяусыз  со??ы  беру, міне, б?л  о?и?алар  ?асым  ?айсеновты?  «Ажал  аузынан», «Жау  тылында»  сия?ты  е?бектерінде  шынайы  к?ркемдікпен, ?тымды  суреттермен  бейнеленеді.

        Аталмыш  туындылардан А.В.Тканко, Е.Д.Ломако, И.К.Примак  т?різді  іскер  де  батыл  ?олбасшылар  мен  Илько  Витряк, Костя  Спижевой, Гриша Алексеенко, Алексей Крячек, Николай Попов, Иван  Гаман, Юзик  Никольский  сия?ты  ?р  ?лт  ?кілдеріні?  ?асым  ?айсеновпен  бірлесе  отырып, к?птеген  ?скери  міндеттерді  же?іспен  ая?та?анын  к?реміз. ?йымдастырушылы?  ?абілеті  зор  Иван  Примак  ?атарда?ы  партизандармен  тізе  ?оса  отырып, ?иын  жоры?тарды?  алды??ы  шебінде  ж?ріп, ?ыстала?  ша?тарда?ы  ?жет  те  т?уекелшіл  ?рекет  шешімімен  дараланады.

Базарова Н?рбике -8 сынып:

     ?асым  ?айсеновты?  ?аламгерлік  келбеті  оны?  аудармашылы?  ?нерімен  де  толы?а  т?седі. ?асым  аудар?ан  М.Муратовты? «Ломоносовты?  жасты?  ша?ы», Николай  Томанны?  «Сабылт?ан  са?ым», Мамед-Кулизаде  Джелилді?  «Почта  ж?шігі»  атты  е?бектері  ??нарлы  тілімен  о?ушы  ж?ртшылы?ыны?  ж?регінен  жол  тап?ан.

      Жазушыны?  творчествосыны?  басты  ?зегі –халы?тар  досты?ы. Ол  «Отаным  мені? –Украйна»  деп  жада?ай, д?лелсіз  ?ызыл  с?з  ?шін  айтпайды   немесе  жоры?тас  достары  ?асымды  отандас  деп  ??р  к??іл  ?шін  іш  тартпайды. М?нда  бір  зор  ?леуметтік, адамгершілік  сезімдерді?  ?ызу  шо?ы  бар. ?лы  Отан  со?ысында  совет  халы?тары  мыз?ымас  досты?ты?  н?тижесінде  фашист  жендеттерін  же?іп  шы?ып, бас  игізді  деген  ой  жазушы  шы?армаларыны?  ?р  жолынан  бай?алып  т?рады.

    ?асым  ?айсенов –?лы  Отан  со?ысынан  кейінгі  жылдарда  да  ?зіні?  партизан  отрядында  бол?ан  украйн  достарымен  ты?ыз  байланыста  бол?ан. Украйна?а  бірнеше  рет  барып, ?арулас  достарымен  талай –талай  кездесті. Украйнды?тар  ?асымды  ?зімізді?  жерлесіміз, ?андасымыз  деп  ??ша?ын  жайып  ?арсы  алады.  Партизан  достарымен  кездесуі  ж?нінде  ?асым  бірнеше  очерк, ??гімелер  жаз?ан.

    «Ал  мені  ?дебиетке  ?келген –со?ыс, партизанды?  ?мірім. ?депкіде  ?аза?  жазушылары  мен  туралы  кітап  жазба?шы  болды. Со?ында  со?ыс?а  ?зі?  ?атыспа?аннан  кейін  жазу  ?иын  екен  деді. Мен  басымнан  кешкендерді  жа?сы  айтады  екенмін. Олар  «?алай  айтса?,  солай  жаза  бер»  деп  ке?ес  берді. Жаз?андарымды  о?ып, т?зетіп, кітап  етіп  шы?арды. «Жау  тылында», «Жау  тылында?ы  бала»  та?ы  бас?а  кітаптарым  солай  туды. Б?гінге  дейін  ?аза?ша, орысша, украйнша  аудармаларыммен  33  кітап  шы?ар?ан  екенмін», деген  жазушы, партизан  ?асым  ?айсенов  «М?лдір  б?ла?»  журналына  берген  с?хбатында.

    ?асым  ?айсенов  -?лы  Отан  со?ысы  орденіні?  3  д?режесімен, сондай –а?  Чехословакия  партизаны», Украйнаны?  3  д?режелі  «Да??»  ордендерімен 2003  жылы, к?птеген  медальдармен, атаулы  ?арулармен  марапаттал?ан. «Халы?  ?а?арманы»  алтын  ж?лдызын  ?лы  Же?істі?  50  жылды?ында  ал?ан.  ?скери  шені –полк. Ар?алы?  ?аласыны?  ??рметті  азаматы. Екі  ?л, екі  ?ызы, онша?ты  немере, бес –алты  ш?бересі  бар.

?аза?  батыры, жазушы, Халы?  ?а?арманы  30  желто?сан  2006  жылы  к?з  ж?мды. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«О?ушылар конференциясы »

Мақсаты:

  1. Оқушыларға Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына байланысты Халық Қаһарманы, партизан, жазушы Қасым Қайсеновтың өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстыру.

  2. Оқырмандар бойында патриоттық сезім ұялатып, отансүйгіштікке,

еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Жоспары:

  1. Қасым Қайсеновтің өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстыру.

  2. Ержүрек батыр, ісімен де, сөзімен де кейінгі ұрпаққа өшпес із қалдырған партизан ақын –өмірі несімен ұлағатты деп ойлайсыңдар?

  3. Неліктен ұлы адамдардың өмір жолы мәңгілік есте қалады?

  4. «Жау тылындағы бала» повесі бойынша оқушылар пікірі.

  5. Серік пен Борис қандай балдар?


Кітапханашы:

Белгілі партизан жазушы Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданындағы Асу –Бұлақ ауылында кедей шаруа жанұясында дүниеге келеді.

Туған ауылында орталау мектепті бітірген соң 1934 жылы Өскемен қаласындағы Саяси –ағарту техникумына түсіп, оны 1938 жылы бітіреді. Сөйтіп, аранайы орта білім алып, облыстық оқу бөлімінде инспектор болып қызмет істейді. 1939 жылдың қысында Әскери мектепке түседі де, оны 1941 жылдың күзінде бітіріп шығады. 1941 жылдың қараша айында Қасым Қайсенов Оңтүстік Батыс майдан штабының қарамағына жіберіледі. Сол жерден ол арнайы тапсырмамен гитлершілер басып алған Украйна жеріне жау тылына аттанады.

Қасым Қайсенов шағын отрядқа да, жүздеген адамы бар партизан бөліміне де басшылық етті. Ол өзінің партизан достарымен бірге жауға бірнеше рет шабуыл жасап, дұшпанға ойсырата соққы берген.

Бірде Қасым сол маңда дұшпанның ірі зауыты бар екенін естиді. Жақын жерде оны қорғап тұрған жаудың көп әскері де бар. Зауыттың өзін де күшті қарулы қол күзетеді. Қасым тәжірибелі партизандардан кішігірім жасақ алып, тапа –тал түсте аттанып кетеді. Жау тап күндіз шабуыл болады деп мүлде ойламаса керек. Қарулы күзетшілердің бәрі де табанда жойылады. Зауыттың қоймалары ашылып, ішіндегі заттары жергілікті елге үлестіріледі. Партизандар ісін сәтті аяқтап, қалың орманға кіріп жоқ болады.

1942 жылдың жазында Қасым Қайсенов Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Ол жау тылында жүріп, Молдавия, Украйнаның Закарпатье, Чехославакия мен Румыния жерлерінде жауға қарсы күрес жүргізеді. 1944 жылдың аяқ кезінде бұл елдердің жері фашистерден толық азат етілген соң, Қасым өзінің туған жеріне қайта оралады. Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының аппаратында жауапты қызметте болады. Одан кейінгі жылдары Жамбыл облысының Жуалы және Свердлов аудандық атқару комитеті председателінің орынбасары болып қызмет атқарады.

Қасым Қайсенов ұзақ жылдар бойы «Жазушы» және «Қайнар баспаларында редактор, осы баспалардың директорының қызметін атқарады.

Ең тұңғыш шығармасы 1954 жылы «Жас партизандар» деген атпен жарық көрді. Сол кезден бастап оның «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Жас партизандар» (1954 ж) «Ажал аузынан» (1959 ж) , «Жау тылындағы бала» (1961ж) «Жау тылында» (1973 ж), «Днепрде», «Сол жылдары», «Партизан соқпақтары» (1978 ж) тағы басқа прозалық шығармалары жарық көрді. Оның шығармалары орыс, украйн тілдеріне аударылды.

Ұлы Отан соғысы кезінде фашистер басып алған жерде жауға қарсы батырлықпен күрескен, партизан отрядын ұйымдастыруға белсене қатынасқан Қасым Қайсенов соғыс жеңіспен біткеннен кейін қоына қаламын алып, өз басынан өткізген қаһарлы да қауіпті жорықтарын, көп ұлтты совет азаматтарының ерлік істерін қағаз бетіне түсіріп, оған көркемдік сипат беріп, көптеген кітап жазды.

Шүйішова Гүлнұр -9 сынып:

Тағдыры қызық, оқиғалы роман кейіпкерлерінен кем түспейтін азаматтарымыз бар ғой. Қасым Қайсеновтың жеке басы сондай адам. Оған ойдан шығару, қиялдан қосу қажет емес. Көргенін бастан кешкенін айтып, жазып беруі –сюжетті қою, тілі тартымды, көркем сырлы дүниенің тууына кепіл болды.

«... Өзім Алматыда жүргенмен, ойым –майданда, сонау жау тылында жүреді. Тіпті түсімде де партизандар қатарында соғысып жүремін. Жылдар бойы не қыста, не жазда үйді паналап көрмеген биік төсекте жатып ұйықтамаған басым көп азап шекті. Үйге кірсем болды сол үйді сыртынан фашистер қоршап алған сияқты, дереу қайта сыртқа шығуға асығамын. Төсекке жатып ұйықтап кетсем болғаны самолет есігінде парашют киіп тұрғандай сезінемін де қарғып кетемін, жерге төсектен топ етіп құлап түсемін», деген Қасым сырында әзілмен айтса да, шындық жатыр. Бұл жолдардан соғыс стихиясының адам санасына басқан өшпес таңбасын көрумен қатар, ерлікке құлшынған батыр көңілдің көгілдір мұнар сағымын аңғару қиын емес.

Шығармалары- өзара жалғас, бір желідегі жорық шежірелері. Ондағы кейіпкерлері де ортақ, тек ерлік көріністері бөлек, оқиға сипаттары әралуан болып келеді. Бұл туындыларда дұшпан зорлығына ашынған совет халқының қаһармандық ерлік істері, ел бақыты үшін жанын қиған халық батырларының шынайы, табиғи тұлғасы суреттеледі. Фашистерге қарсы астыртын ұйым мүшесі, дәрігер Устимовичтің жау қысымына мойымастан, ерлік өлімге басын тігуінен, радистка Зина Крестьянинованың фашистердің қолына маңызды мәліметтерді түсірмеу ниетімен жас жанын құрбандыққа шалуынан коммунистік саналылық пен патриотизм рухы елес береді. Автордың «Жау тылында» деп аталатын мемуарлық еңбегінде жергілікті халықтың Отанға деген сүйіспеншілігі, жауға қаталдығы, партизан отрядтары мен жасырын ұйымдарға риясыз көрсеткен көмектері өте нақтылы берілген. Еңбектің әр жолында жау тылындағы коммунистердің жергілікті адамдаврды фашизмге қарсы күреске ұйымдастырған ролі бірден –бір дұрыс шешімін тапқан. «Ана кегі», «Партизанның анасы» атты әңгімелерде қайсар да өжет партизандардың бейнесі нанымды сомдалған.

Бейбіт жатқан елге бүйідей тиген коменданттар мен Отанын сатқан старосталар мен полицейлердің өлімі, жау эшелондарын күйрету, тұтқында азап шекен жауынгерлерді, Германияға жер аударылатын жасөспірімдерді құтқару, жаңа партизан отрядтарын құрып, дұшпанға аяусыз соққы беру, міне, бұл оқиғалар Қасым Қайсеновтың «Ажал аузынан», «Жау тылында» сияқты еңбектерінде шынайы көркемдікпен, ұтымды суреттермен бейнеленеді.

Аталмыш туындылардан А.В.Тканко, Е.Д.Ломако, И.К.Примак тәрізді іскер де батыл қолбасшылар мен Илько Витряк, Костя Спижевой, Гриша Алексеенко, Алексей Крячек, Николай Попов, Иван Гаман, Юзик Никольский сияқты әр ұлт өкілдерінің Қасым Қайсеновпен бірлесе отырып, көптеген әскери міндеттерді жеңіспен аяқтағанын көреміз. Ұйымдастырушылық қабілеті зор Иван Примак қатардағы партизандармен тізе қоса отырып, қиын жорықтардың алдыңғы шебінде жүріп, қысталаң шақтардағы өжет те тәуекелшіл әрекет шешімімен дараланады.



Базарова Нұрбике -8 сынып:

Қасым Қайсеновтың қаламгерлік келбеті оның аудармашылық өнерімен де толыға түседі. Қасым аударған М.Муратовтың «Ломоносовтың жастық шағы», Николай Томанның «Сабылтқан сағым», Мамед-Кулизаде Джелилдің «Почта жәшігі» атты еңбектері құнарлы тілімен оқушы жұртшылығының жүрегінен жол тапқан.

Жазушының творчествосының басты өзегі –халықтар достығы. Ол «Отаным менің –Украйна» деп жадағай, дәлелсіз қызыл сөз үшін айтпайды немесе жорықтас достары Қасымды отандас деп құр көңіл үшін іш тартпайды. Мұнда бір зор әлеуметтік, адамгершілік сезімдердің қызу шоғы бар. Ұлы Отан соғысында совет халықтары мызғымас достықтың нәтижесінде фашист жендеттерін жеңіп шығып, бас игізді деген ой жазушы шығармаларының әр жолынан байқалып тұрады.

Қасым Қайсенов –Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда да өзінің партизан отрядында болған украйн достарымен тығыз байланыста болған. Украйнаға бірнеше рет барып, қарулас достарымен талай –талай кездесті. Украйндықтар Қасымды өзіміздің жерлесіміз, қандасымыз деп құшағын жайып қарсы алады. Партизан достарымен кездесуі жөнінде Қасым бірнеше очерк, әңгімелер жазған.

«Ал мені әдебиетке әкелген –соғыс, партизандық өмірім. Әдепкіде қазақ жазушылары мен туралы кітап жазбақшы болды. Соңында соғысқа өзің қатыспағаннан кейін жазу қиын екен деді. Мен басымнан кешкендерді жақсы айтады екенмін. Олар «қалай айтсаң, солай жаза бер» деп кеңес берді. Жазғандарымды оқып, түзетіп, кітап етіп шығарды. «Жау тылында», «Жау тылындағы бала» тағы басқа кітаптарым солай туды. Бүгінге дейін қазақша, орысша, украйнша аудармаларыммен 33 кітап шығарған екенмін», деген жазушы, партизан Қасым Қайсенов «Мөлдір бұлақ» журналына берген сұхбатында.

Қасым Қайсенов -Ұлы Отан соғысы орденінің 3 дәрежесімен, сондай –ақ Чехословакия партизаны», Украйнаның 3 дәрежелі «Даңқ» ордендерімен 2003 жылы, көптеген медальдармен, атаулы қарулармен марапатталған. «Халық Қаһарманы» алтын жұлдызын Ұлы Жеңістің 50 жылдығында алған. Әскери шені –полк. Арқалық қаласының құрметті азаматы. Екі ұл, екі қызы, оншақты немере, бес –алты шөбересі бар.

Қазақ батыры, жазушы, Халық қаһарманы 30 желтоқсан 2006 жылы көз жұмды.

Тапқырлық

1.Майор Мергенбаев жолаушы поезынан кімді күтті?

2.Вагонан түскен адамды бейнелеген эпизодын баяндап бер.

3. Майор майданға кеткелі ауылда қандай жаңалықтар болған?

4.Серіктің ата –анасының есімі?

5.Жау тылында жалғыз қалған Серікке кім қамқорлық көрсетті?

6.4 жыл бойы Виницаның педагогикалық институтында бірге оқыған Коля Иващенконың көмегі.

7. Анна Ивановнаның ата –анасымен кездесуі.

8. Антон Архипович, Тамара Чуляктар кімдер?

9.Анна Ивановнаның комендатқа берген жауабы.

10.Серік пен Бористің Иван Гаманның жанұясына жасаған көмегі?

11.Серік пен Бористің Днепр жағасындағы ерлігі.

12.Серіктің ”Белое озеро” деген орман шаруашылығындағы балалармен кездесуі. Балаларды босатып алуға көмегі.

13. Подполковник Красюктің Серіктің әкесімен кездесуіне ықпалы.

14.Серіктің әкесімен қауышуы.

15.Міне, Анна Ивановна, қиын қыстау күндерде Серігімді паналатып бауырларыңызға басыпсыз. Әке орнына - әке, шеше орнына - шеше болыпсыз. Сіз болмасаңыз Серіктің күні не болатын еді!? Сізге бір ғана рақмет айту аз сияқты. Сіздің бұл жақсылығыңызды немен ақтарымды білмей отырмын, - Кімнің сөзі. Анна Ивановнаның адамгершілігі туралы ойы.

Бердібекова Айгүл -8 сынып:

Қасым аға қаһарман.

Қасым аға қаһарман,

Жауынгер батыр атанған.

Отан үшін от кешті,

Үнемі озып қатардан.


Қасым аға қаһарман

Үлгі аламыз атадан,

Еңбек ері атанды,

Бақ сыйлаған Отаннан.


Қасым аға қаһарман,

Жауынгер, жазушы атанған.

Ерлік жолын еңбектің,

Үйренеміз атадан.

Бүбіш Тікебаева.

Балалар ақыны.

Жолдыбаев Мерей -9 сынып:

Қаһарман ұлы қазақтың

Әні мен сөзі: Арасанбай Естеновтікі.


Украйна жерінде

Шешпестен төрт жыл белін де,

Ерлікпен өшпес шайқасқан

Өкіртіп жауды көрінде.

Артқанда үміт ел сеніп,

Фашисті жеңген еңсеріп.

Қаһарман ұлы қазақтың

Партизан Қасым Қайсенов

Партизан Қасым Қайсенов.

Тапсырма алып Ковпактан,

Ерлігіменен дос тапқан.

Сенімін артып жаугер ел

Отрядын да бастатқан.

Қайырмасы.

Тек жеңіс болып басты арман

Қар төсеп, мұзды жастанған,

Ерлігі ұлға үлгі боп,

Атағы асар асқардан.


Қорытынды: Жақсы қатысқан оқушыларды марапаттау.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
О?ушылар конференциясы

Автор: Токкожиева Марал Тулегеновна

Дата: 03.04.2015

Номер свидетельства: 196269


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства