КЕЗЕҢДЕРІ | МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ | ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ | БАҒАЛАУ | РЕСУРСТАР |
Ұйымдастыру кезеңі (2 минут) | Амандасу, түгендеу. Шаттық шеңберге тұрғызу. «Бір тілек» тренингі арқылы балалар бір-біріне өздерінің аттарының бас әріптеріне сәйкес тілек тілеуін сұраймын. (Психологиялық ахуалды жақсарту). | Амандасады. - Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты Жарқырайды күніміз Жарқырайды даламыз Қайырлы таң, қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін Бір - бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. Оқушылар бір-біріне өздерінің аттарының бас әріптеріне сәйкес тілек тілеп, жаңа сабаққа жақсы көңіл күймен аяқ басады. | Жарайсыңдар, жақсы. | |
Қызығушы- лықты ояту сатысы Миға шабуыл (2 минут) | Ішкі, сыртқы шеңбер арқылы үй тапсырмасын тексереді. | Ішкі шеңбердегі үш оқушы сыртқы шеңбердегі оқушыларға, сұрақ қояды, сыртқы шеңбердегі оқушылар жауап береді. Сұрақтар қарапайым миға шабуыл, ой қозғау үшін беріледі. | Сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалау парағына жазып отырамын. | |
Тұсаукесер (2 минут) | «Фигуралар арқылы» Мақсаты: топқа бөлу. | Сынып оқушылары 6 адамнан 3 топқа бөлінеді. Әр топ жетекшісі сайланады. Топтың атын, ұранын, ережесін айтады. | | |
Үй тапсырмасы (4 минут) | 1.Сөйлемнің айқындауыш мүшелері дегеніміз не? 2.Айқындауыш мүшелердің түрлері қандай? 3.Сөйлемнің бірыңғай мүшелері дегеніміз не? | Әр топтан бір оқушыдан жаттығуларын оқиды. | Үй тапсырмасын орындаған оқушыларды бағалау . Смайлик әдісі бойынша бағалау | Оқулық |
Жаңа
| Өзге тілде сөйле әлемді таң қылып, Ана тілін білмеу қандай заңдылық! Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда Ана тілің жасау керек мәңгілік!- деп бүгінгі сабағымызды қоғам қайраткері, ақын М. Шахановтың туған тілімізді қадірлеуге , қастерлеуге шақыратын өнегеге толы өлеңімен бастайық. | | | |
Мағынаны таны | («Оқшау» дегенді қалай түсінесіңдер?) «Адасқан сөздер» ( сөздерді орнына қойып, сөйлемнің мағынасын айту) 1 сынақ ертең оқушылар болады 2. келмейтін сірә бүгін ол шығар 3. шіркіннің па дауысын-ай Оқшау сөздердің белгілері: 1)Сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды 2)Өзге сөздермен байланысқа түспейді 3) Сөйлем ішінде жеке тұрады, тыныс белгісі арқылы ажыратылады. | оқшау сөздер қаратпа сөздер тыңдаушының назарын аудару үшін қолданылады қыстырма сөздер сөйлеушінің айтылған пікірге әр түрлі көзқарасын білдіреді одағай сөздер айтушының көңіл- күйін, сезімін білдіру үшін қолданылады | | |
«Бар білім-кітапта» Сәйкестендіру | Диктант | 1. Сіздіңше, теміржолға тіке тартқан дұрыс па? 2.-Бетіңнен тайма,қызым! 3. Дау жоқ,келісімді орындау керек. 4. Өрт болмағай еді,ойпырм-ай! 5. –Пәлі!Ақын ғой мынауың!-деді Қоржынбай. 6. –Шырағым,байқағайсың,құлап қалма. Пәлі, шіркін, бәрекелді, моһ-моһ, әттеген-ай! | Қыстырма | Қарағым, балам, айналайын, Ботагөз. | Одағай | Әрине, меніңше, әуелі, сөйтіп , шынында. | қаратпа | | Смайликтер арқылы бағалаймын | Оқулық, косымша материалдар |
Деңгейлік тапсырмалар: | І деңгей Оқшау сөздердің астын сыз, тыныс белгісін қой, түріне ажырат -Уа,Жиренше анау қаңбақ қайдан келеді,қайда барады екен? Пай-пай Көріңде өкіргір Қожекем-ай! Қатал едің жарықтық. Сізге бәлкім бұл таныс болмас. Сіздің халық-ақын халық менің ойымша. Жә көрген-білгеніңді тез айт! Біріншіден сөзде тұру керек. ІІ деңгей. Берілген сызба арқылы көрсетілген оқшау сөзді қатыстырып сөйлем құрастыру. 1.-----------------------, ақсақал. 2.-----------------------, қап! 3.-----------------------, сірә,----------------------. ІІІ деңгей. Оқшау сөздерді қатыстырып, «Егін даласында» әңгіме құрау. | Смайликтер арқылы оқушылар бағалайды | |
«Кім тапқыр?» | Оқшау сөздерді табу, түріне ажырту, қай шығармадан алынғанын айту. Ана керек, о адамдар,ана керек адамға, Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда ( Т.Айбергенов «Ана») –Апыр-ай, қалай барам, қалай барам? Атармын аққу құсты қалай ғана?! ( М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда») –Бұрынғыдан мұнысы қиын боды, Ойбай, уәзір, ақыл тап, қайттік? –Е,шырағым, жасым секесенге келгенде, біреудің қанын жүктеп не қылайын? ( Мадан ханның шешсінің сөзі) –Сөйлестім, тақсыр! Өзімді сөгіп салды,-деп жауап берді ( Жиреншенің сөзі) –Апырмай-ай, менің наубайдың баласы екенімді қайдан білдің? ( Мадан ханның сөзі) Махамбеттің қай өлеңі оқшау сөзден басталады? ( «Қызғыш құс») Ы.Алтынсариннің қай өлеңінде қаратпа сөз бар? («Кел, балар, оқылық») | | |
Талдау-табыс кілті ( сөйлем талдау) | 1. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау. Бастауыштарын қаратпа сөзге айналдыру, тыныс белгісін қою 1) Түс ауа үйге Рахат келді. 2) Сәуле апай атайдың айтқанын жазып алды. 3) Жолдастар келер ұрпақ жыр етер ұлы науқанды бастағалы тұр. Жолдастар- сатылай кешенді талдау ( фонологиялық талдау) 2. Қыстырма сөздерді тиісті орнына қою 1) ----------------, темір жолға тіке тартқан жөн бе деймін 2) ------------------, Шеген хатты сирек жазады. 3) Бүгін,-------------, қоймаға он жеті арба тары кетті. Қоймаға- математикалық-фонетикалық талдау 3.Берілген сөйлемдердегі одағайлардың астын сыз. –Пәлі! Ақын ғой мынауың!-деді Қоржынбай. Туу, сізде шақпақ барын мүлде ұмытып кеткем ғой! –Әттеген-ай, оғы құрғыр да жоқ болды-ау!-деді Отар назаланып. Ақын-лексика-грамматикалық талдау | Смайликтер арқылы бағалаймын | |
| Мысалдары Түрлері | Қаратпа сөз | Одағай сөз | Қыстырма сөз | Байғұс – ау, саған не болған? | | + | | «Қош бол, Қараой» | + | | | Аға, бұл кімнің аты? | + | | | Хан, әрине, ғажайып мешіт салу, хан жарлығынан, не ұзақ өмір сүруден емес, адам көңіл күйінің шаттануынан, не үлкен арманнан туатынын білген жоқ | | | + | Әйтеуір, осы қос аққуын көрсе, сол сәтте Берке хан бәрін ұмытатын | | | + | | | |
ІҮ. Бекіту. | Графикалық диктант Оқшау сөздерді белгілеу Одағай қыстырма қаратпа паһ, сөйтіп, қалқам, сірә, алақай, шырағым | |
Сергіту сәті (3 минут) | Сергіту сәтін ұйымдастырады. | Сергіту сәтіне қатысып, көңіл-күйлері көтеріледі. | | Интерактивті тақта |
| 1-деңгей. 1-топ. 1.1-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп, қаратпа сөздердің астын сызу.
2-топ. 1-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп, қыстырма сөздердің астын сызу.
3-топ. 1-тапсырма Сөйлемдерді көшіріп, одағай сөздердің астын сызу.
2-деңгей. 1-тап. 2-тапсырма. Сөйлемдердің ара жігін ажыратып, тиісті тыныс белгісін қойыңдар. (қаратпа сөздер)
2-топ. 2-тапсырма. Сөйлемдердің ара жігін ажыратып, тиісті тыныс белгісін қойыңдар. (қыстырма сөздер)
3-топ. 2-тапсырма Сөйлемдердің ара жігін ажыратып, тиісті тыныс белгісін қойыңдар. (одағай сөздер)
| - Әже, ана кісілер не істеп жүр? - Ей, Бұқар, Шалқұйрық атым астымда, Сарыарқаның сары белін қақ жарып, жалғыз өзім жортып келеді екенмін. - Байқауымша, абай ақыныңыз да көзі ашық, көкірегі тұнық кісі болған-ау, сірә. - Үшіншіден, сырғаның қай түрі де бауырға, өт қабынуына әсер етеді деген пікір бар екенін ескертеміз. - Уа, би інім, жүрісің суыт көрінеді, қайдан келесің? - деп сұрады Досбол амандықтан соң. - Ей, не істер ең сен өкімет болсаң? - Ал құрметті Темір аға сезіп отырмын сырыңды - Жүріп барам ақан аға хатыңыз ба - Өзім барып әкеле қояйын, қайда жүр екен өзі жануар... деп мияулап сөйлеген сығырайған шал айнала қарады.
- Алайдар түрлі жыртқыш аңдарды будандастыру арқылы жаңа тұқым алу тәжрибесі көптен бері жүргізіліп келеді - Ә мүмкін жауын жауып егін жаппай шығар - Сөз ұшқыны әрине Нұрқаттың өзінен тараған - Ойбай бізде не қауқар бар - Қап мынаның баласы - Апыр-ау бұл кімнің қызы болды екен
| | |
Рефлекция (5 минут) | Интервью ұйымдастырады. «Интервью – Ұққаныңыз. Түйгеніңіз. Білгеніңіз. Үйренгеніңіз». Кері байланыс стикерлер тарату. | 1 оқушы жаңа тақырыпқа байланысты топ мүшелеріне сұрақ қояды , не туралы білгенін сұрайды және бүгінігі сабақтан алған әсерлерін біледі. Стикерге сабақтан алған әсерлерін жазады және «Сабақтан алған әсерім» қабырға газетіне жапсырады. 1. Оқшау сөздер дегеніміз не? 2. Оқшау сөздер түрлері қандай? 3. Оқшау сөздердің белгілері? | Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы өзін-өзі бағалау | Смайликтер Стикерлер, қабырға газеті |
Тест тапсырма | 1.Оқшау сөздердің негізгі қызметі не? а)сөйлем мүшесі болады. в)сұраққа жауап береді. с)сөйлемге түрлі мағына береді 2. Қыстырма сөз деген не? а)Тыңдаушының назарын аударады. в)сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіреді. С)адамның көңіл-күйін білдіреді. 3.Одағай сөзді белгіле. Тәйірі сол да қиын ба? а)қиын ба? В)сол да с)тәйірі 4.Сөйлемдегі қыстырма сөздің мағынасы. Менің байқауымша,ол- сабырлы,ілтипатты адам. а)сенер-сенбестік в)мойындау С) ойдың кімнен шыққаны 5.Қаратпа сөз қатысқан сөйлем қайсы? а)Сөйлей бер, ақ домбырам ,күмбірлеген. в)Сабақ басталып, біз тапсырма орындай бастадық. с)Көзді ашып-жұмғанша ауылға келдік. 6. Одағай сөздің неше түрі бар? а)5 в)4 с)3 7.Күннің суытатын сыңайы бар, сірә. Қыстырма сөздің орнын көрсет. а)басында в)соңында с)ортасында 8. Оқшау сөздің тыныс белгісі. а)үтір в)сызықша с)қос нүкте 9.Одағай сөзден жасалған есімшені тап Зал ішінен алақайлаған сәбилердің даусы шықты. а)зал ішінен в)алақайлағанс)сәбилердің даусы 10.Ал,Бәке,бұған не дейсіз? а)ал,Бәке в)бұған с)не дейсіз? | | |
Үй жұмысы | 1 тапсырма. 68 – жаттығу 2 тапсырма: М.Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» әңгімесінен оқшау сөздерге сөйлем тауып жазу. | Жоба тақырыптары (компьютерден іздену) 1-топ. Қаратпа сөздерді бастауыштан қалай ажыратамыз. 2-топ. Қыстырма сөздерді сөйлем ішінен ажырата алуды үйрену. 3-топ. Одағай сөздер сөйлемге қандай мағына үстейді. | | |