ыенлорпывапдлмс еорпенот апроллрпуенгшщждлорпол ро папролдщшгнеа прощшгн про лщ шгна прол зщш гп ролдд шгн про п о орп и тл орп м лорпа в апро ло па г ль р д в дл л лорролдлорпавсмитлд р ол п апро л пап ролд в апр л л рп р олд апролджшгне апрол шгн прол дг не пролд ж н ап ьд шгн п ьд лпа п ролд лор про лд рп а по лор пав миолдл орппро лдж шгне пр ол неа прол гн апро ло р
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ода?айды? т?рлері (7 сынып)»
Қазақ тілі
6 сынып Мерзімі: 22.04.15ж
Тақырыбы:Одағайдың түрлері
Мақсаты:
а)Білімдік:Сөйлем ішіндегі одағайды дұрыс танып, олардың түрлерін ажыратуға үйрету, әр түрлі жаттығулар арқылы түсіндіре отырып, теориялық білімдерін жетілдіру.
ә)Дамытушылық: ойлау белсенділіктерін арттыру, топта жұмыс жасауға дағдыландыру, өз ойын еркін, ашық білдіруге үйрету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
б)Тәрбиелік: ойын түрлері арқылы оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа үйрету, жан-жақтылыққа баулу , пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Алма ағашындағы стикерлерді алу арқылы оқушыларды үш топқа бөлу.
«Кім шапшаң?»ойыны
- Мына сөздер жиынтығынан жаңа сөз шығару қажет. Ол үшін әр сөздің екінші әріптерінен сөз жасау керек,соны кім тез тауып береді?Сол кезде сендердің топтарыңның аты шығады.
Сөздердің жиынтығы: - ақпарат, шыны, арба, қала, ана, (ҚЫРАН)
- ата, құлын, үлкен, апта, маса, арна (ТҰЛПАР) Әр топ өз аттарын қорғайды.
1- топ (Алтын күнді қанатымен жебеген,қыран құс - ерліктің белгісі. Кең- пейілділікті білдіреді.)
2- топ (Жыртқыш құстардың үлкен бір тобы сұңқар тектес немесе сұңқар тұқымдастар деп аталады. Жер шарында олардың 58 түрі бар. Біздің елімізде оның лашын, сұңқар, ителгі, бөктергі т.б. 10-ға жуық түрі бар).
3-топ (Қанатты тұлпардың мәні: еліміздің азаттығының,жеңімпаздығының белгісі.Ол қазақтың аңыз-ертегісінен алынған.
Әр топ (өз топтарының атына) фонетикалық талдау жасайды.
Қыран: қы-ран (2 буын, қы-ашық буын,ран- бітеу.5 әріп, 5 дыбыс бар, бір жағдайда тасымалданады)
Сұңқар: сұң-қар (2 буын, екеуі де бітеу буын, 6 әріп, 6 дыбыс бар, бір жағдайда тасымалданады)
Тұлпар: тұл-пар (2 буын, екеуі де бітеу буын, 6 әріп, 6 дыбыс бар,
бір жағдайда тасымалданады)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген жаттығу жұмысын тексеру.
Лездеме сұрақтар
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 2. Шылау дегеніміз не? 3. Шылау атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді?
4.Септеулік шылау дегеніміз не? 5.Жалғаулық шылау дегеніміз не?
6.Жалғаулық шылаулар қандай мағыналық қатынаста байланысады?
7.Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулық шылауларды ата.
8.Демеулік шылау дегеніміз не?
9.Демеуліктер мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
10.Болжалдық демеуліктерді ата.
11.Қандай шылаулар дефис арқылы жазылады?
12.Одағай қандай сөз табы?
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық
Ой қозғау
(Сурет арқылы оқушылардың білімін ортаға салу)
- Балалар, сендер шаршадыңдар ма? - Иә. - Ал адамдар шаршағанда не істейді? - Уһ, аһ! - Ал қуанғанда не дейміз? - Алақай!
-Біреуге тыйым салу,бұйыру,жекіріп ұрысқан кезде қандай сөздерді қолданасыңдар?
-тәйт,тек,жә т.б.
- Ит-құсты,үй жануарларын шақырғанда қандай сөздерді қолданамыз?
- Көпшілігіміз жер үйде тұрамыз, малдарымыз бар. Оларды қарату үшін не істейміз? - Шақырамыз.(құрау-құрау,шөре-шөре,моһ-моһ)
- Міне, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? (Сабақтың мақсатын айту)
ІV. Жаңа сабақ
Одағай құрамына қарай дара және күрделі ,тұлғасына қарай негізгі және туынды одағайлар болып бөлінеді.Сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін, мағына беретін бөлігі негізгі одағайлар деп аталады.Мысалы:ау,па,әй,пай. Дара одағайлар бір ғана негізгі түбірден тұрады.
Туынды одағайлар: мәссаған (мә саған), әттеген-ай (әйт деген -ай).Одағайларға жұрнақ жалғану арқылы басқа сөз таптары жасалады. Мысалы:уралау,ойбайлау, уралаушы т.б.
Одағайлар жеке өзі сөйлем мүшесі бола алмайды, тек ал, де, деп, дейтін етістіктерімен тіркесіп барып, сөйлем мүшесі болады.Мысалы:Моһ-моһ деп жылқыны шақырады. (моһ-моһ деп-пысықтауыш) Ол ешкімге тәйт деп көрген емес.Күрделі одағайлар:құрау-құрау,пай-пай т.б.
Одағайдың емлесі мен тыныс белгілері
1. Қайталану арқылы жасалған одағайлар дефис арқылы жазылады. Мысалы: Әлди - әлди, ақ бөпем, Ақ бесікте жат, бөпем («Бесік жыры») Сап - сап, көңілім, сап, көңілім (Абай) 2. Одағай сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады. Мысалы: Бәрекелді, батырым, осылай болатынын сезгем ( Ә. Әбішев )
-Уа, халайық,құлақ сал көзіме! 3. Одағай сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады. Мысалы: Сізге, тәйірі, сол да сөз боп па? 4. Одағай сөйлемнің соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады. Мысалы: Жүре берсең, көре бересің деген осы екен ғой, о, тоба - ай!
5. Одағайлы сөйлемдердің соңына айтушының көңіл күйіне қарай нүкте, сұрау белгісі не леп белгісі қойылады.
V. Жаңа сабақты бекіту
316-жаттығу
Одағайларды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңдар.
Үлгі: түу - көңіл күй одағайы,ой, обал-ай- көңіл күй одағайы, уһ - көңіл күй одағайы, апыр-ай - көңіл күй одағайы, е, бәрекелді-көңіл күй одағайы,
о-о - көңіл күй одағайы, япыр-ай - көңіл күй одағай, өй, бәле-ай - көңіл күй одағайы
Сергіту сәті «Құстар қалай сайрайды?» Бұл ойында, құстардың суреттерін мен көрсетіп отырамын. Ал, сендер олардың қалай сайрайтындығын айтыңдар? Бұлбұл...(сайрайды) Тырна...( тыраулайды) Шағала... (шаңқылдайды) Торғай...(шырылдайды) Қаз...(қаңқылдайды) Үйрек...(пырылдайды) Қарға.... (қарқылдайды)
Берілген одағайларды сатылай кешенді талдау
Па,тәйт,шөре-шөре
Топтық тапсырма (әр топқа жеке-жеке тапсырма беремін)
І топ
Семантикалық карта
Одағай
Шақыру
Жекіру
Көңіл күй
Негізгі
Күрделі
көс-көс
+
+
әттең
+
тек
+
алақай
+
мә
+
кәһ-кәһ
+
ІІ топ
«Кесінді сыз» ойыны
Координат системасынан У осінде орналасқан сөздер арқылы Х осіндегі одағай сөздермен қиылысын нүкте арқылы белгілеп алып, әр нүкте арасын кесіндімен қосыңдар
у
Көңіл-күй
Шақыру
Жекіру
х
қырау-қырау жә алақай тәйт түу моһ-моһ тек пай-пай кә-кә
ІІІ топ
а) Төмендегі сөйлемдердегі одағайларды тауып, астын сызыңдар.
1.Әй,шырағым, ар жағыңда әкең тұр, әуелі соған сәлем бер.
2.Жә, қой деймін,бала!
3.Ойпырым-ай,мынау не деп отыр өзі?
ә) Көп нүктенің орнына тиісті одағай сөздерді қойыңдар.
1. .., әжем ауылдан қонаққа келді!( алақай)
2. ..., мынау не деп тұр!- деді атам.( ойпырым-ай).
3. ... әзер жеттім.( аһылап - уһілеп).
Топтық тапсырма (ортақ)
а)Сөйлемдерді одағаймен толықтыр.
_________, есім жаңа кірді ғой!
_________ , ертерек айту керек еді!
___________ , басқадан күтсем де, сенен күтпеген ем!
Бүгін менің туған күнім, _________ , бәле- ай!
________ қазақтың келіндері-ай!
Керек сөздер: Түу, қап,апыр-ай, өй,пай-пай, шіркін