Білімділік – С?з табыны? т?рлерін пысы?тау, ода?ай с?здерді? ?олданылу аясы, жазылу емлесі, тыныс белгілері туралы білімдерін тияна?тау?а тапсырмалар орындату.Ода?айды? т?рлерін ме?герту;
Дамытушылы?-С?з табыны? ережелерін мысалдармен бекіту,?здік ж?мыс жасау да?дылары мен икемдерін дамыту. Тіл байлы?тары мен с?здік ?орын молайту, сауатты жазу мен каллиграфиясын дамыту.
Т?рбиелік-Тіліміздегі ода?ай с?здерді орынды ?олдана білуге т?рбиелеу, жазушылы? ?неріне
баулу;
Саба?ты? т?рі: білімді жина?тау, ?орытындылау.
Саба?ты? ?дісі: т?сіндіру, с?ра? – жауап, кубизм стратегиясы,о?у мен жазу ар?ылы сын
Сонды?тан да келеді біле бергім, -деп А.То?ма?анбетов а?ын жырла?андай, сендер де а?ынны? ойымен келіседі деген ?міттемін. Сонды?тан да б?гінгі саба?та білім алып, та?ы да бір саты?а жо?арылайы?.
ІІ.?й тапсырмасы:
а) Ода?ай с?з туралы т?сінік.
?) 376-жатты?уды талдау
- Ода?ай дегеніміз не?
- Ода?ай с?здер не ?шін ?олданылады?
-Ода?ай?а т?н негізгі белгілерді ата
- Олар с?йлем м?шесі бола ала ма?
-Ода?айларды? тыныс белгілеріні? ?ойылу ережесін т?сіндір.
ІІІ.Жа?а саба?
* Ода?айда - лексикалы? (негізгі) ма?ына болмайды.
2.Жекіру ода?айлары жекіру, тыйым салу, б?йыру сия?ты м?нді білдіреді. Олар: т?йт, тек, ж? т.б.
3.Ша?ыру ода?айлары мал, ит, ??сты ша?ыру, ?уумен байланысты м?нді білдіреді. Олар: ??рау-??рау, ш?ре-ш?ре, к?с-к?с, айт, ?ош-?ош, мо?-мо?, ??р-??р, к?-к?, пырс т.б.
?аза? хал?ы ежелден мал иесіне сыйынып, одан малды? аманды?ын тілеген. Біраз бір-бірімен к?ріспей ?алса «мал-жан мана ба?» деуі ?аза? хал?ыны? малды аса ?адірлеуінен болса керек. Олай болса атадан м?ра болып келе жат?ан т?рт т?лікті ?сіріп баптау, асырап са?тау,жас ?рпа? бізге аманат.Т?рт т?лік жайында не білетінімзді орта?а салайы?.
І?.Ой ?оз?ау.
1) Т?рт т?лікті? пірлерін атау.
2) Т?рт т?ліктен алынатын ?німді атау.
3) Т?рт т?лікке ?атысты ма?ал-м?тел айту.
4) Т?рт т?лік малды жасына ?арай атау.
?. «С?йкесін тап» ойыны.
?ой ш?ре-ш?ре
Жыл?ы ?укім-?укім
Т?йе ??рау-??рау
Ешкі к?с-к?с
Сиыр п?шайт-п?шайт
М??алім:Ниет етіп ?ана ?ою аз,сол ниетке жете білу керек.
Біліп ?ана ?ою аз,білгені?ді ?олдана білуі? керек,ал?ан білімді жатты?улармен тияна?таймыз.
Просмотр содержимого документа
«Ода?айды? т?рлері »
№ 68 жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы:Одағайдың түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – Сөз табының түрлерін пысықтау, одағай сөздердің қолданылу аясы, жазылу емлесі,
тыныс белгілері туралы білімдерін тиянақтауға тапсырмалар орындату.Одағайдың
түрлерін меңгерту;
Дамытушылық-Сөз табының ережелерін мысалдармен бекіту,өздік жұмыс жасау
дағдылары мен икемдерін дамыту. Тіл байлықтары мен сөздік қорын молайту,
сауатты жазу мен каллиграфиясын дамыту.
Тәрбиелік-Тіліміздегі одағай сөздерді орынды қолдана білуге тәрбиелеу, жазушылық өнеріне
баулу;
Сабақтың түрі: білімді жинақтау, қорытындылау.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, кубизм стратегиясы,оқу мен жазу арқылы сын
тұрғысынан ойлауды дамыту.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: тест,деңгейлік тапсырмалар, төрт түліктің суреті,кубик,кесте.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
Білген сайын келеді біле бергім
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім, -деп А.Тоқмағанбетов ақын жырлағандай, сендер де ақынның ойымен келіседі деген үміттемін. Сондықтан да бүгінгі сабақта білім алып, тағы да бір сатыға жоғарылайық.
ІІ.Үй тапсырмасы:
а) Одағай сөз туралы түсінік.
ә) 376-жаттығуды талдау
-Қазақ тілінің қандай салалары бар?
-Сөз таптарын қай сала зерттейді?
-Сөз таптары дегеніміз не? Қанша түрі бар?
- Шылау сөздер дегеніміз не?
- Одағай дегеніміз не?
- Одағай сөздер не үшін қолданылады?
-Одағайға тән негізгі белгілерді ата
- Олар сөйлем мүшесі бола ала ма?
-Одағайлардың тыныс белгілерінің қойылу ережесін түсіндір.
Мұғалімнің үй тапсырмасын қорытуы.
Паһ, мықты екен – ау мынау палуан! Қап, барлық еңбектері далаға кетеді –ау! Аухау – аухау деп кешкі тымық даланы басына көтерді. Осы сөйлемдердегі одағайларды таптырып,тыныс белгісін,дауыс мәнерін пысытады.
ІІІ.Жаңа сабақ
Мұғалімнің түсіндіруі.
* Одағайда - лексикалық (негізгі) мағына болмайды.
- сөйлемде одағайлар басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, оқшау айтылады,
сондықтан да одағай сөйлем мүшесі бола алмайды.Олар тек қосымшалар қабылдап барып, белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқара алады. Мысалы:
Майланбаған арбалардың шиқылдай шығарған ойбайы (бастауыш)өгіздердің бақайының сыртылын естіртер емес.Досжанның астапралласын (толықтауыш)естігенЫрысбек, Болысбектер күлісіп жатты.Досының қиналып, уһілегенін (толықтауыш) сезіп отыр. Оның кім екенін Алдияр ә дегенде (пысықтауыш)білген жоқ. * Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай үш түрге бөлінеді.
Қазақ халқы ежелден мал иесіне сыйынып, одан малдың амандығын тілеген. Біраз бір-бірімен көріспей қалса «мал-жан мана ба?» деуі қазақ халқының малды аса қадірлеуінен болса керек. Олай болса атадан мұра болып келе жатқан төрт түлікті өсіріп баптау, асырап сақтау,жас ұрпақ бізге аманат.Төрт түлік жайында не білетінімзді ортаға салайық.
ІҮ.Ой қозғау.
1) Төрт түліктің пірлерін атау.
2) Төрт түліктен алынатын өнімді атау.
3) Төрт түлікке қатысты мақал-мәтел айту.
4) Төрт түлік малды жасына қарай атау.
Ү. «Сәйкесін тап» ойыны.
Қой шөре-шөре
Жылқы әукім-әукім
Түйе құрау-құрау
Ешкі көс-көс
Сиыр пұшайт-пұшайт
Мұғалім:Ниет етіп қана қою аз,сол ниетке жете білу керек.
Біліп қана қою аз,білгеніңді қолдана білуің керек,алған білімді жаттығулармен тиянақтаймыз.
ҮІ. Оқулықпен жұмыс.
1-қатар 377 – жаттығу. Одағайлардың мағыналық түрлеріне қарай 3 бағанға бөліп жазыңдар.
2-қатар 378-жаттығу. Одағайларды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңдар. Үлгі: туу – көңіл-күй одағайы.
ҮІІ. «Кубизм» әдісі бойынша жұмыс.
1) Баяндаңыз (Одағай туралы айту)
2) Қолданыңыз (Одағайға сөйлем құрау)
3) Салыстырыңыз (Шылаумен салыстыру)
4) Топтастырыңыз (Одағайдың негізгі белгілерін айту)
5) Зерттеңіз (Одағайлар қандай жағдайда сөйлем мүшесінің қызметін атқаратынын түсіндіру)
6) Қорытынды жасаңыз (Одағайдың түрлерін айтып, мысалдармен дәлелдеу)
ҮІІ.Көру диктанты
І қатар
О, шіркін, ғажапсың-ау, көңіл деген!
Жартас жоқ толқыныңа көмілмеген.
Құлдырап құламаған құзың да жоқ,
Қыран боп шырқамаған кезің де кем.
(Ж.Молдағалиев)
ІІ қатар
Бүгін, менің туған күнім, ой, бәле-ай! Мына адамдар неге жатыр тойламай? Банкет жасап берер едім өзім – ақ, Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны –ай!
(М.Мақатаев)
ҮІІІ.Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей
Төмендегі сөйлемдердегі одағайдың астын сызыңдар.
1.Әй,шырағым, ар жағыңда әкең тұр, әуелі соған сәлем бер.
2.Жә, қой деймін,бала!
3.Ойпырым-ай,мынау не деп отыр өзі?
ІІ деңгей
Көп нүктенің орнына тиісті одағай сөздерді қойыңдар.
1.., әжем ауылдан қонаққа келді!( алақай)
2..., мынау не деп тұр!- деді атам.( ойпырым-ай).
3..., ... әзер жеттім.( аһылап, уһілеп).
ІІІ деңгей
Берілген одағай сөздермен сөйлем құраңдар.
Шіркін-ай, әй, ух, ойпыр-ай,қап,шөре-шөре.
ІХ.«Кесінді сыз» ойыны.
Координат системасынан Х осінде орналасқан сөздер арқылы У осіндегі одағай сөздермен қиылысын нүкте арқылы белгілеп алып, әр нүкте арасын кесіндімен қосыңдар
Х
Көңіл-күй
Шақыру
Жекіру
У
Пәлі қос-қос жә алақай тәйт түу моһ-моһ тек пай-пай бәрекелді
Х. Бекіту.
-Одағай нені білдіреді? -Одағайдың негізгі белгілерін ата.
-Әдетте одағайлы сөйлемнің соңында -Мән-мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
қандай тыныс белгі қойылады? -Көңіл-күйді одағайларын айтыңдар?
-Қайталанып келетін одағайлар қалай жазылады? -Көп мағыналы одағай сөздер бола ма?
-Одағай сөздер бізге қажет пе? Себебі? -Шақыру одағайларын атаңдар.
-Одағайдан басқа сөз табы жасала ма? -Жекіру одағайын қай кезде қолданамыз?
ХІ. Үйге тапсырма.
І деңгей Әдеби кітаптан одағайдың түрлеріне мысал жазады.
ІІ деңгей Өтірік өлең құрап жазу. Құрамында одағайдың түрлері болу керек.
ІІІ деңгей «Жануарлардың адам өміріндегі пайдасы» эссе жазу.