Кіріспе Стикердегі диалог әдісі | 1 мин 2 мин 3 мин 4 мин | Ұйымдастыру Топқа бөлу. Топ ережесімен таныстыру. Сыныптың оқушыларын суық (қыс, күз айларында дүниеге келген оқушылар) және жылы түстерге (көктем, жаз айларында дүниеге келген оқушылар) байланысты 2 топқа бөлемін. Психологиялық ахуал туғызу Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай! Мына адамдар неге жатыр тойламай?! Банкет жасап берер едім өзім-ақ, Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай! Бұл өлең жолдарынан біздің сабағымызға қандай байланысы бар? Үй тапсырмасын тексеру Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін сұрақтары және жауаптары жазылған стикерлер таратамын | Оқушылар топқа бөлініп орындарына отырады Оқушылар сынптастары Сәкенге стикерге тілек жазып тақтаға жапсырады. Өлең жолдарындағы одағайды табады. Сұрағы жазылған стикерлерді оқыған кезде жауабы жазылған стикерді ұстап отырған оқушы жауап береді |
Негізгі бөлім Сәйкесін тап Ішіне-сыртына әдісі Сергіту сәті Семантикалық карта әдісі Жағдаяттық тапсырма | 7мин 3мин 6 мин 3 мин 3 мин 3мин | Жаңа сабақты презентация арқылы түсіндіремін. Одағайлар мағынасына қарай үшке бөлінеді Көңіл күй одағайлары Шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ұнату, ренжу, түңілу, шошыну, қорқу, назар аудару, көңіл бөлу мағыналары. Пәлі, алақай, пай – рай, аһ, ойбай, қап, т.б. Мыс: Алақай, жаңбыр, тамшы! Қап, Марат, сындырдың ғой! Жекіру одағайлары Тыйым салу, бұйыру, өтіну мағ-да: Тәйт, тек, жә, т.б. Мыс: Жә, тоқтат бос сөз сөйлемей. Шақыру одағайлары Мал, жан – жануар, хайуанаттарды шақыру, қууға байланысты қолданылатын сөздер. Кә - кә, құр – құр, шөре – шөре т.б. Мыс: Пұшайт – пұшайт, Төрт түліктік момыным, Жылуы көп тонының, Келе қойшы тезірек, Қошақаным – қошақаным, пұшайт – пұшайт! Қазақ халқы ежелден мал иесіне сыйынып, одан малдың амандығын тілеген. Біраз бір-бірімен көріспей қалса «мал-жан мана ба?» деуі қазақ халқының малды аса қадірлеуінен болса керек. Олай болса атадан мұра болып келе жатқан төрт түлікті өсіріп баптау, асырап сақтау,жас ұрпақ бізге аманат. Төрт түлік жайында не білетінімзді ортаға салайық. 1 – топ. Төрт түлікті шақыру сөздерін жазады Қой шөре-шөре Жылқы әукім-әукім Түйе құрау-құрау Ешкі көс-көс Сиыр пұшайт-пұшайт 2 топ. Төрт түліктің пірлерін ата Қой Шопаната Ешкі Шекшеката Жылқы Қамбарата Түйе Ойсылқара Сиыр Зеңгібаба Одағайлар беріледі: дейін, тәйт, бәрекелді, үшін, әттең, жә, моһ-моһ, тек, шіркін, алақай, ойпырмай, пай-пай, -ақ, -ау, немесе, бірақ, шөре-шөре Мен таңертен тоңазытқышты ашсам, ішінде айдаһар отыр екен. Оқушыларға семантикалық карта беріледі.
Сен автобусқа үлгеремін деп жүгіріп келе жатқанда автобус жүріп кетті. Сондағы көңіл күйіңді көрсет. Байқаусызда қолыңа ине кіргізіп алдың.Сондағы көңіл күйіңді көрсет. Үйде оқулығыңды ұмытып кетіпсің. Сондағы көңіл күйіңді бейнелеші | Оқушылар жаңа тақырыпты презентациядағы көрнекіліктер, мысалдар арқылы меңгеріп алады. Оқушылар сәйкестендіреді Оқушылар берілген одағайлардың ішінен жекіру одағайларын тауып, сөйлем құрайды Оқушылар бір-бірден сөйлемді жалғастырады Әрбір оқушы жеке-жеке-жеке орындап, бір-бірімен алмастыра отырып тексереді |