Просмотр содержимого документа
«?. Н?ршайы?овты? “А?и?ат пен а?ыз” романында?ы Б.Момыш?лыны? бейнесі. »
Қарағанды қаласы. С.Саттаров атындағы № 57 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Кызырова Асем Бериковна
Сабақтың тақырыбы: Ә. Нұршайықовтың “Ақиқат пен аңыз” романындағы Б.Момышұлының бейнесі. 11- сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Ə.Нұршайықовтың очерк жанрының шебері екендігі.
«Ақиқат пен аңыз» роман-дилогиясы, оның жанрлық
ерекшелігін анықтау. Романның жазылу тарихы. Шығармадағы Б.Момышұлының азаматтық бейнесін, жазушының кейіпкер мінезін диалог арқылы суреттеу ерекшелігін талдау. Шығарманың көркемдік сипатын ашу
Дамытушылық:слайдтар құрастыру, оларды қорғау,өзіндік ой-толғамдарын жасауға қалыптастыру.
Тәрбиелік: Қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы болған, Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі, Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан атамыздың өмір жолдары, ерлік күресі, халқына сіңірген еңбегі жайлы таныстыра отырып, келешек ұрпақты өз Отанын сүюге, оның намысы мен абыройын қорғауға даяр болуға, елінің болашағы үшін тер төккен тұлғаларды ұмытпауға тәрбиелеу. Әдісі: талдау-жинақтау, жеке ізденіс, сұрақ- жауап, перцептивті әдістер,салыстыру
Сабақ тәсілі: Жобалап оқыту технологиясы
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, кино, әдебиет теориясы
Көрнекіліктер: суреттер, нақыл сөздер, слайдтар, кестелер Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
II Мұғалімнің кіріспе сөзі:Жаңа тақырыпты ашуда жүргізілетін жұмыс түрлері: Кейіпкер бейнесінің тарихи деректермен байланысты суреттелуі Б. Момышұлының азаматтық бейнесі Жазушының кейіпкер мінезін диалог арқылы суреттеу ерекшелігі Шығарманың көркемдік сипаты Романның тәрбиелік мәні
III Үй тапсырмасы:1 Ә. Нұршайықовтың өмірі мен қызметі бойынша гео-хронологиялық кесте жасау
Әзілхан Нұршайықов 1922 жылы 15 желтоқсанда Шығыс Қазақстан обл. Жарма ауд. Келінсүйегі деген жерде дүниеге келген. Оның 14 жасынан поэзияға құштарлығын аңғарылады.
Кейіннен Семейдегі Абай атындағы қазақ педагогикалық училещесінде, кейіннен педагогикалық институтында оқиды. Жарма ауданында орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарады.
1941 жылы Ұлы Отан Соғысы басталысымен 19 жастағы Әзілхан Қызыл Әскер қатарына шақырылады. Онда ол Калинин, 2-ші Балтық, 1-ші және 2-ші Белорусь майдандарына қатысып , соғысты аға сержант болып аяқтайды.
Ұлы Отан соғысы аяқталысымен, Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Онда ол Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов сияқты атақты жазушылармен танысып, олардың шәкірті болады.
1947-1948 жылдары «Епінді» газетінің тілшісі,1948-1949 «Қазақстан пионері» газетінің бөлім меңгерушісі,1949-1953 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінің редакторының орынбасары болды.1953-1956 жылдары «Қызыл Ту» газетінің редакторы болып жұмыс істеді.
1961-1963 жылдары республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болды.Қазақстан Ғылым академиясының әдебиет және өнер инситутында ғылыми қызметкер болды.Алғашқы очерк,әңгімелер жинағы «Алыстағы ауданда» 1956 жылы жарық көрді.
1980 жылдары жиырмадан астам кітаптары жарық көрген қаламгер «Ақиқат пен аңыз» роман –диалогі үшін ҚР мемлекеттік сыйлығын алды.
1987 жылы «Дорогие памяти» әскери- патриоттық жинағы үшін Фадеев атындағы халықаралық сыйлығын алды.
Оқушыға сұрақ: Ә. Нұршайықов туралы тағы не айтар едің?
2 Ә. Нұршайықовтың очерк жанрың шебері екенін дәлелдеу
Әзілхан Нұршайықов очерк жанрында біраз қалам тартты. Очерк дегеніміз-болған оқиғаны қысқаша сипаттайтын, көлемі шағын,әдеби,публицистикалық шығарма. Әзілхан Нұршайықовтың «Ұлыма хат» , «Егін орағы» , «Мақташылар» , «Павел Фомич» , «Тың астығы» және т.б очерктері бар. Ең алғаш жазылған очерк- «Павел Фомич». Бұл очеркте мал шаруашылығы, яғни ірі қараның санын арттыру жөнінде жазған. Ал «Ұлыма хат» атты очеркінде бала тәрбиесі, келешек жеткіншек ұрпақтың бүгінгі көкейкесті мәселесі жөнінде қалам тартты.
Көлемі шағын очерк жанрында тәжірибе жинақтаған Әзілхан Нұршайықов көлемді, көркем проза жанрына аяқ басты.
Оқушыға сұрақ: «Ақиқат пен аңыз» романының кейіпкері туралы қандай деректер білесің?
3 «Ақиқат пен аңыз романы туралы қосымша ақпараттар дайындап әкелу
1971 ж “Жұлдыз” журналында романның жартысы мақала ретінде “Ақиқат пен аңыз” деген атпен жарияланса, қалған бөлігі “Жас Бауыржан” деген атпен басылып шығарылды. Осы романы үшін Ә.Нұршайықов 1980 ж Қазақ КСР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына және А.Фадеев атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды. Осы романы үшін Ә.Нұршайықов 1980 ж Қазақ КСР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына және А.Фадеев атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды. Романның жазылу ерекшелігі: Бүкіл оқиға автор мен кейіпкердің диалогі арқылы өтеді. Идеясы: Отан соғысы және еңбек ардагерлерінің өмірін үлгі ету арқылы бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық,еңбекшілдік, адалдық тәрбиесін беру. Кітап жарық көргенннен кейін окырмандар конференцияларыөтті.Олар “Социалистік Қазақстан”,
“Лениншіл жас”, “Қазақ әдебиеті” газеттерінде жарияланды. Роман-диалогі украин ("Дніпро", 1984) және чех (1985) тілдеріне аударылып, жарияланды. Роман-диалогі украин ("Дніпро", 1984) және чех (1985) тілдеріне аударылып, жарияланды.
3.1 Романның жанрлық ерекшеліктерін ашып беруге тақтаға Әселді шақырамыз
Бұл жұмысымда мен «Ақиқат пен аңыз» романының жанрлық ерекшеліктеріне тоқталдым.
Диалог түрінде жазылған, сондықтан роман-диалог болып есептеледі.
І жақта жазылған.
11 диалог, 352 беттен тұрады.
Оқып отырып фильм көріп отырғандай сезімде боласың.
Б. Момышұлының жастық шағынан роман жазылғанға дейінгі ғұмырын шынайы фактілер арқылы суреттеген.
Көзбе көз сөйлесіп, сұрақ-жауап арқылы жазылып алынған.
Соғыс жылдарын толық қамтыған.
Кей жерлерінде автордың монологтері кездеседі.
Кітап соңында оқырманға арнайы жазылған эпилогі бар.
Әкесі – Нұршайық пен ағасы – Ниғапқа арнап жазылған (солардың басына орнатқан ескерткіш ретінде).
Роман арқылы Б. Момышұлының құжаттары мен үлгі – өнегеге толы нақыл сөздерімен таныс болдық.
Қазақстандық Ұлы Отан соғысына қатысқандар туралы деректер алдық.
Б. Момышұлының еңбектері, оның жазылу тарихы туралы ақпарат алдық.
Оқушыға сұрақ: Баукеңнің ерліктері жөнінде жазылған тағы қандай шығарма бар? Романда Баукең ҰОС-на қатысқан қазақстандықтар туралы қандай ақпараттар береді?
IV Жаңа сабақ:
Сонымен, жаңа сабаққа көшейік.Роман туралы деректермен таныстық, енді үйде дайындап әкелген жобаларың бойынша Б.Момышұлының романдағы бейнесін жан-жақты талдау жұмыстарына көшейік.
1 Оқушылардың үйден зерттеп келген тақырыптары бойынша жобаны слайдтар арқылы қорғау.
Романды оқи отырып Баукең туралы көптенен тарихи деректермен таныс болдық.Олар қандай деректер екендігін оқушылар үш кезең бойынша жұмыстарында қорғайды: Әскердегі кезі,ҰОС-на дейінгі және ҰОС-нан кейінгі кезеңдері бойынша сөйлейді.
1.1 Б. Момышұлы өмірінің тарихи деректермен байланысты суреттелуі
Біз бұл жұмысымызды романға сүйене отырып 3 кезеңге бөлдік:
1.Әскердегі кезеңі
2.Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңі
3.Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңі
Соның ішінде Әскердегі кезеңіне назарымызды аударайық:
Бауыржан Момышұлы 1932 ж. Әскердегі кезеңін Термезде өтейді.
Содан кейін өзін жақсы жағынан көрсетіп, үздік қызыл әскер атанады.
Атты әскер кавалериясында капитан болады.
Ал енді назарымызды 2-ші кезеңге, яғни Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңіне аударайық:
1928 ж. Аудандық атқару комитетінде 3 ж. жауапты секретарь болады.
Аудандық милицияда бастық болады.
Содан кейін ауылшаруашылық институтында хатшы болып, сонымен қатар, рабфактың студенті болып жүреді.
1931 ж. Шымкент банкісінде экономист қызметін атқарады.
Одан кейін Ленинградта финанс академиясында оқиды.
1936 ж. Әскерге шақыртылады.
Келесі бір кезеңіміз, Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңі:
1946 ж. Ворошилов атындағы Жоғары Әскери академиясында оқып, 1948 ж. 1 дәрежелі дипломмен бітіреді.
1949 ж. Сібірде бригада командирінің орынбасары қызметін атқарады.
Содан кейін 1956 ж. полковник шенімен отставкаға шығады.
1965 ж. Жазушылар одағы әскери тақыраптағы жазушы болады.
1962 ж. Кубаға сапар шегіп, «Куба әсерлері» атты еңбегін жазады.
Оқушыға сұрақ: Ер-азаматтар бойына намысшылдық, батылдық тәрбиесін беретін қай эпизод есіңде қалды, неге?
2.3 Роман барысында өмірде халқына адал перзент бола білген Б. Момышұлының азаматтық бейнесін анықтайтын көптеген мәліметтерді оқыдық. Дайындаған жұмысты қорғауға тақтаға Анел мен Нұрқанатты шақырамыз.
Біз бұл жұмысымызда Бауыржан Момышұлының азаматтық тұлғасын ашамыз
1942 полк командирі болып жүрген кезінде, омыртқасына оқ тиіп, есінен танып санбатқа жеткізіледі. Госпитальға баруға көнбей, ұстараның жүзімен дәрігерге оқты алғыздырады. Сол оқты өзінің құтқарған жауынгері Блохаға бере сала, жаумен ауыр ұрыс жүргізіліп жатқан жерге оралады. Бірнеше күн қатарынан жанұшырып, өзінің жарасын ұмытып та кетеді.“Адам болу - қасиет, азамат болу - міндет, ал патриот - болу парыз. Барлық адам өзінің патриоттық парызын бұлжытпай өтеуі тиіс.” – деді Бауыржан Момышұлы. Осыдан, Бауыржан Момышұлы Отаның қорғап, еліне адал қызымет ету әр азаматтың парызы деп біледі.Осыған қоса, көрнекті жазушының қазақ және орыс тілінде жазылған “Бір түннің тарихы”, “Ұшқан ұя”, “Жауынгердің тұлғасы”, “Адам қайраты”, “Майдан”, “Қанмен жазыған кітап” сияқты көптеген шығармалары оқырман жүрегіне жол тауып, көпшіліктің іздеп оқитың кітабына айналған.“Менің білімімнің, тәжірибемнің, әй құдай біледі, анау дүниеде керегі жоқ шығар. Енді қалған өмірімде өзімнің білген-көргенімді жастарға айтып кетейін,- деп қолыма қалам алып, жазу жұмысына кірістім” ,- деді Бауыржан Момышұлы. Міне осыдан, өзі көрген асыл азаматтар өнегесін, өз тәжірибесін жастарға үлгі етіп қалдыру адамгершіліктің парызыдеп таниды.
Оқушыға сұрақ: Шығарманың осылай аталу себебі неде?
2.4 Жазушының кейіпкер мінезін диалог арқылы суреттеу ерекшелігі. Оқи отырып таңғалған да, тамсанып сүйсінген де, жымиып езу тартқан да кездерің болған шығар. Ендеше осы мәселелер бойынша жоба қорғауға тақтаға Аида мен Шұғыла шығады.
Кейіпкер мінезін диалог арқылы суреттеу ерекшелігін анықтауға бұл сызба бізге көмек көрсетеді. Жалпы, романның диалогке құрылу ерекшелігі қаһарман мінезін танытуға септігін тигізетіні сөзсіз. Автор сұхбат алу барысында сан түрлі сұрақтар қою арқылы бас кейіпкердің нені ұнатып, нені жақтырмайтыны, нені қалап, нені ұнатпайтыны жайлы жауап алып, оқырмандарына ешбір бүкпесіз тікелей жеткізеді.
I диалогтен бастап соңғы диалогке дейін Бауыржан Момышұлының осы роман шыққанға дейінгі танылмаған мінезінің сырлары ашылып жатады. Бауыржанның асыл да ізгі қасиеттерді бойына молынан сіңіргендігі бірден байқалады. «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» мақалының жарқын мысалы оның өмірінен көрінеді. Осыған дәлел, автордың сұхбат алу барысында Бауыржанның сол кезде отырған үйін қалай алғандығы жайында жұрт аузында жүрген әңгімені оқырмандарға баяндап кетуі. Қысқасы, бұл әңгіме барысында Бауыржан қалалық советтен алған пәтерін қайтыс болған жауынгердің шешесіне беру арқылы өзінің адамгершілік қасиеттерін дәлелдейді.
Бірақ, Бауыржан тек үлкендерге ғана құрметпен қараймайды. Сондай-ақ нәзік жандарға қамқор болуға тырысады. Оның әйел қауымына деген құрмет көрсету қасиеті осыны растайды. Сұхбат алу барысында автордың қойған сұрақтарының ішіндегі оның жеке өміріндегі әйелдер туралы қойылған сұрақтан жауап беруден бас тартады. Кейін бұл сұрақ екінші рет қойылғанда мына жауабы: «Әйел - өмірдің анасы, ал асыл перзент анасын ешкімге де қорлатпайды. Өйткені, әйел – киелі халық.Оның киесі өзін қорлаған еркекті бір атпай кетпейді...»-оның бұл ізгі қасиетін одан әрі айқындай түседі. Және де ол өзін мүсіркеуді ұнатпайтынын айта кетеді, бұл оның қуатты тұлға екендігін дәлелдесе, «Мен награда қуғамын жоқ. Ешкімнен награда сұрағаным жоқ. Ұлы Отан соғысында мен өзімнің солдаттық, азаматтық борышымды адал атқардым.»-деген жолдар оның атақ пен шенге қызықпайтынын көрсетеді.
Автор Бауыржанның әр кездегі көңіл-күйін суреттеу арқылы да мінез сырларына ерекше үңіледі. Қатесін мойындау адамды кемшілігін түзеуге жетелейді, Бауыржан бұны ескере отырып, өз қатесін мойындайды. Ұсынылған екі қызметтен бас тартып, кейін жарты жылға дейін жұмыссыз үйде отырғаны жайлы авторға өзі баяндап, осылайша кемшіліксіз адам болмайтынына біздің де көзіміз жетеді. Ол өз қателігін ғана мойындай қоймай, басқалардың да қателігін дәлелдеп беріп, қыңырлығымен жеңіске жеткені да романда суреттеліп өтеді.Өзіне әділ қойылмаған «2»-cін оқытушысына тек дәлелдеп қана қоймай, оған жанама сұрақтар қойып, осы тактикасымен оны масқаралап, түбінде жеңіске жетеді.
Атақты қаһарманымыздың мінезінің осы қырларымен танысып, өзімізге де үлгі боларлық тұстарын бойымызға сіңіруіміз керек. Диалог соңында «Полковник Бауыржан Момышұлының әскери жазбалары» келтіріледі. Бұл жазбаларда жас адамды тәрбиелеудің негіздері, алғырлық пен тапқырлық жайында, ұлттық спорт ойындары туралы, батырлық, батылдық, ептілік пен ұшқырлық жайында сөз қозғалады. Бұлардың барлығы Бауыржанның өмірлік тәжірибесінен алынған мәселелер. Қорытындылай келе, Әзілхан ағамыз арқылы ұлт жадында өзінің өшпес отты ізін қалдыра білген Бауыржан мінезінің ерекшеліктерін диалог арқылы тани білгенімізді атап өткім келеді.
Оқушыға сұрақ: Б. Момышұлының өнегелі істері, ұрпақтары туралы кім естелік жазды?
2.5 Жеңіл әрі тез оқылатын бұл шығарманың ұтымды тұстарының бірі ретінде тіл көркемдінін де айтамыз. Келесі жобада оқушылар Ә. Нұршайықов тілндегі және Б. Момышұлының нақыл сөздеріндегі көркемдегіш элементтермен жұмыс жасайды
Оқушыға сұрақ: Романды оқи отырып Б. Момышұлы туралы қандай пікірге келдің?
V 1 Сабақты қорытындылау. Венн диаграммасы. Оқып білген және бүгінгі сабақтан алған ақпараттарды пайдаланып, екі жазушы туралы ақпараттарды романмен байланыстыра отырып салыстырма жұмысын жасайық.
2 Әр шығарманың идеясы, тәрбиелік мәні болады. Ендеше Ә. Нұршайықовтың алдына қойған мақсаты неде болды деп ойлайсыңдар? Романның тәрбиелік мәні неде? Оқушылар пікірін білу
VI Оқушыларды бағалау
VII Үй тапсырмасы: «Аңызы жоқ ақиқат» тақырыбында эссе жазу