kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"М??а?али Ма?атаев - ХХІ ?асыр а?ыны"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен Исидуллаева Санам Сайдуллаевна 15 шілдеде 1963 жылы Шарын ауылында д?ниеге келдім.1984 жылы м?дени-а?арту техникумын бітірдім. Сол жылдан бастап М.Хамраев атында?ы орта мектебінде кітапхана ме?герушісі болып ж?мыс істеймін. Жас ?рпа??а білім алуда к?мегімді аямай, ?р-т?рлі іс-шараларды ?йымдастырудан шаршамай ж?ргенім бар.?зімні? ж?мысым ма?ан ?атты ?найды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"М??а?али Ма?атаев - ХХІ ?асыр а?ыны"»



«Мұқағали

Мақатаев – ХХІ ғасыр ақыны »

(Кітапханалық сабақ)





Кітапханашы: С.С.Исидуллаева





2016жыл





Білімділік: Оқушыларды қазақтың лирик,мұзбалақ ақыны,өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын атанған Мұқағали бейнесімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушының шығармашылық ізденісін қалыптастыру.

Тәрбиелік: Халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға,құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Мұқағали суреті, кітап көрмесі,слайдтар,Мұқағалидың жанды дауысы жазылған бейнежазбалар.

«Өзге емес, өзі айтады, өз жайында»:

Ей, безілдектер, Сендер емессіңдер маған баға беретін! Нағыз бағалаушылар әлі алда. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақтар келеді, біздің әрқайсымызды өз орнымызға солар қояды. Ежелден солай болып келген, солай болады, бола береді  де“



І.Ұйымдастыру кезеңі. Сергіту сәті.

ІІ Кітапханашының кіріспе сөзі: Ой-қозғау.

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. “Қарасаздан ұшқан қарлығаш”- деген өлеңінде:

Мен өзім жайында мынаны айтам:

Мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын.

Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да …”- деп жазған екен.

ІІІ.Тұсаукесер. Мұқағали Мақатаевтың жанды дауысы жазылған бейнежазбаны тамашалайды.

ІҮ. Оқушылар ақын өлеңдерінен үзінділар оқиды.

Ү.Мағынаны тану:

1-оқушы:Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман апа былай деген: “Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз”



2 оқушы:Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен».Азан шақырып қойылған аты – Мұхаметқали.

3-оқушы:Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері – Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады(“Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?”). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.

4-оқушы:1948 – 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті;

5 оқушы:1954 – Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі “Әдебиет және искусство” журналында жарияланды;

1957 – Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;

1960-62 – “Советтік шекара” газетінің бөлім меңгерушісі;

1963-1965 – “Мәдениет және тұрмыс” журналында жұмыс істейді;

1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды.

6-оқушы:Поэзиядағы алғашқы қадамдары.

Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді.



ҮІ. Ой толғау.Топтық шығармашылық жұмыс.

Оқушылар ақын өмірі мен шығармашылығы туралы плакатқа постер құрады.

ҮІІ. “Жазылар естеліктер мен туралы…”



13-оқушы:Тұманбай Молдағалиев, Қазақстанның Халық жазушысы:

«Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын қуаныштан туған».



14-оқушы: Қадыр Мырзалиев, Қазақстанның Халық жазушысы:

“Әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат,көк тіреген күмбез,сұлулық сарайы деп есептесек,сен соның таланттытас қалаушыларының бірі едің”.

(«Есіңе мені алғайсың» әні орындалады)

Қорытынды.

Осымен кешіміз аяқталды. Келіп тыңдағандарыңыз үшін рахмет.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
"М??а?али Ма?атаев - ХХІ ?асыр а?ыны"

Автор: Исидуллаева Санам Сайдуллаевна

Дата: 11.03.2016

Номер свидетельства: 304417


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства