Просмотр содержимого документа
«М?хтар ?уезов «Біржан сал Абай ауылында» (Біржан мен Абай жа?ындасты?ы) »
Қызылорда қаласы
№253 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Қорғанова Латипа
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында» (Біржан мен Абай жақындастығы)
Сабақтың мақсаттары: 1. Білімділік мақсаты: Көркем шығарманың мазмұнын меңгерту, шығарманы оқып - үйретудің әдіс-тәсілдерін дұрыс қолданып, талдай білуге баулу; 2. Дамытушылық мақсаты : Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, шығармашылық ізденістерге баулу; 3. Тәрбиелік мақсаты: Қазақтың салт-дәстүрін білуге, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге, қарапайымдылыққа, адамгершілікке, қонақжайлылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу; Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, іздендіру, т.б. Сабақтың түрі: Іскерлік дағдыны қалыптастыру Пәнаралық байланыс: музыка, тарих. Көрнекіліктер: Абай, Біржан портреттері, кітап көрмесі, слайдтар.
Сабақтың барысы: І. Психологиялық дайындық Жүсіпбек Елебековтың орындауындағы Біржанның «Жанбота» әні тыңдалады.
Сабақтың эпиграфы Құлақтан кіріп, бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй!.. (Абай)
ІІ. Не білеміз? 1) Мазмұндық жоспар бойынша мазмұндау (баяндау) 1) Абай аулының қадірлі, сыйлы қонақтары 2) Ән тербеген Абай 3) Біржан салған «Жанбота» әні 4) Әмірдің орындауындағы «Жиырма бес» 5) Біржан шәкірттері 6) Әйгерімнің әні 7) Ұлжанның Біржанға бата беруі 8) Біржанның Абай ауылынан аттанып кетуі Өткен сабақпен тақырыптық байланыс
«Зымыран сұрақтар» (Сұрақ-жауап) 1. Абайға бала кезінде жеңгелері еркелетіп қойған аты? (Телғара) 2. Абай: «Бар, көр. Шын өнерлі, қызықты болса, елге әкел. Жас буын өнер үйренсін, үлгі алсын. Мен де көмекші болармын»,- деп, Біржанға кімді жұмсады? 3. «Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушы сен болсайшы!» Кімнің сөзі? (Біржан) 4. «Өнерпаз болсаң, өр бол! Жалқы бол, жарлы бол, ол –кемшілік емес!» Кімнің сөзі? (Абай) 5. «Кісісін бір болыстың біреу сабап, Бар ма еді статьяда көрген жерің?...»- деген жолдар кімнің, қай өлеңінен үзінді? (Біржан «Жанбота») 6. Шығармадағы типтік образды ата. (Абай) 7. Әңгімеде қандай қазақы салт-дәстүр көрініс тапқан? (қонақжайлылық, бата беру) 8. Әңгімеде Біржанға өз үйінен дәм татқызып, бата беріп, оң сапар тілеген кім? (Ұлжан) 9. Керімбала: - Тағы бір ауыз!- деп еді. Оралбайға: - Тағы! Тағы! –деп Біржан да ықыласпен айтты. (диалог) 10. Біржанның сұрауы бойынша қоштасардағы жастар айтқан ән? («Жиырма бес»)
ІІІ. Не білгіміз келеді? (Іздендіру) Біржан сал Қожағұлұлы. (1834-1897) Абай Құнанбайұлы (1845-1904)
1) Біржан мен Абай жақындастығы ақын дана әнші ақын сазгер
2) «Тұжырым» кестесі бойынша жұмыс Шығарма мәтінінен Абай мен Біржанға қатысты іс-әрекеттерді тауып жазып, сол әрекеттеріне қарай бағалаңдар.
Кейіпкерлер.Іс-әрекеті. Адами қасиеті. Абай Біржан
3) «Біржан сал Абай ауылында» (М.Әуезов) әңгімесіне сатылай кешенді талдау Тақырыбы Авторы Кейіпкерлері Портреттері Әңгімедегі көркемдеуіш құралдар
ІІІ. Не білдік? (Топтастыру) - Абай мен Біржанды рухани жақын еткен не нәрсе? - Олай болса, өнердің қандай түрлерін білеміз? мүсін өнері, сөз өнері ән, би, бейнелеу, сәулет, қолөнер, күй.
- Абай мен Біржан өнері бүгінгі күнге қалай жетті? Оны жеткізген кімдер? Оралбай, Әмір Әкімқожа, Балбала Үмітей, Керімбала - Біздің мектебімізде өнер насихаттала ма? (Мектептегі өнер үйірмелері туралы әңгімелеу) - Бізге, мына сендерге, өнерлі болуға мүмкіндік бар ма?
Оқушыларды бағалау Қорытынды: • Өнерліге өріс кең. • Өмірде кең бол, Өнерде өр бол. • Өнерге қызығу орынды, қызғану –күнә. • Өнер бәйгесі үнемі тігулі. • Өнеге желісі үзілмесе, өнер өрісі де үзілмейді. - Ендеше, екі ұлы - Абай мен Біржан өнер құдіретін түсініп, бір-бірінің қадірін қалай арттырса, біз, кейінгі ұрпақ та өнерді сүйіп, қастерлей білуіміз керек. Үй тапсырмасы: «Өнерлі өрге жүзер» тақырыбына шағын шығарма жазу.