kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

''М?хтар ?апаш?лы Алтынбаев''

Нажмите, чтобы узнать подробности

Я Усманова Мафтуна Рустамовна родилась в Сайрамском районе 14 сентября 1993 года. Работа в средне образовательном школе имени Айнабулак учительницей казахского языка и литературы. Стаж работы 4 месяц. мне нравится работать с детьми. В свободное время всегда в поисках новых материал новых технологий.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«''М?хтар ?апаш?лы Алтынбаев''»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ «Айнабұлақ» негізгі орта мектебі





АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Мұхтар Қапашұлы Алтынбаев







Өткізген: Усманова Мафтуна















Манкент, 2015



Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Қапашұлы Алтынбаев

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мұхтар Қапашұлы Алтынбаевтың өмірімен саяси қызметі туралы түсінік беру

Дамытушылық: Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерін ұялату. Өтілген тақырып бойынша білімдерін жинақтап бекіту, адал достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу, Мұхтар Қапашұлының саяси қызметінің өзіндік ерекшелігін айқындау сөздік қорын, тіл байлығын мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Адамгершілік қасиеттерге, достыққа, ұйымшылдыққа, бірлікке, адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу, өнерге құштарлығын ояту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, іздену, талдау, түсіндіру, мазаика, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд, буклеттер, кеспе қағаздар

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Оқушыларды мазаика әдісімен топтарға бөлу

I топ Білімділер

II топ Тапқырлар

II Жаңа сабақ

Мұхтар Қапашұлы Алтынбаев 1945 жылы 10 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Армавир әуе қорғанысы жоғары әскери ұшқыштар училищесін, Г.К.Жуков атындағы Әуе қорғанысы әскери академиясын бітірген. Әскери қайраткер, Халық қаһарманы, Әскери ұшқыш-инженер. Армия генералы. Саяси ғылымның кандидаты. Әуе қорғанысы авиациялық истребительдік полкының ұшқышы, аға ұшқышы, Перм облысындағы Әуе қорғанысы авиациялық истребителдік полкы авиациялық звеносының командирі, авиациялық эскадрильясы командирінің орынбасары, командирі, Самарқан қаласындағы Әуе қорғанысы дивизиясы командирінің орынбасары, командирі, Мары қаласындағы Әуе қорғанысы дивизиясының командирі, Алматы облысы Борандай поселкесіндегі Әуе қорғанысы корпусының командирі, Әскери-әуе күштерінің басшысы - Қорғаныс министрінің орынбасары, Әскери-әуе күштерінің басшысы, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің басшысы, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Штаб басшылары Комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен екі рет Қорғаныс министрі болып тағайындалған. 2010 жылдың сәуір айынан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалған.

«Отан ордені» және Алтын жұлдызбен, ІІ дәрежелі «Барыс», «КСРО Әскери күштерінде Отанға қызметі үшін», Ресей Федерациясының «Дружбы народов», «Петр Великий» ордендерімен және жиырма алты медальмен марапатталған.



Тақтамен жұмыс: Мұхтар Қапашұлы туралы деректерді оқыту.


III Ой толғау. Мұхтар Қапашұлы туралы құнды пікрлерді айту

I топ Білімділер

МҰХТАР АЛТЫНБАЕВ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, армия генералы:

- Әр солдат генерал болғысы келеді. Генерал болған адам армия генералы болғысы келеді. Армия генералы болған адам маршал болғысы келеді. Ол дұрыс ұмтылу.Бір айдан соң Алтынбаев мырза 70 жасқа толмақ.


II топ Тапқырлар

ДӘУЛЕТ ОСПАНОВ,  «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы:

-   2003 жылы осы 40-шы станцияға мені Мұхтар Қапашұлы командир қылып тағайындап, осында әкеліп қойды. Осы 36-шы бригаданы бірге көтердік. Айтарым болса, өте адал, өте жауапты адам. Мұхтар Қапашұлы қарулы күштер қатарында 40 жылдай еңбек етіп, тәуелсіз Қазақстанның екі рет қорғаныс министрі болды. Даңқты ардагер Сағадат Нұрмағамбетовтан кейінгі армия генералы шенін иемденуі де барша сардарға үлгі болатыны анық.


Жылдар сөйлейді

I топ Білімділер

1945 ж. 10 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған. Қазақ.

1977 ж. — Армавир жоғары әскери ұшқыштар ӘШҚ училищесін бітірді.

1985 ж. — Кеңестер Одағының Маршалы Г.К. Жуков атындағы ӘШҚ Әскери командалық академиясын бітірді. Саяси ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Қарағанды қаласының шахталарында бастады.

1962 ж. қыркүйегінен 1966 ж. қазанына дейін жұмысшы, шахта қазушысы.

1964 ж. өндіріс пен оқудан қол үзбестен ұшқыштар даярлау жөніндегі Қарағанды авиациялық орталығын бітірді.

2000 ж. наурызынан — Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы.

2001 ж. желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

2007 ж. қаңтардан — Штаб бастықтары комитетінің төрағасы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары.

II топ Тапқырлар

1965 жылдың желтоқсанынан ААФЖЕҚ Кинель-Черкасск авиациялық оқу-жаттығу орталығының курсант-ұшқышы. Әскери қызметке қабылданғаннан кейін әр түрлі жауапты басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

1972—1975 жж. — авиациялық буынның командирі, авиациялық эскадрилья командирі, истребитель авиациясы полкі командирінің ұшу дайындығы жөніндегі орынбасары.

1979 ж. желтоқсанында Уральск әскери округінің истребитель авиациясы полкінің командирі болады. М.Алтынбаевтың қолбасшылығы кезеңінде полкте бір де бір оқыс ұшу оқиғалары болған жоқ және еліміздің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері арасындағы ең үздігі атанды.

1982 ж. тамызынан — Кеңестер Одағының Маршалы Г.К. Жуков атындағы ӘШҚ Әскери командалық академиясының тыңдаушысы.

1985—1988 жж. — дивизия командирінің орынбасары, Түркістан әскери округінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс дивизиясының командирі.

IV Сабақты бекіту. Тірек сызбамен жұмыс жүргізу. Карточка сұрақтарына жауап беру .



Халық Қаһарманы



Ұшқыш - мерген

Мұхтар Қапашұлы

Алтынбаев

Сенат депутаты




Армия генералы




Әскери - әуе күштерінің қолбасшысы




V Үйге тапсырма


Мұхтар Қапашұлының өмірі мен саяси қызметі (оқуға)

VI Бағалау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
''М?хтар ?апаш?лы Алтынбаев''

Автор: Усманова Мафтуна Рустамовна

Дата: 29.12.2015

Номер свидетельства: 271242


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства