kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

М??А?АЛИ МА?АТАЕВ: «ЖАПЫРА?-Ж?РЕК, ЖАС ?АЙЫ?»

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды ?аза? хал?ыны? ?йгілі а?ындарыны? ?мірімен, шы?армашылы? жолымен жан-жа?ты таныстыра отырып, ?лы ?аламгерлерді? ?мірінен, оларды? шы?армаларынан ?лгі-?неге алуына, с?йлеу тілін дамыту?а, с?здік ?орын молайту?а ы?пал ету; тере? ойлы, ке? тынысты ?німен ?рпа?ына танымды? та, т?лімдік те таусылмас мол м?ра ?алдыр?ан М.Ма?атаевты? с?з ?нері деп аталатын ??діретті ордада алатын орны туралы м?лімет беру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«М??А?АЛИ МА?АТАЕВ: «ЖАПЫРА?-Ж?РЕК, ЖАС ?АЙЫ?» »

7



МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ: «ЖАПЫРАҚ-ЖҮРЕК, ЖАС ҚАЙЫҢ»


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды қазақ халқының әйгілі ақындарының өмірімен, шығармашылық жолымен жан-жақты таныстыра отырып, ұлы қаламгерлердің өмірінен, олардың шығармаларынан үлгі-өнеге алуына, сөйлеу тілін дамытуға, сөздік қорын молайтуға ықпал ету; терең ойлы, кең тынысты үнімен ұрпағына танымдық та, тәлімдік те таусылмас мол мұра қалдырған М.Мақатаевтың сөз өнері деп аталатын құдіретті ордада алатын орны туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: оқушының бойында поэзияға, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті оятып, мәнерлеп оқу қабілетін дамыту, өлеңнің құрылымын талдау, ұйқастың түрін ажырата білуге үйрету, шығармаға жанрлық талдау жасау.

Тәрбиелік: Мұқағали ақынның ақындық құдіретіне оқушылардың көзін жеткізу, иландыру, өлеңнің мазмұны мен мәнін оқушы бойына сіңіру, ұлттық сана, ұлттық тәлімді қалыптастыру, ақынның өлеңдерінен үлгі-өнеге алуға, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ақынның суреттері, өлеңдер жинағы, әндер жинағы, ақын туралы қанатты сөздер, тірек-сызба, өлеңдер, интерактивті тақтада берілген сөздер, бейнежазба, И.Расылханның орындауында «Жапырақ-жүрек» әні.

Сабақтың түрі: жаңа материалды түсіндіру.

Сабақтың әдісі: жаңа технология түрлерін пайдалану.

Жаңа сөздер: қайың, беймәлім, нәр алдық, семсе мың жүрек, құрдасы келер заманның.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру сәті.

  2. Мақсат қою.

  3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жоспар:

  1. Ақынның өмірбаны.

  2. Шығармашылық жолы.

  3. Оқулықтағы өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіру.

  4. Сөздікпен жұмыс.

  5. Ән тыңдау.

Өлең оқылады.

Мұғалімнің сөзі:

Қарасаз, Қарашалғын өлеңде өстім,

Жақсы жыр жазсам, халқым, елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім!

Сұрақтар:

  • Балалар, сендер бұл өлеңді естідіңдер ме?

  • Бұл кімнің өлеңі?

  • Иә, бұл қазақ поэзиясының алыбы – Мұқағали ағамыздың өлеңі.

Үй тапсырмасын тексеру.

ІІ. Полиглот ойыны. Абай өлеңдерінен.

  1. Жасымда ғылым (наука, science) бар деп ескермедім.

  2. Желсіз түнде (ночь, night) жарық ай (луна, ).

  • Сонымен, біз қандай ақындардың өмірімен, шығармашылығымен таныстық?

  • Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы сияқты ақындардың өмірімен және шығармашылығымен таныстық.

  • Осы тақырыпта сабағымызды жалғастыра отырып, аяңлы азамат, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірінен сыр шертеміз.

Жаңа сабақ барысы:

1. Балаларға алдын ала тапсырма беріледі. Осы тапсырманы сұрау мақсатында балалрға сұрақтар қою. Балалар жауап бере отырып, тірек-кесте шығарады.

Сұрақтары:

  1. Қай ақын туралы мәлімет дайындау керек еді?

  2. Мұқағали Мақатаев кім?

  3. Өмір сүрген жылдары.

  4. Қайда оқыды?

  5. Еңбек еткен жылдары.

  6. Оның қандай еңбектерін білесің?



Жаңа сабақ бойынша тірек сөздермен жұмыс:

Ақиық ақын – известный, именитый поэт

Жетім-жесір – осиротевшие, осиротелые

Ұлан – новое молодое поколение

Тегі – происхождение

Тіршілік – жизнь, существование

Қысылыс – затруднительное положение

Қайың – береза

Жанымды айырбастайын – поменяемся душами

Нәр алдың – питался

Құрдасы келер заманның – ровесник будущей эпохи


Мәтінмен жұмыс (106-бет):

а)Мұғалімнің оқуы;

ә)Балалардың оқуы;

б)Мәтіннің мазмұнын сұрау;

«Менің анкетам» өлеңінің нұсқасын оқушы оқиды.


Менің анкетам

  • Туған жерің?

  • Ұланымен Қарасаз деп аталатын ауылдың.

  • Туған жылың?

  • 1931. Құрдасымын Шәмілдің.

  • Партияда барсың ба?

  • Жоқпын. Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.

  • Шыққан тегің?

  • Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын.

  • Білімің ше?

  • Орташа ғой. Алайда өзім жоғары бағалаймын.

  • Ана тілің?

  • Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар.

  • Қайда істедің?

  • Мынау «Еңбек кітапшамнан» тауып ал.

Оқымаған, дипломсыз демесең,

Бір басымнан бар мамандық табылар.

  • Міндеттісің бе әскерге?

  • Міндеттімін. Біздің әлі жас кеуде.

Жауынгердің ұлымын ғой

Жанын қиған Мәскеуде.

  • Сөгіс алып көрдің бе?

  • Ол жағынан періште едім дей алмаймын

Мен мүлде.

Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғай мүлт кету.

  • Шетелдерде болдың ба?

  • Болғаным жоқ.

Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.

Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен

Осы отырған орнымда-ақ.

  • Мекенжайың?

  • Мекенжайым – жер менің,

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін.


Мұқағалидың «Жапырақ-жүрек, жас қайың...» өлеңімен таныстыру. Мазмұнын түсіндіру. Талдау. Шумақ, бунақ, буын санын табу, ұйқас түрін ажырату.

Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.

Келесі кезек естеліктерге беріледі. Зайыбы Лашын Әзімжанова және Нұрғиса Тілендиевтің естеліктері. Оның отбасы жайлы бейнежазба көрсету.

Лашын Әзімжанова:

«Мұқағалидың тілі бай, халық тілі еді ғой. Ол халқын қалай сүйсе, халық та солай сүйді. Осыған жырларына жазылып жатқан белгілі сазгердердің де, әуесқой сазгерлердің де әсем әндері, қолына қалам алған ақындардың арнау өлеңдері, суретшілердің жасап жатқан бірінен бірі өтетін портреттері, тағы басқа да дүниелері – бәрі-бәрі куә. Олардың қай-қайсысы да халық сүйіспеншілігінің белгісі болса керек. Лауреаттықты «жоғарғы топ», мықты ағалары қимаса да, ел-жұрты ыстық ықыласына бөлеп, әлдеқашан шын бағасын, зор құрметін беріп те қойған. Мұқаң халқына піріндей сенді.

Сондықтан:

Әрине суық қайғы, суық қайғы

Көңілін халқың бірақ суытпайды.

Егер де халық өзі ұмытпаса,

Бақыл бол, халқың сені ұмытпайды.


Қайырымсыз қағазға елің бас ұрмайды,

Саған деген сағыныш басылмайды.

Табытыңды жасырса, жер жасырар,

Ал, уақыт, өзіңді жасырмайды! – деп, тірі күнінде ол өзінің «Жан азасы» толғауында алтын әріппен жазып кетті емес пе!»

Нұрғиса Тілендиев:

«Мұқағали дүниеден өткен соң қатты күйзелдім. Жүрегім әлсіреп, екі айға жуық емханада жаттым. Арада екі ай өткен соң жұмысқа киетін пешпенттің қалтасынан хат шықты. Мұқағалидың жазуы. «Аға, мен ғой. Дертім қозып барады. Не боларын білмеймін? Мынаған назар аударып көрерсіз»,– депті.

Емханада қатты ауырып жатқанда маған жіберген сол өлеңі «Есіңе мені алғайсың» екен. Жаным күйзеліп отырып, ақын інім көз жұмғаннан кейін екінші айдың ауыр бір күнінде әлгі өлеңге ән жаздым.

Міне, аяулы Мұқағалиымды бүгін де есіме алып отырмын».

Осы жерде «Есіңе мені алғайсың» әні орындалады.

Сабақты бекіту.

Сұрақтар:

  • Балалар, ақын деп кімді айтамыз?

  • Ақын – өз жанынан өлең шығаратын өнер иесі.

  • Бүгін біз сабақта қай ақынмен таныстық?

  • Бүгін біз Мұқағали Мақатаевпен таныстық.

  • Жергілікті қандай ақындарды білесіңдер?

  • Ақұштап.Бақтыгереева, Қадыр Мырза Әли, Ш.Қыдырниязова, Жұбан Молдағалиев, Махамбет Өтемісұлы.

  • Біздің қаламыздың көшелерінде қандай ақындардың суреттерін көріп жүрсіңдер?

  • Ақұштап Бақтыгереева, Қадыр Мырза Әли, Жұбан Молдағалиев.




Балалар тақтаға тірек-сызба құрастырады, осы бойынша жаға тақырыпты әңгімелейді. Балалар тапсырманы орындап жатқанда, Мұқағали Мақатаевтың тағы басқа да өлеңдері орындалып жатады. «Қайырлы түн», «Қара өлең», «Елім барда».

Үй тапсырмасы: Ақынның өмірбаянын мазмұндау.

Өлеңді жаттау.

Шығармашылық тапсырма орындау (кестені толтыру)

Мұқағали Мақатаев

Өлеңдері

Қорытынды

1947 жыл

Қарасаз

Туған еліне саеғыныш












Бағалау.

Сабақты қорытындылау.


Поэт Мұқағали Мақатаев оставил после себя незабвенный памятник – свою поэзию. Положенные на музыку эти стихи стали народными песнями.




ЕСІҢЕ МЕНІ АЛҒАЙСЫҢ


Нұр жауып тұрған көктемде,

Гүл тере барсаң бөктерге,

Қоңыраулатқан аспанды

Найзағай шаншып өткенде,

Есіңе мені алғайсың.


Тұнжырап тұрған орманға,

Тұнжырап жалғыз барғанда,

Мен бар деп мына жалғанда,

Жоқ деген сөзге алданба.

Есіңе мені алғайсың.


Жапырақ жанып жатқанда,

Күз келген күрең шақтарда,

Ағаштар мұңға батқанда,

Есіңе мені алғайсың.


Ақ қырау тұрған ақпанда,

Ағаштар сырға таққанда,

Бозарып тұрып ақ таңда,

Есіңе мені алғайсың,

Есіңе мені алғайсың!


Давай меняться жизнями


Березка с сердечками-листьями,

Давай поменяемся жизнями.

И стану я тысячелистным,

А ты будешь – с сердцем единственным.

Мы договорились, березка.


Пусть это смешно и наивно,

Но я предлагаю серьезно,

Давай поменяемся жизнями.

Увидишь мир смутный и грозный


Моими глазами пристальными

В лесу, где березки-невесты,

Мне тоже найдется место.

Я жизнь, мне совсем неизвестную,

Глазами березки исследую.


Питаешься ты от земли,

Питаюсь и я от земли,

Твой корень пророс из земли,

Моя жизнь родилась из земли.

Ты без языка, но душа есть,

Вся разница – я человек


Мне сердце мое жить мешает,

Твои – тысяча – тянут твой век.

Поэтому жить будешь долго –

В грядущем в тебе больше толка.


Единственное мое сердце

Перестанет стучать – мне конец.

А тысяча листьев-сердец

Весною проснутся, деревце,

Лист проклюнется как птенец!


Березка с сердечками-листьями,

Давай поменяемся жизнями.

Ты станешь поэтом редчайшим,

Я стану березой торчащей.

Меняемся, договорились?


В толпе и в лесу растворились!..

Оказывается, все так просто!...

Так будем меняться, весь век,

Я – то человек, то – березка,

Ты – то березка, то – человек.


(Перевод О.Жанайдарова)



Диалог любви


Если бы я птицей стала,

навек улетела,

Что бы ты сделал?

Я бы тебя всю жизнь искал.

Если б в огонь я упала, дотла сгорела,

Чтоб ты сделал?

Стал бы золою и пеплом стал.

Если б я просто взяла и ушла,

Что бы ты сделал?

Догнал бы, обнял, в средце проник.

Если б я горе тебе принесла,

Что бы ты сделал?

Вытерплю все, я уже привык.


ҮШ БАҚЫТЫМ


Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.


Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.


Түтін түтет,

Өс, өрбі, көгере бер,

Немерелер көбейсін, шөберелер,

Жаныңда ұста,

Жақсылық күтпегейсің,

От емес, оқ сұрасаң менен егер.


Үш бірдей бақытым бар алақанда,

«Мені мұндай бақытты жаратар ма?

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!




Менің анкетам

  • Туған жерің?

  • Ұланымен Қарасаз деп аталатын ауылдың.

  • Туған жылың?

  • 1931. Құрдасымын Шәмілдің.

  • Партияда барсың ба?

  • Жоқпын. Бірақ коммунистік көзқараспен

қараймын.

  • Шыққан тегің?

  • Шаруамын. Бар тірліктен бағалы оны санаймын.

  • Білімің ше?

  • Орташа ғой. Алайда өзім жоғары бағалаймын.

  • Ана тілің?

  • Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар.

  • Қайда істедің?

  • Мынау «Еңбек кітапшамнан» тауып ал.

Оқымаған, дипломсыз демесең,

Бір басымнан бар мамандық табылар.

  • Міндеттісің бе әскерге?

  • Міндеттімін. Біздің әлі жас кеуде.

Жауынгердің ұлымын ғой

Жанын қиған Мәскеуде.

  • Сөгіс алып көрдің бе?

  • Ол жағынан періште едім дей алмаймын

Мен мүлде.

Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғай мүлт кету.

  • Шетелдерде болдың ба?

  • Болғаным жоқ.

Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.

Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен

Осы отырған орнымда-ақ.

  • Мекенжайың?

  • Мекенжайым – жер менің,

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
М??А?АЛИ МА?АТАЕВ: «ЖАПЫРА?-Ж?РЕК, ЖАС ?АЙЫ?»

Автор: Анафияева Майра Шакировна

Дата: 10.01.2015

Номер свидетельства: 152534


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства