kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" Мотоатқыштар" АӘД пәнінен сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мотоатқыштар бөлімшесі туралы. Мотоатқыштардың орналасу реті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" Мотоатқыштар" АӘД пәнінен сабақ жоспары»

  1. Сабақтың тақырыбы: Мотоатқыштар бөлімшесінің ұйымдастырылуы мен ұрыстық мүнкіндіктері, штаттық қарулану және ұрыстық техника. 

    2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаяу әскердің ұрыстық машинасындағы мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуымен және штаттық қарулану мен ұрыс техникасыме таныстыру. 

    3. Уақыты: 40 минут. 
    4. Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі. 
    5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, слайд. 
    6. Сабақтың барысы: 
    а) Ұйымдастыру кезеңі
    Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру. 
    ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі

Оқушыларды берілген суреттер бойынша екі топқа бөлу.
б) Негізгі бөлім – 20минут. 
Ұрыстық әрекет негіздері және мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы. 
Мотоатқыш бөлімше – ең төменгі тактикалық бөлімше. Ол жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш взводтың құрамына кіреді. 
Жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш бөлімшесінің құрамына кіретіндер: 
- бөлімше командирі; 
- көздеуші – оператор; 
- механик – жүргізуші; 
- пулеметші; 
- гранататқыш; 
- гранататқыштың көмекшісі; 
- аға атқыш; 
- атқыш. 

ЖҰМ және БТР туралы бейнебаян.

ЖҰМ – бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол бөлімшенің жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және жылжуға арналған. ЖҰМ зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте жылдам қозғалады (70км/сағ), су бөгеттерінен, жолсыз, батпақ жерлерден және қалың қарлардан жақсы өтеді. ЖҰМ ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларына қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспабымен жабдықталған. 
Мотоатқыш бөлімшенің қаруларында ЖҰМ, қол пулеметтер, танкіге қарсы гранататқыш, автоматтар, жарықшақты және танкіге қарсы гранаттары болады. 
Мотоатқыш бөлімшелер қазіргі заманғы қуатты қару – жарақпен және техникамен қарулана отырып, қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын, тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшыратуға қабілетті. Олар жылдың және тәуліктің кез келген мезгілі мен уақытында, ауа райының кез келген жағдайында табанды қорғаныстық ұрыс жүргізе отырып, жоғары қарқынмен шабуылдай алады. 
Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттері. 
Орындалатын жауынгерлік міндетке, қарсыластың қимылы мен жергілікті жерге байланысты бөлімшелер: жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттерінде әрекет етуі мүмкін. 
Жорық реті - бөлімшелерді қозғалыс үшін лек сабына тұрғызу. Бұл кезде машиналар командир тағайындаған арақашықтықты сақтай отырып, бірінің артынан бірі жүреді. Жаяу ретте жылжыған кезде мотоатқыштар бөлімшесінің реті – 1 немесе 2 лек, ал взводтың жорық реті – 3 немесе 2 лек бойынша жасалады. 
К- командир; МВ- механик-жүргізуші; 
НО-көздеушіоператор; ПГ-көмекші гранататқыш; 
П- пулеметші; СГ- гранататқыш; 
С- атқыш; СС- аға атқыш. 
Суретте жаяу ретте екі лек бойынша жылжыған мотоатқыштар бөлімшесінің жорық реті. 
Ұрысқа кіру реті – маңдайшеп пен тереңдікке бөлінген бөлімшенің белгіленген аралық және арақашықтық бойынша сапқа тұруы. Ол бөлімшені ұрыс алаңына шығару, сонымен бірге ұрыс барысында немесе қарсылас тереңдігінде жылжу кезінде қолданылады. Ұрысқа кіру реті бөлімшенің артиллерия атысы мен авиация соққысына мейлінше аз тәуелді болуын, оларды ұрыс ретінде тез жазылуын, ұрыс барысында қозғалыстың жоғарғы екпініне қол жеткізуді және бөгеттер мен қиратулардан тез кетуді қамтамасыз етуге тиіс. 
Мотоатқыштар бөлімшесі үшін ұрысқа кіру реті болып, оның жорық реті – лек саналады. 
Жаяу рет қимылындағы шабуылда мотоатқыштар бөлімі, взводы және ротаның ұрыс реті – тізбек болып табылады. ЖҰМ (БТР) бұл кезде тасадан тасаға 400м қашықтықта өз бөлімшесінің соңынан жылжып отырады және оны өз атысымен қолдайды. Мотоатқыштар бөлімі ЖҰМ-нан (БТР) жаяуланудан кейін лектен тізбекке жазылады. Тізбектегі жауынгерлер арасындағы аралық 6–8м, яғни 50м-ге дейін болады. 
ЖҰМ (БТР) қимылдайтын мотоатқыштар взводының ұрыс реті – машиналар арасындағы аралық 100м-ге дейін болатын ұрыс желісі. Атқыш – зенитшілер тізбек артынан ЖҰМ (БТР) немесе жаяу ретпен жүріп отырады және әуе нысаналарына атыс жүргізеді. Мотоатқыштар взводының майдан бойынша 400м-ге дейін және тереңдік бойынша 300м-ге дейін тірек пункттері орналасады. Ол бөлімше бекінісінен ЖҰМ (БТР) атыс бекінісінен және күшейту құралдарынан тұрады. Взводтың тірек пункттерінде және оның қапталдарында взвод командиріне бағынбайтын танкілер мен танкіге қарсы құралдар бекініске ие болуы мүмкін. 
Мотоатқыштар ротасы тірек пунктін қорғайды. Ол мотоатқыштар взводтарының тірек пункттерінен және танкілер мен танкіге қарсы құралдардың атыс бекінісінен тұрады. 

в) Қорытынды бөлім

Тапсырма.

1 топ А3 плакаттарына БТР және ЖҰМ сипаттама жасау. Суреттерді пайдалана отырып.
2 топ мотаатқыш бөлімшесін жорықтық рет бойынша орналауын көрсету.


Бүгінгі сабақ қортындысын талдау.

  • Бүгінгі сабақта мен не білдім?

  • Бүгінгі сабақта не ұнады?

  • Не білгім келеді?


Үй тапсырмасы:

Не білгім келеді деген сұрақтың жауабына реферат немесе қосымша мәлімет жасап келу

Бағалау. Әр топ өзара бағалайды. 2 мин.




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
" Мотоатқыштар" АӘД пәнінен сабақ жоспары

Автор: Мылтыкбаев Думан Жумашкенович

Дата: 16.10.2017

Номер свидетельства: 432584


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства