kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Методический продукт "Сборник диктантов по казахскому языку"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Диктанттар жина?ы

(жалпы білім беретін орыс мектебіні?

7-ші сыныбына арнал?ан)

1-ші модуль

Мені? отбасы м?шелерім.

Отбасы-сыйласты?  орна?ан орта.Отбасыны? ?рбір м?шесі ?зара сыйласты?ты са?тау?а тиіс.Сонда бірлік,татулы? берік болады.?ке отбасында?ы барлы? ?ам?орлы?ты ат?арады,сонды?тан о?ы тау дейді.Ана отбасына ?р?ашан н?р береді,сонды?тан оны б?ла? дейді.Балалар ?ке ?ам?орлы?ымен,шеше н?рімен ?седі,сонды?тан оны су жа?асында?ы ??ра? дейді.Жалпы отбасында ?лкендерді сыйлау?а к?п  м?н беріледі.Кішіпейілдік,к?ркем мінез,сыйласты? отбасында ?алыптасады.Отбасында балалар ?те тату т?рады.?лкендер кішілерге к?мектеседі,кішілері ?лкендерін сыйлайды,оларды? айт?аны? ты?дайды.Балалар бір-біріне бауырмал болып ?седі,осы сезімді олар ?мір бойы са?тайды./85с?з/

2-ші модуль.

Т?рбие отбасынан басталады.

Амандасу ?ай халы?ты? болмасын  м?дениетіні? ал?аш?ы беташары сия?ты.?р халы?ты? амандасу р?сімі,салттары алуан т?рлі болып келеді.Мысалы,славян халы?тары бір-біріне ?ол беріп амандасса,жапон,?ытай,?нді халы?тары ?ос ?олын бірлестіріп,ма?дайына тигізіп та?зым ету ар?ылы аманды? р?сімін жаса?ан.Ал Орта ж?не Кіші Азия мен Африкада?ы м?сылман халы?тары ертеде о? ?олы? ж?регіні? басына апарып та?зым ету ар?ылы аманды? р?сімін жаса?ан.Жас адам жолы ?лкен,жасы ?лкен адам?а алдымен ?мтылып,?ос ?олын ?сынады,ал с?лем алушы ?ария    «Уа?алейкум ассалам!»деп

?олын ?сынады./73/    

      3-ші модуль

Т?рмыста?ы м?дениет.

?рбір отбасыны? ?алыптас?ан ?дет-??рпы,ата д?ст?рі болады.Сонымен бірге жалпы ?аза? отбасында орта? д?ст?рлер де бар.Оларды атап  ?тсек мыналар:жасы кішілер ?лкендерді? атын атамай,ата,?же, ?пке,а?а,?ке,к?ке деп сыпайы ?арым-?атынас жасауы,сондай-а? жасы кішілер ?лкендерді?,?сіресе ?арияларды? алдын кесіп ?тпеуі,отбасы м?шелеріні? бірін-бірі ренжітпеуі,?лкенні? тілін кішіні? алуы,елгезек,тілал?ыш,?ол?анат болу,ал отбасы м?шелері ?лкендерді? ?зінен кішілерге ?ам?оршы,а?ылшы болуы,е?бекті ?й-ішінде ж?мыла істеп,?р?айсысыны? ?з шама-шар?ынша іс ат?аруы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Методический продукт "Сборник диктантов по казахскому языку" »

Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы

Көкпекті аудандық Білім Беру Бөлімі

«Мариногорка орта мектебі»















Диктанттар жинағы

(жалпы білім беретін орыс мектебінің

7-ші сыныбына арналған)












Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:

Григорьева С.З.










Мариногорка ауылы 2013 ж

Көкпекті ауданы «10»март 2013ж-

Құрастырушы:Григорьева Сәния Зәкенқызы

«Мариногорка орта мектебі»КММ

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі








Әдістемелік құрал жаңа оқу бағдарламасына сүйене отырып жасалған.Орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі мұғалімдеріне арналған көмекші құрал.7-ші сыныпқа арналған жаңа оқулықта сабақтар модульдік оқыту технологиясы негізінде жасалған.Осы диктант жинағында әр модуль сайын оқушылардың білімін,сауатты жазу қабілеттерін бақылау үшін диктант мәтіндері берілген.

Диктант мәтіндері модульдің тақырыптарына сәйкес.Оқушылардың модуль бойынша алған білімдерін толықтырады,бекітеді.Сондықтан бұл диктант жинағы 7-ші сыныпқа сабақ беріп жүрген мұғалімдерге өте қолайлы, керекті құрал.



«Мариногорка орта мектебі» КММ Ә.Б. Кеңесімен ұсынылады.


10.03.2013ж. №4 хаттама


Хатшы:Мұхамеджанова.А.Т.


Бекітемін: «Мариногорка орта мектебі»КММ директоры:Бажаев.Ж.К.
















Алғы сөз









Бұл әдістемелік құрал орыс сыныптарында қазақ тілін оқытатын мұғалімдерге арналған.7-ші сыныпқа арналған жаңа оқулықта сабақтар модульдік оқыту технологиясы негізінде жасалған.Әр модуль сайын оқушылардың білімін бақылау үшін бір сағат беріледі.Бірақ тақырып бойынша диктант берілмеген.Сондықтан мұғалімдерге көмек ретінде әдістемелік құралды ұсынамын.

Осы жинақта лексикалық тақырыптарға сәйкес диктант мәтіндері ұсынылады .Жазылған мәтіндер оқушылардың білімдерін одан әрі дамытады, терендетеді.Сонымен қатар оқушылардың сауатты жазу қабілеттерін кенейтеді.



























Диктантты жазғызуға қойылатын талап.






*Диктанттың түрі (мақсаты,өткізілетін күні,оқушы тарапынан жүргізілетін даярлықтың түрі ескертіліп,2-3күн бұрын хабарланады.

*Диктанттың қай түрі болсын мәтіні орфоәпиялық заңға сүйеніп,тиісті кідірістерді сақтай етіп оқылады.

*Мәтін құрамында өтілмеген,оқушыға таныс емес емле,тыныс белгісі кездессе,ол ескертіліп айтылады.Ескертетін жай:тәптіштеп түсіндіріліп,оқушы көңілін негізгі мақсаттан ауытқытып алмау керек.

*Жазылуы қиын байырғы сөздер мен халықаралық термин сөздер кездессе,тақтаға жазып көрсетіледі.

*Мағынасы түсініксіз көнерген сөздер сөйлеу тілінде кездессе,оларға түсінік беріледі.

*Мұғалім мәтінді үлгеріп жаза алатын жылдамдықпен анық,барлығы еститіндей дауыспен,бір орында тұрып,оқуы керек.

*Жазу барысында орынсыз ескертпе жасай беруге,бөгде сөздер қосуға,арлы-берлі жүруге болмайды.

*Мәтін негізінен үш рет оқылады:

*а)бастауыш сыныптарда мазмұнымен таныстыру мақсатында 2 рет оқылады.

*ә)жазғызу мақсатында

*б)толық тексеру мақсатында


















Оқушыға қойылатын талаптар






*Мұғалімнің диктантқа байланысты берген тапсырмаларын орындауы керек

*Сабақ барысында зейін қоя тыңдап,асықпай,қатесіз жазуға тырысуы керек.

*Шала тыңдап,қалай жазу керектігін қасындағылардан,мұғалімнен сұрап,басқаларға кедергі жасамауы керек.

*Таза,ұқыпты жазуды естен шығармау керек.
































1-ші модуль


Менің отбасы мүшелерім.


Отбасы-сыйластық орнаған орта.Отбасының әрбір мүшесі өзара сыйластықты сақтауға тиіс.Сонда бірлік ,татулық берік болады.Әке отбасындағы барлық қамқорлықты атқарады,сондықтан оңы тау дейді.Ана отбасына әрқашан нәр береді,сондықтан оны бұлақ дейді.Балалар әке қамқорлығымен,шеше нәрімен өседі,сондықтан оны су жағасындағы құрақ дейді.Жалпы отбасында үлкендерді сыйлауға көп мән беріледі.Кішіпейілдік,көркем мінез,сыйластық отбасында қалыптасады.Отбасында балалар өте тату тұрады.Үлкендер кішілерге көмектеседі,кішілері үлкендерін сыйлайды,олардың айтқаның тыңдайды.Балалар бір-біріне бауырмал болып өседі,осы сезімді олар өмір бойы сақтайды./85сөз/



2-ші модуль.

Тәрбие отбасынан басталады.


Амандасу қай халықтың болмасын мәдениетінің алғашқы беташары сияқты.Әр халықтың амандасу рәсімі,салттары алуан түрлі болып келеді.Мысалы,славян халықтары бір-біріне қол беріп амандасса,жапон,қытай,үнді халықтары қос қолын бірлестіріп,маңдайына тигізіп тағзым ету арқылы амандық рәсімін жасаған.Ал Орта және Кіші Азия мен Африкадағы мұсылман халықтары ертеде оң қолың жүрегінің басына апарып тағзым ету арқылы амандық рәсімін жасаған.Жас адам жолы үлкен,жасы үлкен адамға алдымен ұмтылып,қос қолын ұсынады,ал сәлем алушы қария «Уағалейкум ассалам!»деп

қолын ұсынады./73/


3-ші модуль

Тұрмыстағы мәдениет.


Әрбір отбасының қалыптасқан әдет-ғұрпы,ата дәстүрі болады.Сонымен бірге жалпы қазақ отбасында ортақ дәстүрлер де бар.Оларды атап өтсек мыналар:жасы кішілер үлкендердің атын атамай,ата,әже, әпке,аға,әке,көке деп сыпайы қарым-қатынас жасауы,сондай-ақ жасы кішілер үлкендердің,әсіресе қариялардың алдын кесіп өтпеуі,отбасы мүшелерінің бірін-бірі ренжітпеуі,үлкеннің тілін кішінің алуы,елгезек,тілалғыш,қолғанат болу,ал отбасы мүшелері үлкендердің өзінен кішілерге қамқоршы,ақылшы болуы,еңбекті үй-ішінде жұмыла істеп,әрқайсысының өз шама-шарқынша іс атқаруы./80/




4-ші модуль.

Сыйлықтар.


Гүл сыйлай білесің бе? Бүкіл халқымыз болып тойлайтын ұлы мерекелерімізбен қатар әр адамның өміріндегі есте қалатын сәттерді алғаш рет мектеп есігін ашу,кәмелетке толып аттестат алу,диплом алу,үйлену,пәтер алу,нәресте болу,туған күн тойлары,т.б. салтанатты кештерді гүлсіз атап өту мүмкін еместігін бәрімізде білеміз.Гүл сыйлау арқылы бір-бірімізге деген ыстық сезімімізді,шынайы достығымызды,игі тілегімізді білдіреміз.

Гүл үлкенге де,кішіге де,замандасқа да,мемлекет,қоғам қайраткерлеріне де,тамаша өнерімен тәнті еткен артистерге де ұсынамыз.Бірақ әрбір жағдайда әр түрлі гүл ұсынылады.Осыны мұқият ескерген дұрыс./87/




5-ші модуль.

Мен досыма қандай сыйлық сыйлаймын.

Сыйлық

Тамыз айы туды. Каникул күндері бітуге тақау.Балалар күнге күйді,шынықты.Гүлжан мен Бақыт атасын тынықтыру үшін отарды өздері бағатын.

Күн кешкіріп кезде жайлауға тікұшақ келіп қонды.Одан ұшқыш және бір жас жігіт түсті.Олар балаларды шақырды.

-Ақсақал немерелері туралы хабар біізге жетті.Отарды бағуға көмектескендеріңе рақмет,-деді ұшқыш.

-Сол еңбектеріңе сыйлық ретінде Алматыға экскурсияға бару үшін жолдама әкелдім,-деді жастар одағының өкілі.

Қуанышты Гүлжан мен Бақыт жолға жинала бастады.






6-шы модуль.

Жаз.


Жаз келді.Жаз айлары-маусым,шілде,тамыз.Жазда күн ұзақ,түн қысқа болады.Мауысымның 22-сінде күн мен түн теңеледі.Жаз айында табиғат қысқы ұйқысынан оянып,бақтарда әр түрлі құстар

ән салады.Жаз айының ауасы да ерекше.Хош иісті ауаны жұтып көшеде,бақтарда қыдыры бергің келеді. Балалар айлы,ашық бұлтсыз кеште далада ойнауды ұнатады.Жаз айында адамдар ерте тұрып,кеш жатады.Өйткені бұл кезде жұмыс көп болады.

Мен жазда ауылға барғанды жақсы көремін.Ауылда жақсы демаласын,туыстарыңды көресің.Ата мен әжене көп көмектесесің.Өзенге көп суға түсесің,шынығасың./88/







7-шы модуль

Менің жазғы демалысым.


Балқаштың бойында тұратын менің Егор деген досым бар.Ол балықшы еді.Үйі көлдің жағасында,Қасында қалың қамыс. Егордың үйіне мен келгелі төрт-бес күн болды.Бір күні қызық оқиға көрдім.

Түскі тамақтан соң далаға шығып,көлді тамашалап тұр едім,қораға бұзауын ерткен бір сиыр кірді.Оны қалың сона қоршап ұшып жүр.Сиыр құйрығымен де,аяғымен де қорғанған болады.Одан соналар кете қоймайды.Сиыр тура бастырманың астына барды.Мен бұлар қораға неге кірмейді деп ойладым,сөйтсем оның себебі бар екен.Бастырманың астында тауықтар қонақтап отыр еді.Олар соналарға жабылып,түгел жоқ қылды./91/





8-шы моділь.

Ұлттық тағамдар.


Табақ жасау.

Табақ деп әдетте ас салатын,беті кең жайпақ,ағаш ыдысты айтады.Темір табақ,шыны табақтар бертіңде шыққан.Қазақша еттен табақ тартқанда оның бірнеше түрін білу абзал.Ондай табақтарды жасауға халықтың әдет-ғұрпын,салт-санасын жақсы білетін көргенді адамдар шақырылған.

Қазақ ғұрпында табақ дегеніміз-бас табақ,сый табақ,орта табақ,аяқ табақ деп негізінде төртке бөлінеді.Оның бер жағында күйеу табақ,құдағи табағы,қыздардың,соғымшының,малшының табағы деген табақтар және бар.Олар өздерінің атына,маңызына қарай еттің әр түрліі мүшесінен жасалады. /80/



9-ші модуль.

Тамақтану мәдениеті.


Жөн сұрасып болған соң,үй иесі қонағына барын беріп,риза етуге тырысады.Қонақ шөлдеп келсе қымыз беріп шөлін басады,онан кейін шай әзірлейді.Әдетте шайды бойжеткен қызға құйдырады.

Оның себебі қыз бала келешек шаңырақ иесі,ас иесі болғандықтан жастайынан қонақ күтуді үйрене берсін деген ниет болған.Екіншіден бойжеткен қызға шай құйғыза отырып қыздың аспазшылық өнерін елге паш ету.Бір үй толы қонаққа кесені ауыстырмай,ершайды қызыл күрең етіп баптап беру үлкен өнер./72/




10-ші модуль.

Киім.


Сәукеле-қыздың ұзатқандағы киетін бас киім.Қыз сәукелені күйеу еліне киіп барарда тіктірген.

Сәукеле арнайы ақ киізден немесе арасына қыл салынып сырыған матадан жасалып,сырты қымбат матамен қапталып шетіне құндыз,кәмшат терісімен айналдыра тігіледі Сәукеленің төбесіне өн бойына алтын,күміс,маржаннан әшекей тағылып,алтын жібек жіппен кестеленеді.

Сәукеленің арнайы күмістен жасалған төбелдірігі,оның маңдайшасына, екі жағына тізілген маржаннан салпыншақ бет жақтауы және арт құлағы болады. Тігіліп біткен сәукеленің төбесіне жібектен желек тағылып,оған үкі қадалады,сыртында ұзын ақ жібек жаулығы болады.Жер ерекшеліктеріне байланысты сәукеле де әр түрлі болып келеді./90/



11-шы модуль.

Ұлттық киім.


Қазақтың ұлттық киім-кешектеріне келсек,оның да басқа ұлттар сияқты өз өзгешеліктері бар.Алдымен ұлттық киім-кешектерді жергілікті ерекшеліктерге бейімдеп (көшіп-қонуға)тіккен.Екіншіден,киімдерді екі бағытта ерлерге және әйелдерге арнап тіккен.Тігілетін киімдер адамның жас ерекшеліктеріне байланысты болған.Жастарға арналған киім-кешектердің әшекейі көп болса,кәрі кісілердің киімінің өрнегі аз немесе мүлдем болмаған.Киімдер негізінде сәнді және жай күнделікті киетін киімдерге бөлінген.Сәнді киімдер күнделікті киілмеген,олар тек

Той-думанға және қонаққа барғанда киілсе,жай киімдер күнде киілген./80/




12-шы модуль.

Музыка әлемінде.


Соқпалы-сілкімен аспаптары.

Алғашқы адам от жағу үшін екі шақпақ тасты бір-біріне сүйкей ұрады.От алғанша бірнеше рет қайталайды.Осы сәтте ол қос тастың ұшқынымен бірге шақылдаған дыбыс шығаратынын білді...

Енді бірде жабайы жануарларды үркітіп,орға түсіру үшін немесе жыртқыш аңдардан қорғану үшін бір затты екінші затқа ұрғылап үрейлі дыбыс шығармақ болды.Осындай сәттерде ол іші қуыс заттың қуатты дыбыс шығаратынын таныған.Таныған да соларды қажетті,пайдалы құралға айналдырған.Уақыт өте келе,санасезімі дами келе осы құралдардың әрқайсысының дыбыс күшін,ырғағын ажырата бастаған./82/



13-ші модуль.

Сиқырлы саз сырлары.


Қазақ халқының төл аспабы-домбыра ұзақ уақыттан бері өзінің негізгі құрылысы,түр-тұрпатын сақтап келеді.Ел ішіндегі шеберлер оның формасын өзгертуден гөрі дыбыстық ауқымын,мелодиялық мүмкіндігін арттыра түсуге үнемі күш салып отырған.

Қазақ аспаптық музыкасының шырқау биікке шыққан кезеңі он тоғызыншы ғасыр.Бұл жүзжылдықта әншілік,күйшілік өнердің үрдіс дамуы домбыраның да жетілуіне ықпал етті.Осыған байланысты домбыраның да үнділігін,дыбысының әуезділігін күшейту қажет болды.Бұл қажеттілік домбыраның перне санын көбейтіп,шанағының жаңғыршықтығын молайту арқылы өтелді.Шынайы шебер,дарынды домбырашылар қолына шыққан ең сапалы домбыра үлгісі сақталып,сол үлгі бойынша домбыра жасау дәстүрге айналды./93/


14-ші модуль.Қорқыт-күй атасы.


Ел ауызында аңыз бойынша,ең алғаш қобыз жасап,оның қыл ішегінен жаратылыстың үнін күй қылып сөйлеткен адам Қорқыт болып саналады.Қорқыт қобызын сарнатқанда табиғат тына қалып,жер-жиһан,ұшқан құс,жүгірген аң-барлық тіршілік иесі үн-түнсіз тыңдайды екен.

Қорқыт күйлерінің формасы аса күрделі емес,қысқа сарынды шығармалар.

Күйші өз туындыларында өміржайында толғанып,даналық ақыл-өсиет айтады.

Бізге жеткен қобыз күйлері халқымыздың дәстүрлі мәдениетімен,тарихи тағдырымен тамырласып жатыр.Қорқыт атаның қалдырған мұрасы өте зор.Ол туралы көптеген шығармалардан оқуға болады./82/




15-ші модуль.

Менің әуес ісім.


Аңшылық-қазақтың байырғы да қосылқы кәсіп тіршілігінің бірі.Аңшылықтың түсімі,еңбек шығымы аз,бірақ табысы құнды-қымбат аң терісі,еті,қауырсыны,мамығы өз алдына.Құрал-сайманның үнемі жетіліп отыруы аңшылықтың ор қазу,тор,тұзақ,қақпан құруды қолданса,кейін ит қосып,құс салып,салақпен,мылтықпен атуды үйренеді.

Тор құру-бүркіт,лашынды ұстау үшін қолданатын әдіс.Бұл құстар түсетін аңды (қоян,қарсақ,қаз,үйрек)бұталардың арасындағы ашық жерге байлап қойып,үстінен бұталарға шеттерін іліп торды құру.Жыртқыш құстар ашық жердегі аңды көріп торға мән бермей,аңға түседі де,торға оралып адамға тұтқын болады./91/





16-шы модуль

Спорт түрлері.


Шайбалы хоккейшілердің басты мақсаты бар.Шабуыл кезіңде де,қорғаныс сәтінде де бір кісідей ұйымшыл болу.Қақпадоп ойындағы әр кезен жиырма минуттан.Ал үзіліс он минутқа созылады.Ойын мұз алаңында өтеді. Оның ұзындығы алпыс бір метр.

Алаңның ені отыз метрге дейін жетеді.Алаңның бұрыштары доғалданп келген.Берік жақтаумен айналдыра қоршалған болады.Мұз алаңы түрлі-түсті сызықтармен ұш бөлікке бөлінеді.Олар қорғаныс аймағы,ортанғы аймақ және шабуыл аймағы.Қарсыластар аймағына шайба өтпей тұрып,шабушылардың қадам басуына қақысы жоқ./75/






17-ші модуль

Қазақстанның белгілі спортшылары.


Илья Ильин 1988 жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген.Ильяны спортқа тәрбиелеген

алғашқы ұстазы –ағасы.Шешесі шаштараз қызметін атқарады.Ұлы екі дүркін олимпиада чемпионы атанған соң, «Батыр-ана»атанған Галинаның бала күнінде жасап берген шаш қою үлгісін Илья еш өзгерткен емес. Шаш қойысына қатысты мынадай қызық жағдайы да басынан өткізген.Илья Ильин: «Республикалық жарыстарға алғаш қатыса бастаған кезім. Тікірейген шашымды көрген ұйымдастырушылар: «Мына шашыңмен сайысқа шықпайсың»,-деді.Келіспеп едім,бапкер: «Бірінші орын алғың келсе,өзгертуіңе тура келеді»-деді.Амал жоқ,шаш үлгімді өзгерттім.Жеңіске де жеттім./88/



18-ші модуль

Денсаулық-зор байлық.


Темекі шегетін оқушы мектепке қалыптасқан тәртіп жүйесін бұзады,ата-аналарының,достарының айтқан кеңестерін тыңдамайды.Темекі шегу өмірлік маңызды жүйе мен ағза органдары қызметін нашарлатады,әсіресе жас балалардың.Ол баланың-жасөспірімнің жалпы дамуын тежейді,олардың өсіп-ұлғаюын тоқтатады.Балалардың сабақ үлгерімі төмендейді,нәтижесінде зер салуы және есте сақтау қабілеті тым нашарлап кетеді.

Темекі шегу-зиянды.Темекі құрамында никотин уы болады.Темекі түтінінде зияндық келтіретін басқа да көптеген химиялық заттар бар. Дүниеде жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне жүгінсек,темекі шегуден жылына 4 миллион адам көз жұмады екен. /85/




19-модуль.

Денсаулық сақтау


Тазалық.

Ішкен тамақтарымызбен бірге асқазан,ішектерімізге микроб түсуі де мүмкін.Олай болса,тамақ дайындағанда,оны ішкенде,тазалық сақтаудың маңызы өте зор.

Тамақ ішер алдында қол жууды ұмытпандар,оны әдетке айналдырыңдар.

Шыбын,тарақан,тышқан сияқты жәндіктер де өте қауіпті.Шыбын ұшып жүріп кез келген жерге қонады.Шыбын қоқыс салынған,тамақтың қалдығы жаналған жәшіктер,мал қораларының маңайында жүреді.Шыбын қонған жерлерінен қанатына,бауырына лас микробтарды жұққызады да,екінші бір жерге қонғанда,микробтарды сонда тастап,жүрген жерлерін ластап,ауру тұғызады.Шыбын-зиянды жәндік.Сол сияқты-тарақан,тышқандар да шаңтозаң,лас жиналған жерлерде болады./89/


20-шы модуль

Қазақ тілі-мемлекеттік тіл.

Тіл әрбір адамға өмір бойы керек.Жер бетінде халық та,тіл де көп.Ғалымдар дүние жүзінде бес мыңдай тіл бар деп есептейді.

Қазіргі уақытта көп тіл білу-өмір талабы.Көп тіл білетін адамды полиглот деп атайды.

Қазақтар: «Өнер алды-қызыл тіл»,-дейді.Өз ойын шешен тілмен жеткізе білгендерді ерекше бағалайды.

Біздің республикамыздың мемлекеттік тілі-қазақ тілі.Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады.Қазақ тілі-өте бай,көркем тіл.

Кісі көп тіл меңгерген сайын оның өмірдегі табыстары арта түседі,мүмкіндіктері молаяды./79/



21-ші модуль.

Қазақ тілін үйренеміз.


Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі.Ол түркі тілдері тобына жатады.Қазақ тілі сияқты түркі тілдерінің тобынан тараған қазіргі қарақалпақ,ноғай татар,башқұрт,қырғыз,өзбек,түрікмен,әзірбайджан,ұйғыр,чуваш,тува,саха,т.б.тіл-дерінде сөйлейтін халықтар бір-бірімен еркін түсінісе алады.Сол себепті бұл тілдер өзара туыстас тілдер болып есептеледі.Ал қазақ,қарақалпақ,ноғай,татар,башқұрт тілдері бір-біріне өте жақын.Өткені бұлар жалпы түркі тілдерініңбір-біріне өте жақын.Өткені бұлар жалпы түркі тілдерінің бір тармағы-қыпшай-ноғай тобынан өрбиген тілдер./81/



22-модуль.Интернет деген не?


Ғаламтор адамдардың өмірін түбегейлі өзгертті.Оның себебі бар.Бұрын адамдар бір-біріне хат жазып,оның жауабын ұзақ уақыт күтіп жүретін болса,қазір бір-екі секундта хабарласып,досының ,бауырының,әріптесінің халің,жаңалығың біле алады.Керемет деп осыны айт!

Электронды пошта арқылы әртүрлі адамдар,көптеген ұжымдар бір-біріне электронды мәтін жіберіп,хабар алады.Электронды пошта,яғни ағылшынша технологияның электронды хабарламаларды,хаттарды жіберу немесе жазу үшін ұсынатын қызметі немесе «электронды хаттар» дегенді білдіреді. Кәсіпорындарда электронды пошта қарым-қатынастың күшті құралы болып саналады. Тонна-тонна қағаздарды жұмсағанша,шапшаң түрде,көзді ашып-жұмғанша қажетті ақпаратты,мәтініңді жібере саласың.



23-ші модуль

Интернет жүйесіне қосылу.


Адамдар бүгінде электрондық поштаны пайдаланады.Ол кәдімгі байланыс құралдарынан әлдеқайда ыңғайлы.Әрі жылдам.Компьютер арқылы хат жазсаңыз,ол бір минуттан кейін алушының электрондық байланыс жәшігіне түседі.

Интернет те электрондық байланыс құралы.Оған дүние жүзінің басты-басты электрондық байланыс агенттерінің бәрі қосылған;сондықтан сіз әлемнің түпкір-түпкірінде болып жатқан оқиғаларды біле аласыз.

Интернетке бір мезгілде әлемнің әр шалғайынан миллиондаған пайдаланушы қосылған.Солардың өзара әңгіме-дүкен құруына арналған мыңдаған «чад» символы бар,бұл-әр адамның бүркеншік атпен өзара тіл табысуына жағдай жасайды.

Белгілі бір мәселе бойынша молырақ мәлімет алғыңыз келсе-интернеттің тиісті сайттарын ашасыз./92/















Қолданылған әдебиеттер



1.Сазды аспаптар сыры.О.Бейсенбекұлы.Алматы. «Ана тілі» 1994ж. (ұлттық музыкалық аспаптар жайында)

2.Балалар иен жасөспірімдер арасында нашақорлықтың,темекі шегудің және ішімдік ішудің алдын алу жөнінде ата-аналарға арналған әдістемелік құрал. Алматы «Раритет»2007ж.

3.Темекі шеккенің-өзіңді құртқаның.5-8 сынып оқушыларына арналған танымдық оқу құралы.Алматы «Раритет»2007ж

4.Шымыр келер шығыстың ұл-қыздары.Ондасын Елубай. «Отырар»Алматы.2000ж.

5.Қазақ халқының салт-дәстүріС.Қалиев.8-9 сыныптарға арналған оқу құралы.

6.Қазақ тілі.7-шы сынып.Т.Артықова.Алматы, «Атамұра»2007ж.

7.Қазақ тілі.8-ші сынып.Алматы. 2007ж.

8.Балдырған журналы.2012жыл.№2.Алматы.

9. «Мөлдір бұлақ»журналы.2012ж. №3.Алматы.

10.Диктант жинағы. Ж.Адамбаева.4-11 сынып.1993жыл.Алматы «Рауан»
























Мазмұны.


1.1-ші модуль.Менің отбасы мүшелерім.

2.2-ші модуль.Тәрбие отбасынан басталады.

3-ші модуль.Тұрмыстағы мәдениет.

4-ші модуль.Сыйлықтар.

5-ші модуль.Мен досыма қалай сыйлық сыйлаймын?

6-шы модуль.Жаз.

7-ші модуль.Менің жазғы демалысым.

8-ші модуль.Ұлттық тағамдар.

9-шы модуль.Тамақтану мәдениеті.

10-шы модуль.Киім.

11-ші модуль.Ұлттық киім.

12-ші модуль.Музыка әлемінде.

13-ші модуль.Сиқырлы саз сырлары.

14-ші модуль.Қорқыт-күй атасы.

15-ші модуль.Менің әуес ісім.

16-шы модуль.Спорт түрлері.

17-ші модуль.Қазақстанның белгілі спортшылары.

18-ші модуль.Денсаулық-зор байлық.

19-шы модуль.Денсаулық сақтау.

20-шы модуль.Қазақ тілі-мемлекеттік тіл.

21-ші модуль.Қазақ тілін үйренейік.

22-ші модуль.Интернет деген не?

23-ші модуль.Интернет жүйесіне қосылу.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Методический продукт "Сборник диктантов по казахскому языку"

Автор: Григорьева Сания Закеновна

Дата: 28.02.2015

Номер свидетельства: 179942


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства