Просмотр содержимого документа
«Мені? с?йікті кейіпкерім »
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті кейіпкерім
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушылардың етістіктің келер шағы, сүйікті кейіпкерлері туралы алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру;
ә) дамытушылық: әр түрлі тапсырмалар арқылы
оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық
қасиеттерін қалыптастыру,
шығармашылыққа баулу, ой-өрісін арттыру, өз ойын
тиянақты жеткізуін дамыту.
б) тәрбиелік: оқушылардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік
сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық
қасиеттерді қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, СТО элементтері, тест
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, бағалау парағы
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті,орыс тілі, ағылшын тілі;
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, жоқтарын түгендеп, журналды толтыру, сынып бөлмесінің тазалығы, оқу құралдарының толықтығы, оқушылардың көңіл-күйі, оқушылар назарын сабаққа толық аудару.
Сынып оқушыларын түрлі-түсті гүлдер салынған карточкалар арқылы (қызыл, ақ) екі топқа бөліп отырғызамын. І топ «Қыран», ІІ топ «Тұлпар»