kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мемлекеттік тілді о?ыту - сапасын арттыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мемлекеттік тілді о?ыту - сапасын арттыру

 

                   ?ай елді? болсын ?сіп ?ркендеуі ?ркениетті д?ниеде ?зіндік орын алуы оны? ?лтты? білім беру ж?йесіні? ?алыптасуына, даму ба?ытына тікелей байланысты. Себебі ?азіргі кезде ?р адамны? болаша?ы оны? ал?ан біліміні? сапасы мен к?леміне ?арай сарап?а салынады. ?мір а?ымына тек білімі мен білігі жо?ары адамдар ?ана ілесе алады. Сонды?тан сол мемлекеттік стандарт?а сай, жан-жа?ты дамы?ан, шы?армашыл т?л?а ?алыптастыруымыз керек. О?ыту мен о?у, ?йрету мен ?йрену ?немі бір-бірімен астасып жатыр. Сонды?тан о?у барысында ?ашанда баланы? п?нге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру, шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту керек. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мемлекеттік тілді о?ыту - сапасын арттыру »

Мемлекеттік тілді оқыту - сапасын арттыру


Қай елдің болсын өсіп өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Себебі қазіргі кезде әр адамның болашағы оның алған білімінің сапасы мен көлеміне қарай сарапқа салынады. Өмір ағымына тек білімі мен білігі жоғары адамдар ғана ілесе алады. Сондықтан сол мемлекеттік стандартқа сай, жан-жақты дамыған, шығармашыл тұлға қалыптастыруымыз керек. Оқыту мен оқу, үйрету мен үйрену үнемі бір-бірімен астасып жатыр. Сондықтан оқу барысында қашанда баланың пәнге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту керек.

Оқу процесінің жеделдеуіне байланысты қазақ тілі пәнін заман талабына сай, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып жүргізу қажеттілігі туып тұр. Қазақ тілін оқутыда ойын түрлерін пайдалану оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттырады.

Ойын түрлері дұрыс қолданылып өткізілген сабақта оқушының қазақ тілін үйренуге деген ықыласы артып, сол тілде сөйлеп үйренуге, тілді білуге қызығады. Оқушылар білімді ойын арқылы да алады. Сабақта ойын арқылы білімін шыңдап,ой-өрісін кеңейте алады. Оқушының жас ерекшелігіне, зейініне сай ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүние танымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады және сабаққа қызығушылақтарын арттырады.

Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан – алуан.

Оқыту процесінің әр түрлі сатысында ойын түрлері танымдық мақсатты көздей отырып әр түрлі формада қолданылады. Бастауыш сыныпта заттың түріне қызығушылық басым болады. Сондықтан олардың өзіндік дара қабілетін дамыту керек. Орта буындағы оқушыларға өз бетінше іздену мақсатындағы жұмыстарды беріп, ойын түрлерін шығармашылық түрінде ұйымдастыру пайдалы. Жоғары сынып оқушыларына білім алудың белсенді формалары қалыптасып дамиды. Бұл сыныптарда ойын түрлері шығармашылық мәнде, мақсатты жүргізіледі.

Ойын түрі – ұжымдық еңбек, сондай-ақ тәрбиелік мәні зор тәсілдерге жатады. Ойын барысында оқушының қабілеті, іскерлігі көрінеді. Мұғалім әр оқушының жұмысын бағалауға мүмкіндік алады. Ойын оқушыны бірігіп жұмыс істеуге үйретеді, іздендіру, іздену дағдыларын қалыптастырады.

Ойын түрлерін қолдану арқылы жаңа тақырыпты жеңіл де тиянақты,нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталады.

Қазақ тілі сабақтарында ойын түрлерін мынадай мақсаттармен қолдануға болады:

1.Тән дыбыстарды дұрыс меңгерту.

2. Дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру.

3. Лексиканы меңгерту.

4. Грамматикалық, морфологиялық құрымдарды меңгерту.

5. Оқушының ойын дамыту, дұрыс айту, жазу, оқи білу дағдыларын қалыптастыру.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып,олардың қызығушылығын арттыра түсу үшін, әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.

  1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.

  2. Арнаулы бір тақырыпта пікір талас тудыру.

  3. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар).

  4. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытында жұмыс (мәтін мазмұнын өңдеу, шағын әңгіме мәтінін құру т.б.).

  5. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.

  6. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту.

  7. Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру.

  8. Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлен шұмақтарын құрастыру.

Жаңа буын оқулықтары шығармашылық пен ізденушілік, жаңашылдықты талап етеді. Оқушыларға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру - әр ұстаздың негізгі міндеті.

Өзімнің іс-тәжиребеме сүйене отырып, сабағымда әр түрлі педагогикалық технологияларды басшылыққа аламын. Жаңа технологиялық әдістерді пайдалана алу оқушылардың ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой-өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Тілді үйренуге тек ойынмен ғана қызықтыруға болады. Сабақ өткізу барысында түрлі ойын түрлерін қолданамын. Оларды жана сөздерді игеруде де, өткен сабақты қайталауда, жаңа тақырыпта да лайықты қолдануға болады.

Мысалы: «Қай әріпті жоғалттым?», «Дұрыс-бұрыс», «Сақина салу», «Сөзді жалғастыр», «Суреттер мен сөздерді жұптастыру», «Қара да жаз», «Аралас әріптерден сөз құрау» және т.б көптеген ойын түрлері, үлттық ойын түрлерін де тақырыпқа лайықтап пайдалану ғасырлар бойы тамаша дәстүрімізді қайта жандандырып, ұрпақтар бойына сіңіруге үлкен көмегін тигізеді және салт-дәстүрімізді саналы түрде сезініп өседі.

«Ой қозғау» ойыны модульдік тақырыптарды өткенде өте тиімді «Арқан тартыс» (білім тартысы) ойыны, «Орамал тастау» ойыны, «Бәйге» ойындары грамматикалық және морфологиялық тақырыптарды қайталауда пайдалануға

болады. Диалог құру мақсатында «Телефон» ойыны өте ұтымды. Бұл ойында оқушылардың сұрақты, жауапты дұрыс құруына, сөйлесу мәнеріне көніл бөлуге болады.

Оқушылардың сабақта қызығушылықтарын арттыру мақсатында әр түрлі тест жұмыстарын жүргізу, тірек-сызбалар құру арқылы сабақтың тиімділігі арта түседі. Мысалы, мына тест жұмысы арқылы етістіктерді түр-түріне ажырату.


Кесте 1. Етістіктердің түрлері


Тірек-сызбалар арқылы әр түрлі тапсырмалар ұсынуға болады.

  1. зат есім + етістік, сын есім + зат есім,т.б

  2. зат есім + зат еім тудырушы жұрнақ + көптік жалғау + Барыс септік

  3. етістік + тұйық етістік тудырушы жұрнақ + Табыс септік

«Басқатырғы» ойындары, «Адасқан буындар» ойыны, «Иә немесе Жоқ» ойыны, «Ойлан да, орнына қой» ойыны, семантикалық карталар толтыру, тақырып бойынша ассоциация құру, синквэйн әдісін қодану – бұнын бәрі оқушылардың сабақта қызығушылықтарын арттыра түседі білім сапасын көтереді.

Негізгі етістік

Тұйық етітстік

Болымсыз етістік

Нақ осы шақ

Келер шақ

Өткен шақ

Шартты рай

Бұйрық рай

Қалау рай

1

бар









2

кет









3

сөйле









4

айт









5

жүгір









6

көр









Қазіргі кезде қазақ тілі пәнін компьютелендіріп оқыту – оқушылардың өз бетімен іздену жұмысының өте тиімді түрі. Соның нәтижесінде оқушының пәнге деген қызығушылығы арттыруда, олар сабақтан тыс уақытта да құлшыныс танытып отырады. Түрлі тапсырмаларды компьютермен орындау оқушыны еркіндікке, төзімділікке, мақсаткерлікке баулиды. Компьютер мен тапсырма орындауда мақсат айқын болғанымен, оған жетудің нақты жолдары көрсетілмейді. Сондықтан бұл оқушының қиялдау мүмкіндігіне жол ашылады, ақыл-ой белсенділігін дамытуға көмектеседі.

Компьютердің көмегімен жүргізілген бақылау жұмыстары оқушының білімін бақылап, материалдың дұрыс өтілгенін немесе дұрыс өтілмегенін талдауға мүмкіндік береді.

Қазақ тілі пәнін компьютермен оқутудағы мақсаты – оқу жұмысының жоғарғы дәрежелі болуына жағдай жасау, оқушының біліктілігі мен белсенділігін арттыру, оқушының мақсатты қызметін ынталандыру.

Компьютерді пайдалану арқылы сабақ сапасын көтерумен қатар, оқушылардың ынтасын арттырып, оқушының назарын пән мазмұнына аударып, өз бетінше практикалық жұмыстарды орындауға қызықтырады.

Қазақ тілі сабақтарында интерактивтік тақтаны қолдану оқыту үрдісінің тиімділігін арттыра түсті. Мультимедиялық технологиялар, компьютерлік презентациялар бағдарламасы сабаққа көрнекілік дайындаудың ең ыңғайлы әдістердің бірі болды. Сабақта көрнекті материалды кесте, тірек-сызба арқылы, видиосюжет арқылы көрсетуге мүмкіндік береді, бұл оқушылардың білімдерін бақылауына да мүмкіндік туғызады.

Компьютерлік нұсқада сабақтарға қосымша материалдар, тестер, сынақтар жасалған. Интерактивтік тақтада жұмыс істеу әдістері ойластырылып, әр түрлі тақырыптарға слайдтар (презентация), флипчарттар құрылған.

Жана техника тек кең көлемде білімге ғана қол жеткізіп қоймай, сонымен қатар оқушыларға ақпарат алу үшін электрондық құралдарды пайдалануға және зерттеу дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерін тудырады. Тіл үйренгендегі мотивацияны көтеруде, коммуникативті әрекет дағдыларын қалыптастыру және бекіту үшін өте қолайлы құрал болып табылады. Компьютерлік слайдтар арқылы түрлі иллюстрациялар, олардың басты негізгі үзінділерін бөліп, үлкейтіп көрсету оқушылардың қызығушылығын туғызады. Оқушылар тек көріп қана қоймай, сабақты эмоциямен қабылдайды.

Сөзімді қорыта келе, оқушылдардың қазақ тілі пәніне қызығушылықтарын әр түрлі тәсілдермен арттыра түсіп, сол алған білімді сапалы игеріп, оны күнделікті тұрмыс-тіршілікте пайдалануға үйрету және ойлау қабілетінің дамуына, шығармашылық дағдыларын жетілуіне жол ашады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Мемлекеттік тілді о?ыту - сапасын арттыру

Автор: Окенова Гульван Зейниловна

Дата: 26.02.2015

Номер свидетельства: 179010


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства