kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектептегі ?ызы?ты ?мір

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектептегі ?ызы?ты ?мір.Интересная школьная жизнь.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектептегі ?ызы?ты ?мір»

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қаласы

10 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Оралбаева Бейнегүл Айтпайқызы





Сабақ тақырыбы: Мектептегі қызықты өмір

Сабақтың мақсаты: «Мектеп» тақырыбынан өткен материалдарды кайталату арқылы оқушылардың білімдерін жүйелеп, бекіту,оларды тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету, тақырыптың негізгі идеясын ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: өткенді еске түсіру, сұрақтарға жауап беру, көрген, естіген, оқығандарын практикада қолдана білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту,

ой-өрістерін кеңейту.

Тәрбиелік: білім алуға ынталандыру, оқушыларды оқуға шақырып, өз мектепті құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: білімді жүйелеу сабағы .

Сабақтың әдісі: интерактивтік оқыту әдісі, мәтінмен жұмыс, қайталау, сұрақ-жауап, сөйлемдер құрастыру, талдау, топпен жұмыс жасау, бір-бірін тексеру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, мәтіндер,сигналды кәртішке, бағалау парағы.

I.Ұйымдастыру кезеңі:

-Cәлеметсіздер ме, балалар?

- Сабақтың ұранымыз

Бір бірімізді тындаймыз.............

Психологиялық дайындық 1-слайд

-Балалар, көңіл күйлеріміз қалай ? /Өте жақсы/

-Балалар, менің алақаным сондай жылы Мен сендерге өз алақанымда бар жылулықты, жақсылықты, жақсы көңілімді беремін. /

-Қалай балалар , жылулықты сездік пе ?

-Солай болса, сабағымызды бастайық.

-Ал енді шеңбер құрамыз. Шеңбер ішінде сағат тілімен айналу арқылы сұрақтарға жауап береміз.

(Әр балаға тақырып беріледі): Зарина-«Мектеп», Тимур-«Сабақ кестесі» Никита – «Мұғалімдер», Диана –«Кезекші», Малика-«Кітапханада»

-Бұл барлығы қайда болады ?(мектепте)


Жаңа сабаққа кіріспе:

а)Қызығушылықты ояту: Ал, енді біз қазір жаңа тақырыпқа көшеміз. Қандай тақырып, екенің сендер маған айтып бересіздер, ол үшін мен сіздерге видео көрініс көрсетемін. 2- слайд

-Бұл бейнефильм не туралы?

-Сендер қалай ойлайсындар,мектеп ол не?

«Мектеп» сөзіне ассоциация

-Мектеп есігін алғаш рет ашқан күннен бастап біз үшін мектеп өмірі басталды. Сабаққа бару , үзіліске шығу, күнделік толтыру, үй тапсырмасын орындау, ғылыми жұмыстарға дайындық жасау, түрлі мерекелерге қатысу-міне осының бәрі мектеп өмірі.

Үйретейік, үйренейік біз бүгін,

Білімнің толтырайық сандығын.

Білім жолы басталады мектептен,

Білімсіз қандай адам алыс кеткен.

- Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?

Слайд 3 - Сабақтың тақырыбы

- Сабақтың тақырыбы: Мектептегі қызықты өмір.

Бүгін сабақта мектеп туралы білімдерімізді тиянақтаймыз,

2- топ бойынша жұмыс атқарамыз.

1- топ- «Білгірлер» тобы, ал 2 -топ «Тапқырлар» тобы.

-Бәріңізге сәттілік тілеймін !

Балалар топта спикер болады , мына бонустарды жауап берген оқушы жапсырады./ кестені көрсету/

II Үй тапсырмасын тексеру

Мектеп туралы жұмбақ жасырады, басқа топ шешуін табады

III Негізгі бөлім 4- слайд

а).Сөздікпен жұмыс:

Білім ошағы-очаг знаний

Қабырғасында-в стенах

Кіргенде-когда входишь

терек-тополь

ішіне-во внутрь

кіреберісте-у входа

сонымен катар-наравне с ними

тілге қабілеті-способности

арналған-посвящены

ешкімді ренжітуге тырысамын-стараюсь никого не обижать

ә)«Ыстық орындық». Топтағы оқушылар сандарға бөлінеді.

№1 санды бала: Жаңа сөздерді сұрайды.

№2 санды бала: Тақырып бойынша сұрақ қояды.

№3 санды бала: - сөз тіркесін құрайды

№4 санды бала:-1-топ зат есімді , 2-топ-сын есімді,3-топ-етістікті табады.

г)Критерий бойынша бағалайды:

б)«Мектеп туралы» мәліметке сүйене отырып, мәтінді аударады.

- Қызыл түстілер бір бөлек, жасыл және көк түстілер бір бөлектен отырыңдар.

Қызыл түстілерге мәтіннің 1 – ші ,4-ші бөлігі, көк түстілерге мәтіннің 2 - ші бөлігі беріледі,жасыл түстілер -3-ші бөлігі.

Оқушылар мәтіндерді оқып болған соң, өз орындарына отырады. Әр топ мүшелері мәтіннің мазмұнын айтып береді.

4)1-топ:1-тапсырма: диалог құру.

2-тапсырма: «Қара жәшік» / музыкасы/

-/ Бұл жәшікте не жатыр?/

-Оқу құралдарының бірі. Оқушылардың ең қажетті құжаты. Бұл не?

/күнделік/

2-топ: 1-тапсырма: мәтінді жоспар бойынша бөлу.

. 2-тапсырма: «Мектеп»- сөзіне синквейн құрау.

Тексеру

« Велосипед» әдісі арқылы тексеру.

ІV. «Бәрін білгім келеді?» ойыны.

-Балалар, мектептің жүрегі кімдер? / мұғалімдер/

-Біздің мектебімізде қандай мұғалімдер жұмыс істейді ?

-Бүгін олар сендерге сұрақтар дайындады.

-Ал қазір ойын ойнайық

«Бәрін білгім келеді?» ойының музыкасы

Бұл ойын 5 сұрақтан тұрады. /презентацияда берілген

Y. Қорытыңды

Сонымен балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы қандай болды ?
- Сонда бізге мектеп не үшін керек?

-Сабақта не істедік?

Рефлексия

/ Сигнал арқылы көрсету/

Жасыл – сабақты түсіндім, сабақ өте ұнады.

Қызыл – сабақты орташа түсіндім, сабақ онша ұнамады.

YI. Оқушыларды бағалау

Спикерлерге сөз беріледі. 1 топ 2 топтың жауаптары ұнады ма?

-Кімдер жақсы жауап берді?

Спикер өз тобының мүшелерің бағалайды.

YII. Үйге тапсырма

Эссе «Болашақтағы мектебім»

Мектебім, ордам, киелім, алтын бесігім,

Мәртебең артып, туың бір төмен түспесін.

 Адамдықтың ақ адал туы атанып,

Ұрпаққа ұрпақ аманат етіп жеткізсін!..

-Сабағымыз аяқталды Бәріңізге рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Мектептегі ?ызы?ты ?мір

Автор: Оралбаева Бейнегуль Айтпаевна

Дата: 28.05.2016

Номер свидетельства: 330912


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
1000 руб.
4000 руб.
1000 руб.
4000 руб.
3450 руб.
13800 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства