kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Металды шапқымен кесу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Слесарлық іс пәні бойынша өндірістік-оқыту пәні бойынша сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Металды шапқымен кесу"»

№ 8 Мойынқұм колледжі











Слесарлық іс пәні бойынша өндірістік оқыту сабағының жоспары







Сабақты өткізген : ЭГД-233 тобының

ө/о шебері

Байділдаев Е.











Мойынқұм ауылы – 2017 жыл



Өндірістік оқыту сабағы № 6

Сабақты өткізу мерзімі: _____________

ө/о шебері Байділдаев Е.

Мамандық : «Электргазымен дәнекерлеуші»

Оқу тобы : ЭГД-233

Тақырыбы Металдарды шапқымен кесу

Өткізу орны Слесарлық шеберхана



Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Металдарды шабу, егеу, кесу кезінде қолданылатын аспаптармен және оларды пайдалану әдістерімен таныстыру;

  2. Тәрбиелік : орындайтын жұмыстарын сапалы жасауға дағдыландыру, инструменттерге ұқыпты қарауғаэнергия мен материал шығындары үнемдеуге тәрбиелеу;

  3. Дамытушылық: теориялық сабақта алған білімдерін практикада қолдануға машықтандыру, техникалық ой-өрістерін дамыту.



Сабақтың түрі:тәжірибе жүзінде  оқып-үйрену тәсілдерін  көрсетіп үйрету.


Пәнаралық байланыс: арнайы технология, материалтану, физика, сызу.





Жұмыс  орнының жабдықтары: ұсталық верстактар мен қысқыштар, дайындамалар, шапқы, балға, крейцмейсель, тістеуіктер, металл кескіш аралар мен қайшылар, егеулер, өлшеу­­-бақылау аспаптары















САБАҚ БАРЫСЫ


Сабақ кезеңдері

Шебердің іс-әрекеті

Білімгерлердің іс-әрекеттері

Ескертпелер

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Білімгерлермен амандасу

  2. Білімгерлерді тексеру

  3. Сабаққа дайындықтарын тесеру

  1. Шебермен сәлемдесу

  2. Кезекшінің рапорты

  3. Сабаққа дайындалу

Ауызша

  1. Кіріспе нұсқама

    1. білімгерлердің назарын оқу-өндірістік жұмыстарына аудару



    1. Білімдерін тексеру













2.3 Жаңа тақырып бойынша нұсқау беру




  1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру

  2. Сабақтын мақсатын қою


  1. Білімгерлерге алдағы өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, білімдерін тексереді.

  2. Жұмыс орнындағы техника қауіпсіздігі ережелерін қайталайды


  1. Жаңа тақырыпты түсіндіреді

  2. Жұмысты орындау ретін көрсетеді

  3. Жаңа тақырыпты бекітеді

  4. Практикалық жұмыстарын таратады

  5. Жұмысты орындауға берілетін уақытын айтады





  1. Сабақтың тақырыбын, мақсатын дәптерлеріне жазады.


  1. Сұрақтарға жауап береді

  2. Техника қауіпсіздігі ережелерін қайталайды







1.Тыңдайды, жазады, түсінбеген жерлеріне сұрақтар қояды.

2.Құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, шебердің көрсеткен жаттығу жұмыстарын қайталайды






Ауызша






Ауызша


















  1. Негізгі нұсқама

3.1 Білімгерлердің өзіндік жұмыстары




Білімгерлерді тексеру мақсатында жұмыс орындарын аралау.

  1. аралау

Білімгерлерді жұмыс орындарына  орналастыру.

  1. аралау                  Жұмыстың уақытылы басталуын қадағалау.

 3-аралау  

Іс -қимылдарының және жұмыстың дұрыс орындалып

жатқанын, техника қауіпсіздігінің сақталуын қадағалау.

4-аралау

Жұмыстың орындалу ретін қадағалау

5 –аралау

Дайын болған жұмыстарды қабылдау, жұмыс орнын    жинастыруды тапсыру.








Жұмыс орындарына орналасады



Жұмыстарын орындайды


Жұмысты орындау барысындағы іс-қимылдарын пысықтайды


Өз беттерінше жұмысты орындауға дағдыланады


  1. Қорытынды нұсқама


  1. Орындаған жұмысты қабылдау және бағалау

  2. Сабақ барысындағы кемшіліктерді талдау және ең жақсы жұмыстарды атап өту, насихаттау

  3. Сабақтын мақсатына жету дәрежесін хабарлайды


  1. Үй тапсырмасын береді

Өз жұмыстарын бағалайды


Қарайды, тыңдайды



Тыңдайды, талқылайды, сұрақтар қояды






1 қосымша

Сұрақтар :

1) Слесарь дегеніміз кім??

2) Негізгі слесарлық операцияларды ата?

3) Слесарлық шеберханалар қалай жабдықталынады?

4) Металға белгі салу үшін қандай аспаптар қолданылады?

5)Белгі салудың түрлерін және олардың неге арналғанын көрсетіңдер.

6) Белгі салудың кәдімгі әдістерінің дәлдік дәрежесі қандай?

7) Белгі салу құралдарын, олардың құрылысының қандай ерекшеліктері бар және қалай қолданылатынын атап айтыңдар.

8)Белгі салу кезінде белгі сызықтарын жүргізудің тәртібі. Горизонталь, вертикаль және көлбеу сызықтарды, доға мен шеңберді жүргізудің тәсілдерін айтыңдар.

9) Белгі сызықтарын керндеу ережелері.

10)Геометриялық жолмен 20 градус 40 –қа тең бұрыш салыңдар.

11) Слесарлық жұмыстар кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері қандай?



Техника қауіпсіздігі:

. Арнаулы және ықшамды жұмыс киімдерін қию керек. Киімнің жеңін түймелеу немесе шынтақтан жоғары қайырып алу керек.

. Ұста верстагын тексеру. Ол берік, тұрақты және оқушының бойына сәйкес болуы керек. Ұста қысқыштары дұрыс және верстаққа берік бекітілуі қажет. Жүріс винті гайкада жеңіл бұралуы қажет.

. Аспаптарды тексеру. Саптарының жарықшағы жоқ және жұмыр аспаптармен ғана жұмыс істеуге болады. Аспаптарды ағаш саптарға тазаланбаған, металл жаңқалары бар верстактарға ұрып отырғызуға болмайды. Себебі ағаш саптарға енген жаңқалар жұмыс істеу кезінде қолды жаралауы мүмкін. Шапқы, тескіш, балға, таңбалағыш және т.б. жұмыс аспаптарының жұмыс бөлігінде жарықшақ, мұқалу, тығыздалып қатаю наклеп болмауы керек.

. Егеулерді тазалайтын щеткалар, жаңқаларды жинайтын қалақтар мен сыпырғышщеткалар болуы керек. Бөлшектердің жұмыс бетін жеткілікті жарықпен қамтамасыз ету керек.














2 қосымша

Шебер білімгерлерді металдарды шапқымен кесу құрал-жабдықтарымен, жұмыстарымен таныстырады, көрсетеді.

  1. Металдарды шабу

 

Металдарды шабу деп  дайындамадан металл қабаты бөлінін алынатын немесе дайындаманы бөліктерге бөлетін өңдеу операциясы аталады. Крейцмейсель немесе шапқының жұмыскескіш бөліктерінің пішіндеріне сәйкес сынаның әсері, металдарды шабудың физикалық негізі болып табылады. Металдарды шабу операциясы дайындамаларды станокта өңдеу қиын немесе  тиімсіз болған жағдайда қолданылады.

Металдарды шабу арқылы дайындаманың бетін тегістеуге, оның бетіндегі қатты қабатты шабуға, бөлшектердің үшкір жиектерін өңдеуге, жырықшалар мен ойықтарды алуға, қалыңтыр металдарды бөліктерге бөлуге және т.б. болады.

Металдарды шабу, әдетте, қысқыштардың көмегімен жүргізіледі. Қалыңтыр металдарды бөліктерге шауып бөлуді тегіс металл плиталардың үстінде жүргізуге болады.

Металдарды шабу кезінде негізгі кескіш аспаптар ретінде крейцмейсель немесе шапқы, ал соғу аспабы ретінде балға қолданылады.

Ұсталық шапқы 6. сурет  бұл аспапты көміртекті болаттан дайындалған стержень. Ол үш бөліктен тұрады:  - соғатын бөлігі  - ортаңғы бөлігі  - жұмыс кесу бөлігі. Шапқының соғатын бөлігі жоғары қарай жіңішкеріп, ал төбесі дөңгеленіп жасалған. Шапқының ортаңғы бөлігі шабу кезінде ұстауға арналған. Жұмыс кесу бөлігі сына тәрізді. Сынаның үшкірлеу бұрышы өңделетін материалдың қаттылығына байланысты таңдалып алынады.

Кеңінен қолданылатын материалдарды шабуға ұсынылатын сынаның үшкірлеу бұрыштарының мәндері:

- қатты материалдар үшін қатты болат, шойын ­ 70 о

- қаттылықтары орташа материалдар үшін болаттар  60 о

- жұмсақ материалдар үшін мыс, жез  45 о

- алюминий қорытпалары үшін  35 о.

Шапқының соғатын және кесетін бөліктері термиялық шынықтыру, жұмсарту өңделеді. Шапқының шынықтырылу дәрежесін егеу арқылы анықтауға болады. Ол үшін егеуді шапқының шынықтырылған бетімен жүргізеді. Егер егеу шапқының бетімен «сырғанайтын» болса, онда ол жақсы шынықтырылған.

Крейцмейсель  шапқыға үқсас аспап, айырмашылығы, оның кесу жиегі жіңішке. Крейцмейсель жіңішке ойықтар мен жырықшаларды шабуға арналған. Крейцмейсельмен металдардың қалың қабатында бірнеше жырықшалар ойылып, олардың арасындағы металды шапқымен шабады.

Әр түрлі пішінді ойықтарды шабу үшін арнаулы крейцмейсельдер қолданылады. Олардың айырмашылығы тек кесу жиегінің пішінде ғана.






2.Ұсталық балғалар

 

Металдарды шабу кезінде екі түрлі балғалар қолданылады: соғатын бөлігі дөңгелек және квадрат пішінді. Балғаның негізгі сипаттамасы оның салмағы болып табылады. Металдарды шабу үшін салмақтары 400-600 г балғалар қолданылады. Балғалар көбінесе аспапты көміртекті болаттардан дайындалады. Балғаның жұмыс бөліктері дөңгелек немесе квадрат соғатын бөлігі және сына тәрізді екінші жақ бөлігі термиялық өңдеуден өткізіледі. Балғаларды ағаштардың қатты түрлерінен қайың, емен, қара ағаш, тобылғы және т.б. және синтетикалық материалдардан дайындалған саптарға бекітеді. Саптардың көлденең қимасы сопақ, овал тәрізді және бос ұшына қарай жуандайды. Олардың кіші көлденең қимасының үлкен көлденең қимасына қатынасы 1:1,5 тең.

Саптың балға отырғызылған ұшы ағаш немесе металл сыналармен бекітіледі.

3.Металды шабу


Металдарды шабу кезінде денені дұрыс ұстаудың жұмыс істеушінің денесі мен аяғын ұстауы, кескіш аспаптарды дұрыс ұстаудың және балғамен соғуды орындау техникасының маңызы зор.

Балғамен соғу кезінде дененің ауырлық центрі тұрақты болуы керек. Ол үшін жұмыс істеушінің денесі тік және қысқыш осіне 45 о шамасында жартылай бұрылып, табандарының ось сызықтары 40 о болатындай сол жақ аяғы жарты қадам алға қарай тұруы керек 6.2 сурет, а, г.

Шапқыны оның соғатын бөлігінің шетінен 15-20 мм төмен, ортаңғы бөлігінен ұстау керек. Шапқының кесу жиегі жаңқа алынатын сызыққа кесу сызығы қойылады.

Шапқының бойлық осі өңделетін металдың бетіне 30-35 о бұрышпен, ал қысқыштың бойлық осіне 45 о бұрышпен орналасқаны дұрыс 6.2 сурет, б, в.

Балғаны, оның сабының шетінен 15-20 мм төмен, оң қолмен ұстайды. Балғаның сабын барлық саусақтармен қатты қысып, шапқының соғатын бөлігінің тең ортасынан қатты соғу керек.

Балғамен соғуды орындау білектің, шынтақтың немесе иықтың көмегімен болуы мүмкін 6.2 сурет, д, е, ж.

Білектің көмегімен соғу кезінде балғаны серпу тек оң қолдың білегі арқылы іске асады. Мұндай соғу тек металдарды өте дәл шабу немесе жұмсақ металдың жұқа қабатын алу кезінде қолданылады.

Шынтақтың көмегімен соғу кезінде оң қол шынтақтан бүгіледі. Қатты соққы алу үшін оны тез жазады. Бұл әдіс шабу кезінде өте жиі қолданылады.

Иықтың көмегімен соғу кезінде жұмысқа оң иық және оң қолдың білегі қосылады. Бұл әдісте, балғаны жоғары қатты серпіп қайта түсіргенде, соққының күші ең көп болады. Иықтың көмегімен соғу металдардың қалың қабатын шабу үшін қолданылады.

Соққының күші жұмыстың түріне сәйкес болуы керек және балғаның салмағы мен сабының ұзындығы ескеріледі. Балғаның салмағы ауыр және сабы ұзын болса, соққының күші де көп болады.


 

Қысқыштарда металдарды шабу үшін берік және салмақты қысқыштар қолданылады. Шабу қысқыштың бетімен бірдей немесе одан жоғары деңгейде жүргізіледі. Қысқыштың бетімен бірдей деңгейде жұмсақ, жіңішке, қалыңтыр металдар, ал одан жоғары дейгейде жалпақ бетті дайындамалар шабылады. Морт материалдарды шойын, қола шеті жарылып, сынып кетпес үшін, шетінен ортасына қарай шабады. Шабудың соңында балғаның шапқыны соғу күші азайтылады.

Металл бетінің қалың қабатын бірден түгелдей шабуға тырысудың қажетті жоқ. Ол біріншіден көп уақытты алады, ал екіншіден шабылған беті тегіс болмайды, брак болуы да мүмкін. Мысалы, қалыңдығы 4 мм қабатты екі рет 2 мм-ден шабуға болады.

Металдарды шапқымен шауып бөлу металл төстің немесе плитаның үстінде жүргізіледі. Бұл кезде шапқы вертикаль бағытта қойылады. Шабу кезінде шапқыны жылжытқанда, оның кесу жиегінің шамалы бөлігі шабылған ойықта қалып отыруы керек. Сонда шабылған бет тегіс болады.

Металдарды шабу кезінде кескіш аспаптар мұқалып, өтпей қалуы мүмкін. Соңдықтан, оларды қайрап, қалпына келтіріп отыру керек. Қайрау кезінде кескіш аспаптардың кесу жиектері қатты қызып кетпес үшін, оларды қайраққа немесе ажарлау шеңберлеріне күшпен қысып жақындатуға болмайды. Сол сияқты, қайралатын бөлігін 5  сода бар суға әлсін-әлсін суытып отыру керек.

Кесу жиектерінің қайралу бұрыштары 70 о, 60 о, 45 о және 35 о ойықтары бар арнаулы шаблондардың көмегімен тексеріледі.

Металдарды шапқымен немесе крейцмейсельмен шабу кезінде келесі техника қауіпсіздік ережелерін орындау керек:

 қорғағыш көзілдіріктерді пайдалану

 қолды балғамен ұрып алмау үшін әсіресе жаңа үйрену кезінде шапқыға сақтандырғыш резина шайбасын кигізу қажет

 қатты және морт материалдарды шабу кезінде жұмыс орнын арнаулы торлармен немесе қалқандармен қоршау керек


 тек жұмысқа жарамды аспаптармен жұмыс істеу керек.


Жұмысты орындау кезінде жіберілетін қателер:

Металды шапқан кезде, білімгерлер шапқыштын соғатын бөлігіне қарап тұрады, ол дұрыс емес. Шапқан кезде шапқыштын кесу жиегіне қарау керек, шапқыштын дұрыс бұрышта тұруын және шабатын жерді көріп, қадағалау үшін.


 









Бақылау сұрақтары

 

1.    Металдарды шабу дегеніміз не

2.    Шабудың физикалық мәні

3.    Шабу кезінде қандай аспаптар қолданылады

4. Шапқыш пен крейцмейсельдің айырмашылықтары неде?








































Сабақтың нұсқаулық картасы №1

Металдарды шабудағы жаттығу жұмыстары


Жұмыстың түрі


Орындау реті

Түсініктеме

Шабуды орындау техникасын менгеру

  1. жұмыс істеушінің денесін ұстауы

  2. жұмыс істеушінің аяқтарының орны







Қысқышты өз бойына қарай дұрыстап орнату. Қысқыштын алдына тік тұру. Солл аяғын оң аяқтан жарты қадам алдында болу керек.


  1. Балғаны қолға алу

Балғаны, оның сабының шетінен 15-20 мм төмен, оң қолмен ұста. Саусақтарын балғаның сабын қатты ұстап тұру керек, ал бас бармақ сұқ саусақта болуы тиіс.

білектің көмегімен соғу

4.Білектің көмегімен соғу

Соққы жасаған кезде саусақтарды жұмып ұстап тұру керек және соққыны тек білектің көмегімен жасау қажет. Минутына 40-60 соққы болуы тиіс

шынтақтың көмегімен соғу


  1. Шынтақтың көмегімен соғу

Соғу алдында оң қолды бүгіп, білекті артқа қарай бүгу.

иықтың көмегімен соғу

  1. иықтың көмегімен соғу

Соғу алдында оң қолды бүгіп, білекті артқа қарай бүгіп, құлақ тұсына дейін көтеріп, соғу.





Сабақтың нұсқаулық картасы №2


Жұмыстың түрі


Орындау реті

Түсініктеме

Металды қысқышта шабу

  1. Шабылатын металды қысқышта орнату

  2. Металды шабу

Шабылатын металды қысқыш бетіне жоғары денгейде орналастыру қажет;

Шабуды шынтақтың көмегімен соққылау арқылы орындау

Металл кесіндісін плита үстінде шабу

  1. Металл кесіндісін шабу








  1. Жазық бетті металды шабу




Бормен шабылатын жерлерін екі жағынан белгілеп алу. Металл кесіндісін плита үстіне қойып, қалындығынын жартысына дейін шабу. Шабуды шынтақтың немесе иықтын көмегімен жасау. Кесіндіні аударып,белгіленген жерін шабу. Қысқыштың көмегімен шабылған кесіндіні екіге бөлу




Шабылатын жерді белгілеп алу. Шынтақтың көмегімен шабу, шапқышты белгіленген жерге қойып, жылжыта отырып.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Металды шапқымен кесу"

Автор: Байдильдаев Ерсин Жолдасбаевич

Дата: 06.04.2019

Номер свидетельства: 506197


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства