kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Менджмент негіздері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ашық сабақ жоспары

Өткізілетін күні: 20.11.2019ж

Уақыты:  9.00

Топ: Қаржы-31
Пән: Менеджмент  негіздері.
Дәрістің түрі:  Аралас сабақ.
Оқыту әдісі: Баяндау,сұрақтар-жауап, сөздік.
Дәрістің тақырыбы: Стратегиялық жоспарлау
Дәрістің мақсаты:
Білімділік:Білім алушыларға  стратегиялық жоспарлаудың   мәні мен құрылымын
таныстыру, жаңа білім қалыптастыру.Дағдыларын дамыту, өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға және әрекет етуге үйрету.
Тәрбиелілік:Білім алушыларды іскерлікке тәрбиелеу, еңбек ете білуге, өзін және өзгелерді  рухани материалдық құндылықтармен қаматамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Білім алушылардың логикалық ойлау мәдениетін дамыта отырып, кәсіптік бағдар беру және болашақ мамандықтарына  деген қызығушылықтарын арттыру.Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін өз ойларын  дұрыс жеткізе білу сонымен қатар тіл мәдениетін дамыту.

Студент білуі керек:

Стратегиялық жоспарлаудың   мәні мен құрылымын;
Кәсіпорынды жоспарлаудың әртүрлілігін;

 Студент істей алуы керек:
Ұжымдық ауызбіршілікке баулып, шағын топта жұмыс істеуге үйрету;

Дүниетаным шеңберін кеңейтіп, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру
Шапшаңдыққа, өз ойын айта білуге қалыптастыру;
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Дамыта оқыту технологиясы;

Түсіндіре басқарып – оза оқыту технологиясы;

Ойын технологиясы;

Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:
Жалпы топпен жұмыс;

Интерактивті тақтамен жұмыс;

Оқулықпен жұмыс жасау;

Кәсіби білімділікке баулу;

Көрнекілік құралдармен жұмыс;

Жаңа материалдарды меңгеру және пысықтау.
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Менджмент негіздері»



Ашық сабақ жоспары

Өткізілетін күні: 20.11.2019ж

Уақыты: 9.00

Топ: Қаржы-31
Пән: Менеджмент негіздері.
Дәрістің түрі:  Аралас сабақ.
Оқыту әдісі: Баяндау,сұрақтар-жауап, сөздік.
Дәрістің тақырыбы: Стратегиялық жоспарлау
Дәрістің мақсаты:
Білімділік:Білім алушыларға стратегиялық жоспарлаудың мәні мен құрылымын
таныстыру, жаңа білім қалыптастыру.Дағдыларын дамыту, өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға және әрекет етуге үйрету.
Тәрбиелілік:Білім алушыларды іскерлікке тәрбиелеу, еңбек ете білуге, өзін және өзгелерді рухани материалдық құндылықтармен қаматамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Білім алушылардың логикалық ойлау мәдениетін дамыта отырып, кәсіптік бағдар беру және болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру.Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін өз ойларын дұрыс жеткізе білу сонымен қатар тіл мәдениетін дамыту.

Студент білуі керек:

Стратегиялық жоспарлаудың мәні мен құрылымын;
Кәсіпорынды жоспарлаудың әртүрлілігін;

Студент істей алуы керек:
Ұжымдық ауызбіршілікке баулып, шағын топта жұмыс істеуге үйрету;

Дүниетаным шеңберін кеңейтіп, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру
Шапшаңдыққа, өз ойын айта білуге қалыптастыру;
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Дамыта оқыту технологиясы;

Түсіндіре басқарып – оза оқыту технологиясы;

Ойын технологиясы;

Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:
Жалпы топпен жұмыс;

Интерактивті тақтамен жұмыс;

Оқулықпен жұмыс жасау;

Кәсіби білімділікке баулу;

Көрнекілік құралдармен жұмыс;

Жаңа материалдарды меңгеру және пысықтау.
Пәнаралық байланыс: Қазіргі заман экономикасы, Менеджмент негіздері, Маркетинг негіздері, Кәсіпкерлік негіздері.

Пайдаланылатын оқулықтар: «Менеджмент» оқулық Алматы -2009ж 112-124б, Рахымбаев А.Б,Сабатаева Б.О., «Менеджмент негіздері» Жакенова Б,Мақсатова Л. 12-27б, Астана-2018ж, «Менеджмент негіздері» Сатыбалдыұлы С, Астана-2011ж.
Дәріске қолданылатын құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта-презентация МS PowerPoint, оқулық, плакат, афоризмдар тақырыпқа байланысты.






Сабақ 6 кезеңнен тұрады:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Білім алушылармен  сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру

Жаңа сабақ жоспары:

1.Стратегиялық жоспарлаудың түсінігі, функциялары.
2.Стратегиялық жоспарлаудың мәні мен құрылымы.
3.Кәсіпорынды жоспарлаудың әртүрлі әдістері

4.Стратегиялық жоспардың жүзеге асуын басқару және оның орындалуын бақылау



IV.Жаңа тақырыпты бекіту.(әр топқа деңгейлік тапсырмалар беріледі, және топпен жұмыс жасауға тапсырма беріледі);

V.Үй жұмысын беру.

VI. Бағалау парақтары бойынша сабақты қорытындылау, рефлексия.


  Сабақтың технологиялық картасы №13


Сабақ кезеңдері

Уақыты (90 мин.)

Қызметін талдау

Қызмет мақсаты

Оқытушының

Оқушының

1.Ұйымдастыру кезеңі

2 минут


Аудиторияның тазалығын, оқушылардың сыртқы түр-әлпетін тексеру, жоқ балаларды белгілеу.

Сабақ барысына дайындық

Оқушыларды ұйымшылдыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

2.Үй тапсырмасын

тексеру.

Тапсырма 1.










Тапсырма 2.


20 минут

Сабақты жүру барысымен, тапсырмаларды орындау тәртібімен, бағалау жүйесімен таныстыру. Үй тапсырмасына берілген топтық тапсырмалардың сұрақтарын қайталап, тақтаға шығару.капитандар топтарын таныстырады.


Әр деңгейлі тапсырмалар

беріледі



1.Ауызша сұрақтар қою

2.Тақтада жұмыс істеу










Әр деңгейлі тапсырмаларды интерактивті тақтада орындайды.


Үйге берілген

тапсырмаларға жауап

береді.Оқушылардың

жауаптарын тыңдайды.


3.Жаңа тақырыпты оқушылар бір-біріне түсіндіруі. 40 минут


Сабақ тақырыбын жариялау, сабақ мақсатын, негізгі тапсырмалар мен оларды шешу жолдарын жариялау. Сабақты жүру барысымен, тапсырмаларды орындау тәртібімен, бағалау жүйесімен таныстыру. Дәріс көрнекіліктерін тарату. Жаңа тақырыпты мазмұндау

Тыңдау.Жобаларын қорғау, талдау, өз ойларын нақты жеткізу.Дәрістің қысқаша мазмұнын дәптерге жазу. Көрнекілік құралдамен жұмыс. (видео көру)

Жаңа тақырыпты толық меңгеруді қамтамасыз ету.

4.Жаңа тақырыпты бекіту.

Тапсырма 3. 20 минут

жаңа терминдермен жұмыстар

жүргізіледі.


Терминдермен жұмыстарын орындайды.



Жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін әділ анықтау, қатемен жұмыс.

5.Логикалық жағдаяттар.

Тапсырма 4.


Тапсырма 5.

«Пайдалы ақпарат»


Тапсырма 6.

«ФОРТУНА» ойыны

Тапсырма 7.

Біздің армандаған «Бизнес»


Қызықты логикалық жағдаяттар беріледі.



сайыс шарты бойынша әр топқа мәтін беріледі сол мәтінде топ қатысушылары мәтінді оқып топ капитаны оны жазуы тиіс.


Оқушылар плакаттарға суреттер салып бірлесе отырып топпен жұмыс атқарады

Топпен сұрақтарға жауап береді, оқушылардың актерлік шеберліктерін байқаймыз,жауаптар бағаланады.





Оқушылар топпен бірлесе отырып жаңа бизнес ашып, олардың стратегиялық жоспарын таныстырады.

Сабақ мақсатының орындалуын бағалау.

6. Үй тапсырмасын беру.

2 минут.

Түсіндіріп үй

Тапсырмасын береді Пайдаланылатын оқулықтар: «Менеджмент» оқулық Алматы -2009ж 112-124б, Рахымбаев А.Б,Сабатаева Б.О., «Менеджмент негіздері» Жакенова Б,Мақсатова Л. 12-27б, Астана-2018ж, «Менеджмент негіздері» Сатыбалдыұлы С, Астана-2011ж.

Дәптерлеріне

Жазып алу,

нақтылау.

Жаңа терминдерді жазып келу, мазмұндау.

Үй жұмысын түсінікті етіп жеткізу.

7. Оқушыларды бағалау. Рефлексия.

3минут.

Топтың және әр оқушының жұмысы толық бағаланады. Белсенді оқушыларды атап өту.



ТАПСЫРМА №1

Топтағы оқушыларға үй жұмысы бойынша тапсырма берілген.Сұрақтарға тез жауап беру керек.ИЯ.ЖОҚ

1-топ «NOVATUS»

2-топ «Болашақ»

ТАПСЫРМА №2

Интерактивті тақтада орындалатын деңгейлік тапсырмалар:

Деңгейлік тапсырма (интеракт қолдану)

«1» - Өткізуді ынталандыру?

Жауабы:нарықтың ықпал етуге әсері бар ынталандырушылық әр алуан құралдарды пайдалану

«1» - Ұйым дегеніміз?      

Жауабы:Мақсаттарға жету үшін адамдардың бірігіп тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін кәсіпорын құрылымын құру процесі

«1» - Тұтынушыларға қандай конкурстар ұйымдастырылады?

Жауабы:Сайыс, лоторея, ойындар

«1» -Ұйымды ұйымдастыру?

Жауабы:Ұйымдастыру басқару функцияларының брі ретінде кейбір құрылымды құру

«2» - Жарнаманы қазіргі кезде дереу тарату?   

Жауабы:Инстаграмм,фейсбук, ватцап

«2» - Ұйымдық құрылымның әр түрлілігі? 

Жауабы:Механикалық (қатаң, бюрократиялық), Органикалық (бейімділік)

«2» - Беделді жарнама дегеніміз?

Жауабы:Ұйымның ұзақ мерзімді бет-бейнесін қалыптастыру

«2» - Кедергілерді жеңу?  

Жауабы:Психологиялық мәселелер ең күрделі оны шешу үшін жетекшілер бағынушыларға назар аудару керек

«3» - Ұйымдық жобалаудың кезеңдері?

Жауабы: басты міндеттемелерді анықтау, оларды орындауды тапсыру,желінің бөлімдерімен орындалатынын шешу.

«3» - Табыстау?

Жауабы:Делегат жіберу , жауапты болатын өкілдікті және міндеттерді беруді білдіреді.

«3» - Желілік және ақпараттық өкілдіктер?

Жауабы:Желілік өкілдіктер-бастықтан бағынушыға тікелей берілетін және басқа бағынушыларға берілетін өкілетіктердің міндеттерді табыстау үшін орындалатын ұйым ресурстарын пайдалану құқығы . Ақпараттық өкілдіктер –біртұтастық принципін бұзбай амандарды пайдалану,жетекшіден штабтық аппарат жұмысшыларына беріледі.

«3» - Департаменттеу?

Жауабы:Күрделі органикалық құрылымдардың құрылуы депортаменттеу, Сектор, бөлім, бюро аталатын бөлек блоктарға бөлу процесін білдіреді.

«4» - Құрылымға ықпал ететін факторлар?

Жауабы:Технология, сыртқы орта, кәсіпорын көлемі, бизнес стратегиясы, шешімдер жүйесі, қызметшілер

«4» - Орталықтандырылған ұйымдар?

Жауабы: Орталықтандырылған ұйымдар-басқарудың төменгі тұрған деңгейлеріне өкілдіктер бөлінген ұйымдар.

«4» - Құрылымдану белгілері?

Жауабы:Қызмет көрсетілген өнім, тұтынушылар тобы, аймақ, процесс.

«4» - Басқарудың матрицалық құрылымы?

Жауабы:құрылған жобалық топтардың мөлшері өз қызметі үшін және берілген нақты жобаның жетекшісі алдында , өздері жұмыс істейтін функционалды бөлімдер жетекшісінің алдында жауап беретін ұйым.
































ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру жоспары:

1.Стратегиялық жоспарлаудың түсінігі, функциялары.
2.Стратегиялық жоспарлаудың мәні мен құрылымы.
3.Кәсіпорынды жоспарлаудың әртүрлі әдістері

4.Стратегиялық жоспардың жүзеге асуын басқару және оның орындалуын бақылау

«Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.

Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.

Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді.
Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: қорларды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау. 

Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері.

1. Стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды, және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейіндегілердің қатысуы көзделеді.

2. Стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл корпорацияның болашағы үшін жасалады.

3. Стратегиялық жоспар көлемді зерттеулермен және нақты деректкрмен негізделуі тиіс. Қазіргі әлемдегі бизнесмен тиімді бәсекелесу үшін, фирма сапа, рынок, бәсеке және басқадай факторлар туралы толып жатқан ақпаратты ұдайы жинауы, әрі талдауы тиіс.

4.  Стратегиялық жоспар фирманың айқындылығын, дербестілігін білдіреді, мұның өзі олардың белгілі бір жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді.

5. Стртегиялық жоспарды жасағада, ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды жүзеге асыратындай икемді болуы тиіс.

1. Стратегиялық жоспарлаудың түсінігі, функциялары.

Көпшілік қауымға белгілі “Стратеия” термині, гректің “Strategos”сөзінен туындаған,өз тілімізге аударғанда “ генерал өнері” деген түсініктерді беріп,болашақта мақсатты бағытталған және шешуші іс-қимыл тобын,жиынтығын көрсетеді.Стратегия іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамассыз ететін бөлшекті,жан жақты және кешенді жоспар.Көне Қытайда біздің дәуірімізге дейінгі 480 жылдары “ Стратегия өнері ”атты кітап жазылған,бұдан біз стратегия ұғымды адам,қоғам өмірінде өте ерте кезден қолданылып келе жатқанын көреміз.

2. Стратегиялық жоспарлаудың мәні мен құрылымы.

Стратегиялық жоспарлау – оған жету жолында шешім қабылдау мен оны ұйымдастыру үшін мақсаттарды таңдау процесі. Ол бүкіл басқару  шешімдері үшін оның негізін қамтамассыз етеді. Стратегиялық жоспарлау-көптеген мемлекеттер, ірі және орта компаниялар соңғы кездері кеңінен қолданылып келген арнаулы білім саласы. Стратегиялық жоспарлаудың мәні айқындалған, шекті қор көлемі бойынша дамудың магистральді бағытын, қазіргі экономиканың қолайлы тұстарын дұрыс пайдалану және жағымсыз жақтарының әсерін бейтараптандыру арқылы болашаққа нақты қойылған мақсатқа қол жеткізетін іс әрекеттерді анықтауда. Стратегиялық жоспар,ұзақ уақыт бойы тұтас болып қана қоймай,сонымен бірге тұрақты өзгеріп отыратын ісерлік, әлеуметтік ортаның әсерімен қажет болған жағдайда, оларға түзетулер енгізуге болатындай жеткіліті түрде икемді болуы тиіс.  

3. Стратегиялық жоспарлаудың моделі

Стратегиялық жоспарлаудың бірнеше моделі бар:

- Тиімді менеджмент стратегиясы. Жапон менеджерлері 70-жылдың  орта тұсында  өздеріне мынадай сұрақтар қойды: “ Компанияның ұзақ мерзімді мақсаты қандай?”, “ Компания орта өзгерісіне қалайша бейімделеді?”, “ Жұмыскерлерді қалайша тиімді пайдалануға болады?”.

Қойылған сұрақтардың жауаптарын мынадай негізгі қағидалардан аңғаруға болады:

1. Тиянақты шешім стратегиясы. Америка мен Жапонияның таңдаулы фирмалары өндірісті ұдайы жетілдіріп,жұмысты ең жаңа және таңдаулы әдістерімен орындау үшін ақша бөледі, берілген, жақсы үйретілген ұжымның өсуі мен дамуына күрделі қаржы жұмсайды.

2. Тәуекел стратегиясы. “ Біз ең таңдаулы адамдарды таңдап аламыз және де олар қателескен жағдайда көмектесіп, іскерлікті одан әрі дамытуға ықпал етеміз”.

3. Менеджмент идеясының стратегиясы.Әрбір бизнесте ең бағалысы ақша, тауар, жабдық немесе ғимарат емес, идея бағалы.

4. Кәсіпорынды жоспарлаудың әртүрлі әдістері

Фирма ішіндегі деректерді талдау. Өткен жылдардағы айналымды талдау  әдетте кесте түрінде беріледі де, мұның өзі көп жылғы кезеңді қамтиды. Кестеде мыналар көрсетілуі тиіс.

    1. Сату айналымы (саны)

    2. Сату құны(айналымы)

    3. Сату бағасы (өз өнімдері,бәсеке өнімдері)

    4. Өз өнімдерін өткізу болжамы

    5. Өткен жылдары орын алған жоспарлы және нақтылы көрсеткіштердің арасындағы ауытқулар.

Әр ай сайынғы көрсеткіштерді осылайша мұқият талдау және барлық ауытқу түрлерін мұқият қарастыру мүмкіндіктерді өткізудің болашақтағы деректерін болжауға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасындағы стратегиялық жоспарлар.

Нарық процесінде баға белгілеуді сұраныс пен ұсыныс заңы басқарады. Нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың қиылысуы олардың тепе-теңдігін көрсетеді. Тепе-теңдік нарықтық баға дегеніміз - нарықта ұсынылған тауарлардың артықшылығы да, кемшілігі де болмайтын баға. Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесіндегі баға – рыноктық клиринг немесе тепе-теңдік баға деп аталады.

             Тепе – теңдік баға тұтынушыны да, өндірушіні де қанағаттандырады.

             Нарықтық баға сұраныс пен ұсыныстың қиылысу нүктесінде белгіленеді.

             Сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесі Е- тепе-теңдік нүктесі болып табылады.

             Тепе-теңдік нүктесінде сұраныс пен ұсыныс көлемдері тең болады.

             Сұраныс көлемінің ұсыныс көлеміне тең кезіндегі баға тепе-теңдік бағасы болып табылады.

             Сұраныстың ұсынысқы тең көлемі тепе-теңдік көлемді көрсетеді.

             Нарықтағы сұраныстың ұсынысқа тең болатын жағдайы нарықтық тепе-теңдікті көрсетеді.

Егер де нарықтық баға тепе-теңдік бағаға тең болмаса, онда артық сұраныс немесе артық ұсыныс орын алады, ал осы уақыттағы сатушылар мен сатып алушылардың іс-әрекеті нарықтық бағаны тепе-теңдік бағаға қарай қозғайды.

Егер де сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен жоғары болатын болса, онда тауар тапшылығы қалыптасады. Керісінше сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен төмен болатын болса, онда тауар артықшылығы қалыптасады.

Егер рынокта ұсыныс төмендеп, сұраныс көбейетін болса, онда тауар бағасы көтеріледі.








ТАПСЫРМА №3

Жаңа тақырыпты бекітуге терминдермен жұмыс орындалады

қазақша

орысша

ағылшынша

1

кәсіпорын

предприятие

company

2

коммуникация

коммуникация

communication

3

ақпарат

информация

information

5

 пайда 

прибыль

profit


6

ұзақ мерзім

длительный период

a long period

7

стратегия

стратегия

 strategy

8

сапа

качество

quality

9

сату айналымы

товарооборот

trade

10

сату құны

значимость покупки

importance of the purchase

11

сату бағасы

цена покупки

purchase cost

12

бас менеджер

топ-менеджер

top-manager


ТАПСЫРМА №4

Логикалық жағдаяттар

1. Стратегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар тұжырымдайды, және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға басқарудың барлық деңгейіндегілердің қатысуы көзделеді. Компания үлкен жтістікке жеткен кезде не болады?

2. Стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл корпорацияның болашағы үшін жасалады, сіздің серіктестермен қызметіңіз?

3. Қазіргі әлемдегі бизнесмен тиімді бәсекелесу үшін, фирма сапа, рынок, бәсеке және басқадай факторлар туралы толып жатқан ақпаратты ұдайы жинауы, әрі талдауықажет қалай жүзеге асырылады?

4.  Стратегиялық жоспар фирманың айқындылығын, дербестілігін білдіреді, мұның өзі олардың белгілі бір жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді.

5. Стратегиялық жоспарды жасағанда сіз өз фирмаңыздың болашағы үшін Америка және Жапоиямен тәжірибе алмасу қажет пе?

6.Samsung компаниясының топ менеджері болсаңыз жаңа тауарды қысқа мерзімде сату үшін қалай жоспар қалай құрар едіңіз?


ТАПСЫРМА №5

«Пайдалы ақпарат» сайыс шарты бойынша әр топқа мәтін беріледі сол мәтінде топ қатысушылары мәтінді оқып топ капитаны оны жазуы тиіс.

1.Кока коланың тарихы

2.Мак доналдстің тарихы


ТАПСЫРМА №6

«ФОРТУНА» ойыны (интеракт қолдану)






ТАПСЫРМА №7

Командаларға тапсырма беріледі.


         1- топ Сауда дүкені

         2- топ Дәріхана

(оқушылар топпен бірлесе отырып плакатқа жылдам сурет салу арқылы, олардың стратегиялық жоспарын таныстырады)

5-бөлім: Үй жұмысын беру.

Пайдаланылатын оқулықтар: «Менеджмент» оқулық Алматы -2009ж 112-124б, Рахымбаев А.Б,Сабатаева Б.О., «Менеджмент негіздері» Жакенова Б,Мақсатова Л. 12-27б, Астана-2018ж, «Менеджмент негіздері» Сатыбалдыұлы С, Астана-2011ж.

6-бөлім: Бағалау парақтары бойынша сабақты қорытындылау, рефлексия.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Менджмент негіздері

Автор: Тукенова Венера Даулетбековна

Дата: 22.01.2020

Номер свидетельства: 536938


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства