kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мен әлемді сүйемін! Өзін-өзі тану сабағында БжС технологиясы бойынша ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты  Білім алушылардың бізді қоршаған әлемнің қайнар көзі дұрыс әрекет құндылығынан туындайтыны туралы түсінік беру.

Міндеттері: а) Білім алушыларды табиғат адамды қанағатшыл болуға үйрететінін ұғындыру.

ә) Білім алушылардың бойында кішіпейілділік қасиеттерін дамыту.

б) Білім алушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Ресурстар: оқулық, дәптер (аудио, видео жазбалар,

слайдтар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мен әлемді сүйемін! Өзін-өзі тану сабағында БжС технологиясы бойынша ашық сабақ»

5 мектеп-лицей





Ашық сабақ

Күні :





Тақырыбы : Мен әлемді сүйемін!



Сыныбы :

Мұғалімі : ҚұдабаеваА.Б

Ауызша №1













Шалкар 2019ж





Күні: 28.02.19ж.



Класс:



Сабақ: 24

Өзін-өзі тану сабағының жоспары



Тақырыбы : Мен әлемді сүйемін!




Мұғалімі : ҚұдабаеваА.Б



Ауызша №1



Мақсаты Білім алушылардың бізді қоршаған әлемнің қайнар көзі дұрыс әрекет құндылығынан туындайтыны туралы түсінік беру.



Міндеттері: а) Білім алушыларды табиғат адамды қанағатшыл болуға үйрететінін ұғындыру.

ә) Білім алушылардың бойында кішіпейілділік қасиеттерін дамыту.


б) Білім алушыларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу


Ресурстар: оқулық, дәптер (аудио, видео жазбалар,

слайдтар


Сабақтың барысы:



1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. 5 «Т» ұстанымын еске түсіру.

Сөз лидерге беріледі

Тыныштық сәті. «Су асты патшалығына ойша саяхат» (Білім алушылардан қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз, денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. (Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Класқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.(СҰРАҚТАР )

  • Табиғаттың қандай көріністері Абайдың көңіліне шаттық сыйлады?

  • Табиғатқа тамсану адамды не нәрсеге шабыттандырады?

  • Табиғаттың қандай әсем құбылыстарын адамның мінезіне теңеуге болады?

  • Неліктен?

  • Өзің табиғаттың ғажап көріністеріне куә болған кезде қандай сезімге бөленесің?

  • Табиғат әдемілігі мен адам көркіне тамсану бірдей сезіле ме?

  • Қалай ойлайсың?

  • Абайдың жасы нешеде еді, сырт көрінісінде қандай өзгешелік бар еді?

Абайды аналарымен достастырған қандай құдіретті күш?


Ұлжан ананың әңгіме айту шеберлігі қалай ерекшеленген?


Ауылға келген қандай қонақтар еді? Олар кімдер?


Абайға домбыраны сыйға тартқан кім?


. Барлас ақын қандай бата берді? Ол бата Абай үшін қабыл болды ма?


. Сый берудегі ана мен бала үндестігіне тоқталып өт.

Норма бойынша оқушы саны жазылады

Нәтижені жазып түру





Білім алушылар мәтіннің мазмұнын айтады, құндылықты ашады.

3.Дәйексөз:

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың оны айтарға тілі жоқ»



1 Шығармашылық кезең.

1. Халық ауыз әдебиеті, дәстүрлері мен ырым - жоралғыларын білдіретін үзінділер беріледі. Керекті сөздерді өз орнына қою арқылы түрлерін ажырату. (Тапсырма интерактивті тақтада шығады, ал оқушылар алдарындағы компьютерде орындайды).


14 сөз - 1 мин.15 сек.


  • Бейбіт ел неге тұтқиылдан келген жауға төтеп бере алмады?

  • Бұл оқиға қай өлкеде болған?

  • Жаудың қиянат жасауынан қыздар қалай құтылды?

  • Сонда неліктен табиғатсыз өмір сүруге болмайды?


  • Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың игілікті іс атқаруының мәні неде деп ойлайсыңдар?

  • «Президентті қолтығынан демеген де, демейтін де, қолдаған да, қолдайтын да-өзінің туған халқы» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Елбасының: «Мен халқымның тәуекеліне сендім» деген сөзінен нені аңғаруға болады?

  • Қоғамға риясыз қызмет ету адам бойындағы қандай құндылықтардың дамуына ықпал етеді?

  • Неліктен?

  • Ел мен жерге қызмет ету үшін адам бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер болуы керек деп ойлайсыңдар?

  • Әңгімелеп бер.

Бұл өлеңде не жайлы жырлаған ? Әрине, өмір жайында .Ендеше бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыз «Мен өмірді сүйемін!» деп аталады.

Өмір дегенді қалай түсінесіңдер?

Өмірдің мәні неде деп ойлайсыңдар?

Өмір адамға несімен қымбат?

Міне осы сұрақтарға сіздердің берер жауаптарыңыз қандай болмақ? Сөз кезегі өздеріңізде.



Нәтиже тақтада



3.Дәйексөз:

«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Табиғаттың оны айтарға тілі жоқ»

(Қадыр Мырза Әли)

(Ұлдар – 2 рет, қыздар – 2 рет, бәріміз бірге – 1 рет)




  1. Бағалау


6.Үйге тапсырма.

№23-сабақ, 93-94 беттегі Мырзатай Жолдасбековтың «Кемеңгер немесе Елбасы туралы тебіреніс» мәтінін оқып, мазмұндау.










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Мен әлемді сүйемін! Өзін-өзі тану сабағында БжС технологиясы бойынша ашық сабақ

Автор: Құдабаева Айгүл Болатбайқызы

Дата: 02.03.2019

Номер свидетельства: 501912


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства