kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Маневр жасау" тақырыбындағы ашық сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Маневр жасау" тақырыбында ашық сабақ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Маневр жасау" тақырыбындағы ашық сабақ жоспары»

Сабақтың тақырыбы: Маневр жасау

Сабақтың мақсаты:

білім беру: білім алушыларға маневр жасау бойынша мәлімет бере отырып, білімдерін арттыру;

тәрбиелік: жол қозғалысы кезіндегі мәдениетті қалыптастыру, іскерлікке, нақтылыққа тәрбиелеу;

дамыту: білім алушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас

Сабқтың әдісі: сұрақ-жауап, суретті-түсіндірмелі, жұмбақтар жасыру, сәйкестендіру тесті

Сабақтың көрнекілігі: плакат, таңбалар, интерактивті тақта


Сабақтың өту барысы:

І . Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Өткен сабақта білім алушыларға «Авариялық сигнал мен авариялық аялдау белгісін қолдану» тақырыбына қосымша ақпараттар жинақтап келуге берілген болатын. Ендеше алдымен «тізбекті сұрау» әдісі бойынша білім алушылар өздерінің ізденіп келген мәліметтерін айтып өтсін (білім алушылар бір-бірден тұрып айтады). Жарайсыңдар, енді осы айтылған мәліметтер бойынша сәйкестендіру тестін орындайық.

  • 1. Авариялық жарық сигнал

  • 2. Авариялық аялдау белгісі

(немесе жыпылықтаған қызыл фонарь)

нақты жағдайда қосылады

  • 3. Авариялық жарық сигналы

болмағанда немесе оның ақауы болса

  • 4. Авариялық жарық сигнал беру:

  •  5. Арнайы қызметтік көлік

құралдарының жүргізушілері

  • 6. Қызыл түсті жарқылдақ маягі

іске қосылған және арнаулы

дыбыстық сигналы бар көлік

құралдары жақындаған кезде


  • А. жол-көлік оқиғасы кезінде;

аялдауға тыйым салынған

жерлерде амалсыздан тоқтаған

кезде; артқа жүру кезінде;

сүйретуге алу кезінде қажет

  • Ә. басқа жүргізушілерді қауіптілік

туралы уақытылы хабардар

етуді қамтамасыз ететін сигнал

  • Б. қызыл түсті жарқылдауық

маяк пен арнаулы дыбыстық

сигналды іске қосуы тиіс.

  • В. сүйретілетін механикалық

көлік құралының артқы жағына

авариялық қауіптілік белгісі бекітіледі

  • Г. жол жүрісінің қатысушыларына

көлік құралы туғызуы мүмкін

қауіптілік туралы ескерту үшін

қосылады

  • Д. жүргізушілер қызметтік көлік

құралдарының кедергісіз өтіп

кетуін қамтамасыз ету үшін жолды

босатуы тиіс

Енді үй тапсырмасын пысықтау үшін өткен тақырып бойынша білім алушылар бір-бірлеріне сұрақ қойып, жауап береді.

Сабаққа қызығушылықты арттыру үшін сергіту сәті ұйымдастырылады. Сергіту сәтінде интерактивті тақтада «A ram zam zam» әніне түсірілген бейнеролик шығады. Сол бейнероликтегі биді қайталап, ән жылдамдаған сайын қимылдарды да ширата түсіп билеу керек.

IІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, жұмбақтар жасырылады. Сол жұмбақтардың шешімін сөзжұмбаққа жазу арқылы сабақтың тақырыбы анықталады.

  1. Сабан той бастап,
    Салды бір әнді.
    Сабанды тастап,
    Сыпырды дәнді. (Комбайн)

  2. Басы жоқ төрт аяқты жансыз бір зат,
    Құлағы жоқ, көзі жоқ бейне ол ат.
    Жүк артсаң белі тағы майыспайды,
    Құйрық-жалсыз ол неткен меңіреу зат? (арба)

  3. Асты қар,
    Қадамы жоқ, ізі бар,
    Мойнында жібі бар.(шана)

  4. Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,
    Қара тұлпар жүр әрі-бері көшіп.(поезд)

  5. Көше бойлап аяңдайды,
    Адам тасып аялдайды.(автобус)

  6. Жалғаған ел ортасын,
    Жатыр тосып арқасын.(көпір)

Жұмбақтар шешімі бойынша маневр сөзі шықты. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Маневр жасау». Жалпы маневр жасау дегеніміз не? Оның қажеттілігі қандай? Бағыттауыш жарық көрсеткіштері істемей қалған жағдайда не істеу керек? деген сұрақтарға жауап алатын боламыз.

Маневр жасау дегеніміз – көлік құралдарының өз бағытын өзгертуі кезінде орындалатын іс әрекеті.

Жүргізуші маневрді орындауды бастамас бұрын жарық көрсеткіштерімен, егер ол жоқ болса немесе ақауы болса – қолмен, тиісті мақсатта, сигнал беруге міндетті. Мұндайда маневр қауіпсіз және қозғалысқа басқа қатысушыларға кедергі туғызбауы тиіс.

Сол жаққа маневр жасау сигналы – сол жақ бұрылыстың жарық көрсеткіші немесе сол жаққа сол қолды созу, не жанына созылған тік бұрыш жасап шынтақтан жоғары бүгілген оң қол болып табылады. Оң жаққа маневр жасау сигналы - оң жақ бұрылыстың жарық көрсеткіші немесе оң жаққа оң қолды созу, не жанына созылған тік бұрыш жасап шынтақтан жоғары бүгілген сол қол болып табылады. Тежеу сигналы қолды жоғары көтеру арқылы беріледі. Артқы жүріспен қозғалыс сигналы артқы жүріс шамын жағумен және авариялық сигнализацияны қосумен беріледі.

Бұрылыс көрсеткіштерімен немесе қолмен сигнал беру маневрді орындауды бастауға дейін кешіктірмей берілуі және оны аяқтағаннан кейін сол бойда тоқтатылуы тиіс. Мұндайда сигнал қозғалысқа басқа қатысушыларды шатыстырмауы тиіс.

Жол қозғалыс ережелерінен үзінді:

  • Іргелес аумақтан жолға шығу кезінде жүргізуші жолда қозғалып келе жатқан көлік құралдары мен жаяу жүргіншілерге, ал жолдан кірген кезде жаяу жүргіншілерге, ол кесіп өтетін қозғалысқа жол беруі тиіс.

  • Аялдама немесе тұрақ орнына келу керек болғанда, жүргізуші жүріс бөлігінің шетімен немесе жағалауымен келе жатқан жаяу жүргіншіге жол беруі керек.

  • Қатар ауыстыру кезінде жүргізуші жүру бағытын өзгертпей, қатарлас келе жатқан көлік құралдарына жол береді. Бірге келе жатқан көлік құралдары бір мезгілде қатар ауыстырған кезде, жүргізуші оң жақта келе жатқан көлік құралына жол береді. Жүріп келе жатқан көлік құралдары арасында қауіпті арақашықтық туындайтын жағдайда қатар ауыстыруға рұқсат етілмейді.

  • Көлік құралдары жүрісінің траекториясы қиылысатын, ал өту кезектілігі Қағидаларда айқындалмаған жағдайларда, көлік құралы өзіне оң жақтан жақындап қалған жүргізуші жол береді.

Кері бұрылуға:

1) жаяу жүргіншілердің өткелдерінде және тротуарлардың немесе жол жиектерінің сызығы бойынша жол қиылыстарында;

      2) тоннельдерде;

      3) көпірлерде;

      4) теміржол өтпелерінде

      5) аялдау пункттері орналасқан жерлерде тыйым салынады.

Көлік құралының артқы жүріспен қозғалуына маневр қауіпсіз болған және қозғалысқа басқа да қатысушыларға кедергі жасамаған жағдайда рұқсат етіледі.

Реттеушінің сигналдары

      Оның денесі мен қолдарының, оның ішінде мынадай мәндерді білдіретін таяқшамен жасаған қимылдары, реттеушінің сигналы болып табылады:

  1. қолдары екі жаққа созылған немесе төмен түсірілген:

      сол және оң бүйір жақтарынан - көлік құралдарына тіке және оңға жүруге рұқсат етіледі, жаяу жүргіншілерге жолдың жүру бөлігін кесіп өтуге рұқсат етіледі;

      кеуде және арқа жағынан - барлық көлік құралдарының және жаяу жүргіншілердің жүруіне тыйым салынады;



  1. оң қол алға созылған:

      сол бүйір жақтан - көлік құралдарына барлық бағыттарда жүруге рұқсат етіледі;

      кеуде жағынан - барлық көлік құралдарына тек қана оңға жүру рұқсат етіледі;

      оң бүйір және арқа жағынан - барлық көлік құралдарына жүруге тыйым салынады;

      жаяу жүргіншілерге жолдың жүру бөлігін кесіп өтуге реттеушінің арт жағынан рұқсат етіледі.

  1. қол жоғары көтерілген:

     көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің барлық бағытта жүруіне тыйым салынады.

      Реттеуші қол қимылдарымен жүргізушілерге және жаяу жүргіншілерге түсінікті басқа да сигналдар беруі мүмкін.

      Сигналдар жақсы көрінуі үшін реттеуші таяқшаны немесе қызыл сигналы бар дискіні қолдануы мүмкін.

      Ысқырықпен қосымша берілген сигнал жол жүрісіне қатысушылардың назарын аудару үшін беріледі.

      Реттеуші қолын көтерген кезде жолдың жүру бөлігінде келе жатқан жаяу жүргіншілер оны босатады, ал оған мүмкіндік болмаған кезде қарсы көлік легін бөлуші сызықта тоқтайды.

      Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер, тіпті олар бағдаршам сигналына, жол белгілері немесе таңбаларының талаптарына қайшы келсе де, реттеушінің сигнал талаптары мен бұйрығын орындайды.

ІV. Тапсырмалар орындау.

Енді келесі бөлім «Сөздер банкасы» деп аталады. Бұл бөлімде тақтада бірнеше таңбалардың суреті жапсырылған. Сол суреттердің астында пәнге қатысты сөздер жазылған. Сол сөздердің орыс және ағылшын тіліндегі аудармасын айту керек.

  1. Бағдаршам – Светофор – Traffic light

  2. Жол – Дорога – Road

  3. Қызыл – Красный – Red

  4. Сары – Желтый – Yellow

  5. Жасыл – Зеленый – Green

  6. Таңба – Знак - Sign

  7. Дыбыс – Звук – Sound

  8. Көлік – Автомобиль – Car

  9. Маневр – Маневр – Maneuver

  10. Жүргізуші – Водитель – Driver

Жол ережелеріне қатысты білім алушылардың ситуациялық жағдайдан қалай шығатынын анықтайық. Жол қозғалысы ережелерін, таңбаларды қаншалықты білетінін бағалап көрейік.

1)Суреттегі жағдайда кері бұрылуға

болады ма?

* Болады

* Тыйым салынады

* Рұқсат, қарама қарсы келе жатқан

көлік құралы болмағанда




2)Жүргізушінің бағыты

дұрыс па?

* Дұрыс

* Дұрыс емес

* Қарсы бағытта көлік құралы болмаса

рұқсат етіледі





3)Көрсетілген жағдайдағы жүргізушінің

әрекетін сипатта.

Суретте қандай таңба көрсетілген?








4)Жеңіл автомобильдің жүргізушісі солға

бұрыларда қозғалысын қай траектория

бойынша жалғастыра алады?

  • А траекториясымен

  • Б траекториясымен

  • Екі траекторияда да жалғастыра

  • алады





5)Жол қозғалысы ережесіне сүйене

отырып мына суреттегі жағдайды

сипаттап беріңдер







6)Жүргізушінің басып озудағы бағыты

дұрыс па?

  • Дұрыс, себебі .....

  • Дұрыс емес,

себебі .....




7)Көрсетілген жағдайда жүргізушінің сол

жақ көрсеткішін жағып, бұрылуы дұрыс па?

  • Көрсеткішін жағып бұрылғандықтан

дұрыс

  • Дұрыс емес, себебі қиылыстағы жол

тіке қозғалыс болғандықтан






8)Жол қиылысындағы автокөліктің

бұрылуы дұрыс па?









9)Жүргізуші жол қозғалысы

ережесіне бағынып тұр ма?








10)Жүргізушінің жол қозғалысындағы

әрекетін сипатта








11)Қоғамдық көлікті айналып өту

әрекетін бағала






V. Жаңа тақырыпты бекіту, бағалау.

Жаңа тақырып бойынша «Білемін», «Білгім келеді» және «Үйрендім» деген кесте толтырайық. Дәптерді үш бағанға бөліп білемін, білгім келеді және үйрендім деп жазып толтырайық.

Сабақтың барысы бойынша жақсы қатынасқан білім алушыларды сәйкесінше бағалап өтейін.

VІ. Үй тапсырмасын бекіту

Үйге «Маневр жасау» тақырыбы бойынша қосымша мәліметтер жинақтап келіңдер.

VII. Рефлексия әдісімен қорытындылау.

Қазір сіздерге стикерлер таратамын. Сол қағаздарға сабақ ұнады немесе ұнамады деп сабақты бағалап тақтаға ілу керек. Сол бойынша бүгінгі өткен сабақты бағалаймыз.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Маневр жасау" тақырыбындағы ашық сабақ жоспары

Автор: Ерболатова Нұршат Айдарқызы

Дата: 19.04.2019

Номер свидетельства: 507677


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства