kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Маманды?ты? б?рі жа?сы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

   Білімділік: О?ушылар?а т?рлі маманды?тар туралы т?сінік беру ар?ылы б?рын бейм?лім маманды?тар жайлы жалпы ??ым ?алыптастыру;
Дамытушылы?: Балаларды ?р?илы маманды?тар?а сын т?р?ысынан ?арап, ойлау ?абілетін, ?рісін ке?ейту; есте са?тауын, логикалы?  ойлауын, бай?а?ышты?ын  дамыту. ?ле?ді  м?нерлеп  айту?а  дамыту.
Т?рбиелік :?р  т?рлі  маманды??а  ?ызы?ушылы?ын   тудыру,  ж?не  е?бек  адамдарына   ??рмет   сезіммен  ?арау?а  т?рбиелеу. Топта  ж?мыс  істауге, ?р?птестеріні?  е?бегін  ба?алау?а  т?рбиелеу.
Саба?ты? т?рі:Аралас саба?.
Саба?ты? ?дісі: Т?сіндіру, с?ра? – жауап, ойын,  ?ліппе-д?птермен  ж?мыс.                                 Саба?ты? к?рнекілігі:Маманды?тарды?  суреті,  ?ліппе-д?птер, ??растыр?ыш.

Саба?ты?   барысы:

І. ?йымдастыру  б?лімі:

О?ушыларды  саба??а  дайындау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Маманды?ты? б?рі жа?сы. »

Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға түрлі мамандықтар туралы түсінік беру арқылы бұрын беймәлім мамандықтар жайлы жалпы ұғым қалыптастыру;
Дамытушылық: Балаларды әрқилы мамандықтарға сын тұрғысынан қарап, ойлау қабілетін, өрісін кеңейту; есте сақтауын, логикалық ойлауын, байқағыштығын дамыту. Өлеңді мәнерлеп айтуға дамыту.
Тәрбиелік : Әр түрлі мамандыққа қызығушылығын тудыру, және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға тәрбиелеу. Топта жұмыс істауге, әрәптестерінің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын, әліппе-дәптермен жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: Мамандықтардың суреті, әліппе-дәптер, құрастырғыш.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушыларды сабаққа дайындау.

ІІ. Жылулық шеңбері:

Мен мектепке барамын,

Жолыққан бар жандарға.

Ертеңмен ақ пейілмен

«Қайырлы таң!» деймін мен.

Күндіз де елді елеймін

«Қайырлы күн!» тілеймін

Үйге кешке келемін

Не дерімді білемін

«Кеш жарық!» кіремін

Тәрбиеші: орнымызға отырайық балалар.

Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстан мемлекетінде тұрамыз.

-Астанамыз қалай аталады?

-Астана қаласы.

-Біздің Елбасымыз кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

-Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

-Елтаңба, ту, әнұран.

-Жылдың қай мезгілі ?

-Көктем

-Көктем айларын атаңдаршы

-наурыз, сәуір, мамыр

-қазір қай ай?

-Сәуір айы

-бір аптада неше күн бар? Жеті күн

-Балалар мен сендерге өлең оқып берейін не туралы екенін тауып көріңдерші.


Тәуелсіз жаңа заманда,
Сұраныс көп маманға.
Нағыз маман пайдалы,
Мемлекет, қоғам, адамға.

-Не туралы екен? Әрине, мамандықтар туралы екен. Тақтадағы мына суреттерге назар салайық , қандай суреттер көріп отырсыңдар әңгімелеу. Біздің бүгінгі сабағымыз «Мамандықтың бәрі жақсы» деп аталады.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мамандықтар туралы түсінік беру.

Мамандық дегеніміз – әр адамның өмір бойы еңбек етіп, өз күнін көру үшін таңдайтын кәсібі. Мамандық таңдау – бұл өте маңызды іс. Өйткені әркім өзі таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарады. Мамандық саны әр алуан. Бірақ бұлардың барлығының мақсаты бір: олар халық үшін қызмет атқарады. Халық үшін қызмет көрсету – игілікті іс. Сондықтан мамандықты дұрыс таңдаған жөн.

-Балалар , бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келіпті. Біздің сыныптағы Фархаттың әкесі Хайырбек ағамыз бен мектебіміздегі дәрігер апайымыз Света апай екеуі келіп отыр. Ол кісілер өздерінің мамандықтарының қыр-сырымен бөліспекші. Осы кісілерге сөз берейік, тыңдаймыз ба? (Осы мамандық иелерінің жұмысын тыңдау)

1-тапсырма: Мамандық иелерінің құралдарын тауып құрастыру

Дыбыстық жаттығуы.

Ші-ші-ші-тәрбиеші,

Ші-ші-ші-жүргізуші.

Шы-шы-шы-құрылысшы,

Шы -шы-шы-сатушы

Сергіту сәті

Ұшқыш болып ұшайық,

Тігіншіге ұқсайық.

Дөңгеленіп би билеп,

Бишіге біз ұқсайық.

2-тапсырма: Әліппе-дәптермен жұмыс

Мамандық иесіне қандай құрал қажет? ( жапсырмалау)

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз кітап дүкенге барамыз ол үшін поезд болып жүрейік.

Ойын:«Дүкенші» Балалар дүкеннен кітап сатып алу үшін бізге ақша керек, бірақ бізде ақша жоқ ол үшін өздеріңнің мамандық туралы жаттаған өлеңдеріңді айтып бересіңіздер өздеріңе ұнаған кітаптарыңызды ала –аласыздар.

Әсем

Қолда мата, ине, жіп,

Тұрмады Айжан именіп.

Ісмерліктің қыр-сырын,

Алыпты әбден үйреніп.

Сүйеді ол еңбекті,»

Тігіп жатыр көйлекті.

Неше түрлі кестемен,

Жағасын да жөрмепті.

Айкөркем

Машинаны зырлатып,

Тетіктерін тұр басып.

Етегіне бастырған,

Кетіпті оюы жымдасып.

Әсемдеді жағасын,

«Бестік»-деді бағасы.

Озып шығып көрмеде,

Қуандырды анасын

-Балалар, Әсем мен Айкөркем не туралы өлең оқыды?

Ерхан

Тыныштығын елімнің,

Тыныштығын жерімнің.

Күзететін қырағы,

Туған жердің қыраны.

Отанымның ұланы,

Шекарашы ағалар.

Нұрислам

Алар озып бәйгені,

Малшы болғым келеді.

Талай жерге әйгілі,

Әнші болғым келеді.

Ақерке

Кеткен жыры ғаламға,

Ақын болғым келеді.

Ақ ниетті адамға,

Жақын болғым келеді.

Али

Ғарышқа ұшқан ағамдай,

Көкке жеткім келеді

Елім үшін аянбай,

Еңбек еткім келеді.

Санат

Тау мен тасты қопарар,

Кенші болғым келеді.

Достық сәлем апарар,

Елші болғым келеді.

Мадина

Ұлағатты атанған,

Ұстаз болғым келеді.

Бармағынан бал тамғамған,

Аспаз болғым келеді.

Бахар

Біздің гүл бақшада бар әсем асхана,

Бар онда аспазшы, ақ көңіл жақсы апа.

Әлде май құймақпа? Көже ме, сорпа ма?

Әлде бал қаймақ па тұрады ортада.

Тәп- тәтті тамағы, апай ас-маманы.

Пісіре білгенге, астың жоқ маманы.

Дильназ

Сәбилік көңілден,

Арналды бұл әнім.

Баулитын өмірге,

Ақылшым-мұғалім.

Тіліңді аламын,

Айтқанды ұғамын.

Мен сендей боламын,

Ақылшым-мұғалім.

Асылан

Көкке ұшамын-

Ұшқыш болар баламын.

Соңына ерем

Мұсабаев ағаның.

Батыр болам-

Көк аспанды сүйемін,

Жұлдыздарға

Барып-келіп жүремін.

Асылай

Ақ халатты киемін,

Аппақ болып жүремін.

Аппақ болып жүргенді,

Өзім жақсы көремін.

«Дәрігермін мен»,-деймін,

Кәрі әжемді емдеймін.

«Көп-көп ішіп дәріні,

Кәрілікті жең»,-деймін

Тәрбиеші: Ендеше балалар орымызға барайық. Енді балалар, өздеріңіздің ата-аналарыңыздың қайда жұмыс жасайтының әңгімелеп беріңіздер. Балалардың жауаптарын тыңдау.

Қорытындылау.

Балалар шеңбер құрып ортаға тұрайық. Бүгінгі сабағымызда не туралы әңгімеледік?-жауаптары

«Сен өскенде кім боласың?» балалардың жауаптарын тыңдау

«Серіппелі сауал» әдісі.

Доп беру арқылы мамандықтың атқаратын қызыметін айту.

Ұстаз- балаларға сабақ оқытады

Шопыр- машина жүргізеді

Құрылысшы-үй салады

Тігінші-тігін тігеді

Дәрігер- адамдарды емдейді

Ғарышкер- ғарышқа ұшады

Ұшқыш- аспанға ұшады

Электрик-свет жөндейді

Аспазшы-ас пісіреді

Шекарашы- шекара күзетеді

Ақын-ақын өлең жазады

Әнші- ән айтады

Биші-би билейді

Тәрбиеші- бала тәрбиелейді

IV. Қорытынды. Қоштасу шеңбері

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау- саламат болайық.



Айғалиева Мейрамгүл Құрманғалиқызы

Даярлық тобының тәрбиешісі


Батыс Қазақстан облысы

Бөкей Ордасы ауданы

Саралжын ауылы

Қ.Сағырбаев атындағы ОЖББМ-Б





















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Маманды?ты? б?рі жа?сы.

Автор: Ай?алиева Мейрамг?л ??рман?али?ызы

Дата: 08.05.2015

Номер свидетельства: 209224


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства