Просмотр содержимого документа
«Ма?ал-м?телдер 5- сыныпта »
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: мақал-мәтелдер жөніндегі ұғымдарын қалыптастыру, мақал-мәтелдер өзінен кейінгі ұрпаққа қалдырған халықтың ақыл өсиеті екенін, мақал мен мәтелдің айырмашылығын түсіндіру.
Дамытушылық: Жеке тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыру негізінде оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік: Мақал-мәтелдер арқылы тілді қастерлеу, тапқырлыққа, шешендікке баулу.
Түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер жазылған түрлі сызба кестелер слайдтары.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, тіл дамыту.
Пән аралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық тренинг (шаңырақ).
Тұрақты тіркестер бойынша қайталау.
Тұрақты тіркестер дегеніміз не?
Тұрақты тіркесті ғылыми түрде не деп атаймыз?
Қандай тұрақты тіркестерді білесіңдер?
Мақал-мәтелдер туралы түсінік беру.
мақал
мәтел
ортақ белгі
1. Ой нақтылы айтылады.
2. Екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде – пайымдау, екінші бөлімде – қорытындысы айтылады.
Ой астарлап, жұмбақтап айтылады.
2.Образдылық басым.
3.Салыстыру, теңеу арқылы жеткізіледі.
1.Халық ауыз әдебиет үлгісі.
2.Тіл білімнің лексика тарауында қаралады.
3.Авторлары болмайды.
4.Тұтынушылары – халық
5.Өлеңдік өрнек ұйқаспен айтылады, қара сөзбен де айтылады.
2. Фишбоум (балық қаңқасы) бойынша мақал-мәтелдердің тақырыптарын ажырату.
білім
Отан
тіл еңбек
мақал-мәтелдер
достық Ерлік
3. “Кім тапқыр?”
Мына тор көздерге сөздер жазып, сол сөзге байланысы бар мақал-мәтел айту.
т
к
ж
а
н
4. Сурет бойынша мақал-мәтелдерді тауып, постер қорғау.
-
5. Сатылай кешенді талдау
Жақсымен жолдас болсаң,
Жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң,
Қаларсың ұятқа.
Авторы-халық
Тақырыбы-жақсы мен жаман туралы
Әдеби жанр- мақал-мәтел. Мақал-мәтел – ғасырлар шежіресі.
Идеясы – жақсы дос пен жаман досты айыра білуге үйрету.
Шумақ саны – 1 шумақ
Тармақ саны – 4 тармақты
Буын саны – 6-7 буынды
Бунақ саны – 2 бунақ
Ұйқас түрі – кезекті ұйқас
Сөздікпен жұмыс. Мұратына жету – мақсатына жету.
Тәрбиелік мәні – жақсы досты таңдай
білу. Жақсы әдеттерге тәрбиелеп, жаман
әдеттерден аулақ болуға үйретеді
6. Мақал-мәтелге ребус құрастыру
(оқушылар өздері қалаған мақал-мәтелдерге ребус құрастырады)
7. Кітаппен жұмыс жасау.
133-жаттығу.
8. Қорытынды.
Рефлексия:
Мен бүгін сабақта
түсіндім
көрдім
Не естідім
жаздым
сезіндім
Үйге тапсырма: Мақал – мәтелдерді оқу, әр тақырыпқа көркем әдебиеттерден немесе мақал-мәтелдер жинағынан жазып келу.