kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ма?жан Ж?мабаев «С?йемін» ?ле?і

Нажмите, чтобы узнать подробности

Урок про Магжана Жумабаева.Урок создавался для учеников 7 класса.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ма?жан Ж?мабаев «С?йемін» ?ле?і»

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

Крупская атандағы № 10 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиетіпәнінің мұғалімі

Оралбаева Бейнегүл Айтпайқызы





Мағжан Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі

Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев «Сүйемін» өлеңі..

Сабақтың мақсаты: ақын өмірінің бір қырынан түсінік алу, «Сүйемін» өлеңімен танысу.

  1. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты оқушылар білетін мәліметтерді тексере отырып, өлеңдерін түсініп және мәнерлеп оқуға көңіл бөлу, өлеңге сатылай кешенді талдау жолын меңгерту, әдебиет теориясынан ұғымды кеңейту;

  2. мәнерлеп оқу дағдысын дамыту, өз пікірін еркін жеткізуге дағдыландыру;

  3. елін, жерін, тілін сүюге баули отырып ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сын тұрғысынан жазу және оқу, сұрақ-жауап, өлеңді мәнерлеп оқу, топтық жұмыс, сатылай кешенді талдау, ой-толғау.

Көрнекіліктері: презентация , интерактивті тақта,тірек- сызбалар, үлестірмелі суреттер, бағалау парағы, бейнефильм, қима қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. - Оқушыларды түгендеу, сабаққа ынтасын аудару.

ІІ. Психологиялық  дайындық.  «Шаттық шеңбері»

Жақсы сөз – жақсы ырым.

- Әрбір адам? - Туысым, досым, жұрағат.

- Әрбір сабақ? - Үйрену, ұғу, ұлағат

- Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық.

- Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік, адалдық.



-Балалар, мен сендерді сүйемін. Ал сендер кімді сүйесіз ?

(балалардың жауабы )

Мен анамды сүеймін, өйткені ол мені туды.

Мен әкемді сүйемін, ол шанырақ иесі.

-Балалар, бір сөзбен айтқанда біз отбасымызды, туған жерімізді жақсы көреміз.

Сынып оқушыларын үш топқа бөлу:

1топ-«Отбасы», 2топ-«Махаббат», 3топ-«Отан»

- Әр топқа бір бағалаушы керек, ол бағалау парағына баға қояды.Сендерде кім болады?

Бағалау парағы

Топтың тізімі

Сұрақтар

Талдау

Карточка

Тапсырмалар

Қорытынды

Отбасы






Махаббат






Отан







ІIІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 1. Слайд эпиграф.

  1. Бейнефильм.


- Сендерге бұл үзінді таныс па? (Иә, бұл фильм .)

-Былтыр біздің қаламызда бұл фильмнің тусаукесері болды.

«Естимісің, тағдыр» атты фильм «Тұран-Фильм» түсіру тобы 15 күннің ішінде Мағжан Жұмабаевтың туған жері Сарытомар ауылында болды.. Сценарий авторы әрі фильм режиссері Марат Қоңыровтың айтуынша, туынды хроникалық қойылым жанрында түсірілде. Рөлдерге адам таңдалғанда, кастинг жұмыстары өте ауыр болғанға ұқсайды. Тарихи тұлғаға барынша ұқсас адам табу күрделі мәселеге айналыпты. Мағжанның өмір жолындағы төрт кезеңді Едіге Абдрахманов, Мейіржан Бейсембеков, Дархан Қалиев және Дулыға Ақмолда сомдайды.

-Кім бұл фильмді көрді?

-Неге бүл фильмнің тұсаукесері біздің қалада болды? ( Өйткені, Магжан Жұмабаев біздің жерлесіміз.)

-Бұл фильмді көру керек, өйткені ол біздің атақты жерлесімізге арналған.

-Сендер магжан жұмабаев туралы не білесіңдер? (Ол ақын, аудармашы, педагог).



IV. Үй жұмысын тексеру (1топ-екінші топқа сұрақ қояды)

1 топ

1. Мағжан Жұмабаев қай жерде 1) Ол біздің жерлесіміз,

дүниеге келген? өйткені ол Солтүстік

Қазақстан облысында,

Булаев ауданында,

Сарытомар аулында

дүниеге келген.

2. Әке-шешесінің аты кім? 2) Әкесі-Бекен,шешесі-Гүлсім.

3. Бірінші өлең жинағы қалай 3)Бірінші өлең аталды? жинағы-«Шолпан».


4. Біздің қалада Мағжан 4) Біздің қалада

Жұмабаев атында не бар? Мағжан Жұмабаев

атында колледж,

көше,ескерткіш бар.

2 топ

1.Ол қай жылы туды ? 1. Ол 1893 жылы туды

2.Ақын неше жасынан 2. 14 жасынан өлең

өлең жазуға бастаған ? жазуға бастаған.

3.Ол қай қалада көркем 3. Ол Москва қаласында

әдебиет институтында көркем әдебиет

окыды? институтында окыды.

4.Магжан Жұмабаев 4.Ол аудармашы, себебі

аудармашы дейді, неге? Горькийдің, Лермонтовтың

Брюсовтын

шыгармаларын аударды.

3 топ

1 Ол қай жерде оқыған ? 1. Ауыл молдасында,

Петропавл қаласында татар

мешітінде,Уфадағы Ғалия

медресесінде оқыған.

2 Ол Омбы қаласында 2.Ол Омбы қаласында мұғалім

не істеген? семинариясында оқыған.

3 Қандай тілдерді 3. Араб,парсы,түркі,орыс

білген? тілдерін білген.

4 Оның атақты 4. «Жүсіпхан», «Қорқыт».

поэмалары қандай?


-Балалар, сендер Мағжан Жұмабаевтің қандай өлеңдерің білесіңдер? Кім айтып береді? (Зарина «Сырым», Тимур «Мен жастарға сенемін»

Вадим «Қазағым» , Дима «Қазақ тілі», Катя «Сағындым».


V. Жаңа сабақты пысықтау.
"Сүйемін" атты өлеңін ақын қартайған анасына, күнделікті тұрмыстың жетегінде жүрген қарапайым жарына деген сезімін суреттеуден бастайды. Өлеңде өмірдің жүрекке жылы, көзге таныс суреті бар. Ана да, жар да әркімге қымбат екенін есіңе қайта салғандай деп, өзінің туған елі мен жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігін жайып салады

1.Электронды оқулықтан Мағжанның «Сүйемін» өлеңін тындату
Бұл өлең кім туралы ?

2. Түсініксіз сөзбен жұмыс.
Күлдей күңгірт – пепел

Сұп - сұр көр – бесцветные

Тасбиық – четки

Күрсінер –

Жұмақ – рай

Усыз - без яда

Мәңгі – вечный

Өрген -

Сахара - пустыня

Сағым –

Жыр – песня

Ақ кебін

Нұр – луч

Сөздермен тіркес құрастыру.

3.Мәнерлеп оқу.

4. Топтармен жұмыс.

Сатылай кешенді талдау:

І топ «Отбасы»  ( Авторы, тақырыбы, жанр түрі, идеясы)

«Сүйемін»  өлеңі.

 

          1. Авторы:  Мағжан Жұмабаев

1)1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Сасықкөл жағасында туған. 1938 жылы наурыз айында репрессия құрбаны болды.

2) ұлт ақыны, шебер аудармашы, қоғам қайраткері.

          2. Тақырып.Туған жер,отбасы, әйел,халық        

3. Жанр түрі. Поэзия (өлең).Өлең – шағын көлемді шығарма.

          4. Идеясы. Ана да,жар да әр адамға қымбат өзінің туған жерін бағалау керек

 

ІІ-топ. «Махаббат»  Өлең құрылысына талдау                               

     5.Шумақ. Төрт шумақты өлең (Шумақ аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді).

      6.Тармақ. Әр шумақ тоғыз тармақтан тұрады. (Тармақ – өлеңнің әр жолы)  

      7. Бунақ. (Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі) 

 Күлдей күңгірт // шашы бар // — а

Тоқсан бесте // жасы бар //-а

Көз дегенің // сұп-сұр көр // — б

Тасбиық санап // бүгіліп //-в

Жерге қарап // үңіліп // — в –в

Көрше ауыр // күрсіне – а

Менің бір карт // анам бар // — а

Неге екенін // білмеймін // // — г

Сол анамды // суйемін // — г

  8. Буын саны.

Күлдей күңгірт шашы бар,
Тоқсан бесте жасы бар,
Көз дегенің – сұп - сұр көр.
Тасбиық санап бүгіліп,
Жерге қарап үңіліп,
Көрме ауыр күрсінер
Менің бір қарт анам бар.
Неге екенін білмеймін -
Сол анамды сүйемін!

      

ІІІ топ. «Отан» кестені толтыру

    

Тақырыбы

Дәлелде


1 шұмақ



2 шұмақ



3 шұмақ


     





5.Тапсырмалар


Мағжан нені айтса да, бейнелеп айтады. Ол үшін даланың тауы да, суы да, желі де ғажайып. Ақын өлеңдерінде адам мен табиғат астасып жатады. Қай шығармасында да Мағжан осы екі ұғымды бірлікте алып жырлайды. Бір өлеңінде анасына, жарына, жалпы адамға деген махаббатын туған жерге катысты сезімімен ұштастырып жатса, енді бір жырларында сол табиғаттың асыл жемісі — адамды бәрінен жоғары қояды.

1 топ

1 тапсырма

1)1 шұмақ кім туралы?(анасы туралы)

2)автор кімді сүйеді?(өз анасың сүйеді)

3)ананың бейнесі қандай? (мысал) 4)анасы неше жаста? (95-те)


2 тапсырма


Ана туралы мақал-мәтел құру














2 топ

1 тапсырма

1)автор кімді сүйеді? (өз жарын сүйеді) 2)әйелдің отбасында рөлі қандай? (қазан-ошағы ,сөз жоқ) 3)өз жарын Мағжан қалай айтады?(жабайы) 4)көзінде не жоқ? (көк нұры жоқ)

2 тапсырма

Сурет салу

















3 топ 1 тапсырма

  1. Автор қандай жерді сүйеді ? (Сарыарқа жерін сүйеді) 2)бұл жерді қалай аталады ? ( мәңгі өлік сахарасы ) 3)бораны не істейді? 4)қыс,жаз қандай?

2 тапсырма

Сурет салу










VI. Сабақты қорытындылау. Сұрақтарға жауап беру.
1) Ақын кімдерді, нелерді сүйеді?
2) Ақынның анасына деген сүйіспеншілігін көрсететін өлең жолдарын тауып оқыңдар.
3) Ақын жары қай жолдарда суреттеледі?
4) Алашы жайлы ақын не айтады?
5) Ақын анасы, жары, елінен басқа тағы нені сүйеді?
6) Өлеңде ақынның қандай қасиеті, сезімі, тұлғасы танылады?
7) Ендеше, Мағжан ақын қандай деп ойлайсыңдар?

Мағжан ның өленін айтайық Бәрінен де сен сұлу

      Бүгінгі сабақта Мағжан ақын өлеңін жан-жақты талдай отырып, өлеңнің негізгі идеясы мен тәрбиелік мәнін білдік. Мәнерлеп оқу дағдысын дамыта отыра өз ойымызды еркін жеткізуге қалыптастық. Туған тілді Мағжанша сүюді үйрендік. Тіл тазалығы үшін әрқашан ар алдында жауап беретінімізді ұғындық. Тілді сүю, құрметтеу Отанды, елді, туған жерді сүю екенін білдік.

                Жалындайық, жанып тұрып өрлейік.

                Жанып тұрып, жатқа туды бермейік.

                Ғылым қажет даласына қазақтың,

                Елім үшін білім алып гүлдейік.

ІX. Бағалау. Топ жетекшілері бағалау парақтарын өткізеді.

X. Үй тапсырмасы.. .»Сүйемін» өлеңін жаттау.



 








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Ма?жан Ж?мабаев «С?йемін» ?ле?і

Автор: Оралбаева Бейнегуль Айтпаевна

Дата: 28.05.2016

Номер свидетельства: 330910


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства