kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Магниттік тізбекбектердің негізгі сипаттамалары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Магниттик тизбектердин негизги сипаттамалары, Электроматериалтану

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Магниттік тізбекбектердің негізгі сипаттамалары»

Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі



«Келісілді» «Бекітемін»

Колледж әдіскері __________ Директордың оқу ісі Е.Н.Бурлакова жөніндегі орынбасары

__________ А.Е.Орынбасарова

«____» ___________2017ж. «____» _______________2017ж.







Ашық сабақ өңделуі



Тақырыбы: «Магниттік материалдардың негізгі сипаттамалары»

Тобы: 17/16.21











«Автоматтандыр және басқару,

Электрмен қамтамасыз ету

және радиоэлектроника және байланыс»

арнаулы пәндер Дайындаған:

пәндік - циклдік комиссия «Электроматериалтану»

отырысында қаралды . пәнінің оқытушысы

«____» ____________ 2017ж __________ Қуанышқалиқызы М.

Хаттама № ________

ПЦК төрайымы ______________ Иманалиева С.Т.






Атырау -2017


Күні: 22.02.2017 ж.

Пәні: «Электроматериалтану»

Тақырыбы: «Магниттік материалдардың негізгі сипаттамалары»

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, ойын әдісітері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Студенттерге магниттік материалдардың негізгі сипаттамаларымен таныстыру.

Дамытушылығы: Студентті шапшандыққа , дұрыс ойлауға, тез шешімге келуге тәрбиелеу

Тәрбиелігі: Студенттердің ойлау жылдамдығын дамыту


Көрнекті құралдар ОТҚ: Слайд, суреттер, кесте, эксперимент жасауға қажетті құрал-жабдықтар, ноутбуктер.


І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа білімді хабарлау.

ІV. Бекіту

V. Қорыту

VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма беру



І. Ұйымдастыру бөлімі.

1.1Топ студенттерімен амандасу, сабақ тақырыбымен, мақсаттарымен таныстыру.Сабаққа дайындығын тексеру.

1.2 Сабақты өткізу тәртібі мен жүрісін түсіндіру кезеңі, кезекшілерді белгілеу

(қажет болған жағдайда)


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Әр студенттің дайындаған принципиалдық сұлбасын қорғату.


ІІІ. Жаңа білімді хабарлау.

Жоспары:

  1. Магнит материалдардың құрылысы мен тарихы

  2. Магниттің сипаттамасы

  1. Магнит (грек. magnetіs, Magnetіslіthos — Магнесиятасы; Магнесия — Кіші Азиядағы көнеқала) — магниттелушілік қасиеті бар, яғни магнит өрісін туғызатын дене.

Магниттік зат ретінде техникалық маңызы бар ферромагниттік заттар және ферромагниттік химиялық қоспалар.

Магнит — Fe, Co, Nі, Аl, гексогональді ферриттер, т.б. негіздегі қорытпалардан жасалады. 

 Дененің магнит өрісіне ендірілгеннен кейін магнит қасиетке ие болатын кесегі жасанды Магнит деп аталады. Ал алдын ала магниттелген  ферромагнитті не ферримагнитті материалдан жасалған белгілі бір пішіні (таға тәрізді, ұзынша жолақ түрінде, т.б.) бар Магнит тұрақты Магнит деп аталады. Ол электроникадарадиотехникада және автоматикада тұрақты магнит өрісінің автономды көзі ретінде кеңінен қолданылады.

  1. Магнит екі полюстан, яғни оңтүстік S және солтүстік N полюстан тұрады. Магниттің бұл полюстарын бөлу мүмкіндігі жоқ. Қай жерінен магнитті бөлсекте әр бөлгінде өз бетінше екі полюсіде қалады. Төменде 1- суретте көрсетілген.

Сурет 1. Магнитті әр түрлі бөліктерге бөлу құбылысы.

Магниттердің өзара әрекеттесуі, олар бір-біріне тартылады, егер әр аттас полюстері беттесе. Егер аттас полюстары беттесе магнит өзара кері тебіледі.(2-сурет).

Сурет 2. Магниттердің өзара әрекеттесуі

Электр сымдарының бойынан ток өткен кезде сол токтың айналасында магнит өрісі пайда болады. Онда пайда болған магнит өрісінің бағытын оң қол ережесі арқылы анықтаймыз.

Ток өту бағыты бойынша яғни «+»-тен «-»-ке карай оң қолымыздың бас бармағын бағыттай отырып қолымызды жұмған кезде қай бағытта жабылса, пайда болған магнит өрісі сол бағытта жүреді деген сөз. (Сурет 3)

Жердің магнит өрісі бірнеше рет өзгерген. Соңғы миллион жылда 7 рет өзгерген. 570 жыл бұрын Жердің магнит полюстері экватор маңайында болған.

1600 жылы Ағылшын дәрігері Г.Х.Гилберт тұрақты магниттердің негізгі қасиеттерін келтірді. Магнит сызықтары – тұйықталған сызықтар. Магниттен тыс жерде магнит сызықтары солтүстік полюстен шығып, оңтүстік полюске кіріп жатады.

Сурет 3. Ток өткенде магнит өрісінің пайда болуы «Оң қол ережесі»


Сурет 4. Жердегі магнит өрісі

Электр энергиясын механикалық энергияға жабдықтар – электр қозғалтқыштар деп аталады.

Электр қозғалтқыштарыныӊ жұмыс жасау принципі тогы бар рамканыӊ магнит өрісінде айналмалы қозғалыс жасауына негізделген. Қазіргі кезде электр қозғалқыштарыныӊ ПӘКі 98% ға дейін жетеді. Электр қозғалтқыштарының қозғалмалы бөлігі ротор мен қозғалмайтын бөлігі статордың арасындағы қатынас, және олардың айнала қозғалуы осы магнит өрісіне негізделген. Орамдарынан ток өткенде пайда болтын магнит өрісі, сыртында тұрақты магнитке аттас немесе әрі аттас болып келу себебімен түсіндіріледі.

Сурет 5. Электр қозғалтқыштардағы магнит өрісі


ІV. Бекіту

  1. Эксперименталды жұмыс.

(Әр жұп студенттерге кез келген санды эксперимент түседі, сол экспериментке қажетті заттарды қолдарына ұстап экспериментті түсіндіріп, магнит өрісі туралы түсінігін айтады.)


  1. Қажетті құралдар: алма, таяқша, жіп, магнит.

Эксперимент: Таяқшаның екі ұшына екі алманы қыстырып, дәл ортасына жіп байлап тепе-теңдікте қозғалтпай ұстап тұрады. Сол кезде магнитті жақындатқанда алма айнала қозғала бастайды.

Қорытынды: Алма құрамында темірдің болуында, сондықтан оған магнит әсер етіп тұр.


  1. Қажетті құралдар: Батарейка, шурп, магнит, сым

Эксперимент: магнитке шурпты жабыстырып, шурпты батарейкаға жалғап, батарейка келесі бетіне сымның бір ұшын, бір ұшын магнитке әкелсек шурппен магнит айнала қозғалады.

Қорытынды: магнит ток өткізеді, соның әсерінен ток пайда болады және пайда болған токта магнит өрісі тағы пайда болады, олардың өзара полюстарының әрекеттесуінің салдарынан шурп қозғалады.


  1. Қажетті құралдар: мыс сым, батарейка, магнит

Эксперимент: мыс сымды «М» әріпі тәрізді етіп майыстырып, оны астына магнит орнатылған батарейканың үстіне қойсаңыз, мыс сым айналады.

Қорытынды: Бұл жерде де, магнит ток өткізеді, соның әсерінен ток пайда болады және пайда болған токта магнит өрісі тағы пайда болады, олардың өзара полюстарының әрекеттесуі


  1. Қажетті құралдар: сіріңке талшықтары, және магнит.

Эксперимент: Сіріңке талшықтары магнитке жабыспайды, бірақ оларды жағып жібергеннен соң олар магнитке жабысады.

Қорытынды: Сіріңкенің басы темір оксидінен Fe3O4 (магнетит) тұрады. Сондықтан ол магнитке әсер етеді.


  1. Қажетті құралдар: Әйнек, магнит, бал, гайка. (Видео)

Эксперимент: Магнит үстіне әйнек қойып, балға гайканы орнатып, дөңгеленген магниттің ортасына айналдырсақ бал тоқтамастан айнала қозғалады.

Қорытынды: Себебі магнит полюстеріне байланысты баланс сақтап айналады.


  1. Қажетті құралдар: жұмыс жасап тұрған электр сұлбасы, және шайба

Эксперимент: Электр сұлбасын іске қосып, шайбаны тақасақ осы кезде шайба сым бойына жанаса тұра алады, ал егер сымды электр сұласын ажыратсақ онда ол шайба жанасып тұра алмайды.

Қорытынды: Ток жүрген кезде магнит өрісінің пайда болуы.


  1. Қажетті құралдар: Су құйылған ыдыс, қалқан, магнит.

Эксперимент: Су құйылған ыдысқа қалқанның ортасына магнит орнатып тастасаңыз, қалқан тұрақты бір бағытта орналасып тұрады.

Қорытынды: Магнит полюстерінің өзара әрекеттесуінде


  1. Қажетті құралдар: магнит

Эксперимент: Магнитті аспаннан жерге лақтырсаң, тұрақты түрде бір бағытта түседі.

Қорытынды: Жерге тартылыс заңы, сонымен қатар ондағы полюстердің өзара әрекеті.


  1. Виртуальды зертханалық жұмыс

Әр жұпқа бір ноутбукпен алдарыңа виртуалды түрде магниттік құбылысты сипаттайтын зертханалық жұмыс беріледі.

(http://barsic.spbu.ru/www/lab_dhtml_kaz/common/index.html)



Электромагнитті жинау және оның әсерін зерттеу


Жұмыстыӊ мақсаты: Электромагниттіӊ негізгі бөлшектерімен танысып, оны жинау.


Құрал- жабдықтар: ток көзі, реостат, кілт, өткізгіш сымдар, магнит тілше, электромагнитті жинауға арналған бөлшектер.


Жұмыс барысы:

1) Ток көзін, шарғыны, реостатты және кілтті тізбектей қосып, электр тізбегін жинаӊдар;

2) Тізбекті тұйықтап, магнит тілшені пайдаланып, шарғыныӊ магнит полюстерін анықтаӊдар;

3) магнит тілшені шарғыныӊ магнит өрісініӊ оған тигізетін әсері шамалы болатындай қашықтықта орналастырыӊдар;

4) шарғыға темір өзекті енгізіӊдер;

5) электромагниттіӊ магнит тілшеге әрекетін бақылаӊдар

6) қорытынды жасаӊдар.

а)

Б)

Сурет 6. Виртуальды зертханалық жұмыс көрнісі.



Қорытынды: Магнит өрісінде орналасқан кез келген тогы бар өткізгішке магнит өрісі тарапынан күш әсер етеді.

V. Қорыту

ББҮ стратегиясы

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім






VІ. Бағалау


VІІ. Үйге тапсырма беру

  1. Клюжев Ю., Әубәкірова С. Материалтану, Астана: Фолиант, 2010. 132 бет.









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Магниттік тізбекбектердің негізгі сипаттамалары

Автор: Молдир Куанышкаликызы

Дата: 25.03.2017

Номер свидетельства: 403086


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства