kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ма?жан Ж?мабаев "Мен жастар?а сенемін"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Урок предназначен для урока казахской литературы. Очень полезен при проведении уроков.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ма?жан Ж?мабаев "Мен жастар?а сенемін"»

5 сынып Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін»

Сабақтың мақсаты: рухы мықты ,елжанды ақын шығармашылығымен таныстыру.

«Мен жастарға сенемін » өлеңінің тақырыбы, идеясы мен тәрбиелік мәні туралы оқып—білу.

Сабақтың міндеттері: 1.Ұлтын сүйген ақын поэзиясы арқылы ұлттық рух пен еліне деген сүйіспеншілік ұғымын таныту, өлеңді талдау арқылы тақырып аясын анықтау

2. Оқушылардың ойлау,сөйлеу қабілеттерін, танымдық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу

3. Көркем сөз өнерін бағалауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап,ой қозғау, жинақтау, сатылай кешенді талдау, «Биоақпараттандыру және синергетика» технологиясының элементтерін қолдану(отырғызу орынының матрицасы , эссе жазу)

Қолданылатын құралдар:ақын туралы слайд, портреті, кітаптар қөрмесі

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, дүниетану, орыс әдебиеті,өзін-өзі тану

Сабақтың барысы:

Кезеңі

Уақыты

  1. Ұйымдастыру кезеңі


  1. Ынтымақтастық ортасын қалыптастыру: «Қуаныш шеңбері» (ортаға шығып, бір-біріне жақсы көңіл мен сәттілік тілейді )


  1. Үй тапсырмасын тексеру:

1-2 оқушы ақын өмірі мен шығармашылығы туралы слайд дайындап, сол арқылы әңгімелеп береді.


  1. Үй тапсырмасын қорытындылау:

1-2 минут уақыт ішінде оқушылар дәптерлерінде жазылған мәліметтерді оқып, қайталайды. Кейін «отырғызу орынының матрицасы» арқылы қарама-қарсы сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауап «+», ал қате жауап «-» белгісімен қойылады. Нәтижесі шығарылады.


  1. Жаңа сабаққа кіріспе:

Мен сендерге ақынның тамаша бір өлеңін тыңдауды ұсынамын (өлең бейнесюжет ретінде берілген). Енді кім айтады, негізгі ой кімдерге арналған? Сенің ойыңша, Мағжан сенген жастар қандай болулары керек? (қайратты,ақылды,әділ,елін сүйетін,намысты)

  1. Жаңа сабақты түсіндіру:

Мұғалім оқиды, жаңа сөздермен танысамыз. Кейін оқушылар өздері мәнерлеп оқып береді.

Өлең мәтінінен қандай ? сұрағына жауап беретін сөздерді тауып көрейік.


  1. Қабылдауды ұйымдастыру: Мұғалім тақтаға 7 сөз жазады (айбатты,жұмсақ,күшті,қайратты,қасиетті,қымбат,таза).

Оқушылар есте сақтауға тырысады. Кейін 30 секунд уақыт ішінде дәптерлеріне жазып, көршісімен ауысады. Тақта ашылып, тексереді, нәтижесі шығарылады (5-7 сөз дұрыс болса - «+» белгісімен белгіленеді)


  1. Сабақты пысықтау: Сатылай кешенді талдау:

  1. Авторы: Мағжан Жұмабаев (ақын,жазушы, ағартушы, қоғам қайраткері)

  2. Тақырыбы: жастар туралы

  3. Идеясы: жастарды батырлыққа,ерлікке шақыру

  4. Буын саны: 7-8 буынды

  5. Шумақ саны: 8 шумақ

  6. Көркемдік құралдар: эпитет – жас қырандар, күшті қанатты, жұмсақ мінез, таза жүректер, қасиетті тілектер; метафора - Алтын Арқа; теңеу - арыстандай, жолбарыстай, тау суындай, қырандай;

  7. Тәрбиелік мәні - елді сүюге, Отанды сүюге үйретеді.

  8. Түйіні - Алаш атын аспанға, Шығарар олар әр таңда.


Сендер қандай адамды нағыз патриот деп санайсыңдар? Биыл Тәуелсіздікке неше жыл толады? Ақын армандаған мақсат,арманы орындалды ма? Ел намысын қорғаған қандай атақты адамдарды білесіңдер?


  1. Сабақты қорытындылау: « Биоақпараттандыру және синергетика » технологиясының элементін қолданып, эссе жазу (2-3 минутта жазып, эсседегі сөздер санын анықтаймыз, ең үздік жұмыстарды оқып шығады)

« Менің өлеңнен алған әсерім»

Мұғалім сөзі: Ақынның лирикалық кейіпкері «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты», Мағжан үшін жастардың орны бөлек. Жастар –елдің болашағы. Сендерді әрқашан рухы мықты, күшті, айбынды болатындарыңа зор сеніммен қараған. Сондықтан сендерге сәттілік тілеймін.

  1. Бағалау

  2. Үй тапсырмасы: өлеңді жаттау. Өздерің Мағжанша сөйлеп, өз ана тілдеріңде ел, туған жер, болашақ туралы өлең жазып көріңдер.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Ма?жан Ж?мабаев "Мен жастар?а сенемін"

Автор: Хамзина Акбидай Мазиевна

Дата: 26.08.2016

Номер свидетельства: 340938


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства