1.Білімділік: Оқушылардың түсінгенің әңгімелеп айтып беру дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын молайту.
2.Дамытушылық:Әрбір оқушының қисынды ойлау қабілеті мен ауызша және жазбаша тілін дамыту, танымдылық қызметке қызығушылығын жетілдіруге бағыттау оқушыларлың көру, есте сақтау , затты тану қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың әдеби сауатын ашу рухани дүниесін байыту, көркемдік естетикалық тұлғамын арттыру,іздеттілік-елжанды дар тұлға тәрбиелеу.
Сабақтын әдісі: Ұжымдық түрде білім алу.
Көрнекіліктер:оқулық, дәптер,сурет.
Сабақтын барысы:
Ұйымдастыру кезені:Оқушылармен сәлемдесу.
Үй тапсырмасын сұрау:
1.М. Дулатұлы қашан, қай жерде туған?
2.Ақын қандай білім алған?
3.Ақынның ең алғашқы өлеңі қалай деп аталады?
4.Ата-ананың қадірі деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Жаңа тақырып игеру.
Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы сұхбаттасайық.
а) М. Жұмабаев қашан, қай жерде туылғаның білесіңдер ме?
ә ) Болашақ ақын қандай білім алған?
б)Ақын өзі қандай шығармалар жазыпты, атап беріңдерші?
Енді ақын аталарының "Мен жастарға сенемін" атты өлеңін оқиық.
Мен жастарға сенемін.
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты.
Қырандай күшті қанатты-
Мен жастарға сенемін !
Сұрақ-жауап.
1.Жастар қандай болу керек?
2.Қай кезде жастарға сенемін артылады?
3.Ал сендер қандай болып өсіп келе жатырсыңдар?
Сергіту сәті.
Бала, бала, балақай,
Қол созайық , алақай!
Бір, екі, үш деп айтайық,
Саусақтарды тартайық,
Жалқау бала болмайық,
Қолды қысып ойнайық.
Дәптермен жұмыс.
Өлең мәтіні бойынша "Кім?" ,"Не?","Қандай?" деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар.