Данный урок составлен в соответствии с программой по литературе для 9 класса с казахским языком обучения /2010 год/ и имеют своей целью –выявление уровня освоения программного материала за 1 полугодие 9 класса. Данный урок входит в цикл уроков, посвященных творчеству репрессированных писателей Казахстана.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««М.Ж?мабаев» 9 класс »
Средняя общеобразовательная профильная школа дифференцированного обучения №17 г.Павлодара
Тема урока литературы:
«М.Жұмабаев»
Учитель: Талипова Э.Е.
Данные тесты составлены в соответствии с программой по литературе для 9 класса /2010 год/ и имеют своей целью –выявление уровня освоения программного материала за 1 полугодие 9 класса.
9-сынып Қазақ әдебиеті.
Саб.тақырыбы: М.Жұмабаев
Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаевтың шығармашылық өмір жолы. Сыршыл лирик.
Сабақтың мақсаты: білімділік – Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты оқушылар білетін мәліметтерді тексере отырып, өлеңдерін түсініп және мәнерлеп оқуға көңіл бөлу, өлеңге сатылай кешенді талдау жолын меңгерту, әдебиет теориясынан ұғымды кеңейту; дамытушылық – мәнерлеп оқу дағдысын дамыту, өз пікірін еркін жеткізуге дағдыландыру;
тәрбиелік – елін, жерін, тілін сүюге баули отырып ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сын тұрғысынан жазу және оқу, сұрақ-жауап, өлеңді мәнерлеп оқу, топтық жұмыс, сатылай кешенді талдау, ой-толғау.
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, шығармалары, тірек сызбалар, газеттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, сабаққа ынтасын аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық. «Шаттық шеңбері»
ІІІ. Сабақ мақсаты: ақын өмірінің бір қырынан түсінік алу, поэзияларымен, «Қазақ тілі» өлеңімен танысу. Сынып оқушыларын үш топқа бөлу: І топ - «Зертеушілер», ІІ топ – «Әдебиетшілер», ІІІ топ – «Сарапшылар».
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту
І. Ой шақыру.
1. Мағжан Жұмабаев кім?
2. Мағжанның қандай өлеңдерін білесіңдер?
3. Мағжан шығармаларында қандай мәселелерді көтереді?
ІІ. Топтастыру.
Мағжан
Өлеңді оқу, талдау.
3-топқа «Қазақ тілі» М. Жұмабаевтің өлеңін таратып беремін.
1. Өлеңді мәнерлеп оқып шығу.
2. Бірнеше оқушыға қайталап оқыту.
3. Өлеңнің мазмұны туралы түсінігін қысқаша сұрау.
Сатылай кешенді талдау:
І топ «Зерттеушілер» ( Авторы, тақырыбы, жанр түрі, идеясы)
«Қазақ тілі» өлеңі.
1. Авторы: Мағжан Жұмабаев
1)1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Сасықкөл жағасында туған. 1938 жылы наурыз айында жазалау құрбаны болды.
2)Кемеңгер, ұлт ақыны, шебер аудармашы, қоғам қайраткері.
2. Тақырып. Өз қоғамындағы қазақ тілінің рөлі, қазақ елінің бодандық бұғауы.
3. Жанр түрі. Поэзия (өлең).Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
4. Идеясы. Өлең арқылы қазақ халқының бодандықта болуы, ана тілінің кеңестік заман талабына сай әлсіреп бара жатқандығын, халқымызға тән салт-дәстүр мен ұлттық рухтың жойылып бара жатқандығын, шындық өмір көріністерімен бере отырып, ана тілінің болашағының кеңдігін меңзеу, болашаққа сеніммен қарау.
ІІ-топ. «Әдебиетшілер» Өлең құрылысына талдау
5.Шумақ. Төрт шумақты өлең (Шумақ аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді).
6.Тармақ. Әр шумақ төрт тармақтан тұрады. (Тармақ – өлеңнің әр жолы)
7. Бунақ. Күш кеміді айбынды ту құлады,
Кеше батыр бүгін қорқақ бұғады
(Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі)
8. Буын саны. Қыран құстың қос қанаты қырқылды – 11буынды
Күндей күшті күңіренген ел тынды – 11 буынды ( Буын – сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты)
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың! Қара өлең ұйқасы (а-а-б-а). (Ұйқас – өлең тармақтарындағы сөз астарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі)
ІІІ топ. «Сарапшылар» Әдеби теориялық ұғымдар
10. Лирикалық өлең (азаматтық лирика) Айбынды ту, ұшқыр жаны, қыран құс,жауыз тағдыр – эпитет. Эпитет (айқындау) – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.
12. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні. Автор өз заманындағы өмір шындығын «Қазақ тілі» өлеңі арқылы жеткізе білген. Келер күннен үміт күтеді. Қандай қиындық болса да тіл мәңгі өлмеуі керек. Тіл өлмеген жерде ұят та өлмейді деп сеніммен қарайды... Елді, жерді, тілді сүюге шақырады.
ІV. Ой толғау. Оқушы қиялына, фантазиясына ерік беру тәсілі.
Мағжан Жұмабаев өзінін «Педагогика» атты еңбегінде «Фантазиясыз адам өмірі өңсіз, түссіз бір нәрсеге айналмақ. Мылқау өмірге үн беретін, сақау өмірге тіл беретін, жоқты бар қылатын, барды, гүлді, көрікті қыла алатын, бізді арыға аяқ басқызып, тәңірмен тілдестіретін – сол фантазия» деген болатын. Олай болса, оқушының шығармашылығымен ұштастырайық.
І топ «Зерттеушілер» тобы. Мағжан ағаға хат жазу.
ІІ топ «Әдебиетшілер» тобы. «Менің тілім» деген тақырыпқа орай ойдан өлең шығару.
ІІІ топ «Сарапшылар» тобы. «Қазақ тілі: бүгіні мен болашағы» атты тақырыпқа эссе жазу. (ҚР Президентінің Тіл туралы жолдауы)
V. Сабақты бекіту. М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты сөзжұмбақ шешу.
1. М.Жұмабаевтың өлеңі.
2. М.Жұмабаев қай ақынның дәстүрінен үлгі алды?
3. М.Жұмабаев өлеңдері қай сарында жазылды?
4. Ақын білім алған қала.
5. М.Жұмабаевтың поэмасын тап.
6. Ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы.
Бүгінгі сабақта Мағжан ақын өлеңін жан-жақты талдай отырып, өлеңнің негізгі идеясы мен тәрбиелік мәнін білдік. Мәнерлеп оқу дағдысын дамыта отыра өз ойымызды еркін жеткізуге қалыптастық. Туған тілді Мағжанша сүюді үйрендік. Тіл тазалығы үшін әрқашан ар алдында жауап беретінімізді ұғындық. Тілді сүю, құрметтеу Отанды, елді, туған жерді сүю екенін білдік.
Жалындайық, жанып тұрып өрлейік.
Жанып тұрып, жатқа туды бермейік.
Ғылым қажет даласына қазақтың,
Елім үшін білім алып гүлдейік.
VІ. Бағалау. Топ жетекшілері бағалау парақтарын өткізеді.
VІІ. Үй тапсырмасы. Өздерін қалаған өлеңді жаттау.