9 сыныпты? ?дебиет саба?ына арнал?ан "М?хтар ?уезовты? ?мірі мен шы?армашылы? жолы" та?ырыбында?ы саба? жоспары. саба? жа?а технология элементтерін пайдалана отырып ??растырыл?ан. М?нда о?ушылар?а топты? ж?мыс, жеке тапсырмалар берілген. М.?уезовты? жалпы шы?армашылы?ы ?арастырыл?ан.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Оқушыларды топқа бөліп орналастыру ...........................................................................
Өткенді пысықтау. «Таза тақта» стратегиясы бойынша өткен сабақты пысықтап бекітемін.
Тақтадан М.Ә. портретін көрсетемін
Ой қозғау мақсатында:-Оқушылар, тақтадан кімді көріп тұрмыз? М.Әуезов
жайында не білеміз? деген сұрақ қойылады. Оқушылар өз білгендері бойынша тақтаға топтастырып шығады.
М.Әуезов
Жаңа сабақ. М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық жолы
Ал, енді оқушылар, бүгінгі сабақтан біз нені білуіміз керек. Мақсатымызды айқындайықшы. Оқушылар бүгінгі сабаққа мақсат қояды. (оқушылар мақсаттарын айтып болған соң, тақтадан сабақтың мақсатын көрсетемін)
Осы мақсатқа түрлі ойындар мен тапсырмаларды орындау арқылы жету керек.
«А» әрпі бар бағыттаушы парағын және жетонын (тағып алады да) «А» үстелінің басына, «Б» әрпін алғандар – «Б» үстеліне, «В» әрпін алғандар – «В» үстеліне т.с.с. орналасады. «Г» әрпін алғандар – «Г» үстеліне.Бағалау парағы әр оқушыда болады. Топ басшысы бағалайды.
Топ басшылары келіп, сандықшадан жеке-жеке тапсырма алады.
Ойынның тапсырмалары:
1.М.Әуезовтің өмірбаяны
2.М.Әуезовтің әңгімелерінің негізгі тақырыптары
3.М.Әуезовтің «Адамдық негізі –әйел» атты мақаласы
4.М.Әуезов шығармашылығын зерттеушілер
Әр топ 5-7 минут шамасында оқу және қосымша әдебиетті пайдалана отырып, жауап іздейді және тезис түрінде жазып алады.
Дайындыққа бөлінген уақыт аяқталған соң, оқушылар орындарынан тұрып, әрқайсысы өздерінің бағыттау парағы бойынша жаңа орынға отырады. Ретімен өздерінің дайындықтары бойынша топтағыларға түсіндіреді. Бағалау парағына түсіндірген оқушыға топтағы оқушылар бағасын қояды.
Түсіндіріп болған соң, әр оқушы өз топтарына келіп орналасады.
Тапсырмалардың қысқаша жауаптары
1.М.Әуезовтің өмірбаяны, шығармалары
Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы асқар белі –Абай, ХХ ғасырдағы заңғар биігі- Әуезов.Әдебиетке ең қатал сыншы, ең әділ төреші уақыт десек,сол уақыттың өзі осыны дәлелдеп отыр.М.әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген.Әкесі Омархан да, атасы Әуез дехат танитын сауатты адамдар болған.1904 жылы Абай дүниеден өткенде Мұхтар небары 7 жаста еді. Мұхтар алғашқы сауатын әліппемен емес, Әуез атасы ұсынған Мүрсейіт қолжазбасындағы Абай өлеңдері арқылы ашады.11 жасында әкесі қайтыс болған соң, қаладағы немере ағасы Қасымбектің тәрбиесіне көшеді.Осыдан былай қарай оның оқу-білім жолындағы сапары басталады.
М.әуезов жазушылық жолын драматургиядан бастайды.1917 жылы Ералы жазығындағы Ойқұдық жайлауында алғаш рет «Еңлік-кебек» пьесасын қояды.20-40 жылдары бір алуан әңгімелер топтамасын жазады.Негізгі тақырыптары-әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, әйел басындағы ауыр хал, айықпас мұң,қайғы.Осының бәрі М.әуезовтің ұлы эпопеяға барар жолдағыәрекеттері болатын.»Абай жолы»-Әуезовтің бас кітабы.Осы шығармасы арқылы бүкіл дүние жүзіне, қала берді-өз отандастарына, керек десеңіз, тіпті қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім екенін танытты
2.М.Әуезовтің әңгімелері
М.Әуезовтің әңгімелерінің негізгі тақырыптары – қазақ ауылындағы кедейлер өмірін, қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігін суреттейді.Әңгімелері: «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қыр суреттері», «Кім кінәлі», «Сөніп-жану», т. б.Повестері: «Көксерек», «Қараш-қараш оқиғасы», «Қилы заман».
3.М.Әуезовтің «Адамдық негізі –әйел» атты мақаласы
1917 жылы «Адамдық негізі-әйел» атты туындысы жарық көреді.Бұл көсемсөзінде автор әйел азаттығы туралы келелі мәселені қозғайды.
«Сандықша ойыны» Топ басшылары келіп сандықшада тұрған бірнеше тапсырмалардан бір тапсырма таңдап алады. Топпен ұйымдаса отырып тапсырманы орындайды. Тақтада қорғайды.
1. М.Әуезовтың өмірі бойынша ақпарат картасын толтырады.
2. Жазушының бір көркем шығармасының тақырыбы мен идеясын ашу
3.Пьесаларының бірінен сахналық көрініс
4. «Мұхтар – көркем сөздің үлкен шебері» эссе
«Ыстық орындық» стратегиясы бойынша сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: М.Ә. өздеріне ұнаған шығармаларын оқу,талдау.
Бағалау. Топтық бағалау парағындағы бағаларды ескеріп бағалау.