Просмотр содержимого документа
«М. Ма?атаев. "Фантазия" ?ле?і »
Пән аты: Әдебиет
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы: 14.03.2015
Тоқсан: ІІІ
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Фантазия»
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың М. Мақатаев туралы әдеби білімдерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: М. Мақатаев өмірімен танысу, өлеңін меңгере отырып, идеясын ашу, өлең арқылы қазақ халқының тарихымен жете танысу.
2. Дамытушылық: Оқушыны өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлана біліп, сөз мәдениетін, сөз қоры қолданысын дағдыландыруға, ойлылық пен тапқырлық арқылы сөз өрнектей білуге төселдіру.
3. Тәрбиелік: Өз елін, Отанын сүюге, қазақ елінің біртуар ғұламаларының елге жасаған игі істерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, талдау, СТО жобасының стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, шығармалар жинағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Қ. Шаңғытбаев өмірі мен шығармашылығы
«Сабалақ» мазмұндау
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық:
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу.
2. Сабақ мақсатын түсіндіру.
ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Мұқағали Мақатаевтың (1931-1976) өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру.
ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақын Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұстас келді.
Мұқағали – жыр еліне ауыз әдебиетінің мөлдірінен сусындап, ұлы Абайдың тереңіне бойлап, өзіне дейінгі ақындарды пір тұтып, орыс пен еуропа, шығыс әдебиеттерінен тәлім алып келген ақын.
Оқырман ақынның кез келген өлеңін бейтарап, салқын оқи алмайды. М.Мақатаев өзінің естелігінде былай деп жазыпты: «Егер бір кездерде менің өмірім, шығармашылығым әлдекімнің көңілін аударса, оларға былай дер едім:
Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінемін. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай... Жанымның мұңы мен қуанышы, бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын. 14 ақпан, 1976 ж.»
Сөз жоқ, Мұқағали шығармалары оқушысының жүрегіне сәуле түсіреді. Себебі ақын туған жерін, туған халқын, ана тілін жанындай сүйді. Оның кез келген шығармаларынан жердің, елдің биік рухы сезіледі. Өздеріңе талдауға ұсынылып отырған «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын тебіренбей оқу мүмкін емес.
2. Ой шақыру стратегиясы бойынша ақын өмірі жайлы әңгімелесу.
Ақын 1931-1976
Поэма, жинақ
Мұқағали
«Барлығы да Сүлеймен,
сендердікі» Нағиман.
«Мен таулықпын» Мақатай, Тиін.
«Қайырлы түн»
«Фантазия» өлеңін мәнерлеп оқу.
Сөздікпен жұмыс:
Галилей, Коперник – жер мен жұлдыздарды зерттеген Еуропа ғалымы.
5. Өлең құрылысына қарай талдау
4 3 4
Ертегіден/ жаңарып/ қала тұрған// а
4 3 4
Ертегіден/ ғұлама/ дана туған// а
3 4 4
Бұл күнгі/ ғаламаттар/ алдыменен// б
3 4 4
Адамның/ қиялында/ жаратылған// а
Үш бунақты (4+3+4; 3+4+4), 11 буынды 4 тармақты 5 шумақтан тұратын, қара өлең ұйқасымен (а,а,б,а) жазылған өлең.
V. Түсінік тексеру:
Сұрақ-жауап:
Ақын ертегідегі қиял мен бүгінгі шындықты қалай байланыстырған?
Өздерің бұрын оқыған қиял – ғажайып ертегілерді естеріңе түсіріңдер.