kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ыр?ыз хал?ыны? "Манас" жыры

Нажмите, чтобы узнать подробности

6-сыныпты? ?аза? ?дебиеті п?нінен ?лем ?дебиетін о?ытуда ?ыр?ыз хал?ыны? "Манас" жырын о?ытуды? ?ыс?а мерзімді саба? жоспары енгізілді. Ж?мыс жа?а ?діс-т?сілдерді ?олданып, о?ушыларды топ?а б?лу ар?ылы ж?зеге асады.манас жырын ?р топ?а джигсо ?дісі ар?ылы ?з  беттерімен т?сініп, ме?геру тапсырылды.  "С?ра?ты ?тып ал" кезе?інде о?ушыларды? саба? барысында?ы белсенділіктері жо?ары де?гейде болды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ыр?ыз хал?ыны? "Манас" жыры»



Ж. Молдағалиев атындағы № 2 ОЖББМ













Қырғыз халқының «Манас» жыры

қазақ әдебиеті, 6-сынып















Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі Туралиева Г.С.



















2015-2016 оқу жылы





Пән: қазақ әдебиеті,

6-сынып


Тақырыбы:

Әлем әдебиеті. Қырғыз халқының «Манас» жыры.

Мақсаты:

Қырғыз халқының ауыз әдебиетімен таныстыру. «Манас» жырының мазмұнын меңгертіп, жырды мәнерлеп оқуға үйрету.

Күтілетін нәтиже

1.Қырғыз халқының ауыз әдебиетімен танысты.

2.«Манас» жырының мазмұнын түсініп, бір-біріне айта алады.

3. Жырды мәнерлеп оқиды.

Керекті жабдықтар

Ресурстар,түрлі түсті стикерлер, түсіндірме сөздіктер,слайдтар.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық: "Шаттық шеңбері" сергіту сәтін өткізу.

Оқушыларды 4 топқа бөлу.

Топ атаулары: «Өлең-жырлар», «Әңгімелер», «Мақал- мәтелдер », «Ауыз әдебиеті ».

Үй тапсырмасы:

«Ата үміті» үзіндісі бойынша әр топқа сұрақ беріледі, сол сұрақ аясында әр топ постер қорғаулары керек.

Өткен тақырып бойынша алған білімдерін өзін-өзі бағалау парағы бойынша бағалау керек.

Мұғаліммен амандасады.

Оқушылар теп-тез, белсене жолдастарына өз тілектерін тілейді.


Топтарға бөлінеді.



Әр топтан берілген сұрақ бойынша талқылау жүргізіп, өз ойларын, жауаптарын постерге түсіріп, қорғайды.

Әр оқушы өзіне берілген бағалау парағы арқылы өзін-өзі бағалайды.

Тұсаукесер

Слайд-шоу. Бірнеше халықтың ақын-жазушылары және олардың шығармалары көрсетілді. Жалпы сұрақ қойылып тарау атын оқушылардың өздеріне тапқызу.

Қырғыз халқы туралы презентация көрсету

Миға шабуыл. Сыныпқа жалпы сұрақ тастау

Қай халық өкілдерін көріп тұрмыз?


Қырғыз халқы туралы кіріспе әңгіме жүргізілген соң, тақтаға «Манас» жыры деп тақырып жазылады. Оқушыларға жыр не туралы екендігіне ассосация жазғызу.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

Тақтада көрсетілген слайд-шоуды көреді. Жалпы сұрақ бойынша тарау атын тауып, жауап береді.



Жалпы сұраққа ойланады,

жауап іздейді, жауап береді.


Жырдың мазмұны не туралы екендігіне өз ойларын тізбектеп жазады.


Сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазып алады.

Негізгі бөлім

Оқулықпен жұмыс. Әр топ мүшелерін 1,2,3,4 санымен нөмірлеу.

Джигсо әдісі арқылы «Манас» жырын меңгерту. Топқа жырды

бөлім бойынша бөліп беру.

«Гаухар тас» - 288-2

«Тіршілік» - 295-300 б.

«Ата үміті» - 300-305 б.

«Шойын құлақ»- 306-310 б.(10мин)


Белгіленген уақыт ішінде оқып шығып, кейін №1-лер бір топқа №2 бір топқа , №3-тер бір топқа, , №4-тер бір топқа жиналады. Жаңа топ жинақталған соң, әр оқушы оқыған бөлімдері бойынша топқа түсіндіре бастайды. (7 мин.)



"Сұрақты ұтып ал" әдісі арқылы әр топ бір-біріне сұрақтар қояды. (5 мин)





Әр топ мүшелері өздеріне белгіленген беттегі жырды оқып шығады.








Оқушылар жаңа топқа жинақталады. Бір - біріне өздерінің оқыған бөлімдерін мазмұндап айтып шығады.

Берілген уақыт аяқталған соң, оқушылар бастапқы топқа қайтадан жинақталады.


Әр топ бір-біріне жырда баяндалатын оқиғалардың әр жерінен мысал келтір деген бағытта сұрақтар қойып отырады. Ал келесі топ сол сұраққа жырды мәнерлеп оқу арқылы жауап беріп отырады.

Қорытынды.

ББҮ- кестесін толтыру.

Әр оқушы бүгінгі сабақта өздерінің нені білгендерін, үйренгендерін, нені білгісі келетінін жазып шығады.


Бағалау.


Бағдаршаммен бағалауды өткізу.

Кері байланыс жазғызу.


Бағдаршам арқылы бүгінгі сабақта меңгергендерін бағалайды. Сабақ бойынша өз ойларын жазып шығады.

Сабақты өзіндік талдау.

Кіріспе бөлімінде

Бүгінгі сабағымды оқушылардың бір-біріне деген ынтымақтастық қарым қатынасын қалыптастыру бағытында "Шаттық шеңбері" сергіту сәтін өткізу арқылы бастадым. Оқушылар жолдастарына тілектерін теп-тез айтып шықты. Дегенмен де менің байқағаным оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілей алмайды екен. Арайлым, Айбар деген оқушылар ғана өз ойларындағы тілектерін қысылмай айтты.

Топқа бөліну кезінде оқушыларда сәл қобалжулық болды. Өйткені қыз балалар өз достарымен бірге бір топқа жинақталғысы келді.

Үй тапсырмасын тексеру кезінде әр топ өздеріне берілген сұрақтарға жауапты постер ге түсіріп жатырғанда 3 топтың оқушылары жақcы, бірігіп отырып жұмыстанды. Ал 1 топтың екі оқушысы ғана постер жасап отырды, қалғант екеуі жәй оқулық ақтарумен шектелді.

Топ уақытпен жұмыстанды, тақта алдына әр топтан бір оқушы шығып постерлерін қорғады. Постерге түсірген жауаптарынан, бір- біріне сұрақтар қойғанынан үзіндіні жақсы меңгеріп, түсінгендері көрініп тұр. Өзін-өзі бағалау критерийі бойынша бағалағанда негізінен әділ бағалаған. Тіпті Телемген А. деген оқушы өзін төмендетіп жіберген, оған өзгелері ескерту айтып, бағалауын көтертті.

Тұсаукесер

Оқушыларға көрсетілген слайд-шоу ұтымды болып шыққты. Өйткені оқушылар әр берілген мәліметті таласа, қызыға оқып жатты. Оқушыларға берілген жалпы сұраққа дұрыс жауап беріп, бүгінгі сабақтың тарауы "Әлем әдебиеті" деп, күтілген жауапты айтты.

Негізгі бөлімде

"Манас" жырын әр топқа бөлімге бөліп джигсо әдісі арқылы оқушылардың өздеріне танысып, түсініп оқып алу тапсырылды.Оқушылардың өз бетімен шығарманы оқып шығулары қиынға соқты. Мазмұнын түсінуде де қиналды. Жаңа топ жинақталғанда кейбір оқушылардың өздеріне берілген бөлімдерді дұрыс айта алмағанынан көрінді. Менің ойымша сабағымның осы кезі сәтсіз шықты.

Ал "сұрақты ұтып ал" тапсырмасын орындауда оқушылар жауапты тез тауып, кітаптан үзіндіні мәнерлеп оқып отырды.

Бекіту .

ББҮ- кестесін оқушылар бір сөйлем жазумен ғана шектелген. Сонда ештеңе түсініп шықпаған-ау деген ойда қалдым.

Бағалау

Бағдаршаммен бағалауда көпшілігі "жасыл" түсін көтерді. Бірақ әділ бағаламағандары көрініп тұр. Өйткені олардың деңгейлері "жасыл" емес, "сары" еді.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
?ыр?ыз хал?ыны? "Манас" жыры

Автор: Туралиева Г?лім Серік?али?ызы

Дата: 04.02.2016

Номер свидетельства: 288186


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства