Просмотр содержимого документа
«?ожанасыр туралы а?ыз»
«Қожанасырдың тойға баруы» аңызы. Нұрғалиева Алма Дүйсембіғалиқызы Ақмола облысы, Жақсы ауданы Қ.Өскенбай атындағы Қима орта мектебінің, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.
Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларға аңыз әңгімелер туралы түсінік беру.Аңыздың кейіпкерінің мінез-құлығын түсіндіру. Аңыздың мазмұнын түсініп, талдау білуге жаттықтыру.Мәнерлеп оқу білуін жетілдіру.
2.Сабақта белсендігін, ойлау қабілетін дамыту.
3.Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Әдістері:түсіндіру, сұрақ- жауап, мәнерлеп оқу.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық жүргізу. Тренинг. Оқушыларды сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен таныстыру.
II.Үй тапсырмасын тексеру. « Мақта қыз бен мысық »ертегісін рөлге бөліп, оқушылар көрініс көрсетеді .
III.Жаңа сабақ. Балалар, бүгінгі сабағымызда « Қожанасырдың тойға баруы» аңызы туралы әңгімелейміз. Аңыз дегеніміз не? Аңыздар туралы тірек сызба арқылы түсінік беру. Аңыз бен ертегінің айырмашылығы қандай?
IV. Мұғалімнің сөзі: Қазақ аңыз әңгімелерінде ерекше орын алатын кейіпкер-Қожанасыр. Қожанасырдың тарихтағы орны, өмір сүрген кезі туралы ғылымда әр түрлі пікірлер айтылады. Бір деректер Қожанасырды Түркияда өмір сүрген десе, тағы бір XIII ғасырда өмір сүрген Әзербайжанның белгіглі ғалымы Нассреден Туси Хажы атымен байланыстырады. Сондықтан да Қожанасырды бір ғана елдің әдебиетіне сыйғызу мүмкін емес. Қазақ аңыз әңгімелерінде Қожанасыр есек мінген отырықшылық белгісіндей, тапқырлық пен аңқаулықтың, ақылдықтың бейнесі ретінде суреттеледі.
V. « Қожанасырдың тойға баруы» аңызын оқу, мазмұнын ашу. VI. Сөздік жұмысы. Жаңа сөздерді дұрыс айтып жаттығамыз.
Ешкім елемепті - никто не заметил, не обратил внимания Төр - почётное место
Баяғыда- давным- давно
Сыйламау- не уважать
Құрметтеу – уважать, оказывать почести
Шапан- верхняя мужская одежда Жең- рукав
VII. Бекіту кезеңі. 1-тапсырма. Оқушылар аңызды түсініп оқып шығады.
Сұрақтарға жауап береді : 1. Қожанасыр мен үй иесі туралы ой білдіріңдер: Қожанасыр қандай? Үй иесі қандай? (Берілген кестені толтыру)
Пікір алмасу: қонаққа бару және қонақ қабылдау дәстүрі туралы не айтасыңдар?
VIII. «Сөз сыры»айдарын оқимыз. Қазір осы айдарда жазылған сөздерді аңыз мәтінінен тауып, оқимыз, аударамыз, сырын ашамыз.
IX. Балалар, оқулықтағы нақыл сөздерді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды айтыңдар?
Түріне қарап кісі алма, сөзіне қарап кісіні ал.
X. Рефлексия. Аңыздың негізгі ойы қандай?
Оқушылардың жауабы: адамды құрметтеу.
XI.Оқушылардың білімдерін бағалау.
XII.Үйге тапсырма: аңызды мәнерлеп оқу. «Кім ақылды? Қожанасыр ма әлде той иесі ме? » деген тақырыпта диалог дайындау