Жа?а саба?ты т?сіндіру:?оз?алт?ышты? жалпы ??рылысы ж?не ж?мысы.
Авток?ліктерде ?олданылатын ?оз?алт?ыштарды? е? к?п тара?ан т?рі - іштен жанатын ?оз?алт?ыштар болып есептеледі. ?оз?алт?ыш - цилиндрлер ішінде жанар?оспаны? жануынан пайда бол?ан жылу энергиясын механикалы? энергия?а ?згертеді. ?олданылатын жанармай т?рлеріне ?арай ?оз?алт?ыштар тез булан?ыш с?йы? жанармай - бензинмен ж?мыс істейтін карбюраторлы ж?не инжекторлы, дизель жанармайымен ж?мыс жасайтын – дизельді болып; авток?лікті??зінде газ баллонда са?талатын сы?ыл?ын немесе с?йытыл?ан газбен ж?мыс істейтін газбалллонды т?рлеріне ажыратылады. ?азіргі авток?ліктерде негізінен т?рт тактілі поршенді іштен жанатын ?оз?алт?ыштар орнатыл?ан.?оз?алт?ыш поршеніні? бір ж?рісі кезінде цилиндр ішінде ?тетін процесті такт деп атайды. Цилиндр ішінде поршенні? жо?ар?ы шекті н?ктеге жеткендегі поршенні??сті?гі б?лігіндегі ке?істікті жану камерасы деп атайды. Поршень жо?ары шекті н?ктесінен (ж.ш.н.) т?менгі шекті н?ктеге (т.ш.н.) жылжуда?ы бос орынды (к?лемді) цилиндрді?ж?мыс к?лемі деп атайды.
Т?рт тактылы ?оз?алт?ышты? ж?мысы
Бірінші такт - енгізу - ?оз?алт?ыш цилиндрлеріне ?ажетті жанар ?оспасымен ?амтамасыз ету ?шін ?ажет. Поршень жо?ары шекті н?ктеден т?менгі шекті н?ктеге ?арай ?оз?ал?анда, енгізу клапаны ашылып, шы?ару клапаны жабы? к?йде болады. Пайда бол?ан ?ысымны??серінен поршень ?стіндегі цилиндр ?уысына жанар ?оспасы толтырылады.
Екінші такт – сы?у - жанар?оспаны оталдыру?а дайындау ?шін ?ажет. Поршень т?менгі шекті н?ктеден жо?ар?ы шекті н?ктеге ауысады, б?л кезде екі клапаны да жабы?, жанар?оспасыны? к?лемі 6,5-8,2 есе азайып, ?оспаны? сы?ылуынан цилиндрдегі ?ысым 10-12кгс/см2 жетеді. Б?лкездежанар?оспасы 300-4000Стемпература?адейін?ызады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?оз?алт?ышты? жалпы ??рылысы ж?не ж?мысы.»
« Бекітемін »
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
________Қ. Орынбаев
«__» ___________2015 ж.
1.Сабақтың тақырыбы:Қозғалтқыштың жалпы құрылысы
және жұмысы.
2.Сабақтың мақсаты: Студенттерге қозғалтқыштың
жалпы құрылысы және жұмысы
жөнінде түсінік беру.
3. Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік мақсаты: Студенттерге қозғалтқыштың
жалпы құрылысы және жүйесі
туралы үйрету, дағдыларын
қалыптастыру жалпы құрылысын
тәжірибеде үйрету, тәсілдерін көрсету.
ә) Дамытушылық мақсаты:
Қазіргі кездегі қозғалтқыштың
құрылысындағы жаңа шет ел
автокөліктердегі
ерекшеліктерінің
салыстырмалы құрылысы
туралы айтып, сабақты дамыта
жүргізу.
б) Тәрбиелік мақсаты: Оқушыылардың пәнге деген
қызығушылығын қалыптастыру.
кәсіби біліктілі ізденімпаздықты
нығайту, адамгершілікпен
кішіпейілділік, еңбек сүйгіштік,
эстетикалық талғампаздыққа игі
қасиеттерге баулу, тәрбиелеу.
4. Сабақтың жүрісі: Сұрақ – жауап, лекцияны
түсіндіру, көрнекі құралдарды
қолдану
5. Сабақтың түрі: Топтық сайыс сабақ.
6. Сабақтыңқұрал – Слайдттар, интерактивті тақта,
жабдықтар көрнекілігі: бейнепроектор,қозғалтқыш
тетіктері мен бөлшектері,
сызбалар.
7. Пәнаралық байланыстар: Физика, химия, сызу.
8. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Автокөліктің техникалық
сипаттамалары туралы түсінігі.
2. Жеңіл және жүк
Автокөліктерінің
автобустардан ерекшелігі.
3. Техникалық
сипаттамаларында
көрсетілетін мәліметтер.
4. Автокөліктерде
қолданылатын
жанармай түрлері
Жаңа сабақты түсіндіру:Қозғалтқыштың жалпы құрылысы және жұмысы.
Автокөліктерде қолданылатын қозғалтқыштардың ең көп тараған түрі - іштен жанатын қозғалтқыштар болып есептеледі. Қозғалтқыш - цилиндрлер ішінде жанарқоспаның жануынан пайда болған жылу энергиясын механикалық энергияға өзгертеді. Қолданылатын жанармай түрлеріне қарай қозғалтқыштар тез буланғыш сұйық жанармай - бензинмен жұмыс істейтін карбюраторлы және инжекторлы, дизель жанармайымен жұмыс жасайтын – дизельді болып; автокөліктіңөзінде газ баллонда сақталатын сығылғын немесе сұйытылған газбен жұмыс істейтін газбалллонды түрлеріне ажыратылады. Қазіргі автокөліктерде негізінен төрт тактілі поршенді іштен жанатын қозғалтқыштар орнатылған.Қозғалтқыш поршенінің бір жүрісі кезінде цилиндр ішінде өтетін процесті такт деп атайды. Цилиндр ішінде поршеннің жоғарғы шекті нүктеге жеткендегі поршенніңүстіңгі бөлігіндегі кеңістікті жану камерасы деп атайды. Поршень жоғары шекті нүктесінен (ж.ш.н.) төменгі шекті нүктеге (т.ш.н.) жылжудағы бос орынды (көлемді) цилиндрдіңжұмыс көлемі деп атайды.
Төрт тактылы қозғалтқыштың жұмысы
Бірінші такт - енгізу - қозғалтқыш цилиндрлеріне қажетті жанар қоспасымен қамтамасыз ету үшін қажет. Поршень жоғары шекті нүктеден төменгі шекті нүктеге қарай қозғалғанда, енгізу клапаны ашылып, шығару клапаны жабық күйде болады. Пайда болған қысымныңәсерінен поршень үстіндегі цилиндр қуысына жанар қоспасы толтырылады.
Екінші такт – сығу - жанарқоспаны оталдыруға дайындау үшін қажет. Поршень төменгі шекті нүктеден жоғарғы шекті нүктеге ауысады, бұл кезде екі клапаны да жабық, жанарқоспасының көлемі 6,5-8,2 есе азайып, қоспаның сығылуынан цилиндрдегі қысым 10-12кгс/см2 жетеді. Бұлкездежанарқоспасы 300-4000Стемпературағадейінқызады.
а) сору
б) сығу
в)жану,жұмысжүрісі
г) шығару
4тактылықозғалтқыштыңжұмысы
Үшінші такт - жұмыс жүрісі (жану және ұлғаю) сығылған жанар майдың жану энергиясын пайдалы механикалық жұмысқа өзгерту үшін қажет. Сығылған жанарқоспаны оталдыру жүйесіндегі электр ұшқынымен оталғандағы бөлінетін жылу газдарын 2200-25000 С температураға дейін қыздырады. Цилиндрдегі ұлғайған газдар поршенніңүстінде 35-45 кгс/см2 ге дейін қысым тудырады да, соныңәсерінен поршень жоғарғы шекті нүктеден төменгі шекті нүктеге жылжиды. Бұл уақытта екі клапанда жабық болады. Поршенге әсерін тигізуші газдардыңқысым күші шатун арқылы кривошипке беріліп, қозғалтқыштың иінді білігінде айналу моменті туындайды.
Төртінші такт – шығару - цилиндрде пайдаланылған жанған газдардыңқалдықтарын атмосфераға шығару үшін керек. Поршень төменгі шекті нүктеден жоғарғы шекті нүктеге ауысады да, шығару клапаны ашылып , енгізу клапаны жабық күйде болып, жанған газдарды атмосфераға шығарып жібереді. Іштен жанатын қозғалтқыштың жұмыс циклінің барлық процестерін жүзеге асыруды: кривошипті - шатунды механизмі, газ таратқыш механизмі және салқындату, майлау, қоректендіру, оталдыру жүйелері атқарады.
Іштен жанатын қозғалтқыштың механизмдері мен жүйелері.
Кривошипті-шатун механизмі - жану тактісінде газ қысымын қабылдап, көлемін ұлғайтады да, поршеннің түзу сызықты жоғары - төмен қозғалыстарын иінді біліктің айналу қозғалысына өзгертеді.
Төрт тактілі дизельдің жұмыс сызбасы.
Газ таратқыш механизмі - қозғалтқыштың цилиндріне дәл уақытында және белгіленген моментте жанарқоспаныңқажетті мөлшерін енгізуге және пайдаланылған газдарды шығаруға арналған.
Салқындату жүйесі - іштен жанатын қозғалтқыштың жанарқоспаның жану кезіндегі қызулықты тетіктері мен бөлшектерінен бөліп, қозғалтқышты бірқалыпты жылу режимінде ұстап тұруға арналған.
Майлау жүйесі - қозғалтқыштың бір – бірімен үйкелістегі тетіктері мен бөлшектеріне май жіберіп тұратындықтан үйкеліс күшін азайтады, жүйені салқындатады, әрі майдың тазартылып берілуін қамтамасыз етеді.
Қоректендіру жүйесі - жанармайдыңқажетті мөлшерін жеткізіп беруге, карбюраторға жанармайдың берілуін, тазарту және жанар қоспаны дайындап цилиндрлерге беруге, бұдан пайдаланылған газды шығарып тұруға арналған.
Оталдыру жүйесі – оталдыру шамдары электр ұшқындарын шығарып, ұшқынмен қозғалтқыштың цилиндрлерінде жанар қоспаны кезегімен тұтандырыру, қозғалтқышты стартермен оталдыруға арналған