kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока по казахскому языку на тему ?арсылы?ты салалас ??рмалас с?йлемні? жасалуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: ?арсылы?ты салалас ??рмалас с?йлем.
Саба?ты? ма?саты: ?арсылы?ты салалас ??рмалас с?йлем туралы т?сінік беру, ?ткен та?ырыптар бойынша білімдерін пысы?тау, ?арсылы?ты салаласты ажырата білуге ?йрету, есте са?тау ?абілетін ??шейту, Отанын  ??рметтеуге т?рбиелеу.
К?тілетін н?тиже:?арсылы?ты салалас ??рмалас с?йлем туралы т?сінігі ?алыптасады,  ?ткен та?ырыптар бойынша білімдерін жетілдіреді, ?арсылы?ты салаласты ажырата білуге ?йренеді, есте са?тау ?абілеті к?шейеді, Отанын  ??рметтеуге т?рбиеленеді
Кіріктірілген модульдер: О?ыту мен о?уда?ы жа?а т?сілдер, АКТ (а?паратты? коммуникативтік технология), СТО (сын т?р?ысынан ойлау), ОЖЕ (о?ушыларды? жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты ж?не дарынды о?ушылармен ж?мыс). ОБжК (о?ытуды бас?ару ж?не к?шбасшылы?), О?БжОБ (о?ыту ?шін  бас?ару ж?не о?ытуды ба?алау), ДО (диалогты? о?ыту)
?діс-т?сілдер:«Мозайка» ?дісі,«Диалогтік» ?дісі, «Ми?а шабуыл» ?дісі,  «Ысты? орынды?» ?дісі,плакаттар, с?зж?мба?.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«конспект урока по казахскому языку на тему ?арсылы?ты салалас ??рмалас с?йлемні? жасалуы»

Сыныбы: 8 - сынып ҚМЖ

Уақыты: 22.01.2016 ж

Пән атауы: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.

Сабақтың мақсаты: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру, өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау, қарсылықты салаласты ажырата білуге үйрету, есте сақтау қабілетін қүшейту, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем туралы түсінігі қалыптасады, өткен тақырыптар бойынша білімдерін жетілдіреді, қарсылықты салаласты ажырата білуге үйренеді, есте сақтау қабілеті күшейеді, Отанын құрметтеуге тәрбиеленеді

Кіріктірілген модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)

Әдіс-тәсілдер:«Мозайка» әдісі,«Диалогтік» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «Ыстық орындық» әдісі,плакаттар, сөзжұмбақ.

Уақыт өлшемі

Жоспар мазмұны

Мұғалім іс- әрекеті

Оқушылардың іс- әрекеті

Ресурстар

2 мин

І. Кіріспе Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Оқушыларды психологиялық дайындау. Пікір жинақтау.

Оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу. Сәлемдесу. Кезекшіні тыңдау. Сыныпты сабаққа дайындау. Бұлттар арасында қалған күні бар плакатті тақтаға ілу. Әр бұлтта көңіл-күйді көтеру создері жазылған. Бұлттарды алу барысында күннің көзі ашылады.


Жылы қабақты сезеді.

Сәлемдеседі.

Кезекші оқушылар туралы мәлімет береді.

Жылы сөздер жазылған бұлттарды алып, күнді ашады.

Өмірдегі әр күніңізді шаттық, ләззат, бақыт деп біліңіз.

Білім-ақыл емес,

Ақыл біліміңді пайдалана білу.


Ешқашан күн сөнбесін!

1 мин

Сынып оқушыларын шағын топтарға бөлу.

Оқушыларды шағын топтарға бөлу және ат қою үшін,мозаикалық әдістен, сөзжұмбақтан пайдаланамын. Сөзжұмбақ орындалған соң, топ аттары анықталады. Салалас және сабақтас тобы.

Оқушылар шағын топтарға бөлінеді . Топ басшыларын сайлайды. Және міндеттерін бөліседі

кеспе қағаздар

5 мин

Үй тапсырмасын сұрау және пысықтау.


“ Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.

Салаластың неше түрі бар?

Ыңғайлас салалас қалай жасалады?

Жалғаулық шылауларын айт.

Дәптерлерін ауыстыру.

Өткенді есіне түсіреді, ойланады, сұрақтарға жауап береді. Жұпта үй жұмыстарын талдайды, өзара диалог жұмысын жүргізеді.


дәптер, оқулық, қалам


8 мин

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты Білу Знание


Жаңа сабақты уйрену Қарсылықтысалалас туралы мәлімет беріп, жасалу -жолдарын плакатпен түсіндіру.

Айтылған,көрсетілген үлгілерді дәптерлеріне түсіреді,өздері де ойынан шығарып мысалдар айтады. Оның даусы жақсы, дегенмен ән айтуды ұнатпайды. Аспанды бұлт қаптады, бірақ жаңбыр жауған жоқ.

дәптер, оқулық, қалам

плакат


7мин

Түсіну Понимание

155-жаттығу. Берілген жай сөйлемдерді қарсылықты салаласқа айналдырыңдар.

Нұрбек пен Бектас көл жағасына дейін жүгірді.

Гүлжан тезірек қайтқысы келді.


Үлгінен пайдалана отырып жаттығуды орындайды. 2топтан оқушы шығып тақтада жазып, жасалу жолын түсіндіреді.

дәптер, оқулық, қалам




5мин

Колдану Применение

Қарсылықты саласты қатыстырып сөйлем кұрастырындар және жай сөйлемнен айырмашылықтарын айтындар.

Қонақтар әжемді көруге келді. (жай сөйлем)

Қонақтар әжемді көруге келді, бірақ әжем үйде жоқ.

Бұрынғы білімін пайдалана отырып, проблемаларды шешеді.

дәптер, оқулық, қалам

А4 парағы

1 мин

Сергіту сәті.

«Сәлемдесу» ойыны:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.






Көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен сәлемдеседі.





5мин

Талдау Анализ

Жаңа тақырып бойынша құрастырылған сөйлемдер жазылған парақшаны тақтаға ілемін. Сөйлемдерді синтаксистік талдау керектігін түсіндіремін.

Ол өзінің қатысы жоқ екенін қанша айтты,сонда да ешкім сенген жоқ.


Білімдерін жіктейді, талдауды үйренеді,сөйлем ішіндегі сөздер қай мүшеге жататынын ажыратады, тақтаға шығып тапсырманы қорғау арқылы, тақырыпты талдайды.

Кластер

Түрлі-түсті бояғыштар


7мин

Жынақтау Cинтез

Жаңа сабақты қалай меңгергендерін білу мақсатында әр топқа тест беріледі.

II топқа сурет беріледі,суретке тақырып қойып, не бейнеленгенін анықтап,қарсылықты салаласты қатыстырып, шағын шығарма жазу.

«Сыңарыңды тап» ойынын ойнату арқылы жаңа сабақты пысықтаймыз. Мұнда 1-топ 2- топқа жай сөйлем айтады,2 топ қарсылықты салаласқа айналдырады.



Ойлайды,ізденеді,пікірлейді, шығарады,табады, достасады, дәптерлеріне жазады.


дәптер, А4 парағы,калам кеспе қағаздар, суреттер

2 мин

Бағалау

Оценит



Сабақ барысында оқушыларға сурет таратып оларға өздері суретке сай тақырып қойып, сол тұралы шағын шығарма жаздырдым.

1- топ Бесікке салу

2- топ Тұсау кесер туралы жазды.

Окушыларға жазған шығарманың өмірдегі бағасы туралы айтуды ұсыну.

1-топ бесікке салу,2-топ тұсау кесер туралы шағын шығарма жазады. 1-топ Бесікке салудың, 2-топ Тұсау кесердің өмірдегі бағасы туралы өз ойларын айтады.

Бағалау парақшасы.

1мин

Үйге тапсырма

беру

156-жаттығу. Ертегі мәтініндегі гүлдердің жауаптарын қарсылықты салалас құрмалас сөйлем түріне құрап жазыңдар.




Түсініп алып, дәптерлеріне әдемілеп жазады.

Кітап

1 мин

Кері байланыс жасау

ммм

Ішкі сезімдерін жазу үшін, рефлексия парағы ұсынылады.

Ұсынылған рефлексияға

ішкі сезімдерін жазады.










Тажиметова Наргиза Ирисдавлетовна қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдебиеті




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
конспект урока по казахскому языку на тему ?арсылы?ты салалас ??рмалас с?йлемні? жасалуы

Автор: Тажиметова Наргиза

Дата: 20.04.2016

Номер свидетельства: 320864


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства