kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока по казахскому языку дара ж?не к?рделі етістік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен ?з саба?тарысда к?рнекілік,с?ра? -жауап ?дістерін пайдаландым.к?рнекілік ?діс о?ушыларды? ойлау ?абілеттерін дамыту?а,?з бетімен ж?мыс жасау?а ?з септігін тигізеді.Б?л саба?та семантикалы? кесте,сызба т?рлерін пайдаландым.?ріптестер мені? саба?ымнан ?здері?ізге ?ажет материалды табасыздар деп ойлаймын.алдын ала рахмет.Мені? саба?ым туралы ?з пікірлері?ізді ?алдырарсыз деген ойдамын

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дара ,күрделі етістік»


Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Етістіктің құрамына қарай түрлерін ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Сөйлеу тілдерін жетілдіру. Шығармашылық іске жұмылдыру. Іздене білім алуға дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсат: Талдауға алынған мысалдар арқылы оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже: Оқушылар етістіктің құрамына қарай түрлерін ажырата алады.


Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, топтастыру.

Көрнекілік: С.Исаев «Қазақ тілі» оқулығы


Сабақтың өту барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

-оқушылармен сәлемдесу

-оқушылардың сабаққа қатысуы туралы кезекшінің мәліметі;

-оқу құралдарын ретке келтіру;

-сабақтың мақсаты айтылады.


ІІ Өткен тақырыптарға шолу жасау.

Сұрақ-жауап әдісі:

  1. Етістік дегеніміз не?

  2. Тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

  3. Негізгі және туынды етістік дегеніміз не?

  4. Туынды етістік жасайтын жұрнақтарда атап, мысал келтір.


«Қыс қызығы» тақырыбындағы оқушылардың әңгімелері тыңдалады.


Семантикалық кесте:


етістік

дара

күрделі

негізгі

туынды

келді





шегеле





тұр





жүріп келеді





ойна





салды







ІІІ Жаңа сабақ:Дара және күрделі етістік.


Қысқаша түсінік беру:

етістік


Дара / Бір ғана түбірден тұрады/

Етістіктер

Күрделі /екі я одан да көп сөзден тұратын, бір ғана мағынаны білдіріп, бір ғана сұраққа жауап беретін,

Бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын етістіктер/




  1. Тақтамен жұмыс:

Дара және күрделі етістіктерге байланысты тақтаға мысалдар жазып талдау:


Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды. /Ы.Алтынсарин/

Қозының жамырағанын байторының сақ құлағы бағана сезген.


/Оқушылар өздері етістіктерді сұрақ қою арқылы табады/

Жұрттар не істеді? –салғызды –баяндауыш

Нені сезген?-жамырағанын /толықтауыш/

Құлағы қайткен? –сезген-баяндауыш


Ауылда қосақтағы қойлар маңырап жатыр екен. Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен.


Қойлар қайткен?-маңырап жатыр екен-

Қыз не істеген?-жамап отыр екен.


Ескерту: күрделі етістіктің құрамындағы бірінші етістік негізгі етістік болады да, кейінгісі оған көмекшщі етістік болады.

3.Оқулықпен жұмыс:

223-жаттығу: Мәтіндегі күрделі етістіктердің қалай жасалғанын көрсетіңдер.

еріп-дара етістік, жиылып отырды-күрделі етістік, жиылып-көсемше тұлғалы негізгі етістік, отырды-көмекші етістік.

Келдік-дара етістік.

Сағынғанын айтты-күрделі етістік, сағынғанын-есімше тұлғалы негізгі етістік, айтты-көмекші етістік.

Алып берді-күрделі етістік, алып-көсемше тұлғалы негізгі етістік, берді+көмекші етістік.


224-жаттығу: Мәтіндегі дара, күрделі етістіктерді теріп жазыңдар.

А)Сызбаны толтыр

Дара

Күрделі

Тартты

Жүріп келе жатқан








Ә) қарамен жазылған тіркестердің мағынасын аш:

көреген көзі-

лыпып тұрғандай-

4.Сабақты қорытындылау:

Етістік дегеніміз не?

Құрамына қарай түрлері, мысалдар келтір.

5.Үйге тапсырма:

1.Ережені түсініп оқу;

2.226-жаттығу: Берілген есім сөздерге жұрнақ жалғап, етістікке айналдырып жаз.

227-жаттығу: Берілген сөздердің қайсысы туынды, қайсысы негізгі етістік екенін анықтаңдар.

6.Бағалау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
конспект урока по казахскому языку дара ж?не к?рделі етістік

Автор: Кыдырканова Алия Кыдыркан?ызы

Дата: 16.01.2016

Номер свидетельства: 277504


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства