kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока по казахскому языку на тему: "Ата-ананың парызын өтеу — сенің қарызың"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Урок для учащихся 9 классов. Поурочное планирование

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока по казахскому языку на тему: "Ата-ананың парызын өтеу — сенің қарызың"»

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

.

Тақырыбы: Ата-ананың парызын өтеу — сенің қарызың

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс. 1-тапсырма. Нақыл сөздерді түсініп, өз сөздеріңмен жеткізіңдер.

Ата-ананың қадірін білмеген - халық қадірін білмес. (Ғ.Мұстафин

Қыз ақылды ескермес - ана үлгісін көрмесе,

Ұл жарылдап ас бермес - әке үлгісін көрмесе. (Қорқыт)

2-тапсырма. Мәтіннің мазмұнын тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып, айтып беріңдер. Қарамен жазылған тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын төмендегі берілген түсінік бойынша талдаңдар.

Ақылыңа ақыл қос!

Әкең мен анаң саған өмір сыйлайды. Олардың есіл-дерті - сен бақытты болса екен деу. Екеуінің денсаулығын сақта, бабын тап.

Сенің адал өмір сүруің, еңбексүйгіштігің, оқуда маңдай алды болуың, еңбектегі табыстарың - ата-аналарың үшін айтып жеткізгісіз зор бақыт. Өз үйіңнің бағын жандыра біл.

Анаң сен үшін түн ұйқысын төрт бөліп, таң атырады. Сондықтан да, анаңның жүрегін сезе біл, анаңның көз жанарынан көңіл хошы мен тыныштықты, бақыт пен қуаныш нұрын, беймазалық пен әбігершілікті, қиналыс пен кемшілікті көре біл.

Жастайыңнан анаңның көзінен жан дүниесіндегі кемістігін көре білуге үйренбесең, сен ғұмыр бойы адамгершілік тұрғысынан ақ көз болып өсесің.

Ата мен әке алдында шыншыл бол. Ешкімнің ала жібін аттама! Ата-анаңның құптауынсыз істеуге болмайтын нәрсеге олардың рұқсат, ризалығын ал.

Сен өзіңнің бірінші жалақыңды алғанда анаңа, әжеңе сыйлық алып бер. Бұл сыйлық — өзің айтар алғыстың белгісі. (В.А.Сухомлинскийден)

Түн ұйқысын төрт бөлу - ұйқы көрмеу, ала жігіті аттама — ұрлық жасамау.

Сөздік

Есіл-дерті — думать о том

бабын табу — ублажать

көңіл хошы - настроение

беймазалық - спокойствие

қиналыс - трудности

кешетін - волнение

жалақы - зарплата

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру арқылы диалог құрыңдар, өзара сұхбаттасыңдар.

  • «Атыңа ауыр жук артпа, анаңа ауыр сөз айтпа» деген халық мақалын қалай түсінесің?

  • Сен үшін ата-анаңның орны қандай?

  • Ата-анаңның парызын өтеуге дайынсың ба?

  • Ата-анаңның алдындағы парыздан басқа қандай адамдық парыздарың бар деп ойлайсың?

  • Парызды отбасы тәрбиесіне жатқызуға бола ма?

4-тапсырма. Ақын өлеңінен негізгі ақылды көшіріп алыңдар.

Анам маған үлкенді сыйла деген

Анам маған үлкенді сыйла деген,

Сол сөз маған ізгілік құйған ерек.

Үлкендерден ауысқан кішілікті,

Үлкендердің өзіне сыйға берем.

Атамнан қалған мұра - ізеттілік,

Арымды соған қойған күзеттіріп.

Адалдық менің сәби айбарым ғой,

Маңдайынан жүргені жүз өптіріп. (М.Мақатаев)

5-тапсырма. Естеріңе сақтаңдар! Қарамен жазылған тұрақты сөз тіркестерінің

мағынасын түсіндіріңдер.

  1. Жұрттың бәрімен қай жерде, қай уақытта болсын амандасып жүр. Денсаулығым жақсы болсын десең, өзгелердің де саушылығын сұрап амандас.

  2. Өзіңді, айнала қоршаған табиғатты жақсы көр, көзіңнің қарашығындай сақта.

  3. Өз бойыңдағы сараңдықты, жалқаулықты, екіжүзділікті, менмендікті, қорқынышты жең. Адамға сен, адамды сүй. Олар туралы өзің әдепсіз сөз айтпа, біреудің ғайбат сөзіне сене салма.

  4. Ой мен істі бір-бірінен бөліп қарама. Оқығаның жақсы-ақ, бірақ ең бастысы - істеу керек.

  5. Қарапайым бол!

  6. Арақ ішпе, темекі тартпа.

  7. Түкке тұрмайтын нәрсеге бола ашуланба.

  8. Егер сен дұрыс жасамасаң, кемшілігіңді тез түзетуге тырыс.

  9. Ешкімнің ала жібін аттама.

  10. Өзге адамдардың ой-пікірі мен талап-тілегіне түсіністікпен қара.

6-тапсырма. Үш деңгейлі тапсырманы орындаңдар.

III деңгей

Көп нүктенің орнына адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді білдіретін сөздерді қойыңдар.

Сенің адал, ..., ..., оқуда маңдай алды болуың, еңбектегі табыстарың - ата-аналарың үшін айтып жеткізгісіз зор бақыт. Өз бойыңдағы ..., ..., ..., ..., ... жең.

ІІ деңгей

1.Өмірдегі адамға ең жақын, ең қымбат не екенін Қазыбек би қалай сипаттаған?

2.

  1. 6мірдеп адамға ең жақын, ең қымбат не екейін К,азыбек би қалай сипаттаған?


Қазыбек бидің өлеңіне сүйеніп, мына сөздерге сипаттама беріңдер

Сөздікер

Сипаттама

тату


ақылшы


бауырмал


адал


асқар тау


мейірімді


ұят пен ар


Сен үшін ең жақын не, ең қымбат не? Осыны өз сөздеріңмен айтып беріңдер.


I деңгей

  1. Қазыбек би айтқан жақын адамдар туралы мәтін жазыңдар.

  2. Би айтқан қымбат ұғымдар туралы мақал-мәтелдер жазыңдар.

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. Өлеңді жаттап келу.

Кім жақын, не қымбат?

Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшы болса, әпкең жақын.

Бауырмал болса, інің жақын,

Алдыңа тартқан адал асын –

Қимас жақын қарындасың.

Сыбайлас болса, нағашың жақын,

Адал болса, досың жақын...

Алтын ұяң - Отан қымбат,

Құт-берекең — атаң қымбат.

Аймалайтын анаң қымбат,

Асқар тауың - әкең қымбат.

Мейірімді әжең қымбат,

Туып-өскен елің қымбат.

Ұят пен ар қымбат... (Қазыбек би)


Бағалау




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Конспект урока по казахскому языку на тему: "Ата-ананың парызын өтеу — сенің қарызың"

Автор: Азимбаева Гульнара Магауяновна

Дата: 25.11.2016

Номер свидетельства: 362474


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1670 руб.
2090 руб.
1910 руб.
2390 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства