Дамытушылық: Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын байыту. PISA бағдарламасы бойынша жұмыс жасату. Кітапханаңың, кітаптың маңыздылығын түсіндіріп, алған білімдерін өмірде, кез келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Өзара жұмыс істеу, бір-бірінің ойын тыңдап, қабылдау және бір-біріне көмектесуді үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: топтық жұмыс
Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдер: Жеке жұмыс, топтық жұмыс, қарапайымнан күрделіге, сұрақ-жауап, ассациативті әдіс, АКТ Көрнекіліктері: Презентация, слайдтар, суреттер, қима қағаздар, бағалау текшелер, интерактивті тақтаны пайдалану. Күтілетін нәтиже:
1.Оқушылардың сөйлесім әрекеті (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) дамиды;
2. Байланыстырып сөйлеуге дағдылары қалыптасады; Қарапайымнан күрделіге әдісі бойынша сұрақтарға толық жауап беруге үйренеді;
3. Кітаптың маңыздылығын түсіне отырып, оқуға деген құзығушылығы артады.
Сабақтың жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу;
- Оқушыларды түгендеу;
Психологиялық ахуал орнату
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн!
Біз көңілді баламыз.
Қайырлы күн!
Амандасып аламыз.
Мақсатымыз – білім алу.
Міндетіміз- еңбектену,
Еңбектену арқылы
“5 –ке” қолды жеткізу.
Сыныпты 3 топқа бөлу
“Ертегі” тобы;
“Өлең” тобы;
“Әңгіме” тобы
Оқушыларды отырғызу.
Дарынды оқушымен жұмыс (Палагина Валерия) Үй тапсырмасын тексеру: Жылқы туралы 5 жол өлең құрастыру.